- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 340 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1yHrHsBiXQw?si=eMGYn9gZDBt6ZLiv"
Чехияның Прага қаласында орналасқан қымбат мейрамхана, сол қаладағы төрт бөлмелі пәтер және Біріккен Араб Әмірліктерінде құны 5 млн доллар болатын вилласы бар қазақстан азаматы Delta Bank-тің ақшасын жымқырған кәсіпкер ұсталды. Туыстары мен жақындарының атына қайтарылмайтын несие жазып алып, осының барлығын сатып алған Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «2012-2017 жылдар аралығында Н. Тілеубаев банктен қаражатты қайтарылмайтын несиелер беру арқылы алып шыққан. Тергеу барысында Н. Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн доллар болатын, Palm Jumeirah-та орналасқан вилла бар. Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды. Бұл ретте Н. Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0SXmODq2z34?si=0a5MGBpgnM1VW6nz"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 423 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TNuq-s1q5kI?si=fH1JrtRVPbi7-NDq"
Жақында елімізде су тасқыны мен су жетіспеушілігі мәселесі туындағанда хабарласуға болатын ситуациялық ақпараттық орталық құрылады. Су шаруашылығы нысандарының ағымдағы жағдайы туралы барлық мәлімет осы жерге жинақталады. Бұл туралы аталған ведомствоның су ресурстарын пайдалануды реттеу және есепке алу басқармасының басшысы Сәкен Әтел хабарлады.
СӘКЕН ӘТЕЛ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Су ресурстары жайлы оның жай –күйін жинақтау және ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Ситуациялық оратлықтың негізі мақсаты су ресуртстары жүйелерін жеңіл басқару және де стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жинақталған ақпарат барысында табиғи стихияларды болжау болып табылады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 324 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MlY9hObpcvY?si=Jn-dFeDczDnBBoxG"
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2 қараша күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Бюро отырысы бір минут үнсіздікпен басталып, сенаторлар мен Аппарат қызметкерлері Қарағанды облысында болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды.Мәулен Әшімбаев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін оқиға орнына арнайы барғанын атап өтті.Ел Президенті кеншілердің отбасыларымен және жақындарымен кездесіп, оларға қолдау көрсетіп, апаттың себебін анықтау үшін тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pkxQBlrIUuA?si=1tsEIkbTJi6lRiHt"
Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық, ал денсаулықтың кепілі слауатты өмір салтында. Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында влейболдан, тоғызқұмалақтан, тымақ ұрудан сайыс орын алды. Негізгі мақсат, бұқаралық спорттың дамуына ат салысу,жастарға өнеге көрсету. Шараға қатысқан ұлағатты жандар, тартысты ойын өрнектерін көрсетті. Үздік шыққандар жеңіс тұғырынан табылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЕРЖАН МЫРЗАХАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WIurTW0B6bg?si=nwnIoZH78L45pltd"
Небәрі 21 жасында Кеңес Одағының батыры атанған Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке биыл 99 жыл толды. Тарихи тұлғаға арналған шара Жетісу облысындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада орын алды. Сағадат Қожахметұлы 18 жасында кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстандағы сарбаздарды дайындайтын оқу орнын үздік аяқтады. Кейін ел басына күн туғанда взвод командирі ретінде майдан шебінен табылды. 1ші Белорус, Солтүстік Кавказ, Украина, Польша, Германия жерінде өткен шайқастарда ержүректігімен көзге түсті. Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында Сағадат Нұрмағамбетовке «Кеңес одағының батыры» атағы беріледі.
РАХЫМ ҚЫРҒАБАҚОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «40 жаңадан келген баламыз ғой. 60 асқан ағамыз біздің алдымыздан жүргенде артынан жүгіріп жүргендей болатынбыз. Біздің территорияны келіп көріп, біздің осы совет үкіметінен қалған часты көріп аралап жүр ғой. Сонда көрдіңіз бе? Жаңағы кісінің әскери тәртібі біз айтамыз ғой жинақты»
Отан үшін от кешкен жауынгердің жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады. Ұлы тұлғаны ұлықтаған тағлымды кештің мақсаты да осы. Батырдың ерлік пен отан алдындағы жауапкершілігін, ар-намыс пен адамгершілігін өскелең ұрпаққа насихаттау. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, елдің қорғаныс саласын нығайтуға бар күшін салған азамат 1992 жылы бірінші қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Кейін армия генералы атағымен отставкаға шығып, мемлекет басшысының кеңесшiсi болды.
