
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 604 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/tONJVAoF5VU?si=HHvTMZwoAKLM-Ia7"
Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. 40-тан аса жұмысшының өліміне әкелген бұл компанияның енді аты өзгеруі мүмкін. Себебі, қазіргі басшысы ауысса компанияның да атауын ауыстыру қажет екен. Бұл кен орнының ендігі аты жұмысшылармен ақылдаса отырып қойылады деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында. Бірақ, жұмысшылар да, жалақы да жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалмақ. Сонымен күллі елді қара жамылдырған бұл оқиғаға қатысты ендігі шешім қалай болады? Қаза тапқан кеншілер отбасына қандай көмек көрсетіледі? Толығарақ алдағы бейнематериалда.
Бір жылдың ішінде екі рет қазақ елі аза тұтты. Жазда Абай орманындағы алапат өртте қаншама шаңырақтың оты сөнді, енді міне жыл аяғында тағы қасірет. Апталдай азаматтардан айырылып, ту төмен түсті, аспан қара жамылды. Бейбіт күнде бірі әке, бірі ұл, бірі жарынан ажырады. Үкіметтің бүгінгі отырысы жұмысқа кетіп қайта оралмаған осы кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Қазір шахтадағы апаттан қаза тапқан 40 адамның жеке басы анықталған, қалған 6 кеншінің кім екенін тынып-білу мүмкін емес. Сондықтан, ДНҚ сараптамасы жүргізіледі. Алдағы 3-4 күнде барлық қаза болған жұмысшылардың толық тізімі жарияланады. Апаттан зардап шеккен 27 адам қазір ауруханада ем алып жатыр. Оның біреуінің жағдайы тым ауыр.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Өздеріңіз білетіндей, өрт болып, кеншілер қаза тапты. Қаншама адамның өмірін қиған апат қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Үкіметтің және өз атымнан қара жамылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз».
Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастығы тоқтады. Орнына жаңа инвестор келеді. Алайда, ол шет елдік болмайды дейді жауапты министр. Аталмыш оқиға бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгін белгілі болғаны бұдан бөлек, тағы 7 шағын комиссия құрылыпты. Мақсат апаттың себебін анықтау.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: «Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Аварияның себептерін тергеп-тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған.Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр».
Ал, үкімет басшысы Әлихан Смайылов болса, бұл – тікелей кәсіпорын басшысының кінәсі дейді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі. Олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастаған. Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ».
Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде Қазақстан шахтасында 211 кенші қаза тауыпты. Елдегі ең алғашқы аза тұту күні де 2006 жылы Қарағанды облысындағы шахтада болған жантүршігерлік жарылыстан басталған. Ол кезде 41 кенші қайтыс болып, жеті жұмысшы жараланған еді. Күні кешегі Қазақстан тарихындағы 13-ші қаралы күн, кеншілердің қаза табуына байланысты жарияланды. Бұндай сұмдықтың тоқтар күні бар ма?

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 692 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l6vcgBhAbMo?si=rVZftEGctwhtGprs"
Төлеу мерзімі өтіп кеткен кредитті жабу үшін халық одан да жоғары пайызбен несие алады. Міне, бұл дабыл қағарлық жағдай. Осылай деген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қарызға белшесінен батқан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда жұмыс істемей отырған жауаптыларды сынады.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатының төмендігінен жағдайын қиындата береді».
Үкімет басшысының дерегінше, 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 трлн теңге. Бұл орайда, бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша – 1 млн теңге.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 620 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/N9was4jXglQ?si=VsuJXrr2PfE_FCwj"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.Сондай-ақ Президентке Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 642 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2u5k6_rIAsA?si=StpI-hO8J-WknBu1"
Тарихқа топырақ шашсаң болашақ саған тас атады. Тұмшаланып жатқан тарихымыздың таспаға бейнеленген жаңа парағы ашылды.Ресей мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мұрағатынан белгілі Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды.
Мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген. Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандосов, Әліби Жангелдиннің бейнежазбасы таспаланған құнды дүниені тапқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек. Ұлтымыздың бай мұрасын олжалап қайтқан ғалыммен сұхбаттасқан едік.
