
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 390 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/E9ZJOJu2IvI?si=pE9hHq0pDsNz04V8"
Газа қаласының солтүстігінде жұрт көп жиналған орында кемінде жүзден астам адам қаза болды. Палестиналық дереккөздің хабарлауынша, көмек күтіп тұрған аш адамдарға танк және автоматтан оқ атылған.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, гуманитарлық көмек күтіп тұрған адамдарға Израиль әскері оқ атқан. Ал Израиль күштері қаза болғандар азық-түлік тиелген жүкті тонамақ болғанын айтып, оқиғаға марқұмдардың өзін кінәлады. Мысырдан келген жүк көліктері Израильдегі Керем - Шалом гуманитарлық өткізу пунктінің қауіпсіздік тексерісінен өткен. Содан кейін оны таратып беруге жеке мердігерлер шыққан.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Мыңдаған газалық тұрғын жүк көліктерінің айналасына жиналып алып, оны тонауға ұмтылды. Нәтижесінде жұрт сығылысып, бір- бірін таптап кетті. Соңы қайғылы жағдайға әкелді. Ондаған адам қаза тапты».
Египет, Иордания және Палестина автономиясы оқиғаға Израиль билігін айыптады.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Гуманитарлық көмек тиелген көлікке ешқандай соққы жасаған жоқ».
АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған ХАМАС өкілі бұл Газа секторында бейбіт келісімге қол жеткізуге кедергі жасайтынын мәлімдеді. Хамас ұйымы 112 адам қаза тауып, 280-ден астам адам жараланғанын жеткізді. Ондаған адам Аль-Шифа ауруханасында жатыр. Президент Джо Байден көмек керуенімен болған оқиға Катарда өтіп жатқан Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 525 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mcWt42CzlNc?si=l4x_Sh0fcrdQf189"
Бүгін психология және журналистика академиялық мектептерінің ұйымдастыруымен, екі саланың дамуындағы заманауи тенденциялар тақырыбында ғылыми әдістемелік халықаралық конференция өтті. Аталмыш шараға еліміздің, және арнайы Ресейден,Германия,Испания сынды мемлекеттерден келген білікті мамандар қатысты. Басқосуда мамандар,психолог ғалымдар өздерінің ғылыми және практикалық еңбектерімен бөлісті. Жиын барысында заманауи көштен қалмай, ғасырлар бойғы ұлттық мәдени мұраларымызды да жаңғырту ұсынылды.
МҰҚАН ПЕРЛЕНБЕТОВ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ,ПРОФЕССОР
Ғылыми шараға студенттер,магистранттар да шақырылды. Болашақ жас мамандарға әдістемелік конференцияның берері мол.
МЕЙІРІМ ЕРКІНБЕКОВА ПСИХОЛОГ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 528 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aTK5BPcLpB4?si=Ic6MsxzE95hBSXbm"
Отандық ғалымдар ойлап тапқан үй жануарларына арналған қазақстандық екпелер шетел нарығына экспортқа шықты. Бұл туралы Ғылым қорының баспасөз қызметі хабарлайды. Нақтырақ айтқанда, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Нұрлан Ахметсадықовтың жетекшілігімен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ғалымдарының әзірлемелері Грузия мен Әзербайжан мемлекеттеріне экспорттала бастады. Өзге елдердің шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлері қазақстандық ветеринариялық өнімдердің – иммунобиологиялық қабілетіне қызығушылық танытып отыр.
Қазақстан ғалымдары ойлап тапқан қой, ешкі және ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы және үй жануарларының құтырма індетіне қарсы, жылқының ринопневмониясына қарсы вакциналарын сатып алатын болды. Профилактикалық препараттардың өндіріс көлемі жылына 52-70 миллион доза, диагностикалық препараттар 30-50 миллион дозаны құрайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 426 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9EjB3xHInhs?si=dHvF6v3eIyknJNGZ"
Синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана бизнесімен айналысты деген күдікпен Астана қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында ұсталған азаматтардан шамамен 80 мың бір реттік дозаға пара-пар 27 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.
Тәркіленген есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 401 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IDDh9315elg?si=_x-lpS3_sD7T9Z2E"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 582 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HXjeCSWP6Qo?si=I7FCzZfmTnlxmdgF"
1 наурыз күні Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында белгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен «Жібек жолы» кәсіпқой бокс кеші өтеді.
«Жібек жолы» кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасатын спортшылар бүгін салмақ өлшеп, қарсыласымен көз түйістірді. Қазақстанның ең мықты спортшылары Руслан Мырсатаев, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаров, Асқар Ерубек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асхат Қуанышбекұлы, Дәулет Дәукенов Қытай, Түркия, Өзбекстан және Еуропаның танымал спортшыларымен шаршы алаңға шығады.
