- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 521 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UjgSugg4zdg?si=SIRevbJqfVO-nc6m"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай, баспасөз турын өткізіп, БАҚ өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрді құрайтын хабта креативті индустрия, жасанды интеллект, стартап жобалар жүзеге асырылуда. Ғимарат заманауи үлгіде жасақталып, ерекше дизайнмен безендірілген.Сонымен қатар, қалашықтағы №9 жатақханаға барып, студенттер үйінде жастардың игілігі үшін жасалған жұмыстарды, жалпы жатақхананың күрделі жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйі көрсетілді.
МЕЙІРБАЙ БЕКЖАН, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ; «Сіздер тұрған ғимарат біздің факультеттің студенттерінің үйі, бізде жалпы ҚазҰУ-дегі жатақхана қоры тарихы 50 жылдан астам, соған қарамастан бізде құрылыс жұмыстары университет есебінен жасалып жатыр.Сіздер көріп отырған, артта тұрған бұған дейінгі қандай жағдайда болды, студенттердің жатын жағдайы, тұрмыстық жағдайы қазір биылдан бастап, яғни қыркүйек айынан бастап айқын көрінуі үшін бұны да дайындап қойдық, жаңарған жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан осындай тап-таза, жаңартылған жөндеу жұмыстарынан өтті. Әзірге қолда барды барынша жөндеп, жинақтап студенттердің жағдайын жасауға тырысудамыз.»
Қазіргі таңда универститет қалашығында 15 жатақхана бар. Ағымдағы оқу жылында үш жатақханаға мен студенттер үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 532 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jKCyowOJvcM?si=ontIsV-m0qiowbOk"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 722 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fEpIS2oAVb8?si=Y8mRc4yxGMTcYemk"
«Таза энергия». Осындай тақырыпта Астана кітапханаларында кітап көрмесі ашылды. Шараның негізгі ұйымдастырушалары Астана қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы. Аталған шара бір күндік емес. Көрме бір ай бойы кітапхана оқырмандарына қолжетімді болады. Кіру тегін. Сондай-ақ, бүгін кітапхана оқырмандарына «АЭС: ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ» атты 20 минуттық фильм көрсетілді. Ондағы мақсат – атом электр станциясының алдағы жұмысы туралы кітапхана оқырмандары назарына толыққанды ақпарат ұсыну. Халық арасында таза энергия өндіру жолы АЭС туралы үстіртін әңгімелер айтылғанмен, ғалымдар дәлелдеген, ғылыми еңбектер мен деректі фильмдер айтарлықтай көп емес. Сондықтан, ғылыми тұрғыда дұрыс түсінік қалыптастыру үшін осы деректі фильмді арнайы көрсеттік дейді ұйымдастырушылар.
АСУАН СИЯБЕКОВ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ «Бүгінгі іс-шара өте ерекше. Бұндай шара бұрын-соңды болмаған. Кітапханада «Таза энергия» тақырыбындағы мәселелерді көтеру. Тек қана таза энергия айналып келіп физика, экологияға тіреледі ғой. Ғалымдардың еңбектері тек қана жазылған кітаптар ғана емес, ішінде экологиялық тұрғыда, қоршаған ортаны бағалау бойынша элементтерді алып қарасақ пайдалы білім алуға болады. Көрме бір ай көлемінде жүреді. Келем деушілерге есік ашық. Келіп білім алсаңыздар болады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 589 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TMPglGIB6nw?si=LNRjK6IxdmPO894Q"
Балалар жазушысы, ақын,сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі ел өңірлерінде әлі де жалғасуда. Бүгін Алматыда белгілі қаламгер құрметіне арналған 3 кітаптың тұсауы кесілді. Мазмұнды еңбек «Атамұра» баспасының қолдауымен оқырманға жол тартып отыр. Толығырық тілші бейнематериалында.
Шығармасында “Өлгендер қайтып келмейді”деп күрсініп, бірақ өлместей етіп қайта тірілткен қаламгердің туындылары ел жадында мәңгі сақталған. Айтулы еңбектері әлемнің көптеген тіліне аударылған Бердібек Соқпақбаевтың есімі күллі түркі елдеріне мәлім. Жазушының мерейтойына арналған іс-шарада әдебиет танушылар мен әдебиет сүйер жастар бас қосты.
