
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 516 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9vMpp-gZsbA?si=niSFDGW9veYsBHC6"
Үлкен Арал теңізінің құрғаған табанына 10 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Эко жобаға шет елден және еліміздің әр өңірінен жиналған еріктілер атсалысты.
Жергілікті орманшылар 10 мың дана сексеуіл көшетін әзірлеп, 70 ерікті топ-топқа бөлініп, шөлге төзімді қара сексеуіл көшеттерін отырғызды.Тамыры түрлі минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген. Ұзақ уақытқа дейін ешқандай ылғалсыз-ақ өсіп-өне береді. Бұл сексеуіл егудің ең тиімді әдісі деп отыр мамандар.
ӘЛІБИ ҒАЗИЗҰЛЫ, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры:
«Әрине, көшетпен отырғызғанның өнімділігі жоғары. Бірақ, тұқыммен отырғызғанда біз көлемін молыр-ақ істей аламыз. Шығымдылығы сол 25-27 пайызға дейін барады. Ол өте жақсы көрсеткіш».
Мәліметке сүйенсек еліміздің аумағында құрғаған теңіз табанының көлемі 2 миллион гектардан асады. Одан жыл сайын тонналаған тұзды шаң ауаға көтеріледі екен. Осы жағдайды ескерсек атқарылып жатқан жұмыстардың пайдасы шаш етектен.
ЖҰЛДЫЗ ЖАЗЫЛБЕКОВА, ЕРІКТІ
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін теңіздің құрғаған 1,1 млн гектар жеріне сексеуіл отырғызуды орманшыларға міндеттеді. Игі істің келер жылы да жүзеге асуына орманшылар мен еріктілер зор құлық танытып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 1382 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/f5P60KvYhcI?si=swBkchu4ZjUtRWRm"
Мектеп психологтарының жалақысы көтерілуі мүмкін. Бүгін сенаторлар мектептегі тікелей баламен жұмыс істейтін психолог мамандығының мәртебесін көтеріп, олардың еңбекақысын өсіруді сұрады. Депутаттық сауал үкімет басшысына жолданды. Одан бөлек, жоғарғы палата депутаттары көтерген өзекті мәслелер туралы алдағы бейнематериалда.
Мектеп психологтарының хәлі тым мүшкіл, себебі ол мамандыққа қоғам атүсті қарайды, не штат жоқ, не мардымды жалақы төленбейді. Сондықтан, сапалы мамандар жеке меншік клиникаларға кетіп жатыр. Мәселен, 20 жыл еңбек өтілі бар мектеп психологы қолына ай сайын 150 мың теңге жалақы алады. Бұл қаражатқа қай жыртығын жамайды деген сенат депутаттары нағыз балалармен жұмыс жасауға қажетті осы мамандыққа мәртебе берілуі керек дейді.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектептерде 60, ал 4500 және одан да көп оқушылары бар білім ошақтарында 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетуде. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты, нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады. Ресми түрде 1987 жылы психолог штаттары мектептерге енгізілгенімен олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбек ақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде анықталған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет».
Ал, сенат депутаты Қайрат Тастекеев болса жас ғалымдардың диссертациялық жұмыстарын бағалау крейтерине өзгеріс енгізу керек дейді. Себебі, көптеген отандық ғалымдарымыз өз еңбектерін халықаралық журналға мақала ретінде жариялауда қиындыққа тап болады екен. Соның салдарынан көз майын тауысып, неше жыл бойы жазған еңбегі зая кетіп, ғылыми жұмысын қорғай алмайды. Тіпті қажет болса жас ғалымдардың ғылыми мақаласын халықаралық журналдарда жариялауда мемлекет тарапынан гранттар берілуі қажет деген ұсыныс айтты.