ЕРМҰХАМЕТ МАРАЛБЕК А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы және теориясы мен тәжірибесі деген тақырыпта гранттық зерттеу жобасын ұсынып жас ғалымдарға арналған. Осы жоба аясында былтырдан бері жұмыс жасап жатқанбыз. Осы қазанның 19-23 аралығында үш ғалым Мәскеу қаласына сапар шектік. 6-7 күн жұмыс істедік. Ол жердегі қазаққа қатысты барлық карточкаларды қарадық. Соның ішінде Алаш мұрасына қатысты табылуы мүмкін деген бейнежазбаларды қарадық. Сол бейнежазбаның ішінде Сәкен Сейфуллинді бар деп ойлаған жоқпыз кездейсоқ кездестіріп қалдық. Сол кезде қатты әсер етті. Сәкен десе Сәкендей тұлғасы қандай керемет».
Сонымен қатар ғылыми қызметкер Мәскеу мұрағатынан тағы қандай құнды деректерді кездестіргенін айтты. Ресей мемлекеттік Ленин атындағы кітапханада сирек қолжазбалар қорында Алаш қайраткерлерінің көптеген еңбегі сақталған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми айналымда жоқ, еш жерде кездестірмеген еңбектері табылды дейді ғылыми қызметкер.
ЕРМҰХАМЕТ МАРАЛБЕК А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сонымен бірге Қоянды жәрмеңкесі түсірілген бір видеоны тауып алдық».
Мәскеу қаласына ғылыми зерттеу жоба аясында аттанған ғалымның бірі Әрлен Сейітбатқал. Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай өткен шараға ұлт зиялыларының қатысуы заңдылық дейді жас ғалым.
ӘРЛЕН СЕЙІТБАТҚАЛ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 722 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lRghGJYsKwE?si=NwiW4tvBUlFzoQ2U"
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылындағы білім ошағында ұстаздар арасында дау шықты. Негізгі себеп-мектеп директоры мен ұжым арасындағы келіспеушілік. Мұғалімдер директор қызметкерлерді үй шаруасына жұмсап, лауазымын асыра пайдаланып отыр деп шағымданды. Білім ордасындағы дау-дамайдан әбден мезі болған ата-аналар енді кімнен көмек сұрарын білмей дал.
Шағын ауылдағы дау-дамай, талас-тартыс күллі облыс жұртының құлағына жетті. Мұғалімдер жік-жікке бөлініп, жартысы директордың орнынан кетуін талап етсе, енді бір бөлігі басшыларын қолдап әлек. Қарсы тарап «Мектеп директоры негізсіз ақша жинайды, психологиялық қысым көрсетеді, мұғалімдерді алалайды, командалық арандатушылық тудырады»-деген шағымдарын айтты.
МЕЙРМАН МЕНДӘЛИЕВ АТА-АНА: «Ахуал нашар. Мектеп директоры мұғалімдерді алалайды. Жемқорлық мәселесі де бар. Біз жоғары жақтағыларға шағымдандық. Ешқандай шара қолданылған жоқ. Мектеп директоры негізі өз еркімен арыз жазып, қызметінен кеткен болатын. Алайда бір аптадан кейін орнына қайта қойды».
ЖАНАР ҚУАНДЫҚОВА МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫСЫ: «Бес жыл болды осы кісімен жұмыс істеп жатқаныма.Осы уақыт ішінде мен психологиялық давканы көрдім. Әлі де көретін сияқтымын».
ӘДІЛЕТ ОРЫНОВ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Біздің басшы ұжымға бірдей қарамайды. Өзінің жақсы көретін, өзіне жақын тартатын адамдары бар және ұнатпайтындары бар. Қысым көрсетеді, артыңа түседі».
Ал мектеп директоры айтылған шағымдардың бәрі маған жабылған жала дейді. «Керісінше қызметкерлерім менің атыма күйе жағып, жұмысымды жоққа шығарғысы келеді. Олардың көксегені менің орныма отыру. Егер ұжымда ауызбіршілік болмаса біздің мектеп аудандағы үздіктердің қатарына кірмес еді» -деп азар да безер болып өз шындығын алға тартты.
СӘУЛЕ ҚОЖАМҚҰЛОВА ТАСМОЛА ЖББМ ДИРЕКТОРЫ: «Мектепте ешқандай ала ауыздық бар деп ойламаймын. Командалық ала ауыздық құрған емеспін. Психологиялық давка жасалмайды. Мен басшы болғандықтан, әрқайсының жағдайын түсінуге тырысам. Ұжымға қолдау көрсетемін. Мұның қайдан шыққанын білмеймін».
ГҮЛНАР МҰХАМБЕТОВА МҰҒАЛІМ: «Бұл мәселе кәсіподақ арқылы шешілетін еді. Мен оқушыларымнан ұялам».
