- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1060
https://www.youtube.com/embed/0GE0DFtIkcw?si=XgzcVEwrPOdnB5X7"
Ресей мен Қытай Израиль-Палестина соғысына қатысты АҚШ қарарына вето қойды. Құжатта ХАМАС-ты қаржыландыруды тоқтатып, қару сатып алу мүмкіндігінен айыру, сондай-ақ израильдік кепілге алынған адамдарды босату және бейбіт халыққа көмек көрсету ұсынылған болатын.
ЛИНДА ТОМАС-ГРИНФИЛД - АҚШ-ТЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: "Біздің қарарымыз ХАМАС және басқа да террористік топтар жасаған террорлық шабуылдарды сөзсіз айыптайды. Ол мүше мемлекеттердің террорлық актілермен жасалатын бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерден өзін қорғау құқығын растайды ".
Кейінірек Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өзінің екінші қарар жобасын ұсынды. Бірақ ол ең аз дауысты да жинай алмады.
ВАСИЛИЙ НЕБЕНЗЯ – РЕСЕЙДІҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: «Біз Қауіпсіздік Кеңесі Таяу Шығыстағы теңдессіз дағдарысқа жауап беруге берілген тағы бір мүмкіндікті пайдалана алмағанына өкінеміз».
Екі қарардағы басты айырмашылықтар АҚШ-та мемлекеттердің өзін-өзі қорғауға деген ажырамас құқығы бекітілді, ал Ресейде Израильге Газаның азаматтық халқын анклавтың оңтүстігіне көшіру туралы бұйрықты алып тастауға шақыру болды. Израиль қорғаныс әскері өткен тәулікте Газа секторындағы ХАМАС тобының позициясына, сондай-ақ Ливандағы «Хезболла» әскери нысандарына 400-ге жуық соққы берді. Премьер Биньямин Нетаньяху телеарнада елдің Газаға шабуылға дайындық жүріп жатқанын және оның мерзімін арнайы әскери министрлер кабинеті белгілейтінін айтты.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ – ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Біз қазірдің өзінде мыңдаған лаңкестерді өлтірдік. Бұл басы ғана. Қайта шабуылға дайындық үстіндеміз. Мен әзірге қашан, қалай және қанша мөлшерде болатыны туралы толық мағлұмат бермеймін ".
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1062
https://www.youtube.com/embed/Y0P-OB2LXdE?si=tqinhfiUi0pZpxgO"
Ақтау қаласы тұрғындарына жақында болған қайғылы жағдай сабақ болмай тұр. 3-ші шағын аудандағы, 25-ші үйдің тұрғыны қандалаға қарсы улау жұмыстарын жүргіземін деп, көршілерін ауруханадан бір ақ шығарды. Сюжетке назар аударсақ.
Ақтаудағы үйлердің бірінде тағы бір қайғылы оқиға орын ала жаздады. Бір отбасының үш баласы өздерін жәйсіз сезініп, барлығы ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың уланғаны белгілі болған.
НАЗГҮЛ ҚИСЫҚБАСОВА АҚТАУ ҚАЛАСЫ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ОНКОГЕМАТОЛОГЫ: «Бір үйдің үш баласы түсті. Келген кезде бас айналу, әлсіздік деп шағым айтты. Бірден кезекші реаниматологтармен, кезекші педиатормен балдар қаралды. Екі бала, яғни 8 жастағы және 5 жастағы бала үйіне кетті. Жалпы жағдайлары қанағаттанарлық олардың. Үшіншісі 13 жаста. Оның да қазіргі кездегі жағдайы тұрақты. Емін алып жатыр. Жағдайына байланысты бүгін немесе ертең үйіне шығарамыз».
Аталмыш мекен-жайдағы тұрғындар өткір аммиак иісін байқағанын айтады. Белгілі болғандай көршілері пәтерін улап, өздері кетіп қалған. Улаудың нәтижесі өзгеге кесірін тигізген. Ақтау қаласының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, төсек-орынның улануын анықтаған. Баспанасын уламақ болған тұрғын пәтердің ішіне үш күкірт құтысын шашып кеткені белгілі болыпты. Пәтер иесі жәндік уын 22-шағын аудандағы базардан сатып алған. Жәндік уы лицензиялануы тиіс. Алайда бұл уларды ел аумағында сатуға рұқсат жоқ.
ӘСИМА ЖАРЫЛҒАСОВА -СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Фас» деп аталатын препарат даладағы жәндіктерді улауға арналған. Оны тәжірибесі бар, қорғаныс құралдарымен қамтылған арнайы мамандар ғана шаша алады. Оны пәтерде пайдалануға мүлдем болмайды. Күкірт құрамы бар түтін тектес дәрі газ бөледі, жоғары көтеріледі. Түтін ортақ құбыр арқылы түгел көршілерге тарайды. Ешқашан қауіпті уды өз бетінше тұтынуға болмайтынын ескертеміз!»
