
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 576 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/swPg11h5UhE?si=kusOOyEYtiMZO0tr"
Талдықорғанда қарашадан бері мектепке бармай, із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ. Полиция осыған байланысты күдікті ретінде қыздың туған анасы мен оның өгей әкесін ұсталып, қамауға алды.Ведомство қандай баппен іс қозғалғанын, күдіктілер қызды өлтірді ме, әлде басқа қылмыс жасады ма — ол жағын нақтылаған жоқ. Айта кетейік, мұның алдында қыздың өгей әкесі видео түсіріп, полиция әйелін ұстап әкетіп, ұрып-соққанын, рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданғанын айтқан еді. Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады.
РУСЛАН ЧАРАПИЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген. Іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында».
Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа келмеген 14 жасар оқушы туралы шағым түскен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 623 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mgFt9IfGB5k?si=Ul_XttSdXhyC7FR5"
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 11 қаңтар күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және сенаторлардың өңірлерге сапарын қорытындылады.Мәулен Әшімбаев ауылдар мен аудандардың тұрғындары көтерген мәселелер Палатаның алдағы жұмысында баса назарға алынуы керектігін айтты.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірлерге барып, жұртшылықпен кездесулер өткіздік. Соның барысында халықты алаңдатып отырған өзекті проблемаларға назар аударып, тұрғындармен бірге талқыладық. Енді сенаторлардан маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар күтеміз. Сондай-ақ аталған түйткілдер Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізу кезінде де ескерілуге тиіс. Азаматтар көтерген проблемалар сенаторлардың ұдайы назарында болады. Біз оларды оң шешу бағытында нақты жұмыс жүргізуіміз керек».
Мәулен Әшімбаев отырыс барысында Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында белгіленген маңызды міндеттерге де тоқталып өтті. Палата Спикері ел Президентінің тікелей тапсырмасымен Бюджет және Салық кодекстерінің жобалары әзірленіп жатқанын айтып, сенаторларды аталған заңдардың Сенатқа келуін күтпестен, тиісті жұмысты бастай беруге шақырды. Сондай-ақ ол ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін барша қазақстандықтың жұдырықтай жұмылып әрекет етуі аса маңызды екенін тілге тиек етті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 588 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QRjHtCUzfE0?si=MDOHY-y2dhJGFDmF"
Елімізде адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров айтты.
РЕНАТ ЗҰЛХАЙЫРОВ ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Құқық бұзушының мінез-құлқына, өз-өзін ұстауына талаптар қойылып, қажет жағдайда әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу қарастырылып жатыр. Сондай-ақ күш көрсетушінің психокоррекциялық курстардан өтуі қарастырылған. Жоғарыда аталған талаптар қылмыстық кодекс шеңберінде белгіленеді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 596 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dpjAjIRXoFk?si=HkGFi0RzBuU-1Afz"
Оралда жарылыс болған дәмхана ғимаратын жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Дәмханадағы жарылыстың себебіне қатысты ақпарат беру мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөліми, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметі, БҚО ТЖД басшыларыны ң қатысуймен баспасөз брифингі өтті. Кездесуде тілшілердің бирқатар сауалдары демхана иесине қатысты болды.
Жиынның басты мақсаты-жарылыс орнында болған оқиғаның себебі жөнінде ақпарат беру. Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 02:07 шамасында «Ел ырысы» базары маңында орналасхан «RIZYQ» демханасындағы жойқын жарылыс пен 25 метрді шарпығын өрт салдарынан 3 адам қа за тауып, 6 адам жарақат алған болатын. Салдарынан көршілес тұрғын үйге де залал келген еді.
Нысандар арасындағы қашықтық үш метр екен. Бірінші дәмхана ашылып, артынша нысанға тым тайу жерден тұрғын үй бой көтерген.
МҰРАТБЕК ТӘШЕНБАЕВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМИНІҢ БАСШЫСЫ
Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, тілсіз жау газовые баллоның жарылуынан туындаған. Бүгінде зертханалық зерттеулер жүргізілуде, тергеушилер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың алдымен оң жақ қабырғасы, сосын төбеси, кейин екінші қбаты түгел опырылып ортасына түскен. Тергеу нәтижесі туралы кейинірек хабарлаймыз», - деді мамандар.
