
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 231 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gVeexBFIXi0?si=qgUD-uo3BzUauchv"
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтында екпе қабылдау.Бүгін Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы күресті нығайтуға байланысты баспаөз мәслихаты ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша
тұмау вирусы жыл сайын мутацияланады,емдеу процесі де ұзаққа созылады. Күн суыта күшіне енеді деп отыр. Осыған орай Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мектепке дейінгі балалар мен тұрғындарды маусымдық эпидемиядан қорғау үшін кешенді шараларды қабылдаған.
ЖАЙДАРКҮЛ ОТАРБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша ЖРВИ тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы қанағаттанарлық. 01:53\02:22 Ағымдағы жылдың 7 айында ЖРВИ-нің 447 062 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 19 500,83 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% - ға жоғары (көрсеткіш -17 917,23). Яғни былтырғыға қарағанда жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. 06:37\07:17 Бізде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілді.Толық иммунитетті қалыптастыру үшін және эпидемиологиялық қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша иммундау жұмыстары жасалды. Әрі қарай да ұжымдық иммунитетті әсіресе вакцинамен басқарылатын жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайын жақсарту үшін қалада, қала тұрғындары мен қонақтарына айтатынымыз жоспарлы егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде екпе алсаңыздар».
Тұмауға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен басталып қараша айының аяғына дейін жалғасады. Басқарма мамандары тәуекел тобындағы азаматтарды вакцинациялау үшін 200 000 доза мөлшерінде «Гриппол Плюс» екпе партиясын сатып алғанын алға тартты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 253 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4HXqgq6686E?si=0CmLP53PACoyy8lA"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 286 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c_2epQTEmPs?si=LiyGTXcyoN0WiAaW"
Үкімет АЭС бойынша референдум өткізу туралы жобаны мақұлдады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар энергетиканы дамытудың бағыттарын талқылады. Отырыс барысында қаулы жобасына дауыс беру жүргізілді, 22 адам толықтай қолдады.
Олжас Бектенов елімізге Атом электр станциясы салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын, тәжірбиелі мамандар даярланып жатқандығын айтты. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам екендігін мәлімдеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл саланың перспективасы зор екені анық. Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша».
Үкімет басшысы бұл саланың перспективасы үлкен екенін және елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілгенін жеткізді. Қазақстан қазірдің өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отыр. Оны тұтыну көлемі жыл өткен сайын артқанымен, өндіру жағы ақсап тұр, өйткені электр энергиясын өндіретін коммуналды инфрақұрылым тозған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Біз қазірдің өзінде өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отырмыз. Біздің еліміз секілді, ең көп энергияны пайдалатын экономиканы дамытуға дәл осы атом энергетикасы негіз болып, халқтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға көмек беруі тиіс. Сондақтан біз өзімізді баламасы жоқ,тұрақты және сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуміз қажет».
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде Атом электр станциясы салынса 8000 жұмыс орны ашылып, 2000 адам жұмыс істейтінін мәлімдеді. Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы Энергетика министрлігіне үкімет аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне жарлық жобасын енгізуді тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 289 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9WqnLjfRlas?si=XRKpIXjjx9zocRlT"
Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының 5 мүшесі мерт болды. 26 тамызда кешкі сағат жетілер шамасында Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы тіл тартпастан көз жұмды. Жедел жәрдем 4 жасар бала мен 1996 жылы туған жүргізушіні ауруханаға жеткізген болатын. Өкінішке орай, түрлі дене жарақатын алған балақайды аман алып қалу мүмкін болмады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
АСЛАН ШОТАНОВ ҚОБДА АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі таңда Қобда аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 273 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1GYBrYFmQKk?si=_ay_lvlLVyyospo3"
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікте Каспий теңізінің Маңғыстау маңындағы жағалауы 2 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.Бұл науқанға өңірдегі жас спортшылар атсалысқан.
Жағалаудағы тазалыққа қатысқан Ақшұқыр ауылының бапкерлері мен спортшылары теңіз жағалауын арнайы таңдаған.Жиналған қоқыстың басым көпшілігі - пластикалық ыдыс пен полиэтилен қалдықтары екен.Жыл сайын ұйымдастырылатын ұжымдық шара биыл ерекше өтті.
ҚОШТАН ТЕКЕБАЕВ АҚШҰҚЫР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: «Негізі жыл сайын балаларды демалтып ұжымдық шаралар ұйымдастыратын едік. Биыл оны «Таза Қазақстан» акциясымен ұштастырып жас ұрпақтың санасына мәдениетіне жас кезінде халқын сүю, еліне қызмет ету табиғатты аялау деген мақсатта жас ұрпақтың санасына құндылықтар енгізгіміз келіп сол мақсатта жасалып жатыр».