4 қабатты үйдің тұрғындары зиянды препараттың иісінен үрейленіп қалдық дейді. Олар көршісінің кесірінен түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылдық деп отыр. Ең бірінші бауыр еті балаларына алаңдайтындарын айтты.
БЕКСЛАН БАЙҚҰЛОВ ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘКЕСІ: «Иіс болғаннан кейін қызым ауырып бастаған. Құсқым келеді, басым айналды деді. Учасковый, скорый шақырдық. Үйде үш бала, әйелім, папам болды. Кухнядан, ваннадан келген иіс».
МАРИЯШ ИСЕНОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қанша үй осындай болып жатыр. Көршілер СЭСке ескертуі керек қой. Сонда бәріміз қырыла береміз ба? Жергілікті акимат, СЭС қолға алуы керек. Айдың күннің аманда. Жау даладан емес, көршілерден келді. Бізге көршілер айтқан жоқ, бейхабар отырғанбыз. Жауапсыздығы, әрбір адам жауап беру керек. СЭС-ке айтуы керек. Тарақанның уы емес, қандалаға жасап тұр. Қандаланың уы адамды білдірмей өлтіреді».
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай тіркелген еді. 7-ші шағын аудандағы, 14-ші үйдің тұрғыны қандаладан құтылмақ болып, пәтерінің ішіне улы препаратты шашып кетіп қалған. Салдарынан көршісінің екі баласы көз жұмды. Қазір ол іс бойынша тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 992
https://www.youtube.com/embed/xRakZVMvnRg?si=cqYNvcDkhxwTYD--"
Бүгін Алматыда көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.Шара барысында отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітап авторының замандастары, көзін көріп сырлас болған қаламдас достары естеліктерімен бөлісті.
КӘДІРБЕК СЕГІЗБАЕВ ЖАЗУШЫ: «Екеуміз айырылмастай дос болдық. Тумасақ та туғандай болдық. Бар әңгімеміз тіршілігіміз ортақ еді. Ақаңның жүрген жері,істеген қызметі барлығы да жұрттың көз алдында».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 953
https://www.youtube.com/embed/fT79w0EQuJo?si=NwEVWy9n2NsmLc2U"
Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 940
https://www.youtube.com/embed/OGm8DwQ_UNc?si=N-AQeXiLNwPksv21"
Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық қор-балаларға» заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты. Айта кетейік, елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 7 миллион адамды құрайды. Бірақ, бұл көрсеткіш келесі жылдың ақпанына дейін өзгереді.
ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ешқайда барудың қажет жоқ. Тиісті шоттар автоматты түрді БЖЗҚ ашылатын болады. 18 жасқа толғаннан кейін ол үшін кәмелетке толған балалар арнайы шотты уәкілетті операторларда ашуы керек. Электронды портал желісінде тиісті өтінім береді. Сол өтінім арқылы БЖЗҚ арнайы шотына аударылатын болады. 18 жасқа дейін автоматты түрде жіберіледі»
Ұлттық қордан балаларға берілетін бұл қаражат тек екі мақсатта жұмсалады: бірі –білім алуға, екіншісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.
Бұдан былай Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында электрондық сауда көлемі артатын болады
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 929
https://www.youtube.com/embed/Cr7kdnOdwtA?si=rq0hKEFTt4imP0cG"
Бұдан былай Шанхай Ынтымақсатық ұйымына мүше елдер арасында электрондық сауда көлемі артатын болады. Оған кедендік кедергілердің жойылуы себеп болмақ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан отырыста осындай ұсыныс ұсынды. Сандарды сөйлететін болсақ, аймақішілік сауда 20 жылдан астам уақыт ішінде 100 есеге жуық өскен. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы шамамен 20%-ға өсіп, 61 млрд ақш долларына жеткен. Осыған байланысты Үкімет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңістігіндегі сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ: «Электрондық сауда келешегі зор салалардың біріне айналып отыр. Түрлі бағалаулар бойынша, ШЫҰ елдерінде электрондық сатудан түскен жалпы табыс биыл шамамен $1,5 трлн-ды құрауы мүмкін. Біз ең әуелі, кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы, электрондық коммерцияны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. «Қазақстан “Бір белдеу, бір жол” жаһандық жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Бұл бастама Транскаспий халықаралық көлік бағытымен бірге “Шығыс-Батыс” және “Солтүстік-Оңтүстік” дәліздерінің мүмкіндіктерін ашу үшін қажетті алғышарттардың бірі болып табылады»
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов барлық жиынға қатысушыларды 2024 жылдың ақпан айында өтетін Digital Almaty цифрлық форумына қатысуға шақырды. Ол келелі кеңес ШЫҰ кеңістігінде цифрлық хабты қалыптастыруға арналатын болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 956
https://www.youtube.com/embed/dZAejxjktQw?si=rQHWf_YvyLtjfT6Z"
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 983
https://www.youtube.com/embed/Yn0ebvTZdgY?si=YyeFELpNqzMWlwZz"
Республика күнінің құрметіне орай,көптеген игі бастамалар орын алды.Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаевтың бастамасымен бас қаламызда қайырымдылық шара ұйымдастырылды.Онда көпшілікке үлгі болып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.
