
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 200 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l2ICj5Aejk8?si=h0wB90DfTVx3BQyL"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 209 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zB1R1wDZA90?si=tVZ7Wrj-vJuidefv"
46 кеншінің өмірін жалмаған апат бойынша Қарағанды прокурорлары бүгін алдын-ала тыңдауды бастады. 2023 жылы 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылыс орын алған еді. Осы аталған іске қатысты қылмыстық іс төрт айдай тергелді. Енді сот отырысы басталады деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
ӘДІЛ САДЫҚОВ МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: «2023 жылғы 28 қазанда жер астындағы тазарту кен қазбаларында орын алған қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған болатын. Қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, оның қорытындысы бойынша шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам сот алдында жауап беруде. Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша айып тағылды. Айыпталушылар қамауда отыр. Бұл іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.Қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «№61 мекеме» ғимаратында өтеді».
Сондай-ақ бүгін «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындысы да шықты. Оны үкімет жанынан арнайы құрылған комиссия жариялады. Қорытындыға сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталған. Жауапты тұлғалар тобы да белгілі болды делінген комиссия таратқан ақпаратта. Айта кетсек, 17 ақпан күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлап, жеті қызметкер қаза тапқан болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 198 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-fJgdpbM3Ho?si=MGQV2BgyrzAcRxlv"
Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тілтанымдық мектептер: академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Шараға жиналғандар ғалымның өмір жолы мен ғылымға қосқан өлшеусіз үлесін сөз етті.
АНАР ФАЗЫЛЖАН А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бүгінгі іс-шара атақты ғалым Сарыбаевтар әулетінен шыққан жарық жұлдыз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академиг Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған конференция, халықаралық іс-шара. Биылғы жыл тілтанушылар үшін, жалпы қазақ ғылымы үшін атаулы жыл. Өйткені біздің академик Шора ағайымыздың 100 жылдық мерей тойы аталып жатыр.Сол себепті институтымыз бұл мерейтойды бір жылдың көлемінде атқарады.Шора ағайымыз көзінің тірісінде қазақ диалектілерін түгендеп, диалектологиялық қорын жасап, тұңғыш диалектологиялық іргелі сөздіктерді әсірлеп кеткен ғалым еді. Биылғы жылы Тіл білімі институты үлкен халықаралық конгресс өткізеді, ол конгресс те Шора шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдығына арналады».
Академик Шора Сарыбаевтың сан қырлы қасиетін бір сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ол музыканы, ән өнерін, спортты сүйді. Оның жинаған коллекциясы мазмұнымен, тағылымдық үлгісімен жан баурады. Ғылымға, әдебиетке, тарихқа, мәдениетке, спортқа қатысты дүниелер ғажайып әсерге бөлейді. Тіл ғылымында өшпестей із қалдырған академиктің әр шығармасы келер ұрпаққа өшпес мұра, өнеге болары сөзсіз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 221 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZAAjeZgRsho?si=jHfWxA1FsrDlix4G"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 186 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/trxdqBGgTho?si=OIq-haDjT6gxlOmo"
Биыл елімізде 19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ол үшін үкімет 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөледі. Оның ішінде «Отбасы Банкінің» «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламаларына деп 80 миллиард теңге қарастырылуда. Мақсат – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасу ету деді бүгін Үкіметте баяндама жасаған Өнеркәсіп және құрылыс министрі. Одан бөлек, бүгін министрлер кабинеті әбден тозығы жеткен вокзалдар мәселесін сөз етті. Өз кезегінде Премьер-Министр Олжас Бектеннов ондай ескі воказлдар беделімізге нұқсан келтіретінін айтып, тез арада жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: «Қазіргі таңда дейін 5 вокзал реконструкциялау жұмыстарынан өткен. Осы жылы туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары басталады. Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан қамтамасыз етілуі қажет».
