
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 625 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CRjq_TYFYNA?si=ucTFyrQV5otwlN0O"
Израиль ХАМАС-қа қарсы бағытталған жаңа жоспарына көшу үшін Газа секторынан өз күштерінің бір бөлігін шығарып жатыр. Бұл туралы Израиль армиясының ресми өкілі хабарлады.
Енді анклавта тазарту деп аталатын жұмыстар жүргізілмек. Бұл Израильдің бірнеше айға созылатын жоспарының жаңа кезеңі. Ресми өкілдің айтуынша, Газа секторынан шығарылған әскерлердің бір бөлігі Ливанмен солтүстік шекараға көшіруге дайындалады. Қысқарту азаматтық өмірге қайта оралуға мүмкіндік беріп, соғыстан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіруге көмектеседі.
Осы уақытта АҚШ Әскери-теңіз күштері дүйсенбіде Джералд Р. Форд әуе кемесінің Вирджиниядағы портына оралатынын хабарлады. Газа секторында соғыс қимылдары басталғаннан кейін ол Шығыс Жерорта теңізіне ауыстырылды.
Газадағы соғыс анклавтың көп бөлігін қиранды етіп, екі миллион тұрғынға гуманитарлық апат әкелді.
Палестина денсаулық сақтау билігі 22 мыңға жуық адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Анклавқа қарсы әскери шабуыл 7 қазанда 1200 адам қаза тауып, 240 адам кепілге алынған Хамас тобының Израильге тосын шабуылынан кейін басталды.
Израиль Қорғаныс министрі дүйсенбі күні Газа секторының солтүстігіндегі кейбір израильдік қауымдастықтардың эвакуацияланған тұрғындары жақын арада үйлеріне орала алатынын айтты. Алайда жақында Израиль Хамастың қалған тұтқындарды босату туралы ұсынысын қабылдамағаны хабарланған. Содырлар толық бітіммен аяқталуы тиіс атысты тоқтатуға айырбас ретінде үш кезең бойынша 40-қа жуық кепілді босатуды ұсынды. Израиль бұл келісімге келіскенін айтты, бірақ басқа шарттармен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 654 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/C_NCBLzWeGg?si=uhiSwDMoeXfJCeax"
Астана-Петропавл тас жолында ірі жол апаты болды. 15 көлік бір біріне соғылды. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аброй болғанда қаза тапқандар жоқ, үш адам, оның ішінде бір бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.Сонымен бірге, Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі Астана қаласының 69 жастағы тұрғыны мен Suzuki Vitara автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ақмола облысында 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында 19 жол-көлік оқиғасы орын алған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 635 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fnx-9-m9uu4?si=geKbEDCfI-Xfx4QS"
Алматыда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық баққа кіру билеті қымбаттады. Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін, әрбір келушіге төлеуі тиіс салық өскен.
Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер – 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары –527,20 теңге, студенттер – 709,20 теңге төлейтін болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 592 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gsF5HTvFPhU?si=MXpzld11WhTLUpBt"
Алдағы үш күнде аяз күшейеді. Ауа-температурасы -25 градусқа дейін төмендейді. Республиканың басым бөлігінде қар жауады. Қардың соңы боранға ұласады деп болжайды Қазгидромет.
БАҚЫТЖАН ҚАНАТҰЛЫ «КАЗГИДРОМЕТ» РММ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК «Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады: жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 567 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IHUk1v5mvq4?si=ty9bB1X8lAQuKpTt"
Маңғыстаудағы Қаракөлден 220 дан астам сыбырлақ аққу құсының өлексесі табылды. Мамандар соңғы екі күнде тексеру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құстардың өліксесін жинады. «Микробиология және вирусология» ғылыми өндірістік орталығы зертханасы, сынамаларды тексеруден соң аққулар құс тұмауына шалдыққан деген қорытынды берген. Табылған өлікселер ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен жойылды. Қазір «Үстірт» қорығының «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары көл аумағында күнделікті қорғау, бақылау жұмыстарын жүргізуде.
МАҒЖАН ҒАЛЫМОВ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Қазіргі таңда 227 -нің 135 өліксесі жойылған болатын. Қалған өлікселер бойынша 1,2 күн жұмыстар жалғасып, жоюға жіберілетін болады. Жалпы бейресми ақпаратқа сәйкес 5 мыңға жуық аққу Қаракөлде жүр. Қазіргі таңда басқа құстарды да зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Былай басқа құстардың өлімі анықталған жоқ, ресми ақпаратқа сәйкес.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 622 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YC6a6bz-3YI?si=43-cakcyCBEXl7N8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 627 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z_4x8bkE7ik?si=W9QhcP8PDEdg33Qr"
2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрі 2023-2025 жылға арналған қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жол картасын бекітті. Ондағы негізгі мәселенің бірі - сотталғандарды жұмыспен қамту.
