
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 87
https://www.youtube.com/embed/vlFUoYxVHiY?si=hIMOCaMuUhuSOB9g"
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас түркітанушылар мен түркі әлеміне қызығушылық танытқан білім алушы жастарға арналған «Neotürk: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ауқымды шара түркітану ғылымының заманауи бағыттарын саралап, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыруды мақсат етті.
Конференция барысында Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Ресей сынды елдерден келген белгілі түркологтар мен жас зерттеушілер түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын іздеудің өзекті мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың түркітану ғылымына ықпалы, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ғылыми зерттеулерде пайдалану, тарихи жазба ескерткіштерді цифрлы форматқа көшіру сынды өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылды.
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Конференция нәтижесінде түркі дүниесінің ортақ мұрасын жаңаша зерделеудің ғылыми негіздері айқындалып, келешек зерттеулерге бағыт-бағдар беретін тың идеялар ұсынылды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде академик, көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуәли Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл орталық – түркі дүниесінің ғылыми, мәдени және тарихи мұрасын терең зерттеуге, насихаттауға бағытталған іргелі ғылыми-мәдени кеңістік болып табылады.
РАУШАНГҮЛ АВАКОВА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ,ПРОФЕССОР
Академик Әбдуәли Қайдардың атына ашылған аудиторияға “Арыс” баспасының директоры, Әбдуәли Қайдардың шәкірті филология ғылымдарының докторы, әйгілі алаштанушы, қазақ тіл білімінің антологиясын құрастырушы, Ғарифолла Әнестің атынан 100 кітап сыйланды. Құнды кітаптарды “Арыс” баспасының ісін жалғастырушы Үміт Әнесова жеке келіп табыстады.Бұл өз кезегінде ғылымға қадам басқан жас ғалымдарға қол жетімді болмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 170
Қазақ білімінің қара шаңырағы- әл- Фараби атындағы ҚазҰУ тек білім берумен ғана шектелмейді. Университет өмірі көптеген ғылыми, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруымен, форумдар өткізумен ерекшеленеді. Университет білім алушылары сабақтан тыс уақытта ізденумен, өзін өзі жетілдірумен, жаңа заманға лайықты тұлға болып қалыптасумен шұғылданады.
Сондай үлкен жобаның бірі - Фараби форумы. Халықарадық дәрежедеұйымдастырылатын бұл форум дүниежүзі ғалымдары мен жас ғалымдарының ғылыми ізденістерін бір ортаға жұмылдыруымен құнды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Фараби форумы» аясында биыл да Филология факультетінде 2025 жылы 3 сәуір күні «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференц залыда сағат 10.00 де факультет басшысы, ф.ғ.д., академик Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова конференцияны салтанатты ашты. Деканынң ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жадыра Амангелдіқызы Баянбаева сөз алып, биылғы жылғы конференцияның ерекшелігі, қатысушылар саны, қатысушы университтер жайлы біршама мағлұмат беріп өтті. Факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы да конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі. Конференцияға Қазақстанның және алыс, жақын шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Конференцияда «Қазақ тілінің когнитивтік және функционалдық парадигмалары», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Түркітану және лингвистика», «Орыс филологиясының өзекті мәселелері», «Шет тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық қарым-қатынас», «Заманауи транслингвистиканың өзекті мәселелері», «Тілдік және мәдениаралық байланыс: теориясы мен практикасы» және «Жас ғалымдар» атты негізгі 8 секция жұмыс жасады. Жоғарыда көрсетілген секциялар бойынша қатысушылар теориялық, тәжірибелік, қолданбалы сипаттағы ғылыми жаңалықтарын ұсынды. Ғылыми жобаларға комиссия мүшелері тарапынан, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, баяндамалар қызу талқыға түсті. Комиссия мүшелері тарапынан әділ бағалар беріліп, ескертпелер, пікірлер, болашақты қаперге алу керек мәселелелер ұсынылды.