ҚАЙРАТ ТАСТЕКЕЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Докторлар мен ізденушілер жұмыстарды жариялаудағы қиындық күшті бәсекелестік пен рецензияның қатаң талабына, сондай-ақ қаржы кедергісіне байланысты. Халықаралық базалар барлық ғылыми саланы бірдей қамти алмайды, бұл кейбір мамандандықтағы зерттеушілерді қолайсыз, өзгеше жағдайға душар етеді. Біздің ғалымдардың өсіп-өркендеуі жалғыз бағалауға байланысты болуы мүмкін емес. Ол халықаралық базада мамандандығы танымал емес немесе көпшілікті қызықтырмайтын адамдарға әділетсіз болып отыр. Бұл академиялық әділеттілік мәселесі».
Енді бір топ сенатор Қазақстанның экологиясына алаңдаулы. Еліміздің бірнеше қаласында ауа тым лас. Қатты қалдықтар сұрыпталмайды, ашық қоқыс палигондарында үйіліп жатыр. Оның барлығы ел азаматтарының денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізеді деген депутат Советбек Медебаев Қазақстан дамуы нашар мемлекет Зимбавбеден де артта қалды дейді.
СОВЕТБЕК МЕДЕБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қауіпті қалдықтар мен қоқыстардың мөлшерін азайту мақсатында әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес экожүйе енгізу жолдарын қарастыру қажет. Қалдықтарды, оның ішінде құрылыс қалдықтарын жинауға арналмаған жерлерде заңсыз тасымалдау және шығару фактілерін анықтау мақсатында тексеру және өзге де шаралар жүргізу арқылы мемлекеттік бақылау шараларын күшейту қажет».
Сондықтан, экологияны жақсартудың бірден-бір жолы қалдықтар мен қоқыстарды дұрыс сұрыптау. Ол үшін тамақ және құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін инфрақұрылым құру қажет деді. Бүгін сенаторлар көтерген мәселелер қаншалықты өз шешімін табады ол енді уақыттың еншісінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 432 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4mnqCyPUZ3s?si=XQd-6lRw5BAs02tg"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 480 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vPS-s9es7H4?si=68JLxAan5IU0yQrk"
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау мекемелерін тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдаланып, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел бұзушылықтарға жол берген. Мәселен денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталған. Прокурорлық тексеру кезінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінде мед қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау деректері тіркелді.
ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
«Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жалпы аталған бұзушылықтар медицина қызметкерлерінің иммунобиологиялық препараттарды сатып алу кезінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастырған кезде оны негізсіз, заңсыз қалыптастырғанын куәландырады. Қадағалау органының актілері бойыанша қазіргі таңда берілген заң бұзушылықтар жойылуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 396 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DnSFklT_vAc?si=HUbwSBXiG82iyTmE"
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде аса қырағылық танытып, сақ болыңыз! Себебі, елімізде жалған ақша жасайтындар көбеюде. Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған доллар сатпақ болған екі адам ұсталды. Олар 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде ақша жасап, оны нарыққа өткізбек болған. Бұл алғашқы факті емес, бүған дейін де Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген еді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 407 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hWUE8hxoLTw?si=YprxNL3G3beRmmfS"
Екібастұзда су жаңа балалар шығармашылық орталығы салынып жатыр. Жасөспірім жеткіншектерді сапалы қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында бой көтеретін ғимараттың жалпы ауданы 7,2 мың шаршы метр. Дизайн студиясы, ғарыштық орталық, робототехника кабинеті, дыбыс жазу студиясы бар заманауй бұл орталық биыл қыркүйек айында ашылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл тікелей Президенттің тапсырмасы болатын. Бүгін аталған өңірге іс-сапарымен барған Премьер-Министр Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл ғимараттың уақытылы тапсырылуын өзім қадағалаймын деді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша салынып жатқан объект, сондықтан сапасы да өте жоғары деңгейде болуы керек. Мұндай орталықтар балалардың бос уақытын қамтып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қосымша білім алуына мүмкіндік береді. Орталық іске қосылғаннан кейін қалада қосымша біліммен қамту деңгейі 70%-ды құрамақ. Жоба менің жеке бақылауымда болады».