Сайын Шапағатов ауылына жақын жердегі жағалауды тазалаған спортшылар мұндағы қоқыстың көптігін айтады. Демалуға келетін тұрғындарға мекенді таза ұстауға өтініштерін жеткізді.
БИҚАЗЫ АХТАЕВ СПОРТШЫ: «Баклажка, пакеттер көп. Адамдар арттарын жинамай қалдырып кетеді соларды жақсы қылып жинадық. Адамдардың артын тазалап. Өйткені ертең біз осы жерге өз отбасымызбен ,ағайын-туыстарымызбен келіп осы жақта демалатын болған соң бұл өзімізге де басқа адамдарға да жақсы болады. Басқа адамдарға айтар кеңесім өз артымызды жинап, қоқыстарды өзімізбен бірге алып жүріп тек теңізімізді жақсы сақтайық».
Кішкентай спортшылар жүргізген тазалық жұмыстары барысында 2 тоннадан артық қоқыс шығарылған. Бапкерлер мен спортшылар осындай игі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп тұрмақ ниетте.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 245 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TCbquRZ88-4?si=gf4p0i7tWEkHQDud"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді додалы тартыстағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Ол байрақты бәсекенің алғашқы күндері Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады. Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды. Елдос бауырым, сен Олимпиадаға аттанар алдында маған және барлық спорт жанкүйерлеріне бар күш-жігерімді жеңіске жету үшін жұмсаймын деп уәде бердің. Сөзіңде тұрдың. Нағыз жігітсің! Біз бәріміз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемпионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі».
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты. Президенттің айтуынша, Париждегі бәсеке олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі қолдау маңызды екенін көрсетті. Өйткені кейбір спортшыларымыз жеңіс тұғырына қолсозым жерден тоқтады, үздік ондықтан көрінді. Бұл олардың шеберлігін әрі жеңіске деген ерік-жігерін байқатады. Әйтсе де, Мемлекет басшысының пікірінше, кәсіби спортта шешімін күткен түйткілді мәселелер де баршылық. Соның бірі бапкерлер мектебінің дұрыс қалыптаспауы.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Өкінішке қарай, көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады. Олар сол жерге барып, жас спортшыларды тәрбиелейді, яғни, басқа мемлекеттің ұлттық құрама командаларын әлемдік додаларға дайындайды. Мысалы, осы Олимпиада ойындарында Тунис елінің тхэквондодан ұлттық құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен екі медаль жеңіп алды, оның біреуі – алтын медаль. Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керек, әсіресе, олардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру өте маңызды. Бір сөзбен, бізге мықты бапкерлер мектебін жасақтау қажет
Президент Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады. Сонымен қатар салтанатты жиында Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов, байрақты бәсекенің қола жүлдегерлері, мерген Александра Ле мен боксшы Назым Қызайбай сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 257 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KJSinU_6xVY?si=Jomm5bnyj2SKDzSx"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 264 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/LGhtk2W8e7c?si=WAvWrIb1n01Psyf2"
Ақтауда 2006-шы жылы туған жас жігіт Каспийге батып, көз жұмды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бозбала белгіленген жүзу аймағынан тыс аумақта, катамараннан суға сүңгимін деп мерт болған. Оқиға кешкі 6-лар шамасында болыпты. Ал денесі бүгін таңертең табылып, жағаға шығарылған. Теңізге батқан адамды іздеу кезінде құтқару жасағынан бірнеше маман мен техникалар жұмылдырылды.
БАУЫРЖАН ОҢҒАРБАЕВ ӨҢІРЛІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Оларға катамаран берілген кезде катамаран мен жилеттері берілген. Алайда ол жігіттер құтқару жилетін кимеген. Қайықтармен, катамаранмен, басқа да жүзу құралдарымен жүзіп жүрген кезде, құтқару жилеттерін киіп жүру керек! Сонымен қатар теңіз жағалауындағы қайықтар адамдарды серуендеттіретін, оларға да ескерту жасақталып, барлық теңізге қайықпен серуендеуге шыққан тұрғындарға қауіпсіз жилетін кигізу міндетті!»