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Вокзалдар бойынша өзіңізге тапсырма берген едім. Ол еліміздің имиджі мен беделіне әсер ететін нәрсе. Сондықтан оны биыл аяқтау қажет».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 234 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7NqXBq77Lhw?si=aoiFuKTEjtn1h_SL"
Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану – оқытудың тиімділігін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Әсіресе, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу білім алушылардың рухани-мәдени дамуына оң ықпал етеді.
Семинар барысында педагогтар мен білім саласының мамандары ғылыми пәндерге ұлттық мазмұнды кіріктіру жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, заманауи цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қазақ халқының дәстүрлі білімі мен тәжірибесін жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыру мәселесі көтерілді.
СӘБИРА ЗЕКЕНҚЫЗЫ ПЕДАГОГ- ЗЕРТТЕУШІ
Осындай инновациялық тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға да ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды ғылыммен ұштастыру – болашақ ұрпақтың жан-жақты дамыған, мәдениетін құрметтейтін, жаңашыл тұлға болып қалыптасуына негіз болады.
ГҮЛЖАНАТ БАЙБОЛОВА «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған әдістемелік құралдар әзірлеу, заманауи технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу ұсынылды.
САНДУҒАШ БИЖАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЖАҢА ҒАСЫР» №175 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, жастардың бойында елжандылық пен ұлттық мұраны құрметтеу қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 145 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jAySFVMF2NI?si=eqPv20wEt2vPr2XY"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 210 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KiB424iEc2I?si=mrfAPNm-Hfsg2GwF"
Жасанды интеллект чат джипитидің Қазақстанда қолдану аясы шектелуі мүмкін. Бүгін Парламентте Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтерді. Олар әсіресе, бұл жүйені мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп оқушылары үшін қолжетімсіз ету қажет деп отыр. Әйтпесе, мұның арты мемлекет келешегіне қауіп төндіреді деп алаңдайды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Депутаттар дабыл қағуда. Олар қазір жастардың жаппай ЖИ-ді қолдануы қауіпті құбылыс деп отыр. Егер мұны заңмен шектемесе болашақта жастар «өздері ойланудан» қалады. Өйткені, бүгіннің өзінде мектеп оқушылары үй тапсырмасын осы чаттың көмегімен орындайды. Егер ол олай жалғасса ертеңгі күні оқушыларымыз студент болады және олар еңбек нарығына араласады, сол кезде соның зардабын 20 жылдан кейін шығады. Бұл елімізге келе жатқан үлкен қауіптің бірі дейді мәжілісмендер.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Жасанды интеллектке байқап қараймын. Тіпті кейде қорқамын. Шынымен қорқамын. Себебі бұл - интеллектуалдық деградацияға апарудың бір жолы. Адам өзі ойланып жазбаса, композитор музыкасын шығармаса, қалай болып барамыз?! Әлем жасанды интеллекті қолданды деп, біз де соңынан ере береміз бе?! Бұл алма піс, аузыма түс деген жалқау шенеуніктерге жақсы болды. Ал енді Chat GPT-тің ар жағындағы бенефициары кім? Ол материалдарды жинап, ертең өзімізге қарсы пайдаланбайтынына кім кепіл?».
Ал, жауапты орган болса, бұл технологияның дамуы, оның пайдалы тұстары да көп деп отыр.
ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «ЖИ-дің жақсы жағы да бар. Жылдың аяғына дейін мемлекеттік органдармен бірге 50-ге жуық ЖИ шешімдерін ассистент ретінде әзірлейміз».
Ал, енді бір топ депутат болса, жасанды интеллект елімізде адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін деп алаңдайды.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Барлығымыз өміріміздің көп саласын жасанды интеллект арқылы реттеуге болатынын білеміз. Жалпы жасанды интеллектінің еңбек нарығы саласына қалай әсер ететінін түсініп отырмыз. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегі бойынша, ЖИ әлемде 90 млн жұмыс орнын алмастырмақ. Бұл мәлімет бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді. Әрине бұл еңбек нарығына әсер етеді».
