
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 564 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2T7IL7T4HYU?si=JtrZsWe9QDk6LbFx"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 469 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/D4AG8hcHZwc?si=bU5-18IcookzrDYW"
Алматы облысы Есік қаласында «Патриотизм -рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты жас патриоттар академиясының республикалық форумы өтті. Қойнауында тарих тұнған қасиетті мекенде өткен шараға арнамызда барып қайтты.
Өскелең ұрпақты елін,жерін,отанын сүюді бойына сіңіріп тәрбиелеудің маңызы өте жоғары. Бүгінгі шара соның айқын көрінісінің бірі. Қазіргі таңда аталмыш академиядың үш мыңнан астам мүшесі бар. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы және Жетісу облыстары филиалдарының үлесі жоғары.
ЖАНАТГҮЛ БУТИМБАЕВА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АЛМАТЫ,ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Ұлытау,Қарағанды,Абай облысы және Шымкент қаласынан өкілдері,басшылары қатысқан бүгінгі шарада 7 оқушы академия қатарына қабылданып,салтанатты түрде төсбелгімен марапатталды. Жылдан жылға бұл көрсеткіштің саны артып келеді.
ДІЛДӘШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 493 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eYvGdGs4kg4?si=rmuzhYp9GheYQcek"
Орал қаласындағы «Венера» саяжайының тұрғындары тентіреп, далада қалды. Сондай ақ, аумақтағы 20-дан астам үйді де су шайған.
Бір айда екі рет су құрсауында қалған «Венера» саяжайында жалпы 300-ден аса үй бар. Соның 22-сі бел ортасынан су астында тұр. Тұрғындардың сөзінше әлі күнге дейін оларға мүлдем өтемақы берілмеген. Тұрмыстық техниканың бәрі жарамсыз күйде. Туысы бары туысқанға, қалғаны эвакуациялық орталықтарда күн көруде
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Бір түнде барлығын күл талқан етіп кеткен қар суының зардабын шеккен тұрғындар, енді жер астынан шыққан судың залалын көруге мәжбүр. Су деңгейі күннен күнге 6-7 см көтерілуде. Халықтың тек бір арманы бар.
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Жан аямай күресіп жатқан қараша қазір қажыған.Биліктегілерден үміт үзбей, өтініштері өтімсіз болмайды деп сенеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 381 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z6thXnpASow?si=wpDWuFWZ9ASO2YQr"
Тасқыннан зардап шеккен Солтүстік Қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында құрылған 159 қоғамдық штаб бар. Тұрғындар біржолғы өтемақы алу, шығынын өтеу мәселесі бойынша кеңеске жүгіне алады.
Мұнда тұрғындармен күн сайын кездесулер ұйымдастырылады. Заңгерлік кеңес айтылып, гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жағдай орын алғалы облыста 3,5 мыңға жуық үйді су басып,14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңға жуық адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр.
ИННА ШАНГАРВЕЕВА ТЕПЛИЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Заңгер, адвокаттар келіп, қолдау көрсетіп жатыр. Әсіресе қарт адамдарға құжат жинауға көмек керек. Мамандар өтінішті қайда, қалай жазу керектігін түсіндірді. Кейде өзім де егов арқылы анықтама алғанда қиналамын. Сол сәтте қоғамдық штабтың көмегіне жүгінемін».
Осы күнге дейін тұрғындармен 120-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адамға кеңес берілді.Тұрғындар көбіне бір реттік көмек алу тұрғысынан жүгінеді екен.
АРМАН БЕРДІҒҰЛОВ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ
Зардап шеккен адамдарға барлық тұрғыдан көмек көрсетілу барынша қарқынды жүргізілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vGNBf8ZRVns?si=jPL_COrdiDZEkVwg"
БАҚ беттерінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын жарыса жазып жатыр.Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап негізінде қозғалған іс бойынша ұсталған.Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына аккредитацияланған соң ол Астанаға келіп, қылмыстық іске қатысушы деп танылды.Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарып келеді.
Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын. Бұдан соң ол жарты жылдай Президенттің кеңесшісі, ал 2023 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 374 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/x5dJagQObLA?si=Qc75auYqJO-2DinL"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 439 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bsmJ71qaRgg?si=jEG6hloAl2sI7jZD"
Қазақ телевизиясының ардагері,меншікті рейдерлік басып алудың құрбаны болды.Танымал журналист Ласкер Сейітов Алматы облысы Қарасай ауданынан 1999 жылы жер учаскесін алып,ол жерге су ұңғымасын салған. Бірнеше жылдан бері тіршілік нәрін көршілерімен бірге пайдаланып келген. Алайда, 2023 жылдан бері оның алған жер учаскесінің үстінен тағы бір қожайын пайда болған. Жер комитетінің былығы, зейнеткердің басын дауға қалдырып отыр. БАҚ өкілдерін шақырып әділдік іздеген ол, әріптестерінен көмек сұрауға мәжбүр болған.