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 284 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HCQ7dUbt1HY?si=HLs70HDSG-eQe_4n"
Бұдан былай мектепке дейінгі жастағы балалар жайлы бар ақпарат қажетті мемлекеттік органдардың барлығына қолжетімді болады. Балалардың даму картасы автоматтандырылды. Ол Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған. Бұл картада әр бүлдіршіннің дамуын бақылауға және олардың бойындағы дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын көруге мүмкіндік береді.Онда баланың дамуының барлық маңызды аспектілері көрсетілген: физикалық жағдайынан бастап коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларына дейінгі бар ақпарат бар. Мұндай жүйелі тәсіл бірінші кезекте сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте сәтті бейімделуіне жол ашады,- дейді мамандар. Жаңа оқу жылының алдында орталық коммуникациялар қызметінде балаларды қорғауға қатысты брифинг өтті. Шара барысында төтенше жағдайлар министрлігі мен ішкі істер министрлігінің өкілдері жыл сайын ересектердің немқұрайлылығы салдарынан мыңдаған бейкүнә сәби көз жұматынын айтып, балаларды барынша қорғауға шақырды.
ЖАННА ДӘРЕНБЕКОВА ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Шомылу маусымы басталғаннан бері елде 46 бала суға батып кетті, 71 бала құтқарылды. Соңғы 10 жылда елімізде 700 бала суға кетті. Балалардың биіктіктен, оның ішінде терезеден құлауы – Қазақстандағы балалар арасындағы өлім-жітімнің маңыздылығы бойынша үшінші сыртқы себебі.Сондықтан, құрметті ата-анадар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 213 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pMHkwQMv8fY?si=NWA6-egFl9wnosDr"
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнир өтті. Шара мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналды. Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар мен спорт ардагерлері қатысты.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам шабандоз қатысып, тартысты ойын көрсетті. Дүбірлі дода GÚLNAR BAQ демалыс және спорт орталығында ұйымдастырылды. Жарыс бәйгенің 3 түрі бойынша, өтті. Олар 25 шақырымға Аламан бәйге, 15 шақырымға Топ бәйге, 10 шақырымға Құнан бәйге. Жағажай волейболынан әйелдер мен ерлер арасында коммандалық бақ сынасты. Ашылу рәсімінде ақсақалдар спортшыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
АМАНГЕЛДІ ШАБДАРБАЕВ ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ «Мен енді осындай валейболдан турнирлер ұйымдастыра бастадым. Дінмұхамед Ахметұлын халық ұмытпасын деп. Содан кейін, бәйге өткізе бастадық. Енді концерт қосылды. Осылай жылда өткізіліп жатыр. Мен Дінмұхамед Ахметұлының батасын алған адаммын. Мен жетістіктерге жетсем, сол кісінің маған берген батасының арқасы деп санаймын. Кішкене жағдай болып тұрса, Дінмұхамед Ахметұлына бәйге, ас жай беремін, екі мың адам келіп дәм татсын деп жатырмын. Көзі тірісінде Дінмұхамед ағамыз жақсылық жасайтын болсаң халыққа жасағаның дұрыс, халық ешқашан жақсылығыңды ұмытпайды деді».
Көк туымызды көкте желбіреткен қыз-жігітер ұлттық ойындарды ұлықтап халықтың ыстық ықыласына бөленді. Іс-шарада көремендер Теңге ілу, Қыз қуу, Жамбы ату, казак күресі, қошқар көтеру сынды ойындарды тамашалады. Өнер көрсетушілердің ішінде атпен, түйемен жамбы атқан қазақ қызы да өнер көрсетті.
ЖАҚСЫЛЫҚ БАЙТҰҚБАЕВ ГЕНЕРАЛ «Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арналған бұл турнир ең бастысы отанға, елге деген құрмет. Патриоттық сезімді көтеру болып табылады. Үйткені қаншама көзі тірісінде қазақ еліне, жастарына, болашақ үшін үлкен жұмыстар істеді».
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға мақтау қағаздармен, қаржылай сыйлықтар табысталды. Аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүліктің иесіне темір тұлпар табысталды. Бас жүлдені «Шұғыла» атты сәйгүліктің иесі, Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген Ерсұлтан Серіков иеленді. Волейболдан ерлер арасында «А» және «В» лигаларында өткен қызу тартыстың нәтижесінде Алматы қаласының өкілдері «Шекара» және «Номад» командалары басым түсті. Әйелдер арасында Талгарочка командасы жеңіске жетті. Дүбірлі додада жақсы көңіл күймен қайтқан көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 251 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yoCoTyNCO-I?si=YQvc3dGA6AzXiLfz"
Көкшетау қаласында қоқыс контейнерлері уақытында шығарылмайды. Жел соқса, қоқыс ұшып, жағымсыз иіс ауаға тарайды. Тұрғындар уақытында қызмет ақысын төлегенімізбен, қоқысты тазалап жатқан ешкім жоқ деп налып отыр.
Кәукен Кенжетаев көшесі Абылай хан даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы контейнерлер қоқыстан көз ашпай тұр.