Одан бөлек, іс-сапар барысында үкімет басшысы Екібастұздағы жылу қазандықтардың жұмысын тексерді. Екібастұз халқының 2022 жылдың қысында қиыншылықты бастан өткергенін білеміз, тозығы жеткен жылу Олжас Бектенов. Енді қаладағы барлық жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 401 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2wkMQ9hfzp8?si=Xl1LgkFAy0VXLPkV"
Жаһанда кеңінен тараған құсбегілік өнері қайта қанат жайып келеді. Ұлттық өнерді ғұрыптауға ат салысып жүрген құсбегінің бірі – Айшуақ Тайманов. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Тұщыбек ауылын халық «құсбегілер мекені» деп те атайды. Айшуақ Тайманов саятшылық пен құсбегілікті қоса алып, ителгіні қолында ұстап жүрген бірегей жандардың бірі.
АЙШУАҚ ТАЙМАНОВ ҚҰСБЕГІ:«Ерекшелігі тамақтануында. Кез-келген аңды алып түскеннен кейін басын жұлып тастып, бауыздап жейді. Сұңқардың ішінде ителгі күніне екі мезгіл тамақтанады. ителгі әуеден жемтігін теуіп түсіреді. Жерден де алатын қасиеті бар. Өте ақылды құс 2-3 жылдан кейін табиғатқа кеткісі келетін өнер көрсетеді».
Айшуақ мырза қыран құсының мінез-құлқына қарап есімін «Тентек» деп қойған екен. Салмағы 1 келі болса да, өте шымыр әрі аңды бір тістегеннен жайратып салады дейді құсбегі. Ұшқанда жылдамдығы сағатына 380 шақырымға жетеді. Өзге құсбегілер оның көзінің мөлдірлігі мен өткірлігіне қарап «қаракөз» деп те атап кеткен. Тентек түрлі турнирлерде топ жарып жүрген чемпион құстардың қатарында. Бұндай ителгілер Үстірт қорығы, Жабайыұшқан, Манашы, Есет, Көлеңкелі тауларында көп кездеседі.
АНАР ҚУАНЫШЕВА Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Құмтышқандар, сарышұнақ, кеміргіштермен қоректенеді. Табиғат аясында санитар рөлін атқарады. Оба туғызатын кеміргіштерді жойып. Үйретсе қоян, түлкі, қарақұрыққа түседі. Араб елдерінде тарихи салт-дәстүрі бар. Бізде малмен мақтанса, арабтар ителгі құсымен мақтанады. Байлықтың көзі».
«Қызыл кітапқа» енген құсты аулауға жол жоқ. Кезінде Маңғыстаудан шетел асырып алып кетпек болған броконьерлер де болған деседі.
ҒАББАС ДОСАТОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Заңсыз аулаған жағдайда 700 АЕК айыппұл салынады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте заңсыз аулағанға арнайы бап бар 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Осыдан 3-4 жыл бұрын бір факті тіркелді. Шетел азаматы аэропортта заңсыз ителгі алып бара жатты».
Жалпы ителгілердің өмір сүру ұзақтығы бір ғасырға жуық. 90-шы жылдардың бас кезінде 3 мың ителгінің саны анықталған. Өткен жылдарда браконьерлердің кесірінен ителгінің нақты саны белгісіз. Дей тұрғанмен, сұраныс Арабия мемлекеттерінен көп түседі екен. Сол себепті, ителгіні ұя салатын жерінен ұстап, 100 мың долларға дейін саудаға түсіретін көрінеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 483 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z8BaDcOJnjk?si=o00prZ0AKU7jn-e3"
Бұдан былай жалпыға бірдей кредит беріле бермейді. Несие рәсімдеу қиындайды. Бүгін Мәжіліс жаңа құжатты қабылдады. 90 күннен асқан берешегі барлар мен табысы жоқ жастарды енді банк мүлдем маңайына да жолатпайтын болады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Қазақстанда қарыз алушылар саны күрт артқан. Сыйақысы мен пайызы көп банктер мәселесі бүгін Парламент қабырғасында сөз болды. Несиеге белшеден батқандар туралы бұған дейін де мәжілісте бірнеше мәрте айтылып, депуататтық сауал жолданған болатын. Ақыры жаңа заң мәжіліске бүгін жетті.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге сомасына берешегі бар, оның ішінде 8,2 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешегі 10 трлн теңге. Бұл ретте 1,6 млн азаматтың 90 күннен артық мерзім өткен 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиттері бар».