Оқиға орнында қаза тапқандар мен ауруханаға жеткізілгендерге қатысты мәліметтер айқындалды. Жарылыс салдарынан көз жұмғандар: Маргарита Мұхамбетжанова- 19 жастағы студентка, дәмханада даяшы болып жасаған. Ерхан Тоқпаев- 20 жастағы студент, снабженец дәмханаға тамақтануға келген. Үшінші қаза тапқан адам - Руслан Қаржаубаев, 32 года. Көлик жөндеумен айналысып, кейин дәмханаға тамақтануға тоқтаған. Ониң артында әйелі мен ұл-қызы қалды. Русланмен бірге келген досы Бегайдар Аткешев жарылыс орнынан құтқарылып, бүгинде ауруханада жатыр. Бұдан бөлек тағы 4 адам жансақтау бөлиминде. Олардың екеуі -Айгерим Қасымқызы мен Алязи Сагиденова. Олардың еміне халықтың көмегімен қажетті қаражат жиналып, Самара қаласы дерігерлерінің қолына тапсырылды. Ал екеуи Өзбекстан азаматтары. Бірі-аспаз, бірі-кәуап писіруши болып қызмет атқарған. Осы дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктіге «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсиздігі ережелерін бұзды» деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторында отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 600 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/G3PnSGtO2vw?si=ibMGLga2BghhY_fz"
Мексикада шамамен 4000 адамнан тұратын үлкен керуен бөлінді. Көшіп-қонушылар АҚШ-тың оңтүстік шекарасына қарай үлкен топпен жаяу жүріп, ол жаққа көшіп, жаңа өмірді бастауға үміттенді.
Босқындарға транзитке арнайы рұқсатсыз көлікпен баруға болмайды. Бірақ Мексика үкіметі оларға осындай анықтама беруге уәде берді. Содан кейін олар адамдардың құжаттарын өңдеу үшін бірнеше көші-қон орталықтарына бөлінуі керек екенін айтқан. Кейбір мигранттар мұны биліктің қулығы деп санайды.
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Бұл босқындар керуенін жоюдың жолы деп ойлаймын, себебі ол өте үлкен болды. Олар оны бөлді. Мысалы, ер адамды отбасынан бөліп алып, жалғыз алып келді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларды бір жерге апаратындарын айтты, бірақ ол өтірік сияқты".
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Біздің ойымызша олар көшіп-қонушылар тобын бөліп тастамақшы. Бәлкім, бұны керуенді тарқату үшін жасаған болар. Ешкім бізге нақты түсіндірмейді".
32 босқын босатылған соң керуен таратылды. Оларды Тамаулипас штатындағы автобустан белгісіз содырлар ұрлап кеткен. Арасында негізінен Латын Америкасынан келген мигранттар болды. Автобус Техас штатына бара жатқан. Баспана сұраушылар мен құқық қорғаушылар бірнеше айдан бері түрлі қылмыстық топтар ықпал ету салалары үшін күресіп жатқан Тамаулипас маңындағы адамдарды ұрлау дағдарысы күшейіп бара жатқандығын ескертіп келеді. Ал Нью-Йорк 17 автобус компаниясын штаттың заңын бұзған деп айыптап, сотқа шағым түсірді. Бұл тасымалдаушылар штатқа Техастан 33 мыңнан астам мигрантты жеткізген. Бұл науқанды шекарадан заңсыз өтетін адамдарды өз аумағынан шығарып жіберу үшін республикалық штат губернаторы ұйымдастырды. Ол Байден әкімшілігін көші-қон заңдарын әлсіреткені үшін айыптайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 628 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/u0ML6F2bwFs?si=KClkupV4zPxYTNzG"
4 қаңтарда Мәскеуде 27 градус аяз тіркелді. Бұл соңғы 74 жылдағы ең төменгі температура. Синоптиктердің мәліметінше, қазір Ресейдің астанасында әдеттегіден 13-15 градус суық.
АННА – МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: "Мұндай аязды көптен бері көрмеген шығармыз. Ештеңе жоқ. Біз қыста да, мамырда да жауын-шашынға үйреніп кеттік. Сондықтан бәрі жақсы ".
Мәскеуліктерді суық қорқытпайды, бірақ кейбір туристер үшін мұндай ауа райы күтпеген жағдай болды.
АННА – МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: "Суық болсада, күннің көзі жылытады. Жандүнием қуанады. Өте жақсы ".
АЛЕКСЕЙ МАГНИТОГОРСКІДЕН КЕЛГЕН ТУРИСТ: "Біз ауа райы жылы болады деп ойладық. Солай болса екен. Сәл ұзағырақ серуендеуге болады. Аяз атаға рахмет. Ол бізге жақсы қысқы ауа райын сыйлады".
