НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде су тасқыны салдарының қазір қайтатын түрі жоқ. Жағдай мәз емес, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты. Ол елдегі 7 облыс бойынша су алған үйлердің санын жариялады. Сөзінше сүйенсек, су тасқыны басталғаннан бері азаматтық қорғаныс қызметтері 76 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматты қауіпсіз орынға жеткізген.
“Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула және 1926 саяжай үйі су астында қалып отыр. Уақытша паналау бекеттерінде 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала орналастырылды. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмысын әлі жүргізіп жатыр. 7 млн 828 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 1090-нан астам құмқап пен 996,1 мыңнан астам тонна инертті материал төселді”, — дейді комитет өкілі.
Ерасыл Сайпаштың айтуынша, тасқыннан құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам, 3 мыңға жуық техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Онда елдегі күрделі жағдайға байланысты біраз мәселеге тоқталған.
"Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда", - делінген Президент үндеуінде.
Сонымен қатар Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылғаны, Үкімет басшысының өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүргеніне де тоқталған.
“Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет. Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет. Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын. Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді", - дейді Мемлекет басшысы.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 60 мыңға жуық отбасы кедейлік жағдайынан шыққан. Осылайша статистика оңалып келеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мұндай деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Дерегіне сүйенсек, 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 58 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде кедейлік жағдайынан шыққан.Әрі 2023 жылы жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында (27 мың отбасы) тіркелген. Шымкент қаласында – 12,7 мың отбасы, Алматы – 9,5 мың отбасы, Қызылорда облыстарында 9,4 мың отбасы АӘК алған.
АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау (538 отбасы), Атырау (1,1 мың отбасы) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (1,6 мың отбасы) тұрады екен.
«АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», - делінген хабарламада.
АӘК келесілерді көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
- жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және т.б.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде тағы бір ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Осылайша баспанасыз тұрғындардың пәтер алуына мүмкіндік ашылмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бағдарлама “Отбасы банк” арқылы жұмыс істейді. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының басты ерекшелігі салымшының депозит (Отбасы банкіндегі депозит) мерзіміне қарамайды. Яғни бүгін депозит ашып, ертең бағдарламаға қатысуға болады. Бірақ депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс. Тағы бір талап қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік (тұрғын үй, жер телімі тағы сол сияқты) болмауы қажет.
Отбасы банк өкілдерінің айтуынша, жаңа ипотекалық бағдарлама мамыр айынан бастап іске қосылады. Несие мерзімі – 19 жыл (20%).
“Наурыз” деп атау алған бағдарлама тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға несиені 7%, ал кезекте тұрмағандарға 9% береді. Тұрғын үй бағдарламасына 18-62 жас аралығындағы Қазақстан азаматы қатыса алады.
Сондай-ақ, қатысушы «Отбасы банкінде» депозиті бар салымшы болуы және табыс көзін растауы міндетті.
Өтініш 2024 жылғы 1 мамырдан бастап otbasybank.kz (баспана маркет платформасы) сайты арқылы онлайн форматта қабылданады. Өтініштерді қарау барысында депозиттің ашылу мерзімі, ондағы сома мен сыйақы көлемі және қатысушының отбасылық жағдайы ескеріледі.
«Отбасы банкі» өкілдерінің айтуынша, «Наурыз» тұрғын үй ипотекасына 300 млрд теңге бөлінеді және тұрғын бағдарламасы 7-8 жылға жалғасады. Айта кетсек, Астана, Алматы, Шымкент қаласы және облыс орталықтарында тек алғашқы нарықтағы тұрғын үйлер ұсынылады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі базарлар саны азайып барады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 644 сауда базары тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78-ге аз. Оның ішінде 435 сауда базары (121,5 мың сауда орны) қалалық жерде, ал 209-ы ауылды жерде (38,7 мың сауда орны) орналасқан.
Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 114, сондай-ақ Алматы және Ақтөбе облыстарында - әрқайсында 57 базардан.
Өңірлік бөліністегі ең көп сауда орны Алматы қаласында – 23 400 орын (38 базар), ал ең азы Ұлытау облысында - 528 орын (8 базар).
Айта кетейік, 298 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 346-сы жеке кәсіпкерлерге тіркелген.
Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,4 млн м2 құрайды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Әлемдегі ең қарт адам көз жұмды. Ол Гиннестің рекордтар кітабында 115 келген ең кәрі азамат болатын, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Венесуэла тұрғыны, әлемдегі ең қарт адам Хуан Висенте Перес Мора 115 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро мәлімдеген.
"Әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Хуан Висенте Перес Мора 115 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мен оның отбасын құшақтап, Эль-Кобре қаласының тұрғындарына көңіл айтамын", - делінген президент жазбасында.
Перес Мора 1909 жылы 27 мамырда Венесуэланың Эль-Кобре қаласында 10 баланың 9-ыншысы болып дүниеге келді. Ең ұзақ өмір сүрген оның 11 баласы бар. Перес Мора өмірінің соңын Сан-Хосе-де-Боливардағы үйінде өткізген.
Еще материалы
Страница 18 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.