- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 282 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kWWKd9cOK1s?si=F3XIt7ZSu6bueC6g"
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатынан 15 млн теңге шығарып, бос тұрған ғимараттан заманауи үлгіде бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық орталығын ашты.
Ғимарат 700 шаршы метрдан тұрады. Оның 500 ш.м балаларға арналса, қалған 200 ш.м дәмханаға бағытталған.
САЛТАНАТ НҰРАХМЕТОВА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Мұнда осындай балаларға арналған ойын ойнайтын жер болған жоқ. Біз Көкшетау қаласына барып жүрдік бәріміз. Көп қаражат кетеді оған. Сосын идея басталды. Осында ашайын деп, көмегі болады деп адамдарға. Енді балалар ойнап жатыр. Бүгіннен бастап біз жұмыс істей бастадық».
Барлық құрал-жабдықтар жаңа әрі сапалы үлгіде Алматыдан әкелінген. Орталыққа 1 жастан 12 жасқа дейінгі 50 шақты бала келе алады. Қала тұрғындары да орталықтың ашылғанына қуанып, өз қолдауларын білдірді.
ӘМИНА ҚҰНАНБАЕВА ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұрын жақын жер деп Көкшетау қаласына апаратын едік балаларды. Қазір өзімізде ашылып қуанып жатырмыз. Біріншіден Көкшетауға барғанда екі кішкентай баламен өзім апарған кезде жолыма барып-келгеніме 15 мың кететін, ақысы бар дегендей. Қалта шығындары өте көп кететін. Уақытымызды да көп жоғалтатынбыз».
Кіру ақысы 2000 теңге. Бірақ, уақытта шектеу жоқ. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер де қарастырылған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 257 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Kxtm6LpHkPA?si=6cCR2euQL_nKPOMA"
Нью-Делиде фермелер наразылық шарасын ұйымдасырды. Оларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Жүздеген белсенді тракторларға отырып, кейбірі жаяу Үндістан астанасына қарай бет алды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл 2020 жылы елді дүр сілкіндірген фермерлердің жаппай наразылықтарының қайталануына әкелуі мүмкін. Ол кезде шеру бір жылдан астам уақыт жалғасқан болатын. Осы жолғы ереуілдер Премьер-Министр Нарендра Моди үшінші мерзімге сайлауға түсіп жатқан саяси науқан қарсаңында басталды.
ФЕРМЕР: «Біз астық өсіреміз, өндіреміз және оларды Делиге және Үндістаннан тыс басқа елдерге жөнелтеміз. Ал бізге, өндірушілерге шабуыл жасалуда».
Шаруалар неліктен тағы да наразылық танытып жатыр? Олар өз өнімдерінің бағасын өсіруді сұрап отыр. Сондай- ақ кәсіподақтар заңмен бекітілген кепілдікті талап етуде. Бұл нарықтағы белгісіздік жағдайында фермерлерді ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының күрт төмендеуінен сақтайды. 2021 жылы Моди фермерлердің мәселелерін шешу үшін комиссия құруға уәде берген. Алайда, ол сөзінде тұрмады. Ал 2016 жылы үкімет сала қызметкерлерінің табысын екі есеге арттыратынын айтты. Бұл да әзірге уәде ғана.
Мамандар барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекет белгілеген ең төменгі бағамен сатып алу, экономикалық тұрғыдан тиімді емес дейді. Диқандар кері шегінбейтіндерін жеткізді. Жаңа бидай орағына бір айғана уақыт қалды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 255 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/i5YmkcvXX0U?si=RPNz4yZ1xMs4wSGe"
Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Мельбурн қаласы маңында жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды. Қатты жел электр желілерін қиратып, ірі электр станциясындағы генераторлардың жұмысын тоқтатты.
Дүлей дауыл штаттағы ең ірі апаттардың бірі болды. Салдарынан жарты миллионға жуық жылжымайтын мүлік қирады.
ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНЫ: «Мен бұрын- соңды мынандай торнадо немесе дауыл көрген емеспін. Қорқынышты болды. Қатты гуіл мен екпіні күшті жел тұрды. Екінші рет көргім келмейді. Дауыл 10-20 минутқа созылды».
Жергілікті билік тұрғындарды күн райының бұзылатынын айтып, ескерткен екен.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Билік апатты ауа райы туралы ескертті. Яғни, күн қатты ысыды содан кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауып, дауыл соқты. Салдарынан ғимараттар қирады».
Белгілі болғанындай, штаттың оңтүстік бөлігінде бір тұрғын қаза тапты. Ер адамды жел ұшырып алып келген зат басып қалған.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қайтыс болған адам- Солтүстік Мирбу-Нортадан келген сүт фермері еді».
Ауа райының қолайсыздығы орман өртіне де себеп болды. Батыс Викторияда қызыл жалынмен күресіп жатыр. Тілсіз жауадан бес өрт сөндіруші зардап шекті.Мельбурнның кейбір бағыттарында пойыз қызметі тоқтатылды. Кем дегенде он мектеп пен ондаған балабақша жабылды.Метеорологтар ауа райы жақсарады, жел басылады деп болжағанымен, қауіп әлі де сақталады деп ескертеді жергілікті билік.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 249 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Yc5nPg0ygDo?si=UagAYgbC97txg_TE"
Алыс жолға шығуды кейінгі қалдыра берсеңіздер болады. Еліміздің біраз бөлігінде ауа райының қолайсыз болуына орай автожолдар әлі де жабық. Бірқатар өңірлерінде қар жауып, боран соғып, екпінді жел соғуда. Табиғаттың тосын мәнезіне байланысты кейбір жолдар толығымен жабылды. Автомобиль жолдарындағы жағдай қиындап, республикалық трассаларда көп шақырымдық кептелістерге әкелді. Ауыр жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына уақытша шектеу бірнеше күннен бері қолданылып келеді.
Қазіргі таңда жол Түркістан облысынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық тұр. Қуантарлығы жолдың ашылуын күтуге мәжбүр болғандардың барлығын жергілікті әкімшілік ыстық тамақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 312 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zkNAzDDnhPU?si=SvVzp1-8iWIjartZ"
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл. Ауған асуында от кешіп,ерліктің ерен үлгісін паш еткен ардагерлер еліміздің ертеңі жас ұрпақпен тағылымды тәрбиелі кездесу кеш өткізді.
Тарихтың ақтаңдақ беттерінде өзінің қаралы әріптерімен қалған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Ауыр аманат арқалап,қару асынып,қан кешкен ауыр жылдарды бастарынан өткерген ардагерлер Алматы облысы,Сөгеті ауылының тұрғындарымен,оқушыларымен өткен кездесулерін ауыл тарихымен танысудан бастады. Өз кезегінде қайсар жауынгер ардагерлер қолтаңбаларын қалдырды. Жас ұрпақты елін жерін сүйетін азаматтар қылып тәрбиелеуде бүгінгі шараның маңызы ерекше екенін айтылды.
ЖҰМАТ ҚҰНАНБАЙ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
10 жылға созылған ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Кездесу аясында қан майданда қыршын кеткен боздақтардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Өткен тарихтың куәгерлері бүгінгі ұрпаққа отты жылдарда бастарынан өткерген қиындықтарын жалынды әңгімелерімен өрбітті. Батыр ағаларына арнап ауыл жастары арнау арнады,ән-билерімен құрмет көрсетті. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары демекші Ауған соғысына да бұл ауыл екі перзентін аттандырған. Ауылының абыройын көтеруге атсалысып жүрген ардагерлер осы кездесудің бірден бір себепкері.