РҮСТЕМ РАХИМБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Талдықорған қаласының орталық кітапханасында Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алу кешін ұйымдастырудамыз. Бүгінгі кешке жас сарбаз клуб мүшелері, сонымен қатар, қарулы күштер ардагерлері және қорғаныс істер департаментінің қатысуында атамызды еске алу кешін өткіземіз».
1994 жылдың 23 мамырында тұңғыш президенттің жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен №1 «Алтын Жұлдыз» табыс етiлдi. 1945 жылы батыр Қызыл ту орденімен марапатталады. 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Оның артында әйелі мен 2 баласы және 4 немересі қалды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 403 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SUP8W6kEl5s?si=wbIDFS61vCsPdMnJ"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еңбек адамдарына көңіл бөліп, «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман сыйлы болуы тиіс. Ондай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек»,-деген болатын. Бүгінгі таңда, зауыт, фабрикаларда, түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандардың рөлі маңызды. Олар бар күшін, ынта, жігерлерін жұмысқа жұмсап, отбасының қамы үшін аянбай тер төгіп жүр. Түптеп келгенде өз отбасының ғана емес, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген осы еңбек адамдары.
Руслан Райымбеков облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде еңбек етеді. Күнделікті жұмысы таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін. Бірақ, тәуліктік кезекшіліктерге түсіп, түнгі уақытта да жұмыс істеуге тырысады. Көпбалалы әке ұлдарымның болашағы үшін аянбаймын, мен үшін жұмыстың қиыны жоқ,-дейді. 13 жасынан еңбекке араласып, қара жұмысқа еті үйренген азамат «еңбектің наны тәтті» екенін айтады.
РУСЛАН РАЙЫМБЕКОВ, КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫСЫ: «Бәріміз бала-шағамыздың қамын ойлап, күні-түні жұмыс істеп жүрміз. Жұмыс ондай не емес аса ауыр емес, өзімізге ұнайтын жұмыс. Бұрыннан істеп келе жатырмын. Зауытқа кіргеніме 1 жыл болды. Бір жылда шүкір Аллаға, бәрі орнымен. Жұмсы та жүріп жатыр, айлығымызды да уақытылы беріп жатыр».
Бұл салада он жылдай тәжірибесі бар қызметкерлердің бірі Нұрсұлтан Ахметов. Негізгі мамандығы бағдарламашы екен. Бастапқыда диплом бойынша жұмыс істегенмен, уақыт өте зауыттағы жұмысқа қызығушылығы ояныпты. Оның басты себебі жалақы мөлшері. Бұрынғы жұмысымдағы айлық мардымсыз болғасын, осы салаға бет бұруға тура келді. Содан бері он жыл өтіпті. Жұмыс қолымнан келеді, жалақы көңілімнен шығады, бала-шағамның нәпақасы осы жерде,-дейді кейіпкер.
НҰРСҰЛТАН АХМЕТОВ, ҚАЛЫП ҚҰЮШЫ: «Үйлерге плита құямыз ғой. Соларды напряжениелерді сниматтаудан бастаймыз. Сымдарды кесіп, дайындап, бетін жапқышпен жауып, оларды таңертең жинап аламыз. Жинап алып, кезек кезек жинап алып, қайтадан сым тартып, плита құя береміз. Көптеген қиындықтар болады, соған қарамастан, өзіміздің жұмысымызды жақсы атқарамыз».
Зауытта ерлермен иық тіресе еңбектеніп жүрген нәзік жандылар да бар. Солардың бірі аға зертханашы Карина Жүсіпбекова. Ерлердің қолынан шыққан барлық материал бұрымды бойжеткеннің қатаң тескеруінен өтеді.