ҚҰЛ-МҰХАММЕД РАҚЫМҒАЛИ «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫ ЖШС ПРЕЗИДЕНТІ; «Біз де осы 100 жылдықтың көлемінде баспагер ретінде ол кісінің бірнеше кітабын шығарып жатырмыз.Дәлірек айтқанда, «Менің атым- Қожа» 2 тілде, және «Балалық шақа саяхат» қазақшасы шықты жақын арада орысша нұсқасы да шығады. Және біз бұл кітаптың соңғы нұсқасын бірнеше данамен шығарып отырмыз.Бұның ерекшелігі- біз бұған арнайы тапсырыс беріп, мұқабаға кинофильмнен және балалық шаққа саяхатқа лайықталып, мұқабасында безендірдік, бір сөзбен айтқанда, ішкі мазмұны қандай тартымды болса, кітаптың мұқабасы да сондай деп ойлаймын.»
Баспагерлердің айтуынша, қаламгер шығармашылығы қай заманда болмасын өз құндылығын жоғалтпайды. Қазіргі таңда да оқырмандар асқан қызығушылықпен оқиды. Айта кетейік, бұл кітаптардың орысша нұсқасын жазушының туған қызы Самал Бердібекқызының өзі аударған.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВА Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ; «Мен ойлаймын бізге жасаған құрмет емес,ол ең бастысы менің әкеме көрсетіліп отырған құрмет Атамұра баспасының, бүкіл халқымызға беріліп отырған марапат.Сондықтан әкемнің кітаптары осы күнге дейін ешқандай үзіліссіз басылып, баспалардан шығып, оқырмандардың көңілдерінен шығып жатқаны мен үшін үлкен бақыт,ол әрбір жазушының мақсаты, арманы.Бүгінгі мынау Атамұра Мен ойлаймын біздің елімізде ең сондай беделді, ең халық жақсы көретін баспа. Сондықтан бүгінгі шараны өте жоғары деңгейде өткізді деп айта аламын, көп-көп рақмет, алғысым шексіз».
Классик жазушының шығармалары тіпті француз тілінде екінші рет басылып отыр. Оның мәңгі өлмес туындылары жас ұрпақтың жүрегін тербеп, жанына рухани азық берері сөзсіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 825 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vXTs7k5elqw?si=_zWqKl9yyBPz8N0y"
Жас ұрпаққа өмірлік азық болар біліммен қатар,олардың жан жақты дамып,жеке тұлға ретінде қалыптасуын қадағалауда ұстау білім ошақтары үшін басты мақсат. Мамандық таңдауда бағыт беру үшін Алматы қаласы Алатау ауданы нөмері 169 мектеп -лицейінде кәсіби бағдар жүргізу мақсатындағы шеберлік сағаттары өтті. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Оқушының дүниетанымы мен қызығушылығын кеңейте отырып,белгілі бір кәсіпке, мамандық таңдауға бағыт беретін бұл шеберлік сыныптары оқушының бейімділігіне қарай жүзеге асады. Оқушы, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс үйлесімін тапқан. Білім ошағы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен,Алматы мемлкеттік бизнес колледжімен меморандумға отырған. Байланыстары өте тығыз артып аптасына бір күн оқушыларға өздерінің мамандықтарын насихаттайды. Педагогикалық сынып жобасы қарқынды жұмыс істеуде.
ПАТШАГҮЛ АЛМАҒАМБЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ,АЛАТАУ АУДАНЫ № 169 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
ТОЛҚЫН ЖАНҒАЗИЕВА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Шеберлік сыныптары аясында ерте жастан кәсіптік бағдар беру тәжірибесі бойынша бастауыш сынып оқушылары Мен кім болам тақырыбында эссе жазып, бейнелеу өнері арқылы болашақ мамандықтарын қағаз бетіне түсірді. Осы арқылы баланың ерекше қабілеті анықталып,мамандық таңдауға көмек беріледі.
