
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 612 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/K4V0LrLXAMI?si=Hg8BqJPIgIoJojJG"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Президент Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастық елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы орайда Башқұртстан Республикасы ерекше рөл атқарады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз».
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар келісімнің, соның ішінде үкіметтер деңгейінде қол қойылған Ынтымақтастықтың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлері мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының қарқынын оң бағалады. Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық деңгейінің көрсеткіші 350 миллион доллардан асты. Бұл ретте Қазақстан Башқұртстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Өз кезегінде Радий Хабиров қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
РАДИЙ ХАБИРОВ БАШҚҰРТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретініңізді білеміз. Менімен бірге үлкен делегация келді. 2-3 жылдың ішінде біз тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясының көлемін айтарлықтай ұлғайттық. Бүгін «Қазақстан – Башқұртстан» форумын аштық. Біз үшін Қазақстан – ең басты серіктес. Біз мұнда өзімізді еркін сезінеміз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 643 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/H87H65FCIa4?si=V9YZV0HyLhgoYM_q"
Ақтау қаласында жарты ғасыр жөндеу көрмеген көпқабатты үй бар. Тозығы жеткен тұрғын үй тұрғындары баспаналарын жөндеп беруді сұрап отыр. Оған жауапты мекеме өкілдері не дейді?
Бұл Ақтау қаласының 2 шағын ауданында орналасқан төрт қабатты тұрғын үй. Сырт көзге қауіпті баспана болып көрінбейді. Дегенмен, салынғанына жарты ғасыр болған көппәтерлі үйдің қабырғалары жарылған. Тұрғындар баспаналарына қатысты мәселенің көп екенін жеткізді.
МАРИНА ДЕРГАЧОВА ТҰРҒЫН: «Біздің үш үйіміз бұзылып, жаңа үй салынады дегенді естідік. Әрине, біз жаңа, жақсы үйде өмір сүргіміз келеді. Үй ескі. Мәселен, қабырғадағы жарықтан дала көрініп тұрады. Мен жақында ғана естідім үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін біз несиеге жасатуға келісім беріп, шартқа отыруымыз керек екен. Бұл не деген сұмдық? Сонда, біздің ай сайын төлеп отырған коммуналдық төлемдеріміз ешқандай есепке алынбай ма? Мемлекетке үй үшін қарызымыз жоқ. Салықты уақытылы өтеп отырмыз. Сонда несие алу деген қайдан шығып отыр? Мен және көршілерім бұған қарсымыз».
Тұрғындар тиісті органдарға қанша шағымданғанмен нәтиже жоқ. Ал жақын жылу құбыры жарылған. Қазір үйде тек ыстық су ғана бар. Аталған мәселе бойынша әкімдіктегілер үйді жөндеуге тұрғындардың өздері жауапты екенін сондай-ақ, бұл жұмыстар үшін несие қарастырылғанын да жеткізді.
АЙДАР ЫБЫРАЙ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ: «Бюджетте өтеусіз негізде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көзделмегендіктен, тұрғындарға қайтарымды қаражат есебінен үйді жөндеу ұсынылады. Яғни, пәтер иелері қалған тұрғындардың жалпы санының үштен екісінен астамының келісімімен жеті жылға дейін бюджеттік кредит ала алады, бұдан басқа, келісім бойынша оны қайтарымды негізде 0,1% мөлшерлемемен 15 жылға дейін ұлғайтуға болады».
Ал тұрғындар болса, үйді жөндеу үшін несие алуға қарсылық білдірді. Себебі, тозығы жеткен баспанада тұратындардың 70 пайызы зейнеткер.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 661 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IMw3hYu0NRo?si=w8EYWDwS1AVwdbCX"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 632 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LBkG2yDftvM?si=RFVbkkNTncdGE7Po"
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қолдауымен шаһардағы кәсіптік техникалық бағытта білім беріп жатқан колледж мамандарын Еуропаның озық оқу ордаларына жіберіп,тәжірибиеден өткізуде. 2023 жылы басталған жоба,2025 жылға дейін жалғасын таппақ.