Жаңа құжат бойынша енді 90 күннен артық берешегі бар азаматтар мен табысы жоқ жастарға мүлдем несие берілмейді. Бірақ, қарызы бар отбасы уақытылы несиесін жаба алмаса, қыс ішінде үйден шығаруға тиым салынады.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салынған. Қарыз алушыларды қосымша қорғау үшін заң жобасында жылыту маусымында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға қатысты да осындай тыйым салынады».
Депутаттар банктен бөлек, микрокредиттік ұйымдар жұмысына шүйлікті. Олар қарыздың бұл түрін мүлдем алып тастау туралы бұған дейін де айтқан. Қазір бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына жіберіліпті.
ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазір азаматтардың көбі жалақыға дейін күн көру үшін микрокредиттер алуға мәжбүр. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Өйткені мұндай қарыздың пайызы аса жоғары. Тіпті кейбір жағдайда 1 мың пайызға дейін жетеді. Қазір бұл – кепілсіз қарыз алудың өте оңай жолы. Ақша тез әрі қарыз алушының табыс деңгейі есепке алынбай беріледі. Дәл осы сегментте жастар өте көп кредит алып жатыр, ал кейбірінің басында 2-3 кредитке дейін бар. Әрине кредит деңгейінің өсуімен проблемалық кредиттер саны да артып жатыр. Бүгінде проблемалық несиелер бойынша жалпы қарыз 1,7 трлн теңгеден асады. Зобасында ұйымдардың осындай микрокредиттер беруіне қойылатын талаптарды қатаңдату көзделе ме?»
ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бүгін заңнамалық тұрғыда жалақыға дейін микрокредит беру мүмкіндігі қарастырылған. Ол 45 күнге дейін 50 АЕК сомасында беріледі, бұл – 184 600 теңге. Бұл пидель деп аталатын шағын несиелер қарыз жүктемесін тиісті бағалаусыз қашықтан беріледі. Сондықтан бүгінде пидель сегметінде 60 компания жұмыс істейді. Олар жоғары ставка бойынша тұрғындарға микрокредитті бере береді. Заң жобасында проблемалық берешектің өсуіне жол бермес үшін жеке тұлғаға, егер оның бұрын алған пидель қарызы болса, күнтізбелік 90 күннен кешіктірілген берешегі болса, мұндай жағдайда микрокредит алуға тыйым салу туралы норманы енгізу жағы қарастырылып жатыр».
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Өздеріңіз білетіндей, бізде кредиттің пайызы өте жоғары. Жылдық сыйақы мөлшері 2012 жылдан бері 56%-дан түскен жоқ. Бұл мәселенің Мәжіліс қабырғасында көтеріліп келе жатқанына 13 жыл болды. Тағы да ақымақ болып қаламыз ба деп қорқып отырмын. Өткенде жұмыс топтарында агенттік өкілдеріне жылдық сыйақы мөлшерін 42% деп бекітейік деп ұсыныс айттық. Бізді қолдағандай болды. Бүгін енді басшысы келіп, 50% деп қарастырамыз деп отыр. Неге 45% емес, неге 48% емес? Неге 50%? Мұны қалай зерттедіңіздер? Себебі неде? Бұл дегеніміз тағы да халықтың 40%-ы екінші деңгейлі банк акционерлерін байытып отыра береді деген сөз».
