- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 334 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-mUyDKfDO9c?si=tl7rYOGYLoHZaUWD"
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Акция аясында 8200 дана ағаш тұқымы себіліп, 10 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Толығырақ сюжетте.
Биыл 29-рет өткен экологиялық шара – Қазақстандағы экологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен қоғамның табиғатқа жанашырлықпен қарауының көрінісі. Іле Алатауы ұлттық паркінде жыл басынан бері өткізілген 241 экологиялық шара мыңдаған адамның белсенді қатысуымен жүзеге асты. Сонымен қатар, 136 экологиялық сенбілік, 49 экотур мен дәріс, 56 ағаш отырғызу акциясы мен түрлі көрмелер, танымдық бастамалар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, 5-маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген филиалында өткен ауқымды экологиялық акция 500-ге жуық адамның басын қосты. Қатысушылар арасында оқушылар, студенттер, тәрбиешілер, ұлттық парк қызметкерлері мен еріктілер болды.
ЕЛНҰР АХМЕТОВ, ІЛЕ АЛАТАУЫ МҰТП БАС ДИРЕКТОРЫ: “Осы іс-шаралардың нәтижесінде студенттер, оқушылар, балабақша тәрбиеленушілері және көптеген еріктілер белсенді қатысып келеді. Жыл сайын ұлттық табиғи парк аумағында құстарға ұя жасау, қоршаған ортаны таза ұстау, санитарлық жағдайды бақылау, өрт қауіпсіздігін сақтау, орман екпелерін отырғызу, көшет егу сияқты көптеген акциялар жүргізілуде.”
Шара барысында табиғатты тазалау мен қоқысты сұрыптау жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астында сурет салу сайыстары, экологиялық тақырыптағы спорттық квесттер мен ойындар ұйымдастырылды.
АНАР ЖАҚСЫБЕКҚЫЗЫ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ СТУДЕНТІ: «Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн тек эколог мамандар үшін ғана емес, табиғатқа бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды күндердің бірі. Біздің университетіміз осы жыл сайын атаулы датада әрбір іс-шараға қатысады. Атап айтатын болсақ: сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары, эко-білім беру сабақтары, және де қоқыстарды жинау.”
1996 жылы құрылған Іле Алатауы ұлттық мемлекеттік табиғи паркі Қазақстандағы маңызды экологиялық орталықтардың бірі. Бүгінде қоршаған ортаны аялау, экобілім беру мен табиғатты қалпына келтіру бағытында көптеген бастамалар жыл сайын жүзеге асырылып келеді.
Айгерім Есімхан, Талғат Жанбота, Алатау ақпараты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vn-mXHSrUlc?si=_oWzGQSSn5bUDetV"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mcuXkHHe6eo?si=jyHxBaDHR0CwRpvJ"
Алматыда Арша театрының ұйымдастыруымен Талғат Теменовтың Гүлназ повесінің желісіне негізделген «Махаббат станциясы» спектакілі алғаш рет көрермен назарына ұсынылды.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
«Махаббат станциясы» Талғат Теменовтың шығармашылығындағы және қазақ киносы мен музыка тарихындағы орын алатын ерекше туынды. Ондаған жылдарға қарамастан, өзектілігін жоғалтпай, жастарға махаббаттың, адалдықтың және өмірге деген үміттің маңыздылығын еске салып келеді.
СЕРЖАН МОЛДАСАНҰЛЫ «АРША» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ «Арша» театры Қоңыр Media Group- тың тағы бір жаңа жобасы, біз енді жаңа театр ашып жатырмыз.Оның құрамы биылғы Жүргеновты бітіретін жас таланттар.Т.Теменовтың Махаббат станциясын қойып жатырмыз.Оның бір артықшылығы, оның киносы бар, жалпы шығарма бар повесть, бұл өзі театрда сахналанбаған бірінші рет.Сондықтан да енді бұл Аршаның ең алғашқы бір үлкен жаңа туындысы деп айтуға болады».
Арша театрының бұл туындысы өнерге енді қадам басып келе жатқан жас таланттардың алғашқы туындысы. Қойылымның сюжеті 90-шы жылдардың басындағы жас жұп –Гүлназ ен Оралдың махаббат тарихын, сол кездегі жастардың өмірге деген көзқарасын, олардың қиындықтар алдындағы табандылығын, адалдығын және бақытқа деген ұмтылысын шынайы бейнелейді.