№48 түзету мекемесінде 10 кәсіпорын сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Оның үшеуі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болса, жетеуі жеке кәсіпкерлік. Солардың бірі ағаш өңдеумен айналысатын «Құрманкин» жеке кәсіпкерлігі.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН «ҚҰРМАНКИН» ЖК ЖЕТЕКШІСІ «Қаладан аштым алдымен цехты. Ол жерде басты мәселе жұмыс күші болды. Жұмысшы тапшы болған соң, осы мәселені шешу жолын қарастырдық. Алдымен әлеуметтік қамту басқармасына жүгіндім. Одан шешім шықпаған соң, қылмыстық атқару департаментіне жүгініп, олар маған цехты өндіріс орнын осы жерден ашуға ұсыныс жасады».
Кәсіпкер ұсынысты бірден қабыл алып, шілде айында жұмысқа кіріскен. Бастапқыда цехте тек 3 адам жұмыс істеген екен. Қазір 15 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН «ҚҰРМАНКИН» ЖК ЖЕТЕКШІСІ «Қазір біз тек ағашты өңдеп қана қоймай, поддон жасауды қолға алдық. Өнімді ел арасында өткізіп жатырмыз. Осыған дейін Астана, Алматы, Шымкент, Атырау қалаларына жібердік. Облыс ішіндегі кәсіпорындарды да поддлонмен қамтып жатырмыз».
Қазір сотталушылар кәсіпорында күніне 8 сағат еңбек етеді. Болашақта цех тағы кеңейтілмек, оған түзету мекемесінен арнайы орын да дайындалып жатыр. Мамандардың айтуынша сотталушылар бұдан бөлек ат әбзелдерін, ағаш және былғары бұйымдарды, металл конструкцияларын, монша бұйымдарын, жұмсақ ойыншықтарды, тротуар плиталарын дайындаумен, сондай-ақ, жұмсақ жиһаз жинау, ашытылған сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. Сотталдарғандарды жұмыспен қамту үшін ҚАЖД, облыс әкімдігі және шағын бизнес өкілдері жиі жиын өткізеді. Тіпті бірнеше жоба қолға алынған.
ВИТАЛИЙ АЛЕКСЕЕВ СҚО БОЙЫНША ҚАЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Облыстағы түзету мекелеріндегі 1160 адамның 634-і жұмысқа орналастырылды. Ал №48 мекемеде 186 адам жұмыспен қамтылған. Бұл сотталушылардың 44 пайызын құрайды».
Бүгінде облыста қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 5 түзеу мекемесі жұміс істейді. Оның үшеуі Петропавл қаласында орналасқан. Қазір қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жол картасы аясында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Түзету мекемелерінде жұмыспен қамтудан бөлек, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, тұрмыстық жағдайды жақсарту қолға алынған.
АЛМАС ЖАЛМАҒАМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ «Сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында мекемелерде өндірісті кеңейту үшін модульдік құрылымдардың жобалары әзірленді. Қазір қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Кәсіпкерлермен кездесіп, оларға қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде бизнесті дамытудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары да жүргізілді».
Сондай-ақ, облыста сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін барлық мекемелерде электронды шағым түсіретін 25 терминал және 2500 бейнебақылау камерасы орнатылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 570 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_U-IKRSnhhg?si=aKIicARvq_tGOsUZ"
Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағанды ұстады. Осыны негізге алған Ішкі Істер Министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Ертеңнен бастап оқушылар мен студенттер қысқы демалысқа шығады. Демек, дәл осы уақытта ата-аналары балаларын қатаң қадағалауы тиіс дейді полицейлер.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ ҚР ІІМ ЕҚҚКД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта есірткі кез-келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағанды ұстады. Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, себебі баланың есірткі иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі ең маңызды. Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады. Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 613 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4NlGoDKiI6o?si=qiM9TEVb8cAi04KR"
Орал қаласының ет павильондарының бірінде бір адам жарақат алды. Жанжал барысында бір сатушы жанындағы екінші сатушының бетін пышақпен тіліп жіберген. Жарақат алған әйелдің жағдайы қазір жақсы. Бірақ, айыпталушы оқиғаны абайсызда болған жағдай деп, жазасын мойындамай отыр. Бұл іс бойынша сот процессі басталып кетті.
