НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Туризм және спорт министрлігі елдегі ТОП-20 туристік орындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министрлік дерегіне сүйенсек, бұған дейін тізімге 10 аймақ кірген. Қазіргі кезде танымал туристік орындардың саны 20-ға дейін кеңейтіліп отыр.
Тізім мынадай:
Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы);
Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы);
Туристік кешен (Қостанай облысы);
Щучье-Бурабайдағы "Ақбура" курорттық аймағы (Ақмола обысы);
Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (Солтүстік Қазақстан облысы);
Баянауыл (Павлодар облысы);
Қатон-Қарағай курорттық аймағы (Шығыс Қазақстан облысы);
Алакөл курорттық аймағы (Абай мен Жетісу облыстары);
Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы, Алматы облысы);
"Көксай resort" (Жамбыл облысы);
Балқаш (Қарағанды облысы);
Түркістан (Түркістан облысы);
Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы);
Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы);
Жылы жағажай (Маңғыстау облысы);
Сарайшық қалашығы (Атырау облысы);
Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы);
Туристік аудан (Астана қаласы).
Министрлік ішкі туризмнің өскенін ескере отырып, атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда соңғы бір ай аралығында 7400-ден аса жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев айтты. Сөзіне сүйенсек, бұл 23 қаңтар күні қала халқын түн ұйқысынан оятқан қатты жер дүмпуінен кейінгі тіркелген көрсеткіш көрінеді.
“23 қаңтар күні Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған күшті жер сілкінісінен бері 7406 жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар оның 16-ын сезді”, - дейді Дәулет Сәрсенбаев.
Сондай-ақ, ол жер асты дүмпуі әлі тіркеліп жатқанын да айта кетті.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қаңтар айында 571,6 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алыпты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегіне сүйенсек, бұл мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде ет өндірісі өскен. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде 80,2 мың тонна ет өндіріліпті. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ке артқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Әсіресе ел тұрғындары сиыр етін көп тұтынған. 2023 жылғы қаңтар–қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг болды — 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ке артық.
Energuprom.kz-тің дерегіне сүйенсек, биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндіріліпті. 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ке өскен.
Ал жылқы еті: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кг, бір жылдағы өсім — 11,7%.
Қой етін тұтыну бір жылда 4%-ке азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 кг болды.
Шошқа етін тұтыну 2,5%-ке төмендеді: жан басына шаққанда орташа есеппен 2,46 кг.
2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ке дейін қымбаттады.
Бір жылда сиыр еті бірден 8,7%-ке қымбаттаған.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, ең проблемалы аймақтар – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы.
"Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр. 293 проблемалық нысанның 136-сы Астанада", - делінген ақпаратта.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаражат есебінен 140-тан астам тұрғын үй кешені құрылысы аяқталған. Бұл 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүкіл ел бойынша мыңдаған үлескер әлі күнге дейін алданып келеді.
Жекелеген өңілер мен қалаларда жағдай өте қиын — "сұр" нарықтың үлесі 90%-тен асады. Проблемалы қалаларға Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Ақтау және Ақтөбе жатады.
Азаматтарды алдаудан басқа, сапасыз құрылыс мәселесі де өзекті. Мәселен, 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде Алматының өзінде 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды және оларды жоюға 634 ұйғарым берілді. Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылды.
Еще материалы
Страница 22 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.