АБЫЛАЙХАН ЖӘНІБЕК «АРША» ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ «Махаббат станциясының премьерасында Жеңіс атты персонажды сомдап шығамын.Жалпы Махаббат станциясымен итаныс адамдар Жеңісті де таниды.Енді бүгінгі менің актер ретіндегі мақсатым ол Жеңістің шындығын ашу.Фильмдегі Жеңісті емес нақты фильмде көрсете алмай қалған дүниелерді Жеңістің бір шындықтары бар сол нәрселерді көрерменге көрсетсем деймін».
Бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған бұл туынды – махаббат, адалдық, арманға деген ұмтылыс секілді мәңгілік құндылықтарды насихаттайды. Ол – қазақ киносының алтын қорына енген, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған, махаббат пен үміттің жарқын символы.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Zb3y2dy4meE?si=rzsYyaBoljSBqz5n"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/73dgv5p-3Xk?si=gpe-6FVP4gg7gU18"
5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Биыл бұл күні пластиктік ластануға қарсы күреске арналған шаралар өтіп жатыр. Әлемде жыл сайын 11 миллион тонна пластик мұхитқа түссе, 13 миллионы топырақта шірімей жатады. Ал оның тек 9 пайызы ғана қайта өңделеді. Бірақ, елімізде бұл мәселемен нақты күрес басталды. Алматы маңындағы Аюсай шатқалында халықаралық қолдаумен ерекше экожоба іске асты. Бұл жайлы толығырақ келесі сюжетте.
Пластик – табиғат үшін ең қауіпті қалдықтың бірі. Ол жүздеген жыл бойы шірімей, топырақ пен суды улайды, ал өртелген жағдайда адам денсаулығына зиянды газдар бөледі. БҰҰ бастамасымен әлем бойынша осындай ластанумен күресуге бағытталған 100 жоба жүзеге асып жатыр. Соның бірі — Қазақстанның туристік жауһарларының бірі саналатын Аюсай шатқалында іске қосылды.Биіктігі бас айналдыратын Аюсай тауының баурайында бұрын туристер қалдырған пластик бөтелкелер мен қоқыс қалдықтары жататын. Енді бұл көрініс өзгеруде. Мұнда алғаш рет арнайы қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатылып, қалдықты сығымдайтын құрылғы іске қосылды.
БАҚБЕРГЕН ДҮЙСЕНОВ АЮСАЙ ВИЗИТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГИДІ
Әлемде жыл сайын 516 миллион тоннадан астам пластик тұтынылады. Бұл апат ауқымын еселей түсуде. Алайда Қазақстанда басталған бастама – жаһандық мәселеге қарсы нақты әрекет. БҰҰ өкілдері еліміздің бұл бастамасын жоғары бағалап отыр.
ВЛАСТИМИЛ САМЕК БҰҰ ЖАҺАНДЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ “Өздеріңіз де көріп, біліп жүргендей, айналамыздағы заттардың басым бөлігі пластиктен жасалған. Ал пластик табиғатта ыдырамайды. Егер біз пластик бөтелкелерді, пакеттерді және басқа да пластик заттарды қоқысқа тастасақ, олар ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы ыдырамай жата береді.
Бұл әрине, табиғат пен қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар, микропластик мәселесі де жеке қарастыруды қажет етеді. Мысалы, біз күнделікті тұтынатын су бөтелкелері мен әртүрлі өнімдер арқылы микропластик адам ағзасына түсуі мүмкін. Сондықтан қоршаған орта арқылы пластиктің адам денсаулығына тигізетін әсері де өте маңызды мәселе болып отыр”.
Статистикаға сүйенер болсақ, тауларда қызмет ететін 146 нұсқаушы мен қысқы спорт мамандары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі де алаңдатарлық. Олардың 63 пайызы — соңғы жылдары пластикпен ластану үдегенін мойындаса, 80 пайызы — таулы жерлерде тасталған бөтелкелер мен қаптамаларды жиі кездестіретінін айтқан.
ГҮЛЖАН КЕНЖЕҚЫЗЫ ТҰРҒЫН
Бүгінгі жасалған әрбір қадам – болашақтың экологиялық қауіпсіздігіне қосылған үлес. Ал қоршаған ортаны қорғау – бәрімізге ортақ міндет.
Айгерім Есімхан, Алатау ақпараты
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 305 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/N5DD6nfKryo?si=9L1lc7m-hhGjlDF0"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 317 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aJ9QW53e-IY?si=d5VLr_clt5WeN-7S"
Шерзат Полаттың соты аяқталуға жақын қалды. Бүгін кісі қолынан мерт болған бозбаланың ісі бойынша сотталушылар соңғы сөзін айтты.