Бұл Зашаған кентіндегі Жәңгір хан көшесі, 18 мекенжайында орналасқан ет павильоны. Бұнда 57 жастағы әйел адам жанындағы өзі секілді ет сатушысымен сөзге келіп қалып, ашу үстінде шалт қимылмен бетін гідір пышақпен тіліп жіберген. Бірақ ол өзінің ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын мойындамай отыр. Ал жәбірленуші тарап айыпталушының пышақтарды оң қолына алып, қайрап тұрып, қарсы сөз қайырған Гүлсімнің бетіне қайта келмейтіндей ауыр жарақатты қасақана салғанын айтады.
ТЕЛЬМАН ИБРАШЕВ ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: «Зәмзәгүл ҚР ҚК 106 бабының 1 бөлімімен айыпталды. Бұл менің қорғауымдағы жәбірленуші Ихсановаға қасақана ауыр жарақат келтірген».
Видеодағы кадрлардан әйел адам жәбірленушінің бетіне пышақпен қандай жарақат қалдырғанын байқауға болады. Дәрігерлер алдағы уақытта пластикалық ота қажет екенін айтқан. Себебі жүзіне кетпестей үлкен тыртық түскені өз алдына, зардап шеккен адам енді бұрынғыша тамақтана да алмайды.
ГҮЛСІМ ҚАБАШҚЫЗЫ ЖӘБІРЛЕНУШІ: Мен қорыққанымнан кетіп қалдым. Мен даже жаңалық көргеннің өзінде жүрегім дүрсілдеп кетеді. Қазірде қорқып тұрмын. Таңертең келді де, есіктен кіріп келіп бір кафеге неге сен ет апарасың деп... Ол жерде ұрыс ештеңе болған жоқ. Мен айттым «маған звондады, мен сосын апардым» дедім. Маған балағат сөздер айтып кетті. Сосын мен «қойшы, өзім білемін» деп, етімді шығара беріп едім, қасыма келді де, екі өткір пышақпен бетімді сойып жіберді».
Жедел жүргізілген тексеріс нәтижесінде 57 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері қолға алынды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 675 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tdAeXacsSG0?si=GjwKupcqAVOeRH_u"
2024 жылы қандай ғарыштық маңызды оқиғалар күтілуде? Алдағы жылға арналған жоспарларға шолу жасасақ.
Dream Chaser ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанады. Бұл Шаттлдың мұрагері, бірақ төрт есе аз. Оның басты артықшылығы – арнайы салынған ғарыш айлағы мен ұшыру алаңдарына қонуы.
МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Dream Chaser орбитаға шығарылады, ол ХҒС-на жүк жеткізеді. Болашақта ол туристік рейстер жасайтын шығар».
Келесі жылы дебют жасайтын тағы бір ғарыш кемесі - New Glenn зымыран тасығышы. Ол Жер орбитасына құралдар мен кемелерді шығаруға арналған.
Американдық ұшақ шығаратын алпауыт Boeing де өзінің қайта пайдалануға болатын Starliner капсуласын басқаратын алғашқы сынақтарды өткізбекші. Ол ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына тасымалдауға арналған.
МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Көктемде, мүмкін сәуірде, Boeing оны NASA-ның екі астронавты, бортындағы сынақ ұшқыштарымен бірге жібереді, оларды ғарыш станциясына қысқа сапарға апарады, содан кейін оларды қайтарады деп үміттенемін».
Еуропалық ғарыш агенттігі Ariane 6 зымыран тасығышын Ariane 5-тің соңғы ұшуынан кейін шамамен бір жыл өткен соң маусым немесе шілде айларында ұшырады деп күтілуде. Сәтті болса, Еуропа Француз Гвианасындағы ғарыш айлағынан тағы да ғарыш есігін ашады. Бұдан былай SpaceX сияқты компанияларға тәуелді болмайды деген сөз.
Ал қазан айында NASA Юпитердің серігі Europaны зерттеуге арналған Europa Clipper ғарыш аппаратын ұшырмақ.
МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Еуропаны соншалықты қызықты ететін нәрсе - оның мұзды қабықшасының астында ғалымдар жер асты мұхиты бар екеніне сенімді».
Жыл Артемида II деп аталатын миссияда Айдың айналасында адамның ұшуымен аяқталады. Бірінші ұшу ұшқышсыз болды. Ол 2022 жылдың соңында өтті.