КАРИНА ЖҮСІПБЕКОВА, ЗЕРТХАНАШЫ: « Барлық өнімдердің сапасын тексереміз. Содан кейін ғана оларды тапсырушыларға жібереміз. Сондай-ақ, бетон қоспасын, оның қалай құйылатынын қадағалаймыз. Ол тым сұйық болмауы керек. Өйткені, нәтижесінде өнімнің қалай шығатыны осы бетонға байланысты. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес әр өнімнің ұзындығын, енін, биіктігін тексереміз».
Шыжығы мен қызығы мол зауыт жұмысын таңдаған әр маман өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысады. Өйткені, оларға жұмыста басшылық, үйінде отбасы сеніп отыр. Бала-шағаның қамы үшін күн, түн демей еңбек етіп, тер төгіп жүрген еңбек адамдарының қоғамдағы орны қашан да жоғары болуы тиіс.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 369 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HyiSK7wKeDs?si=pLQ6XWPsRvAsLMx5"
Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартқан. ІІМ “Қорғаста” сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенін бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған казинолар мен притондардың жолын кесті. Аталған әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: «Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mhmri7bIrfg?si=TBdFzJlx0cTle5gX"
31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Алматы қаласында жауын-шашынның арты қарға ұласады деп күтілуде.Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді. Түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болжанады.
Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру ұсынылады.Жолдардың жүріс бөлігінде мұз қабаты пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтап, апаттар қаупінің жоғарылауын ескере отырып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек. Көлік жүргізушілердің алды ауа райын ескеріп дайындықтарын бастап та кеткен.
АЛМАС ҚАНАТБАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Ауа райын көріп қар жауады деген. Астанада қар жауып жатыр. Енді Астана бізге алыс емес. Бүгін ертерек болса да шешім қабылдадым ауыстырам деп. Сақ болу керек,сондықтан ауыстырып жатырмын. Бір апталық ауа райына қарап отырамын. Сосын осындай шешім қабылдаймын. Былтыр 7 мың болды ма,биыл 8 мың. Енді инфиляция дегендей».
Ауыстыру бағасы сәл қымбаттағанын естіп қыстық дөңгелек бағасын білуге базарға ат басын бұрдық. Қалтаңыз көтерсе түр-түрін таңдап алуға болады.
ЖАРҚЫН АЙТБАЕВ САТУШЫ: «Былтырғыға қарағанда биыл арзанырақ. Былтыр енді карантин болды, Россияда жағдай болды дегендей баға қымбат болған. Қорғас ашылды. Фирмаларда көп кіргеннен кейін баға тиімді болып жатыр. Енді көбісі айтады дөңгелек қымбаттап жатыр деп. Қар жауған кезде ол көтеріледі әрине. Кәзір енді қар жоқ елдің қалтасы көтеретіндей бағада ұстаймыз».
Егер де уақытымен қысқы дөңгелекке ауыстырылмаса,ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл қарастырылған.
ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ҚР заңының талабына сәйкес жүргізушілер желтоқсан айының 1 ші жұлдызынан ақпан айының аяғына дейін қысқы мерзімде қысқы дөңгелек пайдалану керек. Егерде бұл жағдай орындалмаған кезде әкімшілік кодекстің 590 бабы 5 ші тармағына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады».
Коммуналдық даму басқармасы көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. 76 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YfKVHmIMax0?si=xMnCGr44K85ZSmOY"
Израиль жексенбі күні Газа секторына артиллериялық оқ жаудырды. Ел армиясы ХАМАС бақылауындағы аумақта құрлықтағы операцияларын кеңейтуде. Олар ХАМАС нысандарына тағы да жүздеген соққы берді.