Шағын ғана мектептегі шудан аудандық білім беру бөлімі де құлағдар. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты жауаптары мынадай болды.
ҚУАНЫШ ЕСЕНОВ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Директордың жақтастары мен ұжым болып бөлінген екі тарап арасындағы даудың өршігеніне айдан асқан. Білім бөлімі оларды бір бітімге келтіруге қауқарсыздық танытып отыр. Баласын мектепке білім алуға апарған ата-ана еріксіз бетін шымшып қайтады. Текетіреске шыдай алмаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз еркімен жұмыстан шығып тынған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 669 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rrNO_bSbBoI?si=4dvcG8ru-54RDt0H"
Тіл бойынша заңды бұзғандар енді қатаң жазалануы мүмкін. Қазақ тілін қорлап «қазақша сөйлемеймін» деп менсінбеушілік танытқандар үшін жаңа норма енгізу жоспарлануда. Бүгін Мәжілісте депутат Абзал Құспан қазіргі заңның баптары осал, дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартты. Өз кезегінде Әділет вице-министрі болса, пысықтау жұмыстарны жүргізуге дайынбыз деді.
АБЗАЛ ҚҰСПАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Осы Әкімшілік кодекс қабылданғалы бері, шешілмей келе жатқан бір мәселе бар. Әкімшілік кодекстің материалдық бөлігінде 75-бап бар. Ол бапта тіл заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Қазіргі қоғамда қазақ тілінің мәселесі күйіп тұр. 75-бап бойынша айыппұлдар барлығы көрсетілген. Ал 804-бап бойынша, яғни процестік бөлігі 75-бап бойынша әкімшілік хаттама толтыратын бірде-бір мекеме белгіленбеген. Тиісінше, тіл бойынша заңды бұзады, қазақ ұлтының ар-намысына қатысты сөздерді айтады. «Қазақ тілінде сөйлемеймін» деген сияқты тілге қатысты жағдайлар бойынша адамдарды жауапкершілікке тартайық десек, бірде-бір өкілетті орган жоқ».
АЛМА МҰҚАНОВА ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Егер де 75-бап бойынша уәкілетті орган көрсетілмесе, біз оны жұмыс тобымен қарап, пысықтауға дайынбыз. Себебі соттың 804-бабы бойынша қызмет пен құрам бар болса, хаттамасыз ол нормаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Кодекс аясында осындай жетіспеушілік болса, біз жұмыс істеуге дайынбыз. Уәкілетті органмен қосымша пысықтау жұмысын жүргіземіз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 743 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AT_UsGeGJ2A?si=76guXff4U5W7j9B6"
Ақтаудағы 29-шағынаудандағы 3 үйдің тұрғындары қызмет көрсетуші пәтер үйлері кооперативінің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырғанына наразы. Олар көппәтерлі үйдің сырты мен дәлізіне бірнеше жылдан бері жөндеу жүргізілмегенін айтады. Бұдан бөлек ай сайын төленіп тұрған ақшаның қайда жұмсалып жатқанын білгілері келеді.
Мына көпқабатты үйдің сиқы адам көргісіз. Төбесі шұрқ тесік. Жаңбыр жауса су сорғалайды. Ал ауладағы балалардың ойын алаңы талаптарға сай емес. Тұрғындар пәтер иелері кооперативі қызметіне қаржыны төлеп отырғанымен, қайда жұмсалып жатқанын білмейміз дейді. Айтуларынша, үй қолданысқа берілгелі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
ГҮЛБИБІ ОРЫНБАЕВА ТҰРҒЫН: «Мына ЖЭК жұмысына қанағаттанбаймыз. Бізде мына Жұматаева Несібелі осы ЖЭК председательі. Біз қанағаттанбаймыз оның жұмысына. Себебі мына подъездерімізде тазалық жоқ. Дала сыпырылмайды. Ремонтталмайды. Өзіміз сыпырамыз, сантехник шақырсақ оның да жұмысын көрмейміз».
НАЗИПА ҚАЗАҚ ТҰРҒЫН: «Площадкамыздың жатысы мынау, міне. Балдар ойнай алмайды. Құлап, сүрініп. Подъездерімізде ешқандай ремонт жоқ. Осы 10 жылдан бері ремонт жасалған жоқ. Үш жыл болды ЖЭКке барып, арыз жазып келе жатқанымызға. Анау жылы ЖЭК жабылады, мына жылы ЖЭК жабылады деді. ЖЭК жабылған жоқ. Енді өз ақшаңызбен өз подьездеріңізді ремонттап алыңыз дейді. Біз талап ететін шаруаларымыз есік алдындағы площадка, жол жөнделсін. Жылу келсін, подъездеріміз тазалансын!»
