"2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді", - деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев.
НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде былтыр қанша көлік шығарылғаны белгілі болды. Тіпті Ұлттық статистика бюросы бұл деректі рекордтық көрсеткішке балап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылған. Бір қараша айында 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылыпты. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті.
"Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік.
"2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана көлік өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық", - дейді көлік министрлігі.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.
«Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етуде», – деді Серік Шумаев.
Мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда.
«Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі», – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегіне жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді.
"SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі", — делінген хабарламада.
Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз».
МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады.
Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады.
SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады:
— Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі;
— Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы;
— II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
— I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
— Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару.
Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 2026 жылдан бастап жеке куәлік пен туу туралы куәлікті алу тегін болмақ. Мұндай ақпаратты Спутник жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мәліметке сүйенсек, көптеген мемлекеттік қызмет пен алымның бағасы АЕК-ке байланысты болғандықтан, құжаттарды ресімдеу 10%-ға өседі. Яғни, 2026 жылы жеке куәлікті растайтын құжаттардың құны өзгереді.
"Бірінші рет берілетін жеке куәлік тегін болады. Сонымен қатар, жеке куәліктің мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстырған кезде де мемлекеттік алымсыз беріледі", - деді көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Белгілі актер Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Президент 88 жасында көз жұмған Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады", – деп жазылған жеделхатта.
1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен және тағы басқа көптеген образды сомдады.
Асанәлі Әшімов – қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі»), 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел («Нан дәмі»), Нұрғазы («Алатаудың ай мүйізі»), Қаражал («Жаушы», 1980), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.
Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н.Гогольдің «Ревизор» (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И. Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?!» (екеуі де 1987), С. Ванустың «Сұлтан болсам егер мен» (1988), жылы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» (1989) спектакльдері мен ол түсірген «Жылан жылы» (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), «Шоқан Уәлиханов» (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді.
Еще материалы
Страница 7 из 86

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.