НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қаңтар айының ортасында қатты аяз болады. Казгидромет болжамына сүйенсек, -38 градус суық түспек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді e-Gov-тан алуға болады. «Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады.
Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін e-Gov порталының «Жеке кабинетіне» кіріп, «Әскери қызмет» бөліміндегі «Жүктеу» батырмасын басу жеткілікті.
Әскери есеп мәселелеріне жауапты Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді m-Gov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады.
Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде SIM-картаға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай телефон нөмірі биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, енді әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады. Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет.
Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі.
Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады.
Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған. Мәселен, өткен айда Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматылық "Қайрат" футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Команда "Әлемнің үздік футзал клубы" атағына таласады.
Алматылық ұжым бұл номинацияда Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі.
Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады.
Ал ақпанның 23-і "Қайрат" Чемпиондар лигасының ширек финалында Испанияның "Картахена" клубымен бірінші кездесуін өткізеді. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер холдингтің барлық еншілес компаниясына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, 1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
«Экспорт-кредит агенттігі» АҚ
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ
«Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ — заң мәселелері бойынша
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
«ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын
Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады.
"Бірыңғай байланыс орталығы" — кәсіпкерлерге ақпарат іздеуге және даму институттарымен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы және түсінікті етуге, ізденуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам", — делінген Экономика министрлігі таратқан хабарламада.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде былтыр қанша көлік шығарылғаны белгілі болды. Тіпті Ұлттық статистика бюросы бұл деректі рекордтық көрсеткішке балап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылған. Бір қараша айында 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылыпты. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті.
"Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік.
"2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана көлік өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық", - дейді көлік министрлігі.
Еще материалы
Страница 10 из 90

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.