Жалпы жеке пәтер иелері кооперативінің міндетіне: үйге техникалық қызмет көрсету, шатырды, коммуникацияларды, кіреберістерді және үйдің айналасын жөндеу кіреді. Сондай-ақ, орын алған қолайсыздықтарды жою, тазалық жұмыстары, қызмет көрсетушілермен шарттар жасасу және тұрғындардың осы қызметтерге ақы төлеуін есепке алу жатады. Ал "Аққу" пәтер иелері кооперативінің өкілі біздің де айтарымыз бар деді.
ДӘМЕЛІ САНАҚАЕВА «АҚҚУ» ПИК ӨКІЛІ: «Үйде қаншама төлемей отырған должниктер бар. Енді қараңыз, бұның сантехнигі бар, подрядчиктері бар, сатып алатын қарайған материалдары бар. Трубалары шіріп жатыр. Подвалдан бастап жоғарыға дейін біздің ЖЭКке қарайды. Ал мына територия бізге қарамайды. Ол әкімнідіктің меншігінде».
Жалпы жылыту маусымында тұрғындарға ПИК ауыстырмағаны дұрыс. Өйткені бұл жұмыстар ұзақ уақытты талап етеді. Ал жаңа кооператив тұрғын үй қызметіне кіріскенше, қолайсыздықтар туындауы мүмкін деп отыр мамандар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 645 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1yHrHsBiXQw?si=eMGYn9gZDBt6ZLiv"
Чехияның Прага қаласында орналасқан қымбат мейрамхана, сол қаладағы төрт бөлмелі пәтер және Біріккен Араб Әмірліктерінде құны 5 млн доллар болатын вилласы бар қазақстан азаматы Delta Bank-тің ақшасын жымқырған кәсіпкер ұсталды. Туыстары мен жақындарының атына қайтарылмайтын несие жазып алып, осының барлығын сатып алған Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «2012-2017 жылдар аралығында Н. Тілеубаев банктен қаражатты қайтарылмайтын несиелер беру арқылы алып шыққан. Тергеу барысында Н. Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн доллар болатын, Palm Jumeirah-та орналасқан вилла бар. Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды. Бұл ретте Н. Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 599 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0SXmODq2z34?si=0a5MGBpgnM1VW6nz"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 720 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TNuq-s1q5kI?si=fH1JrtRVPbi7-NDq"
Жақында елімізде су тасқыны мен су жетіспеушілігі мәселесі туындағанда хабарласуға болатын ситуациялық ақпараттық орталық құрылады. Су шаруашылығы нысандарының ағымдағы жағдайы туралы барлық мәлімет осы жерге жинақталады. Бұл туралы аталған ведомствоның су ресурстарын пайдалануды реттеу және есепке алу басқармасының басшысы Сәкен Әтел хабарлады.
СӘКЕН ӘТЕЛ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Су ресурстары жайлы оның жай –күйін жинақтау және ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Ситуациялық оратлықтың негізі мақсаты су ресуртстары жүйелерін жеңіл басқару және де стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жинақталған ақпарат барысында табиғи стихияларды болжау болып табылады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 585 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MlY9hObpcvY?si=Jn-dFeDczDnBBoxG"
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2 қараша күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Бюро отырысы бір минут үнсіздікпен басталып, сенаторлар мен Аппарат қызметкерлері Қарағанды облысында болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды.Мәулен Әшімбаев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін оқиға орнына арнайы барғанын атап өтті.Ел Президенті кеншілердің отбасыларымен және жақындарымен кездесіп, оларға қолдау көрсетіп, апаттың себебін анықтау үшін тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 650 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pkxQBlrIUuA?si=1tsEIkbTJi6lRiHt"
Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық, ал денсаулықтың кепілі слауатты өмір салтында. Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында влейболдан, тоғызқұмалақтан, тымақ ұрудан сайыс орын алды. Негізгі мақсат, бұқаралық спорттың дамуына ат салысу,жастарға өнеге көрсету. Шараға қатысқан ұлағатты жандар, тартысты ойын өрнектерін көрсетті. Үздік шыққандар жеңіс тұғырынан табылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЕРЖАН МЫРЗАХАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Тағы басқа мақалалар...
194 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.