«Күніге осындай қоқыс, алғылары келгенде алады, алғылары келмегенде осылай тұрады, сасып. Жанында магазин, қандай тазалық бар, айналайын, айтшы. Ешқандайда тазалық жоқ. Мінекей,осымен ауа жұтамыз. Енді осыны қашан жинайды, білмеймін».
«Мен осы қоқыс туралы айтқым келеді. Қоқыс жыл бойы, үнемі осында тасталады, бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Бұған ешкім мән бермейді. Басшылықтың қайда қарап отырғанын білмеймін. Адамдарға да шошқа сияқты қарайды. Енді олар біздің видеомызды көрсе, осының бәрін алып тастар еді. Тіпті балалар жүгіріп жүр, сасық. Бізде әдемі қала болуы керек».
Бұл үйлердің ауласындағы мына қоқыс контейнерлеріне жақын маңдағы көпқабатты 10-нан астам баспананың тұрғындары қоқыс тастайды. Көп жағдайда контейнерге тастауға ерініп, жол бойына лақтырып кететіндер де аз емес, -деп ашынады тұрғындар. Қоқысты көшеде қаңғырған ит пен мысықтар шашып кетеді, соның салдарынан ауламыз қоқыс алаңына айналып шыға келеді.
СЕРІКБАЙ ЕСІМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жаз бойы мына жер су, кісілер бәрі өте алмайды. Тратуар жоқ, мусор мына жерде 7-8 үйге бір мусорный ящиктер. Олардың өзі толып кетеді де, мынау жердің бәрі қоқыс болып жатады. Енді бүгін қарағанда, бәрін жинап алып кетті. Бірақ осы мәселелер қашан шешіледі? Білмейміз соны әлі күнге дейін».
ДАРХАН ӘБІШЕВ «ТАЗА ҚЫЗМЕТ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қоқыс маршруттық кестеге сәйкес күн сайын таңғы 9-дан 11-ге дейінгі аралықта осы мекенжайдан әкетіледі. Контейнерлер саны Көкшетау қалалық мәслихаты әзірлеген нормаларға сәйкес осы учаскенің жинақталу нормаларына сай келеді».
Тұрғындардың шағымына жауапты мекеме тез арада әрекетке көшті. Дегенмен бұл аумақта қоқыс шығару қиынға соғуда. Тұрғындардан да тазалықты сақтап, ұқыптылық танытпаса мәселенің күрделене берері сөзсіз. Қоршаған ортаның тазалығына әр азамат жауапты екенін ұмытпаған абзал.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 268 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nLF1km-2Nh0?si=C6z0IEia-wNSJovo"
Алматы облысында едені ескіріп, шатыры тесілген спорт ғимараты бар. Әлі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген нысанда балалар жаттығып жатыр. Естір құлар көрер көз таппаған мекеме ұжымы арнамызды шақырып мұңдарын шақты.
Аты дардай, күйі жоқ спорт мектебі Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қақ ортасында орналасқан.
40 мыңға жуық адам тұратын Шелек ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сыйқы осы.Бұл нысан 1957 жылы бой көтерген. Міне осы уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Балалар жаттығып жатқан залдың қабырғалары қақырап,едені ескірген.Жауын шашын болған күндері сорғалап су ағады.
ЕРЖАН НҰРХАЛЫҚОВ ЖОҒАРҒЫ ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ,АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ
Бұл жерде ауыл жастары Кеңес үкіметінің тұсында жаттыққан.Қазір отын жинайтын жерге айналыпты. Спорт ғимаратының түбінен газ құбыры тартылса да, көгілдір отынға қосылмапты.
Тозығы жеткен спорттық мектеп расын айту керек қауіпті жағдайда.Өткен жылғы жер сілкінісінен қабырғалары жарылған.
Тағы бір өзекті мәселе спорт залдан шығатын кәріз жүйесінің қолқаны қабатын жағымсыз иісі. Оны ғимаратқа кірген сәттен бастап сезуге болады.
Айта-айта естір құлық,көрер көз таппаған спорт мектебінің басшылығы осылайша арнамызды шақырды. Расымен күйлері жоқ,қыстың күні бүрсеңдеген балалар қалың киініп жаттығудан басқа амалдары жоқ.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Спорт мектебін басқарып отырған Елмұрат Қайыпжанов қазақтың көк туын көтеріп,әлемді мойындатқан азамат. Мақсаты ауылдың қара домалақтарын әлемдік додалы тартыстарда жеңіс тұғырынан көру. Бүгіннің өзінде бұл мектептен Азия мен әлем чемпиондары шыққан.Жеткен жетістіктері көп.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балалар спорттың бірнеше түріне тегін қатыса алады,тек жастардың жаттығатын күйі қашқан. Естір құлақ табылса,қолға алады деген үмітіміз бар.
Тағы басқа мақалалар...
46 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.