Конференцияға Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шетелдік оқу ордаларының да студенттері қатысып, белсенділік танытты. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, Сулейман Демирель атындағы университет, Нархоз университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Қонаев университеті, шетелдік Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы, Московский городской педагогический университет, Jamia Millia Islamia Central University, The Embassy of Turkey in India, UETc Tashkent университтерінің 300-ге жуық білім алушылары қатысып, олар өз зерттеу, ізденіс бағыттары бойынша жұмыстарын ортаға салды. Ұсынылған баяндама тақырыптары өзектілігімен, қызықтылығымен, ғылыми ақпараттарының молдығымен, жаңашылдығымен қуантты.
Халықаралық дәрежеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын бұл конференция жыл сайын көкжиегінің кеңдігімен, ауқымдылығымен, сантүрлілгімен ерекшеленіп отырады. Конференцияда түрлі ЖОО студенттері мен жас ғалымдары тек бақ сынасып қана қоймай, өзара тәжірибе де алмасады, танысады.
«Фараби әлемі — 2025» жобасы жоғары деңгейде өтт. Комиссия мүшелерінің шешімімен әр секция баяндамашылары I, II, III дәрежелі арнай дипломдармен, түрлі номинациялы алғыс хаттармен марапатталды.
Кулжанова Бакытгул, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті СҒЗЖ төрағасы

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 103
https://www.youtube.com/embed/0IOzEvDDFPU?si=bTRinLfONVThQg19"
Қазақтың кіл қаймағы Қарадала төрінде. “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, өмірін өлеңмен өрнектеген талантты ақын-драматург Бақыт Беделханұлының 50 жас мерей тойы туған жерінде дүркіреп өтті. Ақынын ардақтаған алаш жұрты 2 күн бойына құтты мекен Шонжы өңірін ән мен жырға, мақтау мен марапатқа, сый мен құрметке бөледі. Толығырақ «Мен - бәріңмен біргемін!» атты әдеби–шығармашылық кешке қатысып қайтқан тілші баяндасын.
Шынында қасиетті Қарадалада бұл күні поэзия үні қалықтады. Ақынын ардақтаған туған халқы мерейтойды абыроймен атқарып шықты. Алдымен 50 жастың есігі Әлмерек баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, абыз рухына құран бағыштаумен ашылды. Мұнан кейін мерейтойлық әдеби-шығармашылық кеш Мәдениет үйінде жалғасты. Онда қонақтарды Бақыт Беделханұлының балалығынан бүгінге дейінгі өмір тарихы, өлең-жыр кітаптары мен естеліктері тізбектелген «Аспантаудың ақыны» атты көрмесі қойылыпты. Сондай-ақ, бұл күні мерейтойға арнайы ұйымдастырылған «Уақыт жүрегі» атты Республикалық ашық жыр мүшайрасының, «Аспантаудың алақаны» атты оқушылар арасында өткен көркемсөз шеберлері байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар берілді. «Мен - бәріңмен біргемін!» атты әдеби–шығармашылық кешке Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы арнайы келіп, ел Президентінің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ ақынды «Алтын барыс» төсбелгісімен марапаттады. Бұл кешке қазақтың кіл қаймағы жиналды. Азулы ақындар, мәжілісмендер мен мәртебелі қонақтар ақынға ақжарма тілектерін арнап, құттықтау сый-сыяпатын да аямады.
АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, КСРО ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ҚР ЕҢБЕК ЕРІ
Кеш барысында ақынның «Ұлы сия» кітабының тұсаукесер рәсімі де өтті.
БАҚЫТ БЕДЕЛХАН, АҚЫН-ДРАМАТУРГ
50 жас мерейтой мерекелік гала-концертпен жалғасты. Қазақ эстрадасының айтулы өнерпаздары әннен шашу шашып, Бақыт Беделханұлының сөзіне жазылған туындыларды орындады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 83
https://www.youtube.com/embed/MwiMcoIstNg?si=HCXjtRBLQdp00U-C"
Алматы облысы Жамбыл ауданында табиғаты көркем, бірлігі мен берекесі жарасқан Аққайнар атты ауыл бар. Түтіні түзу шыққан елдімекеннің жағдайы жақсы, туған жерін түлетіп жатқан ел азаматтары да жетерлік. Наурыз мерекесін атап өткен Аққайнар тұрғындарына кезек берсек.