Арбаға таңылса да,тағдырына налымаған Қарлығаш бимен айналысып,өзгеге үлгі болып жүрген азаматша.Өмірге құштарлығы сонша басына түскен қиындық,оның сағын сындыра алмады. Қазақтың қайсар қызы арбадағы биден Қазақстанның атынан шығып,алғашқы әлем чемпионы атанды.
ҚАРЛЫҒАШ СӘРСЕНБАЕВА АРБАДАҒЫ БИДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Сенатор Жанболат Жөргенбаевтың бастамасымен орын алған шараға Астана қаласының мәслихаты мен жастар театры қолдау көрсетті. Егемендігіміздің бастау алған күнінің құрметіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше қолдау көрсетіліп,оларға қажетті заттар сыйға тартылды.
ЕРЛАН КАНАЛИМОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Айтулы шараның өтуіне мұрындық болған депутат, өмірге құштар жандардың ерлігі көпшілікке өнеге болсын деген ниетпен бастама көтеріп отыр. Оның пікірінше мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның толық мүшесі, әрі назардан тыс қалмауы керек. Керісінше олардың өмірге деген өжеттігі мен белсенділігі баршаға ой салмақ.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1028
https://www.youtube.com/embed/gNya50esxHk?si=o4j2wGMT6curFQjZ"
Алматы облысы,Қарасай ауданында еліміздің бірлігі жарасқан ұлттарының достығын,жетістіктерімізді,стратегиялық мүддемізді айшықтайтын Республика күні мерекесі аталып өтті.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Қадірменді қауым,құрметті жерлестер! Басты мейрам ынтымағымызды нығайтып, асқар асулар бағындыруға жетелей берсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз ғұмырлы,туымыз тұғырлы болсын. Мереке құтты болсын»!
Елдігімізді әлем алдында паш еткен айтулы мерекеде асық ату,тоғызқұмалақ ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.
ҚАЙРАТ БАЙБАҚТИНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мынау тыныштық заманда өмір сүріп жатырмыз. Соның барлығы елдің ауыз біршілігі мен ынтымағы деп айтсақ болады. Үлкен азаматтардың қызметте жүріп дұрыс жұмыс істеп ертеңгі күнімізге болашағымыды жарқын қылуымызға атсалысуымыз керек. Мына мемлкетіміздің іргесі тыныш болып,кеңбайтақ даламыз мына ұрпаққа бұйырып тұғырымызды биік көтеріп туымызды тік ұстап жүретін салиқалы ұрпақ нәсіп етсін».
Бұл күні Өзбек,Ұйғыр,Түрік этномәдени орталықтары құрылып қазақ еліне деген ықыластарын танытып ән-билерімен мерекелік шашу шашты.
ИЛИМДАР КАМИЛОВ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазақ елі,қазақ жері қасиетті жер. Көріп тұрсыз мына жақта барлық ұлттар қатысып жатыр. Себебі біз Қазақстанның азаматтарымыз. Қазақстанымыздың қанатиы қатая берсін. Берекелі мерекелі болайық. Байрағымыз күнге жетсін. Соған бәріміз ағайын болып бірігіп еңбек қылу керек».
Білім,денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып еліміздің дамуына зор үлестерін қосқан аудан азаматтары марапатталып,еңбектері еленді.Елдігіміздің тұғыры мықты,тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 900
https://www.youtube.com/embed/wcgYYGozHTw?si=m5RvFtIzonxycXlC"
Палестиналықтардың мыңдаған адамы Газа қаласындағы Хан-Юнис лагерінде тұрып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, науқастар халық санының артуына және санитарлық жағдайдың нашарлығына байланысты ауру белгілерімен келеді.
Жергілікті билік, көмектің аздығы мен анклавқа түсетін дәрілердің шектеулілігін ескере отырып жақын арада денсаулық сақтау саласында дағдарыс басталуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Соджуд Наджм, оның күйеуі мен үш баласы басқа да төрт отбасымен бірге бір шатырда тұрады. Көрпе жетіспегендіктен жерде ұйықтайды.
СОДЖУД НАДЖМ – ГАЗА ТҰРҒЫНЫ: "Мен балалардың қолы мен денесін ең болмағанда құмнан тазарту үшін бөтелкедегі сумен шаямын. Толық шомылдыруға мүмкіндік жоқ. Таза киім де жоқ. Оларды отырғызуға болатын таза еден жоқ. Түнімен жөтеліп шығады. Үлкен ұлымның астмасы бар".