Осылайша депутаттардың сынына ұшыраған кредит туралы жаңа заң бәрібір көпшілік дауыспен бірінші оқылымда мақұлданып кетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 466 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jezcCe6jF2o?si=IqKqlXoBRgjcB6Y6"
Педагогтардың мәртебесін арттыруға қатысты қабылданған заң, айтулы саланың қайта түлеуіне жол ашты. Статистикалық дерек көздеріне сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ұстаздық мамандығын алып жатқан жастардың қатары күрт көбейген. Оған бірден бір себеп жалақының жақсаруы, жаңа технологиялардың қол жетімділігі дейді оқу ордаларының басшылары.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Бұл келешек ұстаздардың ұстаханасына айналған №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі. Іргесі 1978 жылы қаланған оқу ордасынан тәлім алған түлектер, ұстаздық деген ұлы мұратқа жетіп, еліміздің барлық аймағында жастарды тәрбиелеуде. Жаңа бағытқа қадам басқан білім ошағының ұстаздары халықаралық тағылымдамалардан өтіп келіп жатыр.
МАГИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АҚМГПК ДИРЕКТОРЫ
21 ғасыр,жаңа технологияның уақыты.Бүгінде әлем елдерінде барлық салаларда жасанды интелектке көңіл бөліп жатыр. Бұл өз кезегінде санаға сілкініс беріп,технологияның тілімен жоқтан барды жасауға мүмкіндік береді.Бүгін аталмыш білім ошағында геймификацияға студенттерді бейімдеу тақырыбына бағытталған басқосу орын алды. Онда аталмыш жүйенің жастарға берерін сөз етті.
МАГИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АҚМГПК ДИРЕКТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 449 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VJAja1G_EMk?si=pwWeLIBvkbX9s2qp"
Қазақстанның 10 облысында су тасқыны болуы мүмкін. Бақылауға алынған елді-мекендер тізімінде Солтүстік Қазақстан облысыда бар.Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлім етті. Синоптиктердің ақпараты бойынша облыс орталығында су деңгейі өткен жылмен салыстарғанда 50-80 сатиметрге жоғары болмақ.
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша биыл су тасқыны болмақ. Облыста 90-ға тарта ауыл еріген қар суының астында қалуы ықтимал. Себебі биыл қардың қалыңдығы мен оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бір ғана Сергеев су коймасындағы ағын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға артқан.
ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе облыс бойынша су тасқыны мәселесі. Негізгі гидрологиялық болжам шығарылады. Болжамға сәйкес көктемгі су тасқынын ағынының күтілетін көлемі Сергеев су коймасында ағын 1 млрд 600-2млрд 400 млн мекше метр болмақ».
Жыл сайын су тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Су басу қаупі жоғары елді-мекендерден мыңдаған текше метр қар да шығарылып жатыр. Өйткені күн жылынса, еріген қардың суы топыраққа сіңбей, елдің есін шығарады.
ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Наурызға арналған болжамға сәйкес бірінші және екінші онкүндікте орташа тәулік температурасы сақталады.Қар жамылғысы ылғалдың жиналуы жалғасады. Үшінші онкүндіктің екінші жартысында айтарлықтай жылыну болжанады. Бұл белсенді қар еруіне әкеледі».
Синоптиктердің мәліметінше, сәуір айында өңірдегі жауын-шашын мөлшері әдеттегіден көп болмақ. Сондықтан сақтық шаралары басты мәселе екендігін тілге тиек етуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 410 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fvOjj90DlnQ?si=oP6DiQwNvxgRh72-"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.Ержан Сәденов елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.Ведомство өз қызметі барысында Президенттің Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 419 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/q_-sGTNE89U?si=MK2io9arDqIBaUlf"
Тағы басқа мақалалар...
111 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.