Аққайнар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі көңіл қуантады. Ауыл халқы еңбекқор, ұйымшыл, ынтымақты. Ауылдан шыққан ұлт жанды, іскер азаматтар туған жерін ұмытпай, әрдайым қолдап келеді. Олар алтын бесіктерінің дамуына үлес қосып, түрлі әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық жобаларды іске асыруда. Бұл азаматтардың елге деген жанашырлығы жастарға үлгі болып отыр. Міне тағы да ауыз біршіліктерін көрсетіп, ұлыстың ұлы күнін бір үйдің баласындай атап өтті.Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткері, осы ауылдың тумасы Серік Үмбетов арнайы келіп, жерлестерімен бірге болды. Ол өз сөзінде халықты ынтымақ пен іргесі сөгілмейтін татулыққа үндеп, жас ұрпақты туған жерге адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ ауыл ақсақалдары да ақ баталарын беріп,ізгі тілектерін жолдады.
ҚАМБАР ҮМБЕТОВ, АҚҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Татулық пен ізгілікке негізделген бұл мейрамда ауыл халқы бір дастархан басында бас қосып, ұлттық ойындар ойналып, ән мен жырдан шашу шашылды. Елімізге танымал эстрада жұлдыздарының төрт көзі түгел осында.
Сондай-ақ ауылдың арулары май көтеруден қызықты жарыс өткізіп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
ЖАЙЛАУБАЙ ДІН-ИСЛАМБЕК, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ
Ауыл тұрғындары жергілікті кәсіпкер Ғабит Әбікеұлына дән риза. Туған жерін түлетіп отырған да осы азамат деп отыр. Аққайнар ауылы – ел бірлігінің, ұлттық құндылықтар мен берекелі тіршіліктің жарқын үлгісі. Мұндағы ынтымақ пен өзара қолдаудың арқасында ауыл жылдан жылға көркейіп, болашаққа нық қадам басуда. Мерекелік шараның соңы ұлт қазынасы бәйгеге ұласты. Сәйгүліктерін сайлап келген шабандоздар бақтарымен баптарын сынап, жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 85
https://www.youtube.com/embed/jCCNFq1dmV4?si=EXZcJF3l7ReC3QkM"
Бүгін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары және жас зерттеушілер кеңесі мен ғылыми қызметкерлер, белсенді студент жастар қатысты.
БОЛАТ ТІЛЕП, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР: «Осындай ғылым апталығын біз биыл дәстүрлі түрде, әр жылдың өз ерекшелігі бар биылғы біздің ғылыми апталықтың толығымен осы Ұлы Абайдың 180 жылдығына арнайы арнап отырмыз. Одан бөлек біздің университетімізде осы соңғы 1 жылда жасақталған ғылыми инновациялық парк ашылғалы отыр, бұл парктың аясында бірнеше жаңа зертханалар жұмысын бастайтын болады».
Бұл апталық – жас ұрпақты ғылымға жетелейтін, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытатын, болашақ ғалымдарды тәрбиелейтін маңызды шара.Сондай-ақ, ғылым әлеміндегі жаңалықтармен танысуға, ғылыми қызығушылықты арттыруға таптырмас мүмкіндік. Айта кетейік, оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатындағы іс-шаралар легі 14 сәуірге дейін жалғасып, апталық аясында 120-ға жуық іс-шара ұйымдастырылмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 78
https://www.youtube.com/embed/d6nr2NFVQqk?si=tcMtzWS_Hm-IOQQm"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 108
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна №17 Студенттер үйі барып, «Тұрақты қаланы жоспарлауда экологиялық принциптер мен технологиялар» атты тақырыбына тәрбие сағатын өтті. Студенттер белсенді қатысып, қала дамуна қосар үлестерінің мол екенін көрсетті.
Қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі – қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұрақты әрі жайлы қалалық орта құру. Осы мақсатта экологиялық принциптер мен заманауи технологияларды қолдану аса маңызды. Энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, жасыл ғимараттар мен көгалдандыру – тұрақты қаланы дамытудың негізі. Энергия тиімділігі – ресурстарды үнемдеудің басты жолы. Жылу мен электр энергиясын үнемдеу арқылы қалалық инфрақұрылымның экологиялық ізі азаяды. Сонымен қатар, күн мен жел энергиясы секілді жаңартылатын көздерді пайдалану қоршаған ортаны ластамай, тұрақты дамуға жол ашады.
Жасыл ғимараттар – экологиялық құрылыс талаптарына сай салынатын, энергияны аз тұтынатын, таза ауа мен жарыққа қолайлы жағдай жасайтын нысандар. Мұндай ғимараттар тұрғындарға жайлы орта ұсына отырып, табиғи ресурстарды үнемдейді. Қала кеңістігін көгалдандыру – тек эстетикалық мән беріп қана қоймай, ауа сапасын жақсартып, климатты жұмсартуға әсер етеді. Көпжылдық ағаштар мен жасыл аймақтар қаланың «өкпесі» іспетті. Осылайша, экологиялық қағидаларды сақтай отырып, біз болашақ ұрпаққа таза әрі өмір сүруге қолайлы қала қалдыра аламыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 102
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚФ-302 тобы мен аталмыш топ эдвайзері, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатының мәні мен маңызы» атты тақырыпта эдвайзерлік сағат өтті. Тәрбие сағаты барысында топ студенттерімен тақырты жан-жақты талқылап, пікір алмасу болды.
Расында, қоғамда әр адамның өмірлік ұстанымы, құндылығы болады. Сол құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – адалдық. Адалдық – адамның ішкі тазалығы, шынайылығы мен әділеттілігі. “Адал адам – адал еңбек – адал табыс” қағидаты – осы құндылықты нақты көрсететін ұғым. Бұл тек сөз тіркесі емес, ел болашағын айқындайтын маңызды бағыт. Адал адам – әрқашан шындықты жақтайтын, әділетті шешім қабылдайтын, жауапкершілікті сезіне білетін тұлға. Ол өзінің жеке пайдасынан бұрын елдің, қоғамның мүддесін ойлайды. Мұндай адамның ісі де, сөзі де сенімді болады. Ал адал еңбек – сол адамның күнделікті өмірде таза жолмен әрекет етуі. Жұмысын бар ынтасымен, шын ниетімен атқаратын адам ғана жетістікке жетеді. Арам жолмен келген табыс ұзаққа бармайтыны анық.
Адал еңбек – қоғамның дамуына, ел экономикасының нығаюына да зор үлес қосады. Жемқорлық пен әділетсіздік азайып, таза еңбек үстемдік құрғанда ғана мемлекет алға басады. Осындай еңбек нәтижесінде келетін – адал табыс. Бұл тек материалдық табыс емес, рухани қанағат пен ішкі тыныштық. «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын ұстану – қазіргі заман жастары үшін маңызды. Бұл қағидат әр азаматтың бойында болса, қоғамымыз әділетті, бірлігі бекем, болашағы жарқын елге айналары сөзсіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 91
https://www.youtube.com/embed/AoE67crv6q4?si=4izS7OMocQ7LtEb-"
«Біз біргеміз Қазақстан 2030» қоғамдық ұйымына түскен қаражатты жеке меншігіне иемденіп, оған қымбат зергерлік бұйымдар мен үй, көлік сатып алып, қалғанын саяхатқа жұмсаған Перизат Қайраттың ісін қаржы мониторинг агентті тергеуді толық аяқтады. Бұл істе оның анасы Ғәни Алашбаева да кінәлі болуы мүмкін. Ол да үй қамаққа алынды. Анасы мен қызы заңсыз табысты жалған құжат арқылы меншіктеріне иемденіп отырған.