Алматы қаласындағы мемлекеттік колледждердің арнайы пәндер оқытушыларымен,өндірістік оқыту шеберлері экономикасы жақсы дамыған Швеция,Швецария,Италия,Франция,Бразилия,Қытай,Түркия секілді озық технологияларға қолы жеткен мемлекеттерге барып,халықаралық тағылымдамадан өтуде.Негізгі мақсат, еуропа елдерінен алған ілімдерін өздері қызмет жасап отырған білім ордаларына енгізу.
ГҮЛНАР СҮЛЕЙМЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚББЖТҒӘО ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазірге дейін 200-жуық арнайы пәндердің оқытушыларымен өндірістік оқыту шеберлері шетел асып,тәжірибие алмасып келген.Олардың қатарында Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің бір қатар ұстаздары да бар.
СЕРІК ДҮЙСЕНХАНҰЛЫ АЖКТК АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 673 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yDCiA7JJKsE?si=WMOHswGsszdfyEjh"
Жер сілкінісі кезінде, не істерлерін білмей үрейге бой алдырған халыққа құлақтандыру жүйесін ертерек қосып, хабарлама жіберілу керек болатын. Осылай деген Премьер-Министр Әлихан Смайылов шенеуніктерге бірқатар тапсырма берді.
Бүгін Үкімет отырысы кеше түндегі төтенше жағдайды талқылаумен басталды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Уақытында ақпарат алмаған және нақты не істерін білмеген адамдар дүрбелеңге бой алдырды. Олар ойланбай істеген әрекетінен зардап шекті, яғни 2-3 қабаттан секірді. Бұл құлақтандыру жүйесін ертерек іске қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек хабарлама жіберу керектігін көрсетеді. Мұндай жағдайда адамдарға нақты не істеу керектігі туралы мәлімет беру керек. Барлық сейсмикалық қауіпті аймақта оқу-жаттығуларды жиі өткізу қажет деп санаймын. Халық іс жүзінде іс-қимыл алгоритмін білуі керек».
Ғимараттар бүлініп, үйлер құлаған жоқ. Министрдің төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігінде республикалық жедел штаб ашылған. Осындай штабтар аумақтарда да жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды, - деді министр Үкімет отырысында. Министр, алда Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайтынын атап өтті.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңір тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 640 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yDCiA7JJKsE?si=WMOHswGsszdfyEjh"
Жер сілкінісі кезінде, не істерлерін білмей үрейге бой алдырған халыққа құлақтандыру жүйесін ертерек қосып, хабарлама жіберілу керек болатын. Осылай деген Премьер-Министр Әлихан Смайылов шенеуніктерге бірқатар тапсырма берді.
Бүгін Үкімет отырысы кеше түндегі төтенше жағдайды талқылаумен басталды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Уақытында ақпарат алмаған және нақты не істерін білмеген адамдар дүрбелеңге бой алдырды. Олар ойланбай істеген әрекетінен зардап шекті, яғни 2-3 қабаттан секірді. Бұл құлақтандыру жүйесін ертерек іске қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек хабарлама жіберу керектігін көрсетеді. Мұндай жағдайда адамдарға нақты не істеу керектігі туралы мәлімет беру керек. Барлық сейсмикалық қауіпті аймақта оқу-жаттығуларды жиі өткізу қажет деп санаймын. Халық іс жүзінде іс-қимыл алгоритмін білуі керек».
