- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 674
https://www.youtube.com/embed/3LAnvmZQrFA?si=6IC2PYCKMENh15H7"
Оралда 2 азамат жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деген алаяқтың арбауына түскен. Атырау қаласындағы компанияға орналастыру үшін қажетті медициналық анықтама, сақтандыруды жасап беремін деген айлакер қылмыскер - жәбірленушілердің басын әбден айналдырыпты. Жалпы үстіміздегі жылдың жартыжылдығында Орал қаласында 374 алаяқтық дерегі тіркелген. Оның 200-ге жуығы әшкере болған. Күрес шараларына қарамастан алаяқтық азаймай тұр. БҚО ПД күмәнді қоңыраулар мен ұсыныстарды қабылдарда сақ болуға шақырады.
АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Осы факті бойынша Орал қаласы Зашаған ПБ қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бұрын сотталған 1986 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Іс сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір зардап шеккендердің кімдер екені анықталуда».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 569
https://www.youtube.com/embed/0ocD003Tdrw?si=xztQ8UOA9swH2IYA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 562
https://www.youtube.com/embed/mN5RLKuRyTc?si=eW28B5Qp_Qmnm-l3"
Қазақстанда өндіріс жақсы дамып келеді. Жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Айталық, жыл басынан бері елімізде 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, соның арқасында 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, құрылыс материалдары, қысқасы барлық салада өсім бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
МЕРУЕРТ ИБРАЕВА ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Инвестиция көлемі шамамен 569,9 млрд болса, жаңа тұрақты жұмыс орындарының саны 6,9 мыңға жетті. 2024 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда металлургия өнімінің өндірісі айтарлықтай өсті, 54,2%-ға артты. Бұл өсім ферроқорытпалар -17,8 пайызға, өңделмеген алюминий -17 пайызға, өңделмеген қорғасын-15,1 пайызға және тазартылған мыс өндірісінің-15,6 пайызға және тағы басқа өндірісті ұлғайту есебінен қол жеткізілді. Қазақстан қара және түсті металдардың ірі экспорттаушысы болып табылады. Металлургия экспорты соңғы 5 жыл ішінде 39 пайызға яғни 10-нан 13,9 АҚШ долларына дейін өскен. 2024 жылдың алғашқы 4 айында металлургия саласының экспорты 8,3%-ға өсіп, $4,7 млрд-қа жетті. Ал, жеңіл өнеркәсібіне тоқталсақ. 2024 жылдың 6 айында жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталындағы инвестициялар 4,2 млрд теңгені құрады. Өнім өндіру көлемі 95,7 млрд теңгені құрады. 11,5 пайыздық өсім киім өндіру саласында байқалады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 539
https://www.youtube.com/embed/swbRAUb1tKM?si=tbh29QQVJQq7HL8Y"
Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты бірқатар ауылдарда 100-ден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға берілетін бұл үйлерге "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2,7 млрд қаржы бөлді.
Журавлевка ауылында бой көтеретін үйлерге 4 мердігер жауапты. Қазіргі уақытта баспана тұрғызылатын жерге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 1 млрд. 75 млн. Тенге.
АЛТЫНБАЙ ӘРІНОВ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз мұнда 23 үй саламыз. Ертең құрылыс материалдары келіп, алғашқы іргетасы қаланады. Құрылыс материалдардың барлығы Астана, Қарағанды қалаларынан және Макинск зауытынан газ блогтар алынды. Ал кірпішті біз Көкшетау қаласында "Enki" зауытынан әкелеміз. Олармен келісім-шартқа отырдық».
Ал, Ивановка ауылындада игі іс жалғасын тауып 41 үй бой көтереді. Ол бойынша 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінде 2 үйдің керегесі қаланып,11 үйде жалғасып жатыр.
АНДРЕЙ ПЕТРОЧЕНКО МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Құрылыс жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылды. Бүгін тағы 30 адам келді. 13 үйдің қабырғалары көтерілді. Аптаның соныңа дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз».
Капитоновка ауылында да 15 үйдің құрылысы басталды. Су, электр және жылу желілері тартылды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан барлық нысан 1-ші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 609
https://www.youtube.com/embed/MuSn589vLuc?si=jxd7_UFjmHim1L4k"
Ақтаудағы 19-шы шағын аудан тұрғындары іргелерінде бой көтергелі тұрған құрылысқа қарсы. Көптің наразылығын тудырған нысан жайлы дайындалған материалға кезек берсек.