Бұған дейін Беньямин Нетаньяху мұны соғыстың екінші кезеңі деп атаған. Осы кезде Джениндегі палестиналық босқындарға арналған лагерьде атыс болды. Онда Израиль әскері лаңкестікке күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді. Салдарынан кем дегенде екі палестиналық қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланды. Дженин Батыс жағалауда орналасқан. Бұл палестиналық ФАТХ қозғалысының әскерилендірілген қанаты Әл-Ақса шейіттері бригадасының заставасы болып саналады. Ал Израильдің Ашдод қаласында Газа секторынан зымыран соққысы кезінде сиренаның әсерінен жүрек талмасынан қайтыс болған тоғыз жасар қыз жерленді.
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ: «Ол өзі өлмеді, оны өлтірді. Сиренаның дауысынан жүрегі жарылып өлді қызым».
Израиль ХАМАС-қа қарсы әскери операциясының екінші кезеңін бастаған тұста бүкіл әлемде палестиналықтарды жақтайтын наразылықтар өтіп жатыр. Испанияда, Ұлыбританияда, Ливанда және Пәкістанда шерулер өтті. Газа секторының өзінде гуманитарлық дағдарыс басталды. Екі миллионнан астам адам тұратын анклавта бір жарым миллион адам үйлерін тастап, уақытша лагерлерде қалды. Сонымен бірге оларға дәрі-дәрмек, азық-түлік, су, отын жетіспейді.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Құдай бізге рақым етіп, бұл соғыс тоқтайды деп үміттенемін. Мен тыныштық табу үшін үйінді астында өлгім келеді. Біздің өміріміз азапқа толы».
Ал Дағыстандағы Махачкала әуежайы жергілікті тұрғындардың тәртіпсіздігінен кейін жабылды. Олар Тель-Авивтен жеткен ұшақ қонғанда ішке кіріп антисемиттік ұрандар айтып, израильдіктерді басып алуға тырысқан.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 359 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fI8h1BEJ8Fs?si=AxBo6Uqvo3ZRvZE9"
Бұл теңіз жел электр станциясы Балтық теңізінің үстінде Даниядан он шақырым жерде орналасқан. 161 жел турбиналары еуропада өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 4%-ын құрайды. Бірақ теңіздегі турбиналарды да, кабельдерді де ешкім күзетпейді.
ТОМАС АЛЬМЕГААРД - "ЭРСТЕД" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Бұл ашық алаң. Жел генераторлары арасында желкенді қайықтар мен басқа кемелер жүзе алады. Біз бұл аумаққа ешкімнің кіргенін бақыламаймыз. Мұндағы су тайыз: 5-10 метр. Кез келген адам келе алады ».
Қазір Еуропа елдері жаңартылатын энергия көздеріне көбірек үміт артуда. Мысалы, Солтүстік теңізде 2030 жылға дейін жел электр станциялары салынады деп жоспарлануда, ол 100 миллион үйді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Алайда бұл нысандарды қорғау мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Әдетте, операциялық компаниялар гидрофондарды орнатады, сонымен қатар мезгіл сайын мамандарды тексеруге жіберіп отырады. Бірақ қауіпсіздік олардың жауапкершілігі емес.
ДЖОНАС ФРАНКЕН - ДАРМШТАД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІСІ: «Мұндай қондырғылар қазірдің өзінде көп, оларды байқау оңай емес. Инфрақұрылымның бір бөлігі су астында қалды. Теңіз түбіне төселген кабельдердің барлығын қорғау мүмкін емес».
Мұндай нысандарды қорғау үшін ұшқышсыз су астындағы көліктер, радарлар мен бақылау камералары қажет. Сондай-ақ суасты кабельдерінде сенсорларды орнатылады. Ірі жел электр станциясының жабдықтары 20 мен 60 миллион еуро аралығында болмақ. Ал Солтүстік теңізге жоспарланған алып жаңа электр станциясын қорғау бірнеше миллиард еуроға бағаланып отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 381 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/J0DEmDZzV4w?si=SNsxt7jhIgx9Fj_I"
Ақтаудағы 10-ға жуық шағын ауданда жылу жоқ. Ал жылыту маусымының басталғанына 10 күннен асып кеткен. 28-ші шағын аудан тұрғындары үй түгіл мектеп пен балабақшаға да әлі жылу берілмеген деп шағымдануда. 32-ші шағын аудандағылар болса, телеарнаға хабарласқан соң ғана жылуға қол жеткізген.
