- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 295
https://www.youtube.com/embed/j9DOGBRa1bs?si=z5oU9pLzVDXndzQh"
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында №207 мектеп-лицейінің білім алушылары "Бір күн – бір кәсіп" челленджіне қатысып, Қазақ радиосына танымдық экскурсия жасады. Кездесу барысында оқушылар радио саласының жұмыс үдерісімен танысып, бұқаралық ақпарат құралдарындағы түрлі мамандықтардың ерекшеліктерін зерделеді.
Экскурсия барысында білім алушылар радионың күнделікті жұмыс тәртібімен танысып, эфирлік бағдарламалардың дайындалу кезеңдерін көрді. Оларға журналист, жүргізуші, редактор, дыбыс режиссері сияқты мамандардың қызметі және әрқайсысының шығармашылық әрі кәсіби үдерістегі рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Радио мамандары оқушыларға кәсіби қызметте сөз мәдениеті мен тіл тазалығының, дұрыс сөйлеу мен дикцияның, дауыс мәнері мен интонацияның маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар эфирге шығарылатын ақпаратты дайындау, мәтінмен жұмыс істеу, сұхбат жүргізу және тыңдарманға ақпаратты сауатты әрі түсінікті жеткізу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, радио журналистикасының қыр-сырына қанықты. Практикалық тұрғыда ұйымдастырылған экскурсия білім алушыларға мамандық туралы теориялық түсінікпен шектелмей, оның нақты жұмыс барысын көзбен көруге мүмкіндік берді.
Мұндай кәсіби ортаға бағытталған кездесулер жасөспірімдердің еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, мамандық таңдаудағы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді. Әсіресе журналистика, медиа, тіл мен әдебиет салаларына қызығушылық танытатын оқушылар үшін радио редакциясының жұмысымен танысу кәсіби бағдар тұрғысынан маңызды тәжірибе болды.
"Бір күн – бір кәсіп" челленджі аясындағы бұл кездесу білім алушылардың түрлі кәсіп иелерінің еңбегін бағалауына, кәсіби дағдылар туралы нақты түсінік қалыптастыруына және болашақ мамандығын таңдауға саналы түрде дайындалуына бағытталды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 236
https://www.youtube.com/embed/OEreH29sFdg?si=pDoOT6KOhnZGoXcK"
Алматы қаласының Қала күніне орай №207 мектеп-лицейінде оқушылардың қатысуымен спорттық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №323 хат негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" бастамасымен 18 қыркүйек күні өткізілді.
Спорттық жаттығуға мектеп оқушылары белсене қатысып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен түрлі дене жаттығуларын орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру және Қала күніне орай көтеріңкі мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар оқушыларды белсенді өмір салтына баулып, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыруға бағытталған.
Алматы қаласының Қала күні құтты болсын!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/0RmOhxJ9nVw?si=qH2r83-fJTJaNvY3"
2026 жылғы 11 қыркүйек күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «№207 мектеп-лицей» КММ-де отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Отбасы дәстүрлері» онлайн-марафоны ұйымдастырылды.
Марафонның негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
Шара барысында оқушылар мен ата-аналар өз отбасыларында қалыптасқан тағылымды дәстүрлерімен бөлісіп, отбасы үшін маңызды құндылықтар мен әдет-ғұрыптарды таныстырды. Бейнероликтерде отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет, ұлттық салт-дәстүрге деген құрмет, бірлік пен өзара қолдау сынды асыл қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Онлайн-марафонға ата-аналар белсенді қатысып, өз отбасыларының ерекше дәстүрлерін көпшілікке ұсынды. Әр бейнероликтен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, қамқорлығы мен сыйластығы айқын байқалды. Бұл – бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін тағы бір мәрте көрсетті.
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» деген ұстанымды негізге алған іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Марафон барысында оқушылар мен ата-аналар өздерінің отбасылық дәстүрлері, қызықты сәттері мен бірге өткізетін уақыттары туралы бейнероликтерін ұсынды.
4 «А» сыныбы «Отбасылық бақыттың жарқын сәттері» номинациясымен, 5 "Е" сыныбы «Ең үздік отбасылық дәстүр» номинациясымен, 9 "Ж" сыныбы «Отбасылық құндылықтарды үздік насихаттаған отбасы» номинациясымен, 5"Е" сыныбы «Шығармашыл отбасы» номинациясымен, 10"Г" «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен марапатталды.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасын қадірлеу және Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға жол ашылады.