Ғимараттар бүлініп, үйлер құлаған жоқ. Министрдің төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігінде республикалық жедел штаб ашылған. Осындай штабтар аумақтарда да жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды, - деді министр Үкімет отырысында. Министр, алда Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайтынын атап өтті.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңір тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 693 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TE9-6LNXC0I?si=PWdMlwvhvlRYzzcE"
Бүгін баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы неліктен SMS хабарлама келмегенін түсіндірді.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Тәжірибе көрсеткендей, SMS хабарламаларды жедел жібергенде, бұл деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халық тығыздығымен байланысты. «Ұялы байланыс операторларының ақпаратты өңдеуге уақыты жоқ, сәйкесінше жедел ақпарат кеш келеді».
Сондай- ақ департамент басшысы жер сілкінген кезде дабыл неге қосылмағанын айтты. Спикердің сөзінше, Алматыда 843 электр дабыл құрылғысы бар. Олар жер дүмпуі 5 баллдан асқан кезде ғана қосылады екен.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Түнде дабылды қосу қажеттілік тудырған жоқ. Себебі, бізде 5 балл деңгейінде болды. Сондай- ақ ол қосылса тұрғындар арасында дүрбелең тудыратын еді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 753 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FtUM6ejqhFU?si=XEqoAgeYHwqI8oqO"
Алматылықтарға жер сілкінісі қатты сезілді. Зілзала, әсіресе, көпқабатты тұрғын үйде білінді. Жер дүмпуінен қандай да бір залал келді ма, жарақат алғандар бар ма оны келесі бейнематериалдан білейік.
Алматының түні тұрғындардың зәресін ұшырып, күштік құрылымдарды тікесінен тік тұрғызды. Бес балл деңгейдегі жер сілкінісі мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды. Жер дүмпуінің қатты болғаны соншалық, алматылықтар үйлерін тастап далаға қашып шықты. Сол арада әлеуметтік желіде зілзаланың қайталанатыны туралы ақпарат тарап, халықтың үрейін одан әрі арттырды.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Оған сенудің қажеті жоқ. Сіздерді ресми дерек көздері мен Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілдерін тыңдауға шақырамын»
Алматыда жер сілкінісі кезінде халықты жинайтын барлық 384 пункт бір жарым сағаттың ішінде ашылды. Мегаполис тұрғындарын қабылдау пункттеріне 11 мыңнан астам адам жүгінген. Оның ішінде 3,5 мыңы бала. Ал, кейбір алматылықтар қаладан жаппай кете бастады. Көшелерде үлкен кептеліс пайда болып, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Сондай-ақ, такси бағасы бір сапар үшін 5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін көтерілді. Кейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтып,халықты сабырға шақырды.
ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Алматының тұрғындары мен қонақтарын жақын арада жойқын жер сілкінісі күтілмейтініне сендіргім келеді. Бүгін болған сейсмикалық оқиға ҚХР мен Қырғызстан Республикасының аумағында болды. Алматы мен Алматы облысының тұрғындары, Жетісу облысының бір бөлігінде сезілген сілкіністер «афтершок» болып табылады. Орталық Азияның барлық дерлік елдері сейсмикалық оқиғаны сезінді. Қазіргі уақытта 10-нан астам афтершок тіркелді, оның ішінде Алматы тұрғындары 2 афтершокты сезінді. Байбаламға салынудың ешқандай себебі жоқ».
Оңтүстік астанада қоғамдық тәртіпті 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 690 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uSh_ffiUVBY?si=n3LnwZ7_6bq7DTUr"
Апат айтып келмейді деген аталы сөз аңғал жатқан Алматы халқын аяғынан тік тұрғызды. Түн ортасында орын алған жер сілкінісі жайлы дайындалған материалға кезек берсек.
Жылы төсегін тастай сала бас сауғалап далаға қашқан тұрғындардың үрейлі жүздеріне қарап ақ дүмпу деңгейін айтқызбай аңғаруға болады. Құндақтаулы сәбиін құшағына қысып жер үйде тұратын туыстарын сағалап кеткен тұрғындардың да қарасы қалың. Оңтүстік Астанамыздың халқын дүрліктірген жағдайға байланысты өткен бүгінгі брифингте мамандар қаламыз сейсмикалық аумақта тұрғандықтан тұрғындар жер сілкінісінің алдын алу шараларынан хабардар болу керек деді.
