НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жұмыс істеп жүрген педагог саны нақтыланды. Мұндай мәліметті Оқу-ағарту министрлігі жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министрлік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді.
Оның ішінде 400 000-нан астам педагог мектептерде, 42 000-нан астам педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 000-нан астам тәрбиеші жұмыс істейді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматылық "Қайрат" футбол клубы Мадридтік "Реалға" қарсы өз алаңында өткізген ойыны аяқталды. Есеп 0:5, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» өз алаңында испаниялық «Реал Мадрид» командасын қабылдады. Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч өте тартысты өтті. Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан "Қайрат" Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшыларға қысым көрсетуге тырысқан. Бірақ ойын көп ұзамай карольдік клуб ығына жығылды.
Кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Екінші тайм "Қайрат" үшін өте ауыр болды. Мбаппе тағы 2 гол соғып, хет-трик жасады.
Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды.
Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 054 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 561 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 348 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшін негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады — тиісінше олар 3 980 және 1 052 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 099 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 4 015 адам тартылды.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Оларда 341 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында — 4 929 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы — 3 140 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 1 240 адам, өңдеу өнеркәсібі — 1 122 адам", — делінген хабарламада.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 5 545 адам, Өзбекстан — 2 696 адам, Түркия — 1 076 адам, Үндістан — 1 052 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты министрдің бұйрығымен жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
"Қазақстанның солтүстік жартысында ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайды, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік жартысында оңтүстік циклонмен бірге найзағайлы жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман болжанады", - дейді синоптиктер.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қыркүйекте Ғылым ордасында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мен Мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Иран кино және өнері түні» мәдени іс-шарасы өтті.
Шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов, Иранның Алматыдағы Бас консулы Суна Ахмади, Иран мәдени орталығының басшысы Хоссейн Ағазаде, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ұлттық кітапхананың, Орталық музейдің, «Қазақфильм» киностудиясының, Дипломатиялық клубтың, Философия институтының өкілдері, студенттер мен ұстаздар қатысты.
Кеш барысында ирандық режиссердің «Ағаш құшағында» фильмі көрсетіліп, қонақтар иран қолөнерінің бірегей туындыларымен танысты. Сондай-ақ Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
«Ағаш құшағында» (Dar Aghooshe Derakht) — отбасы, махаббат пен адам рухының төзімділігін шынайы бейнелейтін драма. Фильм Кимия мен Фаридтің он екі жылдық некесінің қиын кезеңін және олардың шешімінің екі баланың өміріне әсерін көрсетеді. Туынды отбасылық құндылықтардың нәзіктігі мен беріктігін ашып, көрерменге отбасы бірлігінің маңызы мен жауапкершіліктің мәнін ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Фильм Иран тарапынан 97-ші «Оскар» сыйлығына ұсынылып, халықаралық деңгейде мойындалды. Сондай-ақ Мәскеуде өткен «В кругу семьи» фестивалінде «Үздік фильм» және «Үздік әйел рөлі» марапаттарын жеңіп алды. Бұл драма отбасы құндылығын жоғары бағалайтын қазақстандық көрермен үшін де ерекше әсерлі әрі мағыналы болды.
Іс-шара Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, өнер арқылы халықтар арасындағы рухани байланысты арттыруға ықпал етті.
Еще материалы
Страница 8 из 82

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.