- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 228
https://www.youtube.com/embed/ccmbAu17ilw?si=-PX9XWuy7Bok_nIO"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 232
https://www.youtube.com/embed/brF7qQaaMtc?si=0d7zViIJTzfEIMyX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 236
https://www.youtube.com/embed/wfuJlvke5dU?si=H6gHsM8yNUJnh-nm"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 230
https://www.youtube.com/embed/DviPcf6oZ2w?si=qhQV2DR5QUsbUNV0"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 242
https://www.youtube.com/embed/zcSFiyGC8ys?si=0dz5tPs5YgPSN6iq"
Республика Сарайы сахнасында өткен «Анашым, мен сені жақсы көремін» атты қайырымдылық концерті Аналар күні қарсаңындағы ең әсерлі мәдени шаралардың біріне айналды. Концерттен түскен қаражат мұқтаж аналарға бағытталды.
Баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар жобаның басты мақсаты — қайырымдылық екенін ерекше атап өтті. Концерттен түскен барлық таза пайда Ана үйі қорына аударылды. Қаражат қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсетуге бағытталады. Бұл бастама көпшіліктің ыстық ықыласына ие болып, концерттің әлеуметтік маңызын арттыра түсті. Көрермендер мұндай жобалардың қоғам үшін аса қажет екенін айтты.
Алматы сахнасында жұлдыздар жарқырады.
Кеште қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Дилназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова, DinaYa, Алан Черкасов, Нұрмұхаммед Жақып, Роман Ким, Azhar Nazar және «Новая волна — 2025» байқауының жеңімпазы Александр Лим болды. Өнер жұлдыздары аналарға арналған әсерлі әндерді орындап, көрерменге ұмытылмас кеш сыйлады. Көпшілікті жылатқан «Ана» әнінің тұсаукесері Концерттің ең тебіреністі сәттерінің бірі — композитор Павел Ли мен Роман Кимнің бірлесіп жазған «Ана» әнінің тұсаукесері болды. Жаңа композиция анаға деген сағыныш, құрмет пен махаббатты жеткізіп, залдағы көрерменді ерекше эмоцияға бөледі. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әнді «кештің жүрегі» деп бағалады. 500-ден астам адам аналарының суретін жолдаған. Ұйымдастырушылар концертке ерекше интерактивті формат енгізді. Кеш барысында LED-экрандардан көрермендердің аналарының фотосуреттері көрсетілді. 500-ден астам адам алдын ала суреттерін жіберіп, жобаның бір бөлшегіне айналды.
Фойеде арнайы фотоаймақ ұйымдастырылып, аналар мен балалар естелік суреттерге түсті. Сонымен қатар, серіктестер тарапынан бағалы сыйлықтар ойнатылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. «Бұл жай концерт емес». «Анашым, мен сені жақсы көремін» жобасы — мәдениет пен қайырымдылықты ұштастырған, қоғамдағы отбасы құндылығы мен ана мәртебесін дәріптеген ауқымды әлеуметтік бастама болды.
Кеш соңында көрермендер ұзақ уақыт қол соғып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Көпшілік бұл жобаның жыл сайын дәстүрлі түрде өтуі керек екенін айтуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 271
https://www.youtube.com/embed/Wlm8N8fR4wU?si=DWK8YzapO0HcY6VK"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
Қызылордада елдің ғылымы мен экономикасына серпін беретін маңызды жиын өтті. Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысында Арал тағдыры, су тапшылығы және ауыл шаруашылығын құтқаратын ауқымды жобалар таныстырылды. Ең бастысы – Қазақстанда алғаш рет су ресурстарын жасанды интеллект арқылы басқаратын «DeepBas» жүйесі іске қосылмақ.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жоба Сырдария мен Арал бассейніндегі су тапшылығын бақылап, нақты шешім қабылдауға көмектеседі. Жүйе жерасты суларының қорын анықтап, құрғақшылық қаупін алдын ала болжай алады.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ғылымды енді тек зерттеу емес, нақты нәтиже беретін күшке айналдыру қажет екенін айтты. Оның сөзінше, ғылыми жобаларға бизнес өкілдері де тікелей қатысады. Яғни, ғылым енді қағаз жүзінде қалмай, өндіріске енгізіледі.