Шерзат Полаттың сот процесін жүргізіп жатқан судья Ержан Жанұзақов үкім шығатын күнді 5 маусым, сағат 16:00-ге белгіледі. Сотта сөз сөйлеген айыпталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Басты күдіктілердің бірі Равиль Сәкиев пен Абзал Шынасыл кінәларын жартылай мойындады. Қалған сотталушылар да судьядан әділ шешім шығаруды сұрады. Бас күдікті Абзал Шынасыл Қаржаубай Нұрымовтың отбасынан кешірім сұрады.
АБЗАЛ ШЫНАСЫЛ КҮДІКТІ «Бәрі Алланың қалауымен болып тұр. Шерзатты өлтірсем, бірден мойындаймын. Ақиқатты айттым. Жауабымды не үшін өзгерткенімді де. Бір қателігім — намысқа беріліп, мойныма алғаным. Мен жазадан қорықпаймын. Әділ шешім сұраймын. 106 баппен жаза тағайындауды сұраймын. Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. БАҚ-та, желіде «Байдың баласы, депутаттың баласы» деп жатыр. Жалғыз анам бар. Шерзатты өлтірген мен емес. Кім істегенін айта алмаймын. Рақмет!»
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абзал Шынасыл «Бір адам мойнына алмаса, топ болып кетесіңдер деді. Пышақ менде болған соң мойныма ала салдым» деп жауап берген. Сондай-ақ сотта күдікті Дархан Әскентай Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Ол істі Қаржаубай Нұрымов ушықтырды деп есептейді. Ол ерегесті бастаған да, адам жинаған да, пышақты бірінші болып шығарған да Қаржаубай Нұрымов екенін жеткізіп, Шерзатты әкесі арандатты деді. Дархан Әскентай Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғауды сұрады.
ДАРХАН ӘСКЕНТАЙ КҮДІКТІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 338 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RHJ3Wzx6-zM?si=Fz98UpQq0wyWY2fK"
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, биылғы жылы аудан көлемінде бірқатар маңызды жол жөндеу жобалары жүзеге асуда. Соның бірі – Іргелі ауылдық округіне қарасты көшелерге жаңа тас жол төсеу жұмыстары.
Қазіргі таңда округтегі 23 көшеге ұзындығы 20 шақырымнан асатын жол жабындылары жүргізілмек. Бұл – көптен бері халық күткен маңызды мәселе. Себебі аталған көшелерге бұған дейін ешқашан асфальт төселмеген болатын. Тұрғындар күнделікті қатынаста қиындық көріп келген еді.
ЖАНАТ ЕРЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жаңа жолдардың төселуі ауыл ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға да оң әсерін тигізбек. Жергілікті халық атқарылып жатқан жұмысқа ризашылығын білдіріп, жол құрылысының сапалы әрі уақтылы аяқталуына үміт артып отыр.
МЫРЗАХМЕТ САЗБАСОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
САНДУҒАШ ШЫНТАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Жергілікті биліктің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, сапалы орындалуы қатаң бақылауда болмақ дейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 298 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BDN2hXILX8A?si=a2tbwUdavC4bXS1_"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 309 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sWb22f0dA9w?si=1XFPTulfDApyMQDF"
Қазіргі таңда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында кәсіби және техникалық білім беру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сенімді әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтып, заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Айтулы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Алматы көпсалалы колледжі мен Чунцин электрондық ғылымдар және технологиялар политехникалық университеті арасында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандум аясындағы жұмыстардың жүзеге асырыла бастауы. Аталған меморандумның негізгі мақсаты – кәсіби білім беру саласында бірлескен жобаларды іске асыру, оқу-өндірістік тәжірибелер ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен инновацияларды білім беру үрдісіне енгізу болып табылады.
ЕРІК МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-КӘСІПТІК БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өндірістік тәжірибе барысында студенттер заманауи технологиялармен жабдықталған зертханаларда жұмыс істеп, өз салалары бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, олар Қытайдың мәдениетімен және еңбек нарығындағы талаптарымен танысып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
СӘУЛЕ СЕНБИЕВА АКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл тәжірибе студенттер үшін кәсіби дамуға жол ашып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосты. Болашақта да мұндай халықаралық бағдарламалар мен тәжірибе алмасу жобалары кәсіби білім берудің сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға зор ықпал ететіні сөзсіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 336 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c3jPkPwISLg?si=KSnb_CoKCAr1Us_F"
Алматы облысында жылдағы дәстүрге сәйкес Киокушинкай-кан каратэден «BATYR BALA – 2025» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Аталмыш жарыс – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, достық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды спорттық шараға айналды.