ҚАНАТ ИСЛАМ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ: «Ертең өтетін кәсіпқой бокс кешінде 12 қазақстанадық жеті мемлекеттен келген былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасады. Біздің жігіттер тас – түйін дайын. Бұйырса, екі титул сарапқа салынады: WBC Middle East Heavyweight Title және UBO Asia Welterweight».
Кәсіпқой бокста тоғыз жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен отандасымыз Руслан Мырсатаев пен туркиялық Хамза Гунеш Азия құрлықтық белбеуіне таласады.
РУСЛАН МЫРСАТАЕВ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ: «4-5 жыл үзіліс болды. Енді көреміз қалай болатынын. Өзіме де қызық».
«Жібек жолы» кәсіби бокс кеші 2024 жылдың 1 наурызында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында сағат 18: 00 – де басталады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 505 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3sL1uBmDIr0?si=P6SozC6DbWOPixQf"
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі, түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымының нышаны. Осыған орай Алматы қаласы мемлекеттік архивінің ұжымы Қазақстан халқы ассамблеясының ұлт өкілдерімен «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға Алматы қаласының 38 этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Мұндағы тарихи құжаттарды сақтап қана қоймай,паш ету басты мақсатымыз дейді шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар,жалпыұлттық татулықты нығайтуда ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
КОММУНАР ИСЛАМЯРОВ ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 446 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MV8X9NedGl8?si=uNV5we-DfjJng6OB"
Париж Олимпиадасының ұйымдастырушылары табиғатқа қамқорлық жасады. Екі стадионда 100 тонна пластикалық қалдықтарды өңдеп,орындықтар жасамақ. Айтулы шараға 50-ге тарта компания қатысып жатыр.
Мамандардың айтуынша пластикалық қалдықтарды қоқыс өңдеу зауыттарынан әкелмек.
БЕНДЖАМИН СЕН-МАР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: "Пластиктер тазартылады, ұсақталады және осында әкелінеді. Материалдың біртектілігіне көз жеткізу үшін оның қасиеттерін тексереміз. Содан кейін термокомпрессия технологиясын қолдана отырып, біз пластикті жеткілікті берік панельдерге айналдырамыз. Бұл бізге олардан жиһаз жасауға мүмкіндік береді".
Жалпы, зауытта 11000 орындық жасауды жоспарлап отыр. Олар Adidas Arena жаңа спорт және мәдени орталықтарда орнатылады. Онда көркем гимнастика және бадминтон бойынша жарыстар өтеді. Орындықтардың тағы бір бөлігі Сент-Денистегі олимпиадалық алаңға арналған. Өздеріңіз көріп тұрған Обервиллердегі зауыт 2018 жылы ашылды. Мұнда шайыр немесе басқа компоненттерді қоспай пластиктерді қайта өңдейді.
БЕНДЖАМИН СЕН-МАР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: "Біз өз компаниямызда осы жобада жетістікке жеткенімізді және өнеркәсіптік стартапты нағыз экологиялық таза материалдар индустриясына айналдыра алғанымызды мақтан тұтамыз".
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бағдарламаға 32 спорт түрі кіреді. Жарысқа 206 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 499 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1Nvlrpk4GMo?si=FAGctWGQxMCTM9Qd"
Жапония үкіметінің мәліметі бойынша соңғы жылдары туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Жергілікті билік ұрпақ санының азаюына қатты алаңдап отырған жайы бар.
Жапонияда демографиялық құлдырау байқалады.Бұған соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер дәлел болып отыр.
ЙОШИМАСА ХАЯШИ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ: "Туудың төмендеуі біз үшін дағдарыс. Алдағы алты жылда трендті әлі де қалпына келтіруге болады. Ал 30-шы жылдары жастар санының тез қысқаруы басталады. Менің ойымша, қазір шұғыл шаралар қабылдаудың уақыты келді".
Премьер-Министр Фумио Кисида бұл тенденцияны ел алдында тұрған ең ауыр дағдарыс деп атады. Ол отбасы институтына ерекше мән беру,кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартып отыр.
ЖАПОНИЯ ТҰРҒЫНЫ: "Ата-әжелер үшін бала күтіміне көмектесу қиындай түсуде. Менің ойымша, әлеуметтік орта әйелдердің көп балалы болуына және жұмысын жалғастыруына жол бермейді".
ЖАПОНИЯ ТҰРҒЫНЫ: "Егер біз саясатты өзгертпесек және шетелден жұмысшыларды қарсы алатын жүйе жасамасақ, онда біз мәселені шеше алмаймыз".
Әлеуметтанушылардың бағалауы бойынша, Жапония халқы 2070 жылға қарай шамамен 30% - ға азаяды. Бұл ретте он тұрғынының әрбір төртеуі 65 және одан жоғары жаста болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 418 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/B9EQIb0Dpd8?si=9H6jINwCl9nMdR2p"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады.Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижесі жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілген.