ЖАНСАЯ ДОСЫМБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯНЫҢ БАСТЫҒЫ
Дей тұрғанменде қауіпсіздік шараларын ескеруге ес таппай үрейге бой алдырып жарақат алған адамдар да бар.Бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сынды жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Қарақан басын қорғаймын деп екінші -үшінші қабаттан құлап мертіккен тұрғындар да кездесті.
ЕРМЕК ЖЕЛДІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНГАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Балапан басына тұрымтай тұсына тап келетін табиғи апаттың тосыннан келетінін ескерсек ұйқы қашыратыны анық. Үйінен безіп үрейі ұшқан тұрғындармен де тілдесіп қайтқан едік.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 625 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WgzMl9Y71Oc?si=SX78-j6_5zCAfhq1"
Тілсіз жаудан тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды. Жалын алдымен гараждан басталып сарайға жеткен. Арты үйге жалғасқан. Үйден қажет заттарын алып үлгермеген тұрғындар 5 бүлдіршінімен көрші үйін паналауға мәжбүр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Бұл Орал қаласының Зашаған кенті Құс фабрикасы ауданы. Ертеңгі күнге жақсылық ойлап ұйықтаған тұрғындар таң азанмен қызыл жалынды көрерлерін кім білген? Дал болған тұрғындар дереу қамданып, сыртқа шығып үлгерген. Мамандар қанша тырысқанымен, тілсіз жау тез беріле қоймаған.
САҒДАТ ӘНЕС БҚО ТЖД БАС МАМАНЫ
Қасықтап жиналған дүниеден қасақана айырылған отбасы көмекке зәру. Тілсіз жаудың қасіреті көп балалы отбасын ойсыратып отыр.
ҚАЙЫРБОЛАТ НҰРМҰХАНОВ ЗАРДАП ШЕГУШІ
ГҮЛАЙЫМ МАМЫРОВА ЗАРДАП ШЕГУШІ
Жалынның болған себебі әлі белгісіз. Арнайы сараптама жұмыстары жүргізілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 677 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e11gQ0sIRvs?si=uWtNjA6wjvR34U8W"
Жұртты дүрбелеңге салған жер дүмпуі Қазақстанды ғана емес, Қырғызстан мен Қытайдың Шыңжаң аймағының тұрғындарын да әбігерге салды. Өйткені ошағы сол аймақтардан орын алды. Сейсмологтар 7,1 балдық жер сілкінісі болғанын алға тартуда.
Әуесқой кадрларда үйлердегі люстралар мен жиһаздар дірілдеп, аквариумдардан судың сыртқа ақтарылып жатқанын көруге болады. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң аймағындағы Уши уезінің таулы шекаралас аймағында 22 шақырым тереңдікте тіркелді. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екіде болды.
Таңертеңгі жағдай бойынша 40-тан астам жер сілкінісі орын алған. Қытайдағы ондаған үйлер толығымен немесе ішінара қирады. Жәбірленушілер туралы әлі хабарланған жоқ. Зардап шеккендер бар. Электрмен жарықтары үзіліп, теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Жер сілкінісі Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанның кейбір аймақтарында да болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 632 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a0u8XNlD6R4?si=V8k5LRGW32h06DSR"
Алматы полиция Департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолдана отырып, кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтауда.
АРЫСТАНҒАЛИ ЗАППАРОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ: «Түнде қоғамда және әлеуметтік желілерде негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған ақпарат тарады. Бүгінгі күнде Алматы ПД-нің жедел қызметкерлері жалған ақпараттардың авторларын анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде. Біз азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуге кеңес береміз»
Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуді ұсынған болатын.
Тағы басқа мақалалар...
150 ішінен 238 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.