ЛАСКЕР СЕЙІТОВ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Баспасөз мәслихаты барысында Ласкер Сейітов заң талаптарына сай жасалған барлық құжаттарын көрсетті. Даулы мәселеге әділ шешім шығарына сенімді. Жанайқайын айтып, Мемлекет басшысының атына да хат жолдаған,енді Жоғарғы сотқа талап-арыз білдірмек ниетте.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 487 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hZAGqsH90vM?si=ZhKvKi--R5aGXEcM"
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 426 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZaZGlvMhhO4?si=cDWil_7yrc5vcUPx"
Экс-министрге қатысты атышулы сот процесі бүгін қайта жалғасты. Жоспар бойынша бүгін жарыссөз өтуі керек еді. Сот отырысы сағат 10:00-ге жоспарланған болатын. Алайда, конвойлармен туындаған мәселеге байланысты Бишімбаев пен Байжанов сот залына уақытына жеткізілмеді. Сондықтан, сот отырысын түстен кейінге қалдырды. Алайда, жарыссөз тағы болмады. Себебі, прокурорлар Байжановқа қатысты тағылған айыпты өзгертуді сұрады. Олар Бишімбаевтың туысы Байжанов марқұм Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын білді, біле тұра аса ауыр қылмысты жасырды деп отыр.
САЯХАТ НҰРБЕК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: «Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар: 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау). Айыптау тарапы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады. Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралады».
Енді Байжановқа қатысты айыптаудың жаңа тұжырымы қабылданатын болады. Осыған байланысты сот отырысы 2 мамырға шегерілді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 1067 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lxMl-3CAuh4?si=Kssr3V9C21ab21ZD"
Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл.Қиын-қыстау заманның қыспағын көрген тұлғаның ел тарихынан алар орны ерекше. Мамандар, Ілияс Жансүгіровтың халқына сіңірген еңбегінің өз уақытында бағаланбай қалғанын, оның Алаш арыстарымен бірге ел тәуелсіздігі үшін күресу жолындағы жанкештілігі өскелең ұрпаққа терең насихатталуы керектігін алға тартуда. Тектіден тұяқ қалған,олар да әке жолынан алыс емес,ғылым жолында. Ілияс Жансүгіровтың кенже ұлы Болаттың жары, Алаш ардақтысының келіні Қарлығаш Қаңтарбаева атасының ұрпақтары үшін қатты қорыққан айтуда. Кеңес үкіметінің кесірі,бала-шағасына тимесе екен деп алаңдаған.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАҢТАРБАЕВА І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ КЕЛІНІ
Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған уақыттары, елім деген азаматтар халық жауы деп танылып,жазықсыз өлім жазасына кесіліп отырған. Ілияс Жансүгіровте зұлмат саясаттың құрбаны. Тарихты қолдан жасағанымен, ақиқаттан аттау мүмкін емес.Өз алдына Тәуелсіз ел болған Қазақстан, арыстарын ақтап, өскелең ұрпаққа үлгі етуде. Өйткені ұлыларды ұлықтау,бүгінгі ұрпақтың парызы.
ӘЛИЯ ҚАСҚЫРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ №130 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Ұлылардың шығармаларын насихаттау,баршаға ортақ міндеттің бірі деп санаймыз.Өйткені өскелең ұрпақ,олардан үлгі алады.Ілияс Жансүгіровте қазақ халқы үшін жанын берген тұлға,біздің білім шаңырағы арнайы декадалар өткізіп,оның болмысын ашып, тұрақты түрде насихаттап отырады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 382 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/efhzjgMBkv0?si=zeOTfe7i6XTC96iG"
"Үйіне қаңғыбас иттерді жинап алған!" Осылай деген Қызылордадағы Ақмешіт тұрғын ауданының халқы өз шағымдарын жеткізді.
Мына көпқабатты үйдің 5-ші қабатында үйіне қаңғыбас иттер ұстайтын әйел тұрады. Біртүрлі тірлік жасап жүргенін байқаған тұрғындардың сөзінше жасы 67-ге келген Камила даладағы қаңғыбас иттерді шынжырлап, үйіне апарып қояды екен. Қарсылық білдірген әр тұрғынға қарғыс сөздермен жауап беретін болған.
МЕРУЕРТ ПАК ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Құтыру, эхинококкоз, қышыма, қотыр сынды аса қауіпті аурулар иттердің бойында бары анық. Сондай иттерден 7 жасар 3-топтағы мүгедек баласын арашалап үлгергендердің бірі - Әсем Төреханова.
ӘСЕМ ТӨРЕХАНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Камиланың көршілері есіктерді ашып, иттерді босатып жібергенімен, ол қайтадан оларды күшпен кіргізіп алатын көрінеді. Арнайы мамандар иттерге ұйықтататын дәрі беріп, оларды өздерімен алып кетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 509 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2dLgdlSWVKw?si=mlK6SDeMDVo77Q9N"
Маңғыстаулық 64 жастағы велошабандоз Рәббім Борашев мамырдың 3-і күні Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолға шығады. Бейнеулік спортшы бұл жолғы сапарын Баку қаласынан бастайды. Ол осыған дейін ең ауқымды тур - Маңғыстаудан Алтайға велосипедпен сапарлатқан. Ол жерде 5406 метр биіктікке шыққан. Әзербайжаннан, Батуми қалаларына баруға бекінген. Ол Парижге дейінгі жолды 2 айда жүріп өтуді жоспарлап қойыпты. Рәббім Борашевтың негізгі мамандығы - архитектор. Зейнет жасындағы спортшы жасы алпысты алқымдасада алда өтетін барлық велошерулерде төбе көрсетіп, сайыстарға белсенді қатысуды жоспарлар отыр.
РӘББІМ БОРАШЕВ — ВЕЛОШАБАНДОЗ «Денсаулық болса, бәрі аманшылықта болса, барлығын жүріп өтуге тырысамын. Менің жасымда олимпиада чемпионы болу қиын шығар. Бірақ сонда олимпиада үшін бір тоннадай тер төгетін шығармын деп ойлаймын».
Тағы басқа мақалалар...
95 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.