Сондықтан, депутаттар бүгін заңның таныстырылымында көтерілген бұл өзекті мәселелер алдағы уақытта қабылданатын жаңа құжатта ескерілер деген үмітте.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 210 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xitu6rNzqLM?si=r1IsGhutRAW0U2Hy"
Алматы облысының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері ғимараттың Алматыдан Қонаевқа көшіріліп жатқанын айтып, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жасаған еді. Жасөспірімдердің айтуынша, қазірдің өзінде балалар үйінің аумағында ағаштар кесіле бастаған. Күні бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Облыс әкімі балалар үйі Алматы қаласында қалатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, облыста жаңа балалар үйінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат 240 орынға есептелген. Онда жайлы тұрғын бөлмелер, оқу сыныптары және демалыс аймақтары қарастырылған. Жақын маңда 900 орындық мектеп орналасқан, ал балаларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінеді. Кешеннің ашылуы жаз айларына жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың бір бөлігі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болған Нүсіпбаев атындағы интернатқа беріледі. Сондай-ақ, ғимараттың бір корпусы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КТБО) қажеттіліктеріне жұмсалады, бұл облыстың әртүрлі аймақтарынан келген балаларды басқа қалаларға ауыстырмай, бір жерде орналастыруға мүмкіндік береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 181 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dgtkj1aVUl0?si=xu-RhifCzRcwEEHF"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 188 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rSo7kg8uES0?si=_dHkWdKZjW_lU7A4"
Қоғамдағы аналардың мәртебесі мен отбасы институтының маңыздылығын айқындау мақсатында Алматы облысы Талғар ауданында аналар форумы ұйымдастырылды.Іс-шараға жергілікті әкімдік, прокуратура, білім бөлімі мен полиция басқармасының өкілдері, және қоғам белсенділері қатысты.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Ана мен бала құқығы мемлекеттің және қоғамның назарында. Өйткені соңғы уақыттары тұрмыстық зорлық-зомбылық жиілеп барады.Шараны ұйымдастырушылар айтулы мәселені алдын алу, аналардың беделін арттыру, отбасы құндылығын дәріптеуді дұрыс жолға қою кезек күттірмейтін жағдаят деп отыр.
САЛТАНАТ ЖАНБОЛАТОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ІІБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ,ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ
Қатысушылар отбасы құндылықтарын дәріптеу мен әйелдердің құқықтарын қорғау бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.Қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың өкілдері аналарды қолдауға арналған бағдарламаларды тиянақты түрде жүзеге асырудың маңыздылығын тілге тиек етті. Форум аясында ана мен баланың махаббатын насихаттайтын мейірімге толы сахналық қойылымдар көрсетілді.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Шара отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және аналарға жан-жақты қолдау көрсетуге ықпал ететін маңызды алаң болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 198 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MjIBFNsAO2w?si=dmpUwRgV_aJwWBUL"
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жасөспірімдер арасында дзюдодан турнир ұйымдастырылды. Шара, Ауған соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етуге арналды.
Интернационалист жауынгерлерді еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан өтіп отырған чемпионат дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.Шара ерлік пен батылдықты ұлықтауға бағытталған. Жарыс алаңына еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
МЕРЕЙ ҚУАТБЕКҰЛЫ БАС ТӨРЕШІ
Ұйымдастырушылар бұл турнирдің басты мақсаты – жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеу, ардагерлердің ерлігін ұмытпау және спорт арқылы жастардың бойына табандылық пен қайсарлық қасиеттерін сіңіру екенін атап өтті.Ауған соғысы ардагерлері жарысты тамашалап, жас спортшыларға қолдау көрсетті. Олар өз сөздерінде мұндай іс-шаралардың маңыздылығын айтып, жастарға батырлық пен достықтың құндылығын ұмытпау керектігін тілге тиек етті.
БАЙДӘУЛЕТ ДӘРКЕМБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ «ЖАУЫНГЕР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Чемпионат – тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ерлік пен отансүйгіштікке баулитын маңызды шаралардың бірі болып табылады. Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тағы басқа мақалалар...
19 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.