Аязға байланысты Мәскеуде мұз инесі деп аталатын сирек кездесетін атмосфералық құбылыс тіркелді. Бұл мұз кристалдары түріндегі қатты жауын-шашын. Олар күн сәулесінде немесе ай жарығында әдемі жарқырайды. Синоптиктердің болжамынша, қатты суық Мәскеуде Рождествоға дейін сақталады. Содан кейін минус 6-10 градусқа дейін жылынады. Скандинавияға да қатты аяз келді. Швецияның солтүстігінде, Полярлық шеңберден шамамен 150 шақырым оңтүстікте орналасқан Лулео қаласында температура минус 38 градусқа дейін төмендеді. Жергілікті тұрғындарға үйлерде электр жарығы өшірілетіні хабарланды.
ЛУЛЕО ТҰРҒЫНЫ: "Мен қаншалықты суық екенін көруге жоғарыға көтерілдім, минус 38 градус болып шықты. Сондықтан бізге тек пешті жағу ғана қалды ".
Күнгследен туристік тау соқпағы өтетін арктикалық Квиккьокк ауылында 44 градус аяз тіркелді. Бұл Швециядағы соңғы 25 жылдағы ең төменгі қаңтар температурасы. Ал елдің оңтүстігінде ауа райының апаты басқа. E22 Автожолында жолды қар басып қалды. Салдарынан ондаған жүк көлігі тұрып қалған. Жүргізушілерді әскерилер эвакуациялады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 626 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/j2Sa4zR9Veo?si=dd-JoDs_cfiGnc5V"
Маңғыстаудағы Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылу себебін анықтау мақсатында Алматы қаласынан орнитологтар Ақтауға баратын болды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды. Өңірдегі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 601 сыбырлақ аққудың өлімі фактісін растаған.
Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуы өткен жылдың 21-ші желтоқсан күні белгілі болған еді. Бастапқыда 30 аққудың өлексесін тапқан мамандар соңғы тәулікте өлген құстың саны 600-ден асқанын мәлімдеді. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов өлікселерге қатысты санақ күнде жаңартылып тұратынын айтты. Жалпы Қаракөлге 5 мыңнан астам сыбырлақ аққу қыстауға келіпті.
ТЕМІРБЕК НҰРТАЗИН ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ұлттық референттік орталықтың зерттеуі бойынша, олардың қорытындысы бойынша, протокол бойынша, құс тұмауы анықталып отыр. Біздер кеше тағы 5 өлекседен под материал алып, ұлттық референд орталығына бүгін таңертең жеткізгенбіз».
Бастапқы талдаулар нәтижесі аққулардың құс тұмауын жұқтыру себебінен өлуі мүмкін екенін көрсеткен. Олардан H5N1 азиялық штаммы анықталған. Бұл вирустың адамдарға жұқпалылығы төмен, құстарға әсер етеді, басқа жануарлар жұқтырған жағдайда симптомсыз өтеді екен. Енді құстардың жаппай қырылуының себебін анықтау үшін Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциясының орнитологтары зерттеу жүргізеді. Қазір көпшілік бұл жағдайға алаңдаулы, әсіресе ақтаулықтар. Табиғат жанашырлары қолдан жемдеу әдісін пайдаланып көрейік деген ұсыныстарын да білдірді. Алайда мамандар, жасанды жемдеу кері әсер ету мүмкін екендігін айтады.
ЖАСҚАЙРАТ НҰРМҰХАМБЕТОВ ҮСТІРТ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Қаракөл көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда құстарды жемдеуге және тұрғындарға арнайы киімсіз қазіргі құс тұмауы кезінде өте қауіпті. Осы тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Құстарды жемдеуге, қаражат жинаймыз дегендерге алғысымызды білдіреміз. Бірақ ондай шараларды көлде жасауға болмайды. Арнайы мамандар келеді, сол мамандардың қорытындысы бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады».
Нұрлан Ноғаев құстардың жаппай қырылуына қатысты орын алған жағдай, оның таралу себептеріне байланысты көптеген сұрақтар туындатып отырғанын, бұл жағдай егжей-тегжейлі тергеуді талап ететінін атап өтті.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл өте алаңдататын мәселе. Сондықтан құрметті әріптестер, өзінің құзыретінің аясында қажетті шараларды қабылдау керек. СЭС, ветеринария, экология, ауылшаруашылығы, орман жануарлар дүниесін қорғау, мемлекеттік органдар, қажетті зерттеу, ғылыми институттары, солардың мүмкіншіліктерін қосуымыз керек. Талқыланған мәселелер бойынша әр мемлекеттік орган өзінің құзыретінің аясында қажет шараларды қабылдау керек».