Күн суықта жылуға жарымай отырмыз деп шағымданғандардың бірі 28 шағын аудан тұрғыны - Гүлсім Молдабаева. Көпбалалы ана пәтерінде тоқ пеш қосып амалдауға мәжбүр. Осы мәселе бойынша жауаптыларға қанша рет хабарлассам да нәтиже жоқ - дейді ол.
ГҮЛСІМ МОЛДАБАЕВА ТҰРҒЫН: «Ана жақта қосылып тұрған пешіміз бар тек. Ыстық су вообще жоқ. Мұздай болып тұрады. Үйде балалар бар. Төрт балам бар. Бірінен соң бірі ауырып жатыр. Кімге хабарлассаң да жіберіп жатырмыз дейді, онымен жіберіп жатқан ештеңесі жоқ. Үйде осылай жүреміз. Мектепте салқын, балаларымызға қалың киім кигізіп осылай үйде отырамыз».
Пәтер иелері кооперативінің құрғақ уәдесінен шаршаған тұрғындар қала әкімінің атына арызданған. Қараша айының басталуына да санаулы күндер қалды. Ал ақтаулықтар бұл жағдайға кімді кінәләрін білмей дал.
ГҮЛДЕНАЙ СЕЛИКОВА ТҰРҒЫН: «ЖЭК-ке күнде барамын өз басым. Тел соғамын, жауап бермейді, қойып тастайды. Біздің кінәміз емес, МАЭКтің кінәсі деп. МАЭКке енді бүгін соғуға тура келді. Таңертең 8-де хабарластым. Олар бізден кінә жоқ деді. ТВСке хабарласыңыз деді. Олар да бізде кінә жоқ, насосты қосып отырмыз деді».
Ал 32 а шағын аудан тұрғындарының айтуынша, көпқабатты үйге қызмет көрсететін компания қызметкерлері айтылған арыз-шағымға жауап беруге құлықсыз көрінеді. Алайда тұрғындар талабын тыңдауға келген компания өкілі құбырлардағы ақау жөнделген бойда жылу қондырғылары қосылады деп сендірді.
НҰРБОЛ АЛМАМЕДОВ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МЕКЕМЕНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: «16 октябрьде берілді. Одан кейін циркуляция болмады жөнді. Мыналардікі жасап жатыр деді қала бойныша. Соны күттік. Енді қазіргі кезде мына жерде порыв болды. Кеше байқадым. Порывты устранить етіп, ертеңге пландастырып қойдым. Таңертең устранить еткеннен кейін жылуды қосамыз. Насос бәрі қосылады».
Коммуналдық мекеме қызметкерлерінің сөзінше, шаһардағы жылыту маусымына дайындық кезінде 100-ден астам апат болған. Кейбір жерлерде әлі де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартуды қажет етеді.
ИСЛАМ ҮСЕНОВ «КАСПИЙ ЖЫЛУ, СУ АРНАСЫ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Әр түрлі оның причинасы болады. Біреулерге навадка керек, кейбір қызмет көрсетуші мекемелер бізде перепад жоқ, температура жоқ деп. Ол уақытта біз барып, совместно ЖЭКпен тексереміз. Бірақ қала бойынша жылу берілді. Осындай реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде көргендей подваллға жылу келіп тұр, бірақ қызмет көрсетуші мекеме айтып тұр, мен навадка жасап жатырмын, ертең үшінші күнге дейін мен бітіремін деп. Біржағынан стояктарында порыв бар. Порыв шығуына байланысты подъезде жылу жоқ».
Ақтаулықтарды жылумен қамтамасыз ету үшін былтыр қуаты 5 мегаваттық блокты молдульдік 5 қазандық орнатылған еді. Олар енді іске қосылады. Жыл соңына дейін халыққа жылу жеткізу мақсатында тағы 10 мегаваттық 5 қазандық қойылмақ.
Тағы басқа мақалалар...
155 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.