Отбасы берік болса – қоғам да берік! Отбасылық дәстүр – ұрпаққа қалатын асыл мұра!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 204
Тілдер онкүндігі аясында 2026 жылғы 10 қыркүйекте №207 мектеп-лицейінде "Тіл әлемі: сөзден ғылымға дейін" тақырыбында жазушы, әдебиетші, зерттеуші Нұрдәулет Ақышпен әдеби-шығармашылық кездесу өтті.
Рухани-танымдық шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қаламгердің шығармашылығымен таныстыру, ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кездесуге мектеп ұстаздары мен 9–11 сынып оқушылары қатысты. Басқосу барысында оқушылар Нұрдәулет Ақыштың өмір жолы мен шығармашылық ізденістері туралы тың мәліметтер алып, қаламгердің әдеби мұрасына кеңірек қанықты.
Әдеби әңгіме барысында ана тілі, ұлттық құндылықтар, адамгершілік, рухани тәрбие және жас ұрпақтың кітап оқуы секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Оқушылар жазушыға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.
Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы арқылы оқушылар әдебиеттің адам тәрбиесіндегі маңызын түсініп, ана тілінің рухани құндылығына тереңірек назар аударды.
Әдеби-шығармашылық кездесу жас ұрпақтың кітапқа, сөз өнеріне және ұлттық руханиятқа қызығушылығын арттырған мазмұнды басқосуға ұласты.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Э.С. Жамаубаева және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Г.Е. Саттыбаева, А.Е. Нургалиева, М.Т. Алдаберлі, Т. Тұрдәлі ұйымдастырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 156
https://www.youtube.com/embed/VV-SJ02P4RU?si=OI-4pUIp-zbalvci"
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейде 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Биылғы іс-шара "Қазақстан Республикасының Конституциясы – Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі" тақырыбына арналды.
Салтанатты шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жиында жаңа оқу жылының басталуына орай ізгі тілектер айтылып, білім алушыларға сәттілік пен толағай табыс тіленді.
Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше әсерлі болды. Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылы – білімін жетілдіріп, жаңа белестерге ұмтылатын маңызды кезең.
Іс-шара барысында мектеп директоры Әлия Сейдекәрімқызы оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол білімнің адам өміріндегі маңызын атап өтіп, шәкірттерге ізденіс пен еңбекте табыс тіледі.
Салтанатты жиынның маңызды сәттерінің бірі – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Оның үні жаңа оқу жылының басталғанын айғақтап, оқушыларды білім мен ізденіске үндеді.
Жаңа оқу жылы барлық оқушыға сәттілік, ұстаздарға шығармашылық табыс, ал ата-аналарға балаларының жетістігін көру қуанышын әкелсін!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 119
https://www.youtube.com/embed/p6Cxvx8NLd0?si=LBYEGTW32OAO1n68"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 210
Алматы қаласындағы №207 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылына дайындық аясында дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне бағытталған дайындық кезеңі қорытындыланды.
"Мектепке жол" акциясының негізгі мақсаты – әлеуметтік осал, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсету.
Ізгі бастама №207 мектеп-лицей директоры Алия Сейдекаримқызының оқушыларға арналған ақжолтай тілегімен басталды. Іс-шара барысында балаларға оқу жылында қажетті мектеп құралдары мен рюкзактар табысталды.
Балаларға оқу құралдарын сыйға тарту сәті ерекше қуанышқа ұласты. Ұстаздар мен ата-аналардың қолдауы оқушыларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауға мүмкіндік беріп, олардың білімге деген ынтасын арттыруға ықпал етті. Мектеп ұжымы игі бастамаға қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдірді. Мұндай қайырымдылық шаралары балаларға материалдық көмек көрсетумен қатар, қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлықтың маңызын да көрсетеді.
Сонымен бірге №207 мектеп-лицейінде бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге арналған дайындық кезеңі де өз мәресіне жетті. Бірнеше аптаға созылған сабақтар барысында балалар мектеп өмірімен танысып, жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік алды. Болашақ оқушылар мектептің тәртібі мен ережелерін үйреніп, алғашқы ұстаздарымен танысты. Сондай-ақ қатарластарымен қарым-қатынас орнатып, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды.