Жиналған тұрғындармен қатар үйдің бірінші қабатынан коммерциялық нысан сатып алған кәсіпкерлерде өз наздарын жеткізді. Құрылыс ең алдымен көлік қозғалысына қиындық тудырып, бизнес өкілдерінің кәсібіне кедергісін тигізбек. Өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі де мұңға айналмақ. Осыны ескерген тұрғындар әкімдіктен жауапты мамандарды шақырған.
БОТА ОТАРАЛИЕВА АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Балаларға мына жер бесопасный емес. Кепіл қайда? Ертең пожар болса, кім гарантия береді? Жеке кәсіпкерлерді қолдау деген қайда? Бізде қырғын ақшаға сатып алдық. Қырғын ақшамен ремонт жасап жатырмыз. Қазір алдымызды жауып тастайтын болса мынаның астында газ жүріп жатыр».
Қазір құрылыс аумағын қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік тарапы, бұл жер осыдан 3 жыл бұрын берілгенін, құжаттары бар екенін жеткізді.
ЖАНДОС ӨТЕЛГЕНОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ «Аталған жер учаскесі 2021 жылы ақтау қаласы әкімінің қаулысымен мобилді повильондарды кеңейту үшін 330шаршы метр жер учаскесі берілген. Аталған жер учаскесінде қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып жатыр».
Тұрғындар талаптары орындалғанға дейін жауапты органдарға шағымданатындарын жеткізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 671
https://www.youtube.com/embed/uRbuezb-fcU?si=Bd44IJUvD1jseYXX"
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық әсіресе экономикалық салада жүйелі түрде артып келе жатқаны байқалады.Сауда-саттық ілгері басып, алыс-беріс күшейе түсті.Екі ел басшыларының қолдауымен білім саласындағы бірлестікте жемісін бере бастады.
Қазіргідей геосаяси жағдайда Қазақстан үшін маңызды қадамның бірі ивестиция тарту,шетелдің озық технологияларын елімізге енгізу күн тәртібінде тұрған қадамның бірі. Бұл бағытта ежелден көршіміз саналатын Қытайдың маңызы зор.Екі ел арасында барыс-келіс пен,алыс-беріс тұрақты түрде дамып келеді. Қытай автокөліктері Қазақстанның автонарығына дендеп енуде. "Қазақстанның электрокөліктерге көшу жоспары 2023 жылы Қытай автокөліктерінен басталды" деген сөз қоғамда жиі айтыла бастаған еді, расымен де солай.Өзге елдің көліктеріне қарағанда қол жетімді,соның салдарынан әр бір қазақстандық жүргізушілер қытайлық көліктерді тақымдауды сәнге айналдыруда.Қандай жаңа тұлпар болса да оның бұзылып,техникалық ақауларының сыр беруі заңдылық.Осы тұста сынған электромобильдерге қызмет көрсетіп,жөндейтін елімізде мамандар тапшы.Бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін таппақ. Еліміздегі оқу орнының бірі Қытайлық жоғарғы орнымен бірлесіп,кадр даярлау ісін қолға алып отыр.
АСЫЛХАН БЕЙСЕТБАЕВ АЛМАТЫ КСК ДИРЕКТОРЫ «Қытайдың Чунцин электронды технологиялар политехникалық университетімен біздің білім шаңырағы бірлесіп маңызды қадамға барып отыр.Алдағы күндері электрокөліктерді жөндеу ісіне қазақстандық жастарды машықтандыру,яғни маман даярлау ісін қолға аламыз».
Алматы қалалық білім басқармасы мен Қытайлық университет арасында бірлескен келісім шартқа қол қойылды. Меморандум аясында 5.0 индустрияның жаңа энергия көздеріндегі автомобиль саласы құзыретінің халықаралық желілік орталығын ашу көзделіп отыр.
АСЫЛХАН БЕЙСЕТБАЕВ АЛМАТЫ КСК ДИРЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 624
https://www.youtube.com/embed/dNXRnnjyYZc?si=bpkC9WoOhO_OGtDh"
Елімізде синхронды жүзу спорты кенжелеп отыр.Бұл туралы бүгін аталмыш спорт түріне қарасты Федерацияның мамандары БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. Спикерлердің айтуынша Алматы қаласында 57 бассейн бар,оның үшеуі ғана әртістік жүзу спортына қолайлы.Бірақ олимпиадалық сайыстарды өткізу үшін халықаралық талаптарға сай келмейді.Келешек жастардың жұлдызын жағу үшін, мемлекет тарапынан жүйелі түрде қолдау қажетті,ал федерация біріге жұмыс жасауға дайын.
