
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rBPUP0dTLQM?si=qyGnIsbblrZ2On9r"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 516 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fxF4LOxkY7U?si=Pgl4aJ0JjphUja5I"
Бүгін жас педагогтердің қатысуымен «Өз жұлдызыңды жақ» атты аудандық байқау өтті. Онда ұстаздар мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында бақ сынады.
АРУЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: «Байқауымызға 19 мектеп, оның ішінде 22 жас маман қатысып жатыр. Жалпы мақсаты – жас мамандардың әлеуметтік дәрежесін, педагогтердің беделін арттыру. Аауданымыздан жас талантты анықтау».
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әр турдан өту кезінде білімді қатысушылар өздерінің дарынын, шығармашылық әлеуетін көрсетіп, инновациялық идеяларын ортаға тастап, тың ақпараттарымен бөлісті.
САЛТАНАТ ҚАЙРАТҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №203 ЖББ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: «Бұл жалпы қалалық байқау болғандықтан, қазір бізде аудандық тур өтіп жатыр. Осы аудандық турдан өткен жас маман қалалыққа өтіп, сонда біздің ауданның намысын қорғайтын болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 660 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jA0b6QeA_jY?si=9qMc8UiT5RKTahQ4"
Баланың жан-жақты дамуы,толыққанды азамат болып қалыптасуы ұстаздар мен ата-аналардың ортақ ымырасына байланысты. Оқу-ағарту министрлігінің тікелей тапсырмасы аясында кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі ашық-есік күндері.
Алматы қаласындағы № 207 мектеп-лицейінің қабырғасында ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіндегі ата-ана көзқарасын кеңейту.
Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығын көріп, өнерін тамашалап, білімін бақылап, толғандырған сұрақтарына жауап алып, мектеп тынысымен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.
ӘЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жастарды жанжақты дамыту,ортақ мүдденің бірі. Білім шаңырағының қабырғасында сапалы білім мен қатар,саналы тәрбие беру жүйесі қатар жүреді. Өздеріңіз көріп тұрған жастардан құралған ұжым, мектеп ішінен ашылған «Сен» театрының өнерпаздары. Ата-аналар мен ұстаздардың,оқушылардың назарына екінші туындыны ұсынып отыр. «Балқадиша» қойылымын қойды.
САНДУҒАШ МҰСАБАЕВА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
НӘЗИЯ ҒАЛЫМҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Театрды мектеп өміріне енгізуге мақсат - оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Баланың сөйлеу мәнерін жақсарту және көпшілік алдында өзің ұстауға дағдыландыру.
ГҮЛШАТ ЕРКЕБАЕВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН АТА-АНА

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 427 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UrIKDgSBcoo?si=7giZwnq6N1D1-ID1"
Қазақ тілін дәріптеп жүрген аруларымыздың бірі - Аяжан Қойшыбай. Петропавл қаласының 20 жасар тұрғыны жастардың көп көретін аниме туындыларды төл тілімізде дыбыстап, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуде. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Аяжанның бұл істі бастағанына биыл 4 жыл толады екен. Ол тек анимемен ғана шектелмей, шетелдік атақты фильм, мультфильмдерге дубляж жасап,Instagram мен TikTok желілеріне жариялап жүр. Қазір бастаған ісінен қолдау тауып, Dopamine Voice дубляж студиясының құрамында жұмысын жалғастыруда.
АЯЖАН ҚОЙШЫБАЙ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ "Алғашқы енді үлкен жұмысым ол – «Титандар шабуылы» атты аниме болатын. Мен онда Микаса Аккерманды дыбыстадым. Өте қиын болды. Дауысым келмейді ма деп ойладым. Негізі халық қазақ контентін қатты күтеді. Жақсы көреді. Дегенмен өкінішке қарай, бізде қазақша сапалы контент өте аз".
Анасының сөзінше Аяжан бала кезінде әжесінің қолында өскен. Сол уақыттарда түрік сериалдарын тамашалап, ондағы әртістердің даусын қайталаған екен. Сондай-ақ, ол бала күнінен-ақ шығармашылыққа әуес болған.
САМАЛ ҒАБДУЛЛИНА АЯЖАННЫҢ АНАСЫ "Аяжанның осы дыбыстау өнерін 6 жасында байқадық. Біздің телефонымызды алып видео түсіретін. Ауылда тұрған соң, маңайдағы жан-жануарды видеоға түсіріп салады. Есімде қалғаны есік алдында бірнеше бие құлыншағымен жүргенде: «Анашым мен бұл суды ішкім келеді. Жоқ қызым бұл суға барма, су лай!» – деп. Осылай ең алғашқы виделары басталған".
Кейіпкеріміз Dopamine Voice дубляж тобының құрамында толық бес жобаны дыбыстап үлгерген. Қазіргі уақытта дизайнер мамандығы бойынша білім алуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 401 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4qWE5VW0rCY?si=h5Gio6KQ1bX6Zs5K"
Шаған өзенінде су деңгейі көтеріліп, Орал қаласындағы Ягодка саяжайына тықыр таянды. Қауіптің алдын алу мақсатында Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы өңірінің төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері және әскери бөлімдердің сарбаздары бірігіп,бөгеттерді нығайту жұмыстарын жанталаса жүргізіп жатыр. Аймақтағы 120 қызметкерлердің күштерімен инертті материалдармен толтырылған 2900 қап төселді. Атап айтарлығы құтқарушылардың көмегімен Ақжайық ауданындағы ауылдарда 18 бас жылқы жағаға шығарылған. Төрт түліктің иесі құтқарушыларға алғысын да білдірді.Қызылорда облысының құтқарушылары қызу жұмыс үстінде.
