НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда қала экологиясын жақсарту, жас буынды тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелейтін науқан бастау алған. Бір айлық іс-шаралар жоспарының орындалуына білім ордалары да ерекше атсалысуда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Экологиялық шара негізінен қала тынысын ашу, жас буынның қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, тағлымды іспен үлгі болу мақсатын көздейді. Осы орайда Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейі бір айды тұтас тәрбиелік тұжырымға жіктеген. Яғни мектеп оқушыларына осы бір ай аралығында мағыналы сынып сағаттарын, ашық сабақтарын өткізуде. Сонымен қатар ұжым болып көшет отырғызу, білім қабырғасының ауласын тазалау жұмыстарын да жүзеге асыруда.
Мұндағы басты мақсат - оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру. Өйткені жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
№207 мектеп-лицейде жоспарға сәйкес апталық сенбіліктер өтуде. Экологиялық акцияның алғашқы аптасында “Таза өлке” апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
“Қазгидромет” РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
“Ақмола облысындағы салалар бойынша Есіл өзені суының түсуінен (Жабай, Қалқұтан) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында, Батыс Қазақстан облысында – Ресей аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен, Атырау облысының аумағында – Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен су тасқыны қаупі туындап отыр”, - дейді спикер.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді.
“Қазіргі уақытта Ақмола облысындағы Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны үдеді, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда”, - деді А. Исмагулова.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
🔸Астана қаласына ұйымдастырылған ғылыми іссапар Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы Түркітану кафедрасынан басталды.
🔸Түркітану кафедрасының меңгерушісі Жадыра Қабенқызы кафедра өмірі жайлы сөзін бастап, кафедра оқытушыларының соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектерімен, ғылыми жобалары бойынша жарияланған ғылыми монографияларымен таныстырып, қолымызға түспей жүрген, қажетті біраз кітаптарды сыйға тартты.
🔸Біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркітану және тіл теориясы кафедрасымен өзара бірлестікте жүзеге асыру мүмкіндігіне ие ғылыми зерттеулер жоспарланды.
🔸Түркітану кафедрасының профессоры Мағрипа Қайнарбайқызы бүгінгі түркітану ғылымының өзекті мәселелері жайлы ой бөлісіп, апайдың дәрістерін тыңдап, ректорымыз Ж.Қ. Түймебаевпен бірге түркітану ғылымының қалыптасуынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі тарихымен бірге қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері т.б. бойынша Түркітану сериясымен жарық көрген бірнеше томдық ғылыми-зерттеу еңбектерін апайдың өз қолынан алып, рухани олжалы болдық.
🔸Түркітанушы ғалым Амантай Шәріптің ғылыми жобалары жайлы пікірлесіп, жоба аясында түркі халықтарының дәстүрлі және заманауи поэзиясына тән атаулары жинақталған «Түркі поэтикалық сөздігі» атты еңбегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған «Түркі филологиясы» мамандығында оқытылатын пәндер үшін құнды оқу-әдістемелік құрал болып табылады.
🔸Өзіміздің ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» атты жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес сот-лингвистикалық сараптама бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыповпен кездесіп, «Қазақстандық ғылым кеңістігіндегі сот-лингвистикалық сараптаманың әдістемелік мәселелері» атты ғылыми семинар жұмысын бастадық.
🔸Сондай-ақ, түркітану мамандығында оқитын студенттерге ҚазҰУ тарихы, өзіміздің кафедрамыздағы түркітану, түркі филологиясы мамандықтары, студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы, және т.б. мәселелер бойынша кәсіби бағдар берілді.
🔸🔸🔸Жоба бойынша іссапарымыздың сәтті жүзеге асуына ықпалдастық танытқан Л. Гумилев атындағы ЕНУ Түркітану кафедрасының профессоры Мағрипа Қайнарбайқызына және кафедра меңгерушісі Жадыра Жолмурат Жадыра Қабенқызына ризашылығымызды білдіреміз. Профессор М.Қ. Ескееваның ғылыми-зерттеушілік зор әлеуетімен бірге кісілік тұлғасына тәнті болдық. Өзімізге үлгі тұттық!
Бектемирова С.Б. ф.ғ.к., доцент
Таусоғарова А.Қ. ф.ғ.к., доцент
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология тілдері факультеті
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ерлер мен әйелдер жалақысының ең төменгі айырмашылығы сақталатын 10 елді атады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, Қазақстанның көрсеткіштері ЭЫДҰ елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Осылайша 2022 жылдың қоритындысинда ерлер мен әйелдердің ең төменгі жалақы айырмашылығы бойынша Норвегия, Бельгия және Коста-Рика көш бастап тұр.