ӘСЕЛ ОРЫНБАСАРОВА ӘРТІСТІК ЖҮЗУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Федерацияның құрылғанына екі жыл болған. Мамандар осы уақыттың ішінде әртістік жүзу спортында қордаланып қалған мәселелерді көтеріп, оны шешудің жолдарын қарастырып келеді. Спортшылардың бабын табатын бапкерлерді де тарту қиынға соғуда,өйткені мардымсыз жалақыға жұмыс жасағылары келмейді. Синхронды жүзу спортымен Астана, Алматы,Теміртау,Талдықорған қаласының жастары ғана кәсіби тұрғыдан шұғылдануда. Қалған аймақтарда әзірге мүмкіндік болмай отыр. Салаға жауапты министрліктен қолдау табатын болса, мыңдаған баланың арманы орындалып мақсатымызға жетер едік дейді Федерация өкілдері.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 532
https://www.youtube.com/embed/byD2lSyaR80?si=_fmAIbCnTOIW9wpu"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 826
https://www.youtube.com/embed/kSua2KHn_O8?si=n_HDQWLX2i-mS-Qx"
Қызылорда облысында адамның сеніміне кіру арқылы қасақана алаяқтық жолмен пара алған адвокат пен оның әйелі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызылордалық ерлі-зайыптылар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақшалай қаражатын алған. 2023 жылдың қазан айында аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
МЕДЕУ ТАУБАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Абдуманов Алимжан және Изматова Гульнур есімді ерлі-зайыпты адамның сеніміне кіру арқылы қасақана алаяқтық жолмен пара алу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты өткен жылдың шілде айынды тергеп-тексеруге алынды».
Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылды. Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы сотты болғандардың әрқайсысы түпкілікті мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқарудан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 460
https://www.youtube.com/embed/PFN3WmKIRYI?si=T51kgfrttnuSjQ2E"
Қарағандыдағы зауытта болған өрттен зардап шеккен жұмысшының біреуі қайтыс болды. Бақилық болған қызметкер небәрі 31 жаста еді. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған. Содан ағза өте ауыр антишок алған. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысса да оның хәлі тым нашар жағдайда болды. Әдетте, дененің жартсынынан көбін терең күйік шалғанда адамның аман қалуы екіталай дейді бас дәрігер. Қайтыс болған жігіттірің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтқан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккен ер адамның ауруханаға жедел жәрдем көлігімен емес, неге жұмыс көлігімен апарғанына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы бас дәрігерден казинформ тілшілері үкімет отрысынан соң өткен брифингте сұраған болатын.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Егер жедел жәрдем келсе, бірінші кезекте шокқа қарсы ем жүргізу керек еді. Бірақ біз жағдайды ескере отырып, тезірек әрекет етуді ұйғардық. Өйткені әр секунд маңызды болды, тезірек емханаға жеткізуге тура келді. Бұл өте қажетті шара болды. Жұмыс көлігімен жеткізу кері әсерін берген жоқ, қайта дұрыс шешім болды».
Айта кетейік, ферроқорытпа зауытындағы өрттен 8 адам зардап шеккен болатын. Оның біреуі қайтыс болды. Қалған бесеуінің де жағдайы мәз емес, жансақтау бөлімінде жатыр. Астанадан травматолог және анезтиезолог дәрігерлер дереу ұшып барып, науқастарға ем-дом жасауда. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 520
https://www.youtube.com/embed/7l1fCD2ay68?si=UTcgtAb8GCdelDI0"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Ол мемлекет басшысынан кешірім беруін өтінген болатын. Мәсімовтың ол өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралып, қанағаттандырылмады. Айта кетсек, 2022 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған еді. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды.
Кәрім Мәсімов Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы деген күдік бар. 2023 жылдың сәуір айында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 704
https://www.youtube.com/embed/gaszWt7UfOk?si=vupSqIgCNOO2OTY0"
Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады.Тәжікстан азаматы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.
Сондай-ақ, тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамаларға жіберілді. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады облыстық прокуратура. Ал балалар ата-анасына қайтарылды.
Еще материалы
Страница 77 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.