ЕРНАР ТАЙЖАН ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Заңсыз табысты заңдастыру үшін ол өз бақылауындағы 16 жеке кәсіпкерлікпен жалған келісімшарттар жасап, металл үй, қайық, етік және басқа да тауарлар жеткізіледі деп көрсеткен. Алайда бұл тауарлар нақты жеткізілмеген. Перизат Қайрат 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған; – Осы соманың ішінен 72 миллион теңгені ол анасының атына тіркелген "Алашбаева" ЖК-нің шотына аударған, сылтауы — Солтүстік Қазақстан облысындағы (СҚО) зардап шеккендерге тұрмыстық техника сатып алу. Бірақ шын мәнінде бұл ақша қолма-қол алынған, ал бір бөлігіне 6,9 миллион теңгеге Rolex сағаты сатып алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Палестинаға көмек ретінде жиналған қаражаттың бір бөлігін "Rebel Flowers" ЖШС-ін сатып алуға жұмсаған. Сатып алу құны 23 миллион теңге болғанымен, келісімшартта 2 миллион теңге деп көрсеткен. Агенттік есебіне сәйкес, бұл гүл бизнесінен Қайрат 69 миллион теңге табыс тапқан. Перизат Қайрат жымқырылған қаражатқа мынандай жылжымайтын және жылжымалы мүліктер сатып алған: • 4 автокөлік; • 4 пәтер; • 2 автотұрақ орны; • Бір үй, бір жер телімі және құрылыс нысаны. Сондай-ақ оның иелігінен жалпы құны 158 миллион теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдар, аяқ киімдер мен сөмкелер тәркіленген. Қылмыстық жолмен алынған, жалпы құны 865 миллион теңге болатын барлық мүлікке сот шешімімен тыйым салынған».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 76
https://www.youtube.com/embed/T47gFQOU4VI?si=FOP1IvF11lInDZmB"
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында 700-ден аса тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген. Түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған тұрғындарды Аудандық прокуратура қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады. Заңбұзушылық аудандық ауруханадағы тегін медициналық көмек көлемін талдау аясында белгілі болды.Прокуратураның қадағалауымен тегін дәрі-дәрмекпен қамту ұйымдастырылып, басқа да қажетті препараттарды алуға алдын ала тапсырыс берілді.
ЕРНАТ МАҚСОТОВ,БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 74
https://www.youtube.com/embed/apZp_MtdNEY?si=B4AFXhB7Op21qr-u"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 76
https://www.youtube.com/embed/s3pyOjGd1rU?si=FxiPqac6stH8rJK_"
Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдеріне өзара негізде кедендік баж салығын енгізіп жатқан 185 елдің тізімі бар кестелерді жариялады. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Салықтың өсуіне не себеп болуы мүмкін, сарапшы маманның пікірін білген едік.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ «Жалпы Трамптың Қазақстанда баж салығын арттыруы біздің тікелей жалпы өзіміздің сатылымымызға ешқандай аса бір ықпал бермейді, себебі біздің Америкаға сатып отырған тауарларымыз дайын тауарлар емес шикізат. Негізінен бұл ферроқорытпалар, уран және мұнай. Ал олар АҚШ-ның негізі өзіне керек тауарлар болып саналады.Оның ішінде тонтал бар сирек кездесетін метал. Сондықтан олар Баж салығынан түгел босатылған.Сондықтан бізге ешқандай бір әсері жоқ.Біздің тауарлар Баж салығын төлемейді өйткені біздікі дайын тауарлар емес, шикізат».
Сарапшының айтуынша Трамптың Қытайға салынған Баж салығы және Еуро одақпен болып жатқан арадағы қатынас, әлемдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, мұнай бағасының құлдырауын туғызуы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік 10 пайыздық базалық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар елдер үшін 9-нан бастап күшіне енетіні хабарланды. Трамп тарифтердің мөлшерін өзгерте алатынын да ескертті.
Еще материалы
Страница 11 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.