Жиында Қызылорда өңірі үшін ең өзекті мәселелер көтерілді:
— Арал теңізінің экологиялық ахуалы
— Су тапшылығы
— Тұзданған жерлерді қалпына келтіру
— Құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіру
— Күріш шаруашылығын дамыту
— Минералды шикізатты терең өңдеу
— Ауыл шаруашылығына биотехнология енгізу
Сондай-ақ ғалымдар облыс кәсіпкерлеріне дайын инновациялық жобаларын көрсетті. Көрмеде өндіріс пен ауыл шаруашылығына енгізуге болатын жаңа технологиялар таныстырылды.
Айта кетейік, келесі жылдан бастап Арал–Сырдария бассейнінде 5 жылдық мегажоба басталмақ. Сарапшылар бұл бастама өңірдегі су мәселесін шешуге және экологиялық жағдайды жақсартуға үлкен мүмкіндік береді деп отыр.
Жиын соңында Қызылорда облысында су ресурстарын басқару, экология, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытуға арналған арнайы бірлескен жоспар әзірленетіні белгілі болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 242
https://www.youtube.com/embed/0FeXCXPj5Wg?si=GH3zljoeiAeDdo9K"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 243
https://www.youtube.com/embed/k2wKQcdNb84?si=5BoroF6MtkyskP85"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/TxnkEsDLnMo?si=3L_iqt3pr7c3D-ws"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 256
https://www.youtube.com/embed/DUP8_C7Ueao?si=BbkKlnzr0-D2FJwH"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 276
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» атты ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық орта білім беру мекемелері, оның ішінде мектептер, колледждер, балабақшалар мен жекеменшік мектептер, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер, жеке кәсіпкерлік субъектілері және өндірістік кәсіпорындар өкілдері қатысып, университеттің бітіруші түлектеріне 1000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – бітіруші түлектерді еңбек нарығымен тікелей байланыстыру, жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тиімді әріптестік орнату, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде дамыту болды.
Жәрмеңкенің ашылуында университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына ерекше тоқталды.
- Бүгінгі «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» – университетіміздің еңбек нарығымен тығыз ықпалдастығын айқындайтын маңызды стратегиялық алаң. Қазіргі таңда университет 250-ден астам жұмыс беруші мекемемен тұрақты әріптестік орнатып отыр. Соның нәтижесінде соңғы оқу жылында түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 95 пайызға жетті. Бұл – сапалы білім мен тәжірибеге негізделген даярлықтың нақты жемісі, – деді проректор.
Сонымен қатар ол мұндай бастамалар студенттердің кәсіби қалыптасуына тікелей ықпал ететінін атап өтіп:
- Біздің мақсат – түлектерге тек диплом беру емес, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына нақты жағдай жасау. Бүгінгі жәрмеңке – сол жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, – деді.
Сонымен қатар, жәрмеңке аясында университет түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған mansap-bosoryn.kz цифрлық платформасының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Аталған платформада жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары жарияланып, бітіруші түлектер сол арқылы тікелей өтінім бере алады. Жіберілген өтінімдер бірден жұмыс берушінің электронды поштасына және WhatsApp байланыс нөміріне жолданып, жұмысқа орналасу үдерісін жеделдетіп, ашық әрі тиімді форматта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз ұйымдарының қызмет бағыттарын таныстырып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жас мамандар мен мекеме өкілдері арасында тікелей байланыс орнап, ашық форматта пікір алмасу алаңы қалыптасты. Бұл өз кезегінде түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашты.
Айта кету керек, «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» іс-шарасы университеттің «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жас мамандардың жұмыспен қамтылуына бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде ерекшеленді.
Іс-шара соңында жәрмеңкеге қатысқан барлық мекеме өкілдеріне университеттің Басқарма Төрағасы‑Ректоры Болат Тілеп атынан Алғыс хаттар табысталып, өзара әріптестікті дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылық білдірілді.
Еще материалы
Страница 7 из 256

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.