НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы деректерді жариялады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 42,4 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы қарашада 0,8%-ға ұлғайып, 68,3 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 11,0%-ға өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,8 трлн теңге немесе активтердің 29,0%-ына тең болды, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы қарашада 0,7%-ға 39,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 16,8%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%-ға 36,0 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасында берілген кредиттер, негізінен, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты 3,4%-ға нығаюы аясында теріс қайта бағалау нәтижесінде 3,4 трлн теңгеге дейін 4,5%-ға төмендеді. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 91,3%-ға жетті (01.01.2025 ж. — 91,2%).
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер базалық мөлшерлеменің 2025 жылғы қазанда 16,5%-дан 18%-ға өсуі аясында 2025 жылғы қарашада 0,2%-ға 14,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 13,5%-ға өсу) төмендеп кетті. Бұл ретте ірі бизнеске берілген қарыздар 2,2%-ға 5,3 трлн теңгеге дейін төмендеді, ШОБ субъектілеріне 0,8%-ға 6,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, жеке кәсіпкерлерге 1,5%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін өсті.
Салалар бөлінісінде ағымдағы жылғы 11 айда кредиттердің өсуі барлық салада байқалады. Атап айтқанда:
ауыл шаруашылығында — 512 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға,
өнеркәсіпте — 4,9 трлн теңгеге дейін 11,5%-ға,
көлікте — 921 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға,
ақпарат және байланыста — 210 млрд теңгеге дейін 36,8%-ға,
саудада — 4,1 трлн теңгеге дейін 18,4%-ға,
құрылыста — 807 млрд теңгеге дейін 18,9%-ға өскен.
2025 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 14,3%-ға кем. Бұл ретте, 2025 жылғы 11 айда бұл көрсеткіш 17,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға көп.
Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 22,3%-ды құрап, 0,3 п. т. өсті. Ірі бизнеске және ШОБ субъектілеріне теңгемен кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 20,1%-ды, ДК — 30,4%-ды құрады.
"Халыққа берілген кредиттер бір айда 1,2%-ға ұлғайып, 24,6 трлн теңгеге жетті (2025 жылдың басынан 18,8-ға өсу). Кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,4%-ға 16,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бір айда ипотекалық кредиттер 1,1%-ға 6,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы қарашада халыққа берілген жаңа қарыздар 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылғы 11 айда бұл көрсеткіш 17,8 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға көп. Сонымен қатар қарашада халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы аясында 1,6 п. т. азайып, 18,2%-ды құрады. Ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,6%, тұтынушылық қарыздар бойынша 19,1% шамасында болды", — делінген хабарламада.
Кредит портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,7%-ын немесе 1,6 трлн теңгені құрады.
Бизнеске берілген кредиттерде NPL90+ қарыздардың үлесі 2,6% немесе 456 млрд теңге болды (01.01.2025ж. — 2,1% немесе 304 млрд теңге). 2025 жылғы қараша айында халыққа берілген кредиттер бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,6%-ға немесе 1,3 трлн теңге тең (01.01.2025 ж. — 3,8% немесе 790 млрд теңге).
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 63,3% шамасында (01.01.2025 ж. — 67,0%).
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қарашада негізінен РЕПО операцияларының 17,2%-ға өсуі нәтижесінде 0,1%-ға 57,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 10%-ға өсу) ұлғайды.
Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қарашада негізінен шетел валютасындағы депозиттердің АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюы аясында 9,3 трлн теңгеге дейін 1,8%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,5%-ға 44,5 трлн теңгеге дейін азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер 0,2%-ға 35,1 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қарашада долларландыру деңгейі 21,0% мөлшерінде болды (01.01.2025 ж. — 22,5%).
Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 1,0%-ға 4,9 трлн теңгеге дейін азаюы нәтижесінде 2025 жылғы қарашада 0,4%-ға 19,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Шетел валютасындағы депозиттердің 2,6%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін азаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 0,6%-ға 24,6 трлн теңгеге дейін кеміді.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қарашада 16,8%-ды (01.01.2025ж. — 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша — 14,8%-ды (01.01.2025ж. — 13,2%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қарашада негізінен ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының өсуі нәтижесінде 4,6%-ға 10,4 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 17,2%- ға өсу) ұлғайды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды (01.01.2025ж. — 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) — 20,7% мөлшерінде (01.01.2025ж. — 22,0%) болды, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-қарашада банктердің таза пайдасы 2,5 трлн теңге шамасында болды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4,2%-ды (01.11.2025ж. — 4,3%), капиталдың рентабельділігі (ROE) — 28,8%-ды (01.11.2025 ж. — 29,3%) құрады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қаңтар айының ортасында қатты аяз болады. Казгидромет болжамына сүйенсек, -38 градус суық түспек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді e-Gov-тан алуға болады. «Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады.
Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін e-Gov порталының «Жеке кабинетіне» кіріп, «Әскери қызмет» бөліміндегі «Жүктеу» батырмасын басу жеткілікті.
Әскери есеп мәселелеріне жауапты Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді m-Gov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады.
Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде SIM-картаға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай телефон нөмірі биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, енді әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады. Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет.
Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі.
Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады.
Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған. Мәселен, өткен айда Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматылық "Қайрат" футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Команда "Әлемнің үздік футзал клубы" атағына таласады.
Алматылық ұжым бұл номинацияда Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі.
Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады.
Ал ақпанның 23-і "Қайрат" Чемпиондар лигасының ширек финалында Испанияның "Картахена" клубымен бірінші кездесуін өткізеді. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер холдингтің барлық еншілес компаниясына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, 1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
«Экспорт-кредит агенттігі» АҚ
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ
«Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ — заң мәселелері бойынша
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
«ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын
Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады.
"Бірыңғай байланыс орталығы" — кәсіпкерлерге ақпарат іздеуге және даму институттарымен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы және түсінікті етуге, ізденуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам", — делінген Экономика министрлігі таратқан хабарламада.
Еще материалы
Страница 12 из 92

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.