Айта кетейік, Қаракөл көлі Қазақстанның қорғалатын орнитологиялық орындарының қатарына жатады. Бұл мекен жыл құстары үшін қолайлы аумақ. Бір жыл ішінде құстардың 80-нен астам түрі келеді. Бұл сулы-батпақты көлде жылдың әр мезгілінде суда жүзетін және су маңындағы құстардың 175 түрі, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың 21 түрі мекендейді екен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 602 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1IO8IIfnZRo?si=TcGk022KBGVO_0JP"
СҚО Мәмлүт ауданының Бексейіт ауылында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып,нәтижесінде екі адамды күйік шалған. Төтенше жағдай туралы хабарлама 5 қаңтар күні сағат 19:43-те Мәмлүт ауданының нөмірі 15 өрт сөндіру бөліміне келіп түскен.
Жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 2 шаршы метр алаңды шарпыған. Термиялық күйікпен 1940 жылы туған әйел мен 2002 жылғы немересі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы жақсы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 538 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vYIPB54irFM?si=GJRTlxRyqpI9BbR5"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 640 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HJrrh0j385M?si=cnIlmnkN7PS9y0na"
Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшіна балабақша табалдырығынан басталатын ұлттық нақыштағы ойындардың мәні зор. Балалардың сөйлеу құзыреті жоғарғы деңгейде қалыптасуы ұсақ маторика тәсілдерімен құрылымына байланысты. Осы орайда ойын арқылы таным процессом дамыту атты тақырыппен Алматы қаласы Б остандық ауданына қарасты номера 155-ші бөбекжай-балабақшасында семинар болып өтті.
Психолог мамандар мен тәрешбиилер арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарға өзге де балабақша мамандары қатысып өз ойларымен бөлісті. Бөбекжай балалары өз қолдарымен қазақ үй құрастырып, басқа да танымдық ойындарға белсене араласты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 729 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4Pu2PgEcIkE?si=m6b-ljU52FQQvWTO"
Жылдың басында түскен мол жауынның зардабын оралдық тұрғындар тартты. Сарытау шағын ауданына қарасты Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жеке үйлердің ауласын су басқан. Қыстың көзі қырауда әбігерге түскен қараша, биліктен көмек сұрайды.
Орал қаласының Зашаған кентіне қарасты Сарытау шағынауданы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары аулаларын су басу мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жаңбыр жауып, қар еріген мезетте еріген су көше бойын жайлап, зардабын жеке тұрғын үйлердің иелері тартады. «Су басу мәселесі жер бедеріне, айналма арық жүйесіндегі ақауға байланысты»,- дейді тұрғындар. Айналаға құм төсеп, бөгет қойылғанымен, нәтиже жоқ.
АЛМАГҮЛ ҒАБДУӘЛИЕВА ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
ӘБІЛҚАЙЫР ИБРАЙЫМОВ ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар аулаларына кірген суды өз қаражатына техника жалдап сорғызып, жағдайды жақсартуға әрекет жасауда. Бұл мәселеге қатысты Зашаған кентінің әкімдігіне 2 қаңтар күні 20-ға жуық азаматтан арыз түскен. Оның негізінде сала мамандары екі ауысымда жұмыстар жүргізіпті. Ауа райы құбылса зашағандықтарды әбігерге салатын «айналма арық жүйесі қызметінің бұзылуына тұрғындардың да ықпалы бар»,- дейді әкімдік өкілі.
АСЫЛЖАН ХАЙРУЛЛИН ЗАШАҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осылайша, арық жүйесі мәселесінен хабардар әкімдік өкілдері жағдай бақылауда екенін жеткізді. Алда арықтың жұмысын бір жүйеге келтіру шаралары қабылданатын болады. Кент тұрғындары интернет желісінің де тым нашар екендігін айтады. Көше жолының сапасы да сын көтермейді. Әкімдік мамандарының айтуынша, жеке инвестор есебінен интернет желісін жақсарту жоспарланған. 2024-2025 жылдары Сарытау шағынауданының жолын жөндеу жоспарына сәйкес Сұлтан Бейбарыс көшесінің қалған бөлігі жаңғыртудан өтеді, - дейді аймақ билігі.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 600 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DNbzMF3mWpU?si=FsDbyjMiUUmoYAnE"
2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, немесе 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, бұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді. Банктерден ақпараттың келуі кезең - кезеңімен жүзеге аспақ. Естеріңізге сала кетейік тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ЕРКІН ЕЛШІБЕКОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тағы басқа мақалалар...
- Маңғыстаудағы "Бекі-Басқұдық" су құбырының жыры әлі күнге дейін жалғасып келеді
- Орталық музейде Қазақ-Қырғыз халықаралық қолөнершілерінің симпозиумы өтті
- Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы жаңа медициналық аппаратпен толықты
- Францияның солтүстігіндегі Пас-де-Кале департаментінде су тасқыны күшейіп барады
156 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.