10 елдің толық тізимі:
* Норвегия (айырмашылық 0,4%);
* Бельгия (1,1%);
* Коста-Рика (1,4%);
* Колумбия (1,9%);
* Ирландия (2%);
* Хорватия (3,2%);
* Италия (3,3%);
* Норвегия (4,5%);
* Дания (5,8%);
* Португалия (6,1%).
ЭЫДҰ старшие бойынша орташа көрсеткіш 11,6% құраған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық 25,2% дейін жеткен.
Ерлердің орташа айлығы — 355 296 теңге, әйелдерде — 265 762 теңге болған. Әсіресе, жалақының ең үлкен айырмашылығы Маңғыстау (50%), Атырау (46,2%) және Ұлытау (40,5%) облыстарында байқалады. Барлық үш аймақта ер адамдар көбірек ақша табады.
Алайда, әйелдердің орташа жалақысы 3,1%-ға жоғары бір аймақ бар.
Бұл — Жетісу облысы.
Онда әйелдердің ай сайынғы жалақысы — 232 907 теңге, ерлерде — 225 983 теңге.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
🔹ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 – 2025 жж. ғылыми-техникалық зерттеулерді гранттық қаржыландыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасында жүзеге асырылу үстіндегі ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының аясында Астана қаласындағы ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығына іссапар ұйымдастырылды.
🔹Іссапар барысында ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков мырзаның қабылдауында болып, заңнамалық актілердің жобалары, заң шығармашылығын мемлекеттік қазақ тілінде жүзеге асырудың жолдары мен перспективасы туралы және заңды қазақ тілінде ойлай алатын заңгер мамандарды даярлау сияқты қазіргі өзекті мәселелелері туралы өзара қызу пікір алыстық.
🔹Директордың орынбасары Джангарашев Ролан Маратович біздің тарапымыздан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының мәнісі және оның тіл мен заң тоғысындағы мәселелері туралы ақпараттарымызға қолдау білдіріп, оның өзектілігін бағалады.
🔹Аталған институттың Лингвистикалық орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұрзада Маханбетұлы Примашев мырзаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті басшылығынан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасына ықпалдастық көрсету туралы қызметтік хатты жылы қабылдап, іссапар мақсатының сәтті жүзеге асуына қамқорлық танытқанына ризашылығымызды білдіреміз.
🔹Сонымен қатар іссапар барысында университетімізде жаңадан ашылған «Филологиялық сараптама» мамандығы магистранттарының аталған институтта өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша меморандумға қол жеткізілді. Осы мамандықтың оқу үдерсінде маңызды оқу-әдістемелік құралдары туралы тың мәліметтерді таптық.
🔹Университетіміздің филология факультетінде ашылған жаңа «Филологиялық сараптама» мамандығының қазіргі еңбек нарығында аса зор сұранысқа ие екендігін ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының қызметкерлері тағы да дәлелдеді
Таусоғарова А.Қ. ф.ғ.к., доцент
Бектемирова С.Б. ф.ғ.к., доцент
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология тілдері факультеті
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін келтірілген шығынды өтеу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Үкіметтің баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысына сай төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу алгоритмі былай:
1. Материалдық залал келтірілген зардап шегушілер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдік) материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
Жәбірленушінің өзінің өтініш жазуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның туыстары немесе сенімхат негізінде өзге де адамдар, сондай-ақ егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған болса, заңды өкілдері келтірілген зиянды (залалды) өтеу туралы өтінішпен жүгіне алады.
Келтірілген залалды өтеу туралы өтінішке: зардап шегуші адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; табиғи сипаттағы ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.
2.Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді әкімдік зардап шегушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат бере отырып, материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүргізеді.
3.Материалдық залалды өтеу туралы өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
4. Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыны тарта отырып, келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды (өтініш берушінің мүлкіне қолжетімділік болуға тиіс) ұйымдастырады. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды анықтайды, кейін жәбірленуші бағалау туралы есеппен танысуға тиіс.
5. Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.
6. Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы су тасқыны жағдайы тұрақталып, үйлер мен аула аумақтарынан су толығымен тартылғаннан кейін басталады.
Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды.
Еще материалы
Страница 17 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.