МАРСИА ДАНН ASSOCIATED PRESS ТІЛШІСІ:
«Үш американдық және бір канадалық төрт ғарышкер- бұл жолы Орион капсуласында Айды айналып ұшып, содан кейін оралады».
Одан кейін спутникке ұшу және оның бетіне қону жоспарлануда. Бұл 2025 жылы жүзеге асырылмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 602 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/462Occpn34M?si=P9oCKPPpv6vo6jMM"
Ақмола облыстық соты сот алқасының шешімімен «ГрадСтройСервис» серіктестігі лицензиясынан айырылды. Аталмыш серіктестік өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған. Олқылық облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша өңірде әлеуметтік сала нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысына тексеру жүргізу кезінде анықталды.
Тексеріс жұмыстарын жүргізген мамандар жөндеу кестелерінің айтарлықтай артта қалғанын әшкерелеген. Сонымен қатар, мемлекеттік стандарттар мен бекітілген жобадан ауытқулар анықталды. Нәтижесінде, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ГрадСтройСервис» серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, лицензиясынан айырды.
ЕЛДОС РАМАЗАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Бүгінгі таңда, тексеру нәтижелері бойынша 12 мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 мердігерге шартты бұзу, өсімпұл өндіріп алу және жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыздар берілді. Ақмола облыстық соты сот алқасының шешімімен «ГрадСтройСервис» серіктестігі лицензиясынан айырылды. Жұмыс уақытын және сапасын тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ерекше бақылауда болады».
«ГрадСтройСервис» серіктестігіне салынған айыппұл мөлшері 4 миллион теңгеден асады. Бұл ұйым облыс аумағында білім және денсаулық сақтау нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге 28 келісім-шарт жасаған. Барлық жұмыстың жалпы құны 12 миллиард теңгеден астам. Жұмыс сапасын тексеру барысында мамандар айтарлықтай заң бұзушылықтардың бетін ашқан.
АИНА УӘЛИЕВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Осы мердігер бойынша Біржан сал ауданы Степняк қаласының бірінші жалпы білім беретін мектебінде, Целиноград ауданы Нұресіл ауылының нөмірі 48-ші мектебінде, Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы білім беретін мектебінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тексеру жүргізу кезінде жұмыстарды орындау мерзімдері бойынга бұзушылықтар анықталды. Жұмыстарды жүргізу кестесінен 2 айдан астам артта қалу, орындаушылық құжаттаманы жүргізу бойынша бұзушылықтар, сондай-ақ, бекітілген жобалардан және қолданыстағы құрылыс нормативтерінен айтарлықтай ауытқулар болды».
Жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, кестеден кешіктірілген нысандардың арасында Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласындағы бірінші мектеп те бар.
ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Білім беру ұйымдары, қалалық, аудандық білім бөлімдері заңға сәйкес аталмыш мердігер мекемеге наразылықтарын білдірді. Бүгінгі таңда сотқа 12 иск беріліп, бесеуі бойынша шешім шығарылды. Серіктестіктен 5 миллион 374 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы алынды».
Жалпы, қыркүйек айынан бастап облыс әкімінің тапсырмасына сай әлеуметтік маңызы бар 12 нысанға тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 12 мердігер мен 1 техникалық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 3 мердігер жосықсыз өнім беруші деп танылған. Салынған айыппұлдардың сомасы 9 миллион теңгеден асады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 605 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Grij-3Fz1uw?si=uTCKUGCBhE5w1oQz"
Қызылорда қалаға қарасты Талсуат ауылдық округінде орналасқан облыстық білім басқармасына қарасты оңалту орталығында ерекше бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық мереке өтті. Мерекелік шарада балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Баладан артық жаңа жылды ешкім күтпес. Себебі, бұл мереке олар үшін тәттіге кенелетін үлкен той. Бүгінде бүлдіршіндер мерекелік шарада шыршаны айнала ән шырқап, көтеріңкі көңіл күйде мерекенің көркін кіргізді. Орталықтың қызметкерлері де бүлдіршіндер үшін мултьфильм кейіпкерлері болып сәнді киініп, түрлі ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндерді қуантты. Сонымен қатар, жаңа жылдың басты кейіпкерлері аяз ата мен ақшақарда ортада болып, балалардың асыға күткен тәттілерін үлестіріп берді.
ЖАННА ИБРАЙМОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
САРА ЖАНИБЕКОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Тағы басқа мақалалар...
159 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.