БАЙДАУЛЕТ ДӘРКЕНБАЕВ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
ӘБДІКӘРІМОВ СЕРІК АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Болашақ ұрпақтың тәрбиесіне атсалысып,елін жерін құрметтеуді,Отанды сүюге тәрбиелеп жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу,үлгі тұту борышымыз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 272 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qxQIuNvYvoY?si=KHX1kywMdTM5YTLI"
Ақтау қаласындағы көлік дөңгелегін жөндейтін орталықта өрт шықты. Оқиға шамамен кеше кешкі уақыттарда орын алған. Салдарынан көршілес Өзбекстан елінің екі азаматы зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
САМАЛБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: «Екеуіде қызыл аймақ деңгейінде қаралды дәрігерлерге, екеуінде күйік шалған. Бір науқас 24 жастағы науқас, бір науқас 33 жастағы. 24 жастағы науқастың жағдайы өте ауыр. Тыныс алу жолдары күйген. 2-ші, 3-ші АБ дәрежелі күйікті алған. Енді оның пайызын есептеген 70% плюс дыхательный путь. Ал екінші 33 жаста, беті күйген, мойын, кеуде, арқасы және саны, қолы күйген. Ол кісі де 2,3 АБ дәреже күйік шалған. Күйіктің көлемі 55-60%».
Айта кетейік, құтқарушылар өртенген жұмыс орнынан 40 литр газ баллондарын тасаға алып шыққан. Өрттің неден болғаны белгісіз, анықталуда.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 272 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Rqr-5LaoYKQ?si=6FM9gF7egvJBkkC1"
Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Степногорск қаласында елорда мен Степногорск аумағында бірқатар бопсалау жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бірнеше ай бойы топ мүшелері қорқытып-үркіту және күш көрсету арқылы жергілікті тұрғындарды, негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтіндерді, сондай-ақ жастарды мобильді қосымшалар арқылы түрлі несиелер алуға мәжбүр еткен. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері анықтады.
Алған ақша мен тауарды өз қалаулары бойынша жұмсаған. Қазір 6 жәбірленушінің бар екені белгілі. Келтірілген шығынның сомасы 8 миллион теңгеден асады. Қабылданған шаралар мен қылмыстық әрекеттерді тіркеу нәтижесінде елордада және Степногорск қаласында полиция қызметкерлері топтың 6 қатысушысын құрықтады. Олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 261 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5iIwHr3CekY?si=giF-zFoq5IkLgmiP"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6jlGVAaIqQw?si=DONzrD8v8EuFFmAu"
Елімізде жыл сайын 300- ге жуық әйел зардап шегеді. Кемінде 80 нәзік жанды тұрмыстық зорлықтың құрбаны болып, көз жұмады. Отбасылық зорлық-зомбылық еш тыйылар емес. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комиеті төрағасының міндетін атқарушы тілге тиек етті.
РЕНАТ ВАЗИРОВИЧ ҚР ІІМ ӘПК ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Әрбір отбасылық дебошир заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды».
Бұл мәселеге Президент те басты назар аударып, нәтижесінде жаза қатаңдатылған еді. Енді тек отбасылық зорлық-зомбылық емес, балаларға қатысты күш көрсеткендер де қатаң жазаға тартылады. Елімізде 4,5 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Өз балаларын тәрбиелеу міндетін атқара алмаған 8 мыңға жуық ата-ана есепке қойылыпты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IxItT1wVqw0?si=5zOwNOVgSkydlBFk"
Оралда кәріз сорғы станциясында болған апаттан соң өзен суларынан экологтар сынама алды. Бір күн бұрын апат тіркеліп, қаланың басым бөлігі тіршілік нәрісіз қалған болатын. Жауапты мекемелер айтулы мәселені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұз боп қатып жатқан өзен үстінде субұрқақша атқылаған кәріз құбырының суы көпшіліктің жағасын ұстатты.