Турнирге Қазақстаннан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген 400-ге жуық жас спортшылар қатысты. Бұл – жарыстың халықаралық деңгейде мойындалғанының дәлелі. Әр елдің үміткерлері татами үстінде өз өнерін көрсетіп, шынайы шеберлік пен табандылықтың үлгісін паш етті. Шара барысында Республикалық ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев арнайы қатысып, жас спортшыларға ізгі тілегін жолдап, сәттілік тіледі. Оның қолдауы мен қатысуы жарыстың мәртебесін арттырып, жас каратэшілерге ерекше рух сыйлады.
ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Іс-шараға құрметті қонақтар мен спорт жанашырлары қатысып, жасөспірімдерге қолдау білдірді. Киокушинкай-кан каратэ ерік-жігерді, тәртіп пен табандылықты қалыптастыратын спорт түрі ретінде жастар тәрбиесінде маңызы зор екені тағы бір мәрте дәлелденді.Бүгінде Алматы облысының Киокушинкай-кан каратэ федерациясы жалынды жастардың жігерін жанып,айтулы спорт түрінің жанжақты дамуына қолдау көрсетіп келеді. «Тек мықтылар жеңсін!» деген ұранмен өткен бұл бәсеке жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі.Жарыс тек спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар елдер арасындағы достықты, татулықты, мәдени қарым-қатынасты арттыруға жол ашады.
РАХМАН ҚУАНЫШҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жеңіс тұғырынан көрінген үздік қатысушылар арнайы марапаттарға ие болып, қаржылай жүлде қорын иеленді. Бұл – олардың ерен еңбегі мен тынымсыз дайындығының әділ жемісі. Марапаттау сәті жас спортшыларға зор қуаныш пен алдағы шараларға талпынуға серпін берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 302 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lunu0yz0-50?si=9Nh0QGikxAb_2Hlg"
Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Филармония жас суретшілер көзімен атты пленэрлік көрме ұйымдастырылды.Толығырақ тілші бейнематериалында.
26-30 мамыр аралығында ұйымдастырылған пленэрде екі өнер колледжінен іріктеліп алынған 10 студент ғасырға жуық тарихы бар филармония ғимаратының іші мен сыртқы көрінісін өзіндік көзқарастарымен композицияларын ұсынды. Жас суретшілердің салған шығармашылық туындылары филармония фойесіне қойылып, атаулы мерейтойлар тақырыбында көрме жасалды.
АБЗАЛ ҚУАНЫШҰЛЫ ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мақсатымыз-жастардың өзі айтып тұрғандай Филармония жас суретшілердің көзімен.Бұл жерде біз еркіндік бердік студенттерге.Студент жастар өздерінің еркімен қалай ойлайды, әр студент өздерінің өнерін ортаға салды.Жаман емес, жақсы.Бүгін ортамызға келіп үлкен ұстаздарымыз ҚР –ның суретшілер одағының мүшелері келіп өздерінің бағаларын беріп жатты, балаларға ақылдарын айтып жатты.Біздің мақсатымыз осы- олардың өнерін ұштау, келешекте жастарды қолдау».
Шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Сырлашұлы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серікбай Әлжанов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Жұмақын Қайрамбаев, кескіндеме өнерінің қайраткерлері жас суретшілердің туындыларын бағалап, шығармашылық шабыт сыйлады.
БОЛАТ СЫРЛАШҰЛЫ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ «Бізде қазір жас буын осы өнерге деген қызығушылығы, ол өнер деген барлық кезде жастарды тәрбиелейді ғой. Сондықтан бұл жерде тәрбие жүріп жатыр.Себебі бұл жерде табиғатты аялау жалпы мынау мәдениет дейміз, өзіміздің еліміз соның бәрін олар сезіп және соны жоғары деңгейде өздерінің көзқарасымен бейнелеп отыр екен. Жалпы бейнелеу өнері халқымыздың жалпы өнерге деген көзқарасы өзгеріп үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймын».
"Филармония жас суретшілер көзімен" жобасы – мәдениет пен өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың және жас дарындарды қолдау ісінің бір бағытының айқын көрінісі. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында қара шаңырақта әлі де игі бастамалар жалғасын таба бермек.
Тағы басқа мақалалар...
15 ішінен 243 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.