Мектеп ұжымы ата-аналар мен бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік, ізденіс пен шығармашылық табыс тіледі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 179
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына жасаған Үндеуі елдегі саяси үдерістердің маңызын айқындап, әр азаматтың сайлауға саналы түрде қатысуының мәнін көрсетті. Мемлекет басшысы сайлаудың тарихи маңызын атап өтіп, ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың өз азаматтық парызын орындауы қажеттігіне назар аударды.
Үндеудің маңыздылығы орасан зор. Президент өткізілетін сайлаудың артықшылықтарын саралап, оның тарихи құндылығын айқындап берді. Ұлтымыздың болашағына алаңдаған әрбір азаматтың сайлауға қатысуы маңызды екенін атап өтіп, әр сайлаушы өз азаматтық парызын орындайды деген сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру бағытындағы жұмыстарға да ерекше тоқталды. Құрылтай сайлауы қарсаңындағы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ел болашағын ойлайтын, мемлекет дамуына өз үлесін қосуға дайын жастардың бар екеніне назар аударды.
Соңғы жылдары елімізде көптеген реформалар жүзеге асырылып, маңызды шешімдер қабылданды. Дегенмен Қазақстанның даму бағдарына сәйкес алда атқарылатын ауқымды жұмыстар әлі де бар. Сайлау қарсаңында еліміздегі партия өкілдері түрлі кездесулер ұйымдастырып, пікірталастар өткізіп, өз бағдарламаларын таныстырды. Осылайша әр азаматқа өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік берілді.
Бұл – еліміздің саяси мәдениетінің артқанын көрсететін маңызды кезең. Болашақ Құрылтай құрамына өз ісінің мамандары, білікті әрі бәсекеге қабілетті азаматтардың келуі әр қазақстандықтың сайлауға қатысу белсенділігі мен саналы таңдауына байланысты.
Президенттің: «Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік», – деген пікірінің де маңызы зор. Бұл ұстаным елдің одан әрі дамуы үшін қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің қажеттігін көрсетеді.
Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасайды деп сенеміз.
Елдің болашағы – әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, мемлекет дамуына деген азаматтық ұстанымды білдірудің маңызды көрінісі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, қауымдастырылған профессор Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцент м.а., PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 162
Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ" Алматы облыстық филиалы жүзеге асырып жатқан жұмыстар аясында бірқатар учаскелерде жолдың негізгі қабаттары жаңартылып, асфальтбетон жабыны төселуде.
Атап айтқанда, "Кеген – Нарынқол" автомобиль жолының 0–74 шақырым аралығында орташа жөндеу жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын учаскеде жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда 47 шақырымға асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселді. Қалған учаскелерде жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
Жолға қажетті асфальтбетон қоспасы арнайы зауытта дайындалып, жөндеу учаскелеріне жеткізіліп, белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес төселуде.
Сонымен қатар, Кеген ауданындағы "Көкпек – Кеген – Түп" автожолының 68–88 шақырым аралығында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын учаскеде жолдың төменгі қабаты толық төселді. Ал 7 шақырымға асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты салынды.
Аталған бағыттың бір бөлігі Кеген ауылының орталық көшесі арқылы өтеді. Қазір мұнда жол жабынын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, елді мекеннің негізгі көлік бағыты біртіндеп жаңарып келеді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жергілікті тұрғындар оң бағалауда. Олардың айтуынша, жолдардың жаңаруы екі аудан арасындағы және елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастырады.
Орташа жөндеудің негізгі мақсаты – жол төсемінің беріктігін арттыру, автожолдардың пайдалану жағдайын жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта екі бағыттағы жөндеу жұмыстары да жалғасуда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 190
https://www.youtube.com/embed/6PnYtXubw1E?si=r1exMTIIfSAKzD7J"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 200
https://www.youtube.com/embed/PnXAAJ1aseE?si=ly6HTG76D12fEXfW"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 194
https://www.youtube.com/embed/BkmBxDvAQas?si=gyzSLSio88zo_c7t"
Еще материалы
Страница 2 из 256

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.