Сорғы станциясында болған апат салдарынан 55 мыңға жуық абонент ауыз сусыз қалған болатын. Төтенше жағдайды жою үшін "Батыс су арнасы" ЖШС қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
ӘНУАР ӘРКЕНОВ "БАТЫС СУ АРНАСЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: «Түні бойы зақым болған орынды анықтап, оқшауладық. Ақауды жоюға кірістік. Түнгі сағат 3-тер шамасында қалаға суды бере бастадық. Таңертең бүкіл қалада су болды. Қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталып қалды. Бітірген соң станция жұмысын жалғастырады».
Мамандардың айтуынша, сорғы станциясындағы құбырлардың тозу көрсеткіші 100%-ға жуық. Нысан мемлекеттік сараптамадан өтті. Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатыр. Қала бойынша кәріз желілеріне келер болсақ, құбырлар 60%-ға дейін жарамсыз.
ӘНУАР ӘРКЕНОВ "БАТЫС СУ АРНАСЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: «Бұл станция, сорғылар 60-70-ші жылдардан бері жөндеу көрмей келеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу де оңай шаруа емес. Жоба дайындап, оны қорғау қажет. Кейін сараптамадан өтеді. Тағысын тағы. Негізінде 10-15 жыл бұрын жөнделуі керек еді. Әзірге осылай апат салдарын жоюмен ғана айналысуға тура келеді».
Шаған өзені арқылы өтетін кәріз құбырынан мұзды жарып шығып, атқылаған су тұрғындардың үрейін ұшырды. Белгілі болғандай, ол жердегі құбыр 90-шы жылдан бері пайдаланылмай келеді екен. Құр жатқан желіні осы кезге дейін неге алып тастамағаны белгісіз. Экологтар оқиға орнында судан сынама алып, сараптамаға жіберді.
АЛМАТАЙ ЖҰМАҒАЗИЕВ БҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 265 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9XU90sYXKtQ?si=kjO03KSDswo-uAFj"
Алматыдағы Алмалы ауданындағы мешіттердің бірінде ұрлық орын алды.Осындай 4 қылмыстарды жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.«Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады», - деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 317 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zkLAOGSfFAE?si=FT3aPoa3OhV0Scd5"
Биыл еліміздің солтүстік өңірінде қыс қаһарына мініп тұр. Қалың қар мен ұйытқыған боран, дала жануарларын да тығырыққа тіреген. Ақмола облысы аумағында ауып келген еліктерге сала мамандары қолдан жем-шөп беруді қолға алып отыр.
Ақмола облысының аумағында 15 мың елік тіркелген болса,олардың 3 мыңға жуығы Өзен ауылының аумағында. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан өңірдегі мамандар шарасыз қалған жабайы жануарлардың көбірек шоғырланатын орындарына жем-шөп жеткізіп,қамқорлық танытуда.
ЕРЖАН САҒЫНАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ: «Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметімен бірлесіп, биотехникалық шараларды жүргіземіз. Атап айтқанда, Көкшетау аңшылық шаруашылығы аумағында Өзен ауылы бар. Бұл елдімекен темір жол торабы маңындағы ағаштардың ішінде еліктерді қолдан азықтандырамыз».
Жабайы жануарларға арналған азық,тұз жоспарлы түрде жеткізіледі. Облыс аумағындағы еліктердің аман-есен қыстан шығып,көктемге ілінуіне қорықшылар зор еңбек сіңіруде.
ДМИТРИЙ ЕФРЕМОЧКИН, КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ҚОРЫҚШЫСЫ: «2-3 центнердей шөп әкелеміз. Сонымен бірге 300 келідей бидайдың қалдықтарын да жеткізіп отырамыз. 50 шақты сыпырғыш әкелінеді. Аптасына бір рет осыншама азық жеткіземіз. Келіп, қарап кетеміз. Жетпегенін толықтырып, салып отырамыз».
Былтыр өңірдегі еліктердің саны 290-ға жуық болған. Қамқорлық қар көбесі сөгілгенше жалғасын таппақ.
Тағы басқа мақалалар...
94 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.