2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 2,2 млрд АҚШ долларынан астам көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 424 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XDX_XaXN_c0?si=h7gg03ha92I46HlA"
Үкімет отандық өндірісті дамытуға құлықты. Осы мақсатта «Бәйтерек» холдингі сатыпалым ережелерін қысқа мерзімде қайта қарауы қажет. Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты арттырып отыруы керек деді. Яғни, жаңа жұмыс орындарын ашып, қызметкерлеріне бәсекеге қабілетті жалақы төлеп, еңбек өнімділігін өсіруге міндетті.
Айта кетейік, биыл холдингтің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 2,8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсеткен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын 71 мыңнан астам компания мен ұйымға 2,5 трлн теңге көлемінде қаражат бөлінген.2023 жылы Ауыл шаруашылық өнімдері кешені саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 665,2 млрд теңгені құрапты. Бұндай қолдау шараларының арқасында елімізде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3,8 трлн теңгенің өнімі шығарылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 464 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pQlEN2vj8xg?si=3QzdpveWIDeUmDlx"
Ертеңнен бастап Астана, Алматы, Шымкент және тағы 12 облыстың тұрғындары сағат тілін бір сағат артқа жылжытып, біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Бұған тұрғындар қаншалықты дайын және ғалымдардың пікірі қандай?Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Сағат тілі бір сағатқа кейінге шегеріледі дегенді естіген жұрт екі жақты пікірде. Бірі жақтаса, екіншісі кері пікір білдіруде.
"Уақыттың ауысуы туралы айтар болсам, ыңғайлы деп ойлаймын. Себебі, уақыт бір сағат артқа шегінгендіктен адамдар жұмыстан ерте шығады, қолайлы, өз шаруаларына үлгереді деп ойлаймын. Дәрігерлерде айтып жатыр ғой, уақыт артқа шегінсе ұйқы көбейеді, денсаулыққа жақсы деп. Мүмкін, соның да бір пайдасы тиер".
"Жеке өз басыма ешқандай өзгеріс болмайды. Потому что, біз әлі сабақтамыз, оқудамыз. Тек 1 сағат ертерек тұру қажеттігі болмаса"
"Менің жеке ойым ыңғайсыз халыққа деп ойлаймын. Кімге керегі бар артқа жылжытудың? Не үшін қажет? Сол жағын түсінбедім не үшін өзгертіп жатқанын".
Қазір елімізде екі уақыт белдеуі (UTC+5 және UTC+6) бар. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-сағаттық белдеумен есептеліп жүрсе, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар 5-сағаттық белдеуімен санап жүр. Осыған байланысты ғалымдар халықты дүрлікпеуге шақырады. Себебі, адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтеді. Яғни, бұл өзгеріс еліміздің көптеген аймақтары үшін пайдалы және ыңғайлы. Мамандардың сөзінше табиғи уақыт белдеуіне оралу денсаулық пен адам өміріне жақсы әсер етеді.
ӘМІР ҚУАТ ҒАЛЫМ-БИОТЕХНОЛОГ
"Қазіргі таңда UTC+6-ға тұрып жатқандықтан, нағыз тал түс сағат 13:00 ығысып тұр. 12:56-12:58-ге. Бірақ, біздің өзіміздің табиғи уақытымыз UTC+5 болғандықтан, негізгі тал түс сағат 12:00 келуі тиіс. Сонда біз, UTC+5 көшкен кезде, нағызғы түс 11:56-11:58 шамамен осы уақытқа келетін болады. Демек, біздің ағзамыздағы циркаттық ритмдер сол күн сәулесінің, күн ырғағына синхронды түрде жүретініне әкеліп соғады. Ол адамның ағзасындағы барлық процесстердің дұрыс жүруіне әсер етеді".
Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан сауалдардың бірі - ерте уақытта алынып қойған билеттер. Жолаушылардың сауалдарына арнайы мамандар да жауап берді.
ТІЛЕК ӘБДІРАҚЫМОВ "AIR ASTANA" АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР:
"Эйр Астана компаниясысы Қазақстанның біріңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейстер кестесін өзгертті. Олар 5 қалаға қатысты: Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай қалаларына осы рейстер уақыты өзгереді. Осы туралы жолаушылар СМС хабарламалар және электронды пошталарына хаттар алады. Ал сәуір мен қазан айы аралығындағы рейстер автоматты түрде наурызда өзгертіледі және осы туралы да жолаушыларға хабардар етіледі".
САРА САХЫНБЕК «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
"Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Бұл билеттерде де ескерілген. Ең бастысы, жолаушылар өздерінің сағаттарын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруы керек".
Мамандар жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлауға, сондай-ақ билетте көрсетілген жөнелту және келу уақытын мұқият қарауға кеңес береді.
Тағы басқа мақалалар...
114 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.