МЕЙРАМБЕК ДОСПЕНБЕТОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 372 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/45Ejv14f024?si=XzoRJQdabtN7GCS8"
Бәріміз қолданатын «WhatsApp» әлеуметтік желісіне өзін банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстырып, түрлі мәтінде хабарлама жіберетін әккілердің саны көбейіп барады. Осыған орай Қызылорда қалалық полиция басқармасында «CyberPol» жедел тергеу тобы құрылды. Мақсат - алаяқтардың арбауынан қарашаны сақтау. Ұйымдасқан жедел топ істі жылдам жасауға тырысуда. Қарасы көп қараша жүретін жерлерге ескерту парақтары ілінуде. Естеріңізге сала кетейік, құрықталған интернет алаяқтарын заң талабына сәйкес 190 баптың 4 тармағы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қабылданған болатын.
МАҚСАТ БАЙМАҒАНБЕТОВ ҚПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 316 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BTLWUSn6uzA?si=YJM7082c_TQ6ssDI"
Алматыда ертеңгісін басталған жауын үзіліспен әлі жауып тұр. Синоптиктердің болжауынша, нөсер үш күн тоқтаусыз жауады.
Алматыда күн райы бұзылды. Жел соғып, күн күркіреп, найзағай ойнады. Көктөбе телемұнарасын найзағай соқты. Оны қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған. Оңтүстік астанада жауын жиі жауатын болды. Нөсер жауын қала көшелері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін басып қалды. Арықтарға су толып, сыртқа тасып жатыр. Алматы әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шықты.
Сондай-ақ 2500 қап құм дайындалады.Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы шықты. Ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады. Құтқарушылар күн райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге көліктерін ағаштың түбі мен жол жиектеріне қоймауға шақырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 382 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/STKMH-rxmV8?si=bXtpVhg751vbtkvF"
Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын жерде көзді ашытатын өткір иісті бұрышты баллонды шашып жіберген. Арбатта қыдырып жүрген адамдар тұншығып, жөтеліп кетті. Қалалық полиция департаментінің өкілдері қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екенін анықтап және оның міндетті түрде жауапқа тартылатынын жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 396 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WiTO__8T714?si=uiPiBtqlkaLGPYxz"
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көлікке секіріп, тепкілеген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырғаны көрінеді. Бұдан кейін ол қашып кеткен.Жергілікті полиция өкілдері құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.Тәртіп сақшылары аталмыш азаматтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша хаттама толтырған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 350 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VUMhx1d1JN0?si=z43zAWUZLKZICoju"
Шу шықса болды, мәжілісте шепте жүрген сол бір 5-6 депутат қана бас көтереміз. Осылай деген халық қалаулысы Ермұрат Бәпи бүгін тағы бас көтеріп, сын айтты. Мәжілісменге жаңа заңның атауы жақпай қалған.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Экономикалық құқық бұзушылыққа декриминализация жасаса, халық оны қалай түсінеді? Осыны бір қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма? Ей, қазақ, мынау былай дейтіндей. Өйткені ертең бізге, қол қойған президентке сөз тиеді. Осы жердегі бес-алты депутат қана “отбиваться” етеміз осы. Анау желінің бәрінде Абзалдан бастап бәрімізді белгілейді. Ертең осы заң үшін «Ескі Қазақстанды қорғап жатырсыңдар» деп бізге сөз келеді. Желіде түсіндіру керек. Анау «Хабар», «Қазақстан» арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып, түсіндіру керек».
ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Дұрыс айтып отырсыз. Қоғамға жеткізу – біздің мақсат. Сол себепті бірнеше отырыс болды. Қоғамға түсіндіру, жеткізу бойынша біраз жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз».
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте кәсіпкерлікке қатысты жаңа заңның таныстырылымы өтті. Бұдан былай заң кәсіпкерлердің құқын қорғайды. Қосымша кепілдік беріледі. Қолданыстағы қазіргі құжатта талап қатал еді. Қит етсе болды, қаржы агенттігі сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізіп жіберетін. Содан тексеріс басталады. Ал, кәсіпкер болса, зор шығынға батады. Енді жаңа заңда олай болмайды. Құзіретті органға тексеріс бастау үшін салық органының актісі керек болады. Егер, бизнес иесі бұл нормамен келіспесе, онда сотқа шағым қалдыра алады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 375 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MEn56-ps-Go?si=iz3RfjCddXJ7NHPR"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 401 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/K-2SbbZJ8cU?si=vNisVHvVhM61qG1q"
1 млрд мемлекет ақшасын жымқырды деген күдікпен 5 адам ұсталды. Олар гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген ақшаны қолды қылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Жауапты орган бөгеттер мен су нысандарын салуға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тексермек. Олар су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаның мақсатты пайдалануы мен көмектің зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуін де басты назарда ұстайтын болады.
ДМИТРИЙ МАЛАХОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: «Өздеріңізде көріп отырсыздар елімізде су тасқынына қатысты ахуал күрделі. Біз де шет қалмауымыз керек. Өз құзіретіміз бойынша адал жұмыс істеуіміз керек. Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет».
Одан бөлек, зардап шеккендерге көмектесу үшін деп ақша жинайтын алаяқтармен де күрес жалғасады.Тасқын болған аймақта бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аударылады. Ол үшін апта сайын азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады.
Тағы басқа мақалалар...
92 ішінен 226 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.