Ал 7 қазанда тұтқынға алынған израильдік адамдардың отбасылары туған-туыстарын босатуға шақырады. Орит Мейр өзінің 21 жасар ұлының тағдырынан әлі күнге дейін бейхабар. Ол ХАМАС қарулы содырлары шабуыл жасап, жүздеген жастарды өлтірген ашық аспан астындағы музыкалық фестивальде болған. Ол содырлардың желіге салған барлық видеоларын қарап шыққан. Ол жерден ұлын көрмепті.
ОРИТ МЕЙР – ИЗРАИЛЬ ТҰРҒЫНЫ: "Сол күннен бері ұлымды уайымдап жүрмін. Тірі ме, өлі ме білмеймін. Тірі болса қарны тоқ болса екен деп ойлаймын. Өзімде ас ішіп, ұйықтаудан қалдым".
Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты талқылаған отырыс өтті.Онда Иран елшісі өз елінің соғыс қимылдарына қатысы жоқ екенін және АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айыптауы қате екенін мәлімдеді. Бұл ретте Иордания сыртқы істер министрі журналистерге қақтығыстың таралуы «үлкен қауіп» екенін айтты.
Ал Израиль СІМ басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті сынға алып, оны отставкаға кетуге шақырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1101
https://www.youtube.com/embed/h60qxzbEXw8?si=n3V7iTKAAQ5Yk-tb"
Тәрбие тал бесіктен басталады.Жастардың санасына Отан деген ұлы ұғымды ұғындырамыз десек, бала кезінен ел мен жерді сүюге тәрбиелеуіміз керек. Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №150 бөбекжайда орын алған ертеңгілік, Республика күні мерекесінің құрметіне арналды. Онда, «Менің Қазақстаным» тақырыбында ұлық мейрам ұлықталды. 2022 жылдан бастап, Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтілуде. Ұлт үшін маңызы зор датаға Ел Президенті ерекше мәртебе берді. Себебі 25 қазан Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн.
САЛТАНАТ НҰҒМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ № 150 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1063
https://www.youtube.com/embed/JYaNBYPNFwo?si=pGCeaBTuUP3cnC7W"
Австралияның Дарвин қаласында «күн» автокөліктерімен жарыс басталды. Бұл күн батареясымен жұмыс істейтін электромобильдер.
Түрлі елдерден келген қатысушылар Аделаиданың оңтүстік қаласына дейін бүкіл Австралияны кесіп өтуі тиіс.
КЭТРИН ФЛАНДРС – SOLAR CAR ӨКІЛІ: "Біздің көліктерде кондиционер жоқ. Сыртқы температураға қарағанда іші ыстық. Шамамен 50 градус болар. Желдеткіш бар, бірақ мен жұмысыма берілгенде ыстықты сезінбеймін де".
Жарыстың мақсаты - мәреге тезірек жету. Бір аптаның ішінде командалар «күн» көліктерімен үш мың шақырымды бағындырады. Жарысқа негізінен университет командалары қатысады. Бірақ ірі автокөлік брендтері де жиі келеді. Олар үшін жарыс - электромобильдер саласындағы болашақ технологияларға арналған сынақ полигоны.
ИОАН ПИК – ДЖОНСОН - SOLAR CAR ӨКІЛІ: "Біз - 3000 шақырымды игеруіміз керек. Бұл солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл Австралия. Біз күн қуатымен қозғаламыз. Ал оның негізінде өте жеңіл және өте аэродинамикалық құрылым жатыр".
Жолда командалар төтенше жағдайларға жиі тап болып жатады. Жолда қалып жатса улы жыландар мен қауіпті жәндіктер, жыртқыштар мекендейтін жерлерде түнеуге тура келеді. Күндіз ауа температурасы 40-тан асса, кешке салқын самал болады. Жарысқа автокөліктердің екі түрі қатысады. Біріншісі - Challenger класындағы бір орынды электромобильдер. Олар максималды аэродинамикалық және электрлік тиімділікті ескере отырып құрастырылған.
РИЧАРД ХОПКИНС – SUNSWIFT RACING КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: "Электр көліктерімен жүреміз деп кім ойлаған.1987 жылы бұл ертегі сияқты көрінетін. Австралияда бұл қалыпты жағдай, әлемнің қалған бөлігін қуып жетеміз. Күн батареясындағы автомобильдер - бұл келесі қадам".
Биыл автокөліктерде Bridgestone шиналарының прототиптері тестіленеді, олардың 63%-ы қайталама шикізаттан тұрады. Олардың міндеті - жүріс қорын ұлғайту арқылы үйкелісті қысқарту.
Еще материалы
Страница 211 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.