МАДИНА ТӘЙТЖҰМА 11- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
АҚНҰР АСҚАРБЕК 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бұл атқарылып жатқан еңбектің барлығы Еліміздің ертеңі жастардың нағыз маман иесі атанып,еліміздің дамуына зор өз үлесін тигізетін азамат болып қалыптасу жолындағы қарқынды жұмыс.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 507 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9--bs8kIw2I?si=2Sg88NU3F33l1E_l"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 665 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/f8nvFrdLIkE?si=efk4KpuqwMncNC2F"
Шымкент қаласындағы мыңнан аса жұмысшысы бар «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС кәсіпорнына қауіп төніп тұр дейді басшылар. Айтуларынша, «Стратегиялық нысан» деген сылтаумен Шымкент қалалық әкімдігі, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпорын басшыларына қысым көрсетіп жүр. Соңғы бір жылда кәсіпорын заңсыз тексерулердің астында қалған. Журналистерге базынасын айтқан кәсіпорын басшылары құқықтарының тапталып жатқанын мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Алтын Сапа» сыйлығын алған кәсіпкер Анарбек Орман қазіргі уақытта Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан рейдерлік қудалауға ұшырап жатырмын дейді.
АНАРБЕК ОРМАН «ВОДНЫЕ РЕСУРСЫ МАРКЕТИНГ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Біз 26 жыл болды мемлекеттен 1 теңгеде алмай, өзіміздің тапқан табысымыздың 41%-ын тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, солардың жұмыс істеу қабілетін жоғарғы деңгейде жеткізу саласында қызмет етіп келеміз. Мен айттым не үшін мемлекетке қайтарып алғыңыз келеді десем «стратегиялық нысан» дейді мен айттым біздің кәсіпорын 1998 жылы құрылғанын айттым. Ол кезде ондай заң жоқ болатын. Ол заң кейіннен пайда болды Бұл әкім келді де, «мемлекетке қайтарам» деді. Біреудің сөзіне ерді ме, не өзінің ойы болды ма, мемлекетке қайтаратынын жария етті. Содан бері бір жылға жақындап қалды.
Шымкент қаласының әкімдігі бүгінге дейін компанияны үш рет сотқа беріп, үш рет арызын қайтарып алған. Бір миллионға жуық адамды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жайлы Үкіметке үнемі жалған ақпараттар беретін көрінеді.
САҒАТБЕК ЖҰМАН, АДВОКАТ «Энергеитка және инфрақұрылымды даму басқармасы әкімдікке қарайды. Сол мекеме біздің мүлкімізді мемлекеттің меншігіне қайтару жөнінде 3 рет талап арыз берілді. Басында берілген талап арыз қазақ тілінде, кейінгі талап арыз тілінде берілді. Бірақ ақзіргі таңда берілген барлық талап-арыз, өздерінің арыздары бойынша, қараусыз қалдырылды. Біздің ойымзша, қараусыз қалдырылуы бұл талапты қанағаттандыруға ешқандай негіз жоқ. Ол сотта өздерінің жеңілетіндерін білді. Сондықтан олар осылай қамданып, арыздарын қайтарып алды. Дегенмен олар қайтадан арыз береді ме деген қауіп бар.
Бір жылға жуықтаған дау-дамай халықаралық дау тудыруы мүмкін дейді басшылық. Себебі компанияның Еуропалық даму және қайта құру банкіне 12 млрд теңге берешегі бар. Беделді халықаралық ұйым өзі инвестиция салған жобаның болашағына алаңдаулы және егер Шымкент әкімдігі кәсіпорынға қарсы заңсыз рейдерлік әрекетін тоқтатпайтын болса, халықаралық арбитражды сот процесін бастау қаупі бар. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына үлкен нұқсан келтірмек дейді мамандар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 499 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CABSbgF9dWU?si=-71OoCvEqaLEuUHR"
19 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығының мамандары.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсияның жиынтығы дейді олар.Бұл өз кезегінде аталмыш аймақтардағы атмосфералық ауа сапасының нашарлауына алып келуі мүмкін.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 569 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3hkQmFJPGYw?si=7V8nWS_sBE-w6C9h"
Алматыда қазан айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясындағы күзгі ағаш отырғызу науқаны белсенді түрде жалғасуда. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс тіршіліктің тамырына қан жүгіртеді. Мемлекет тарапынан да қоршаған ортаға деген қамқорлық аясы кеңейе түсуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының жасыл қорын сақтау және кеңейту.
ДӘУЛЕТ БАҚЫТЖАНОВ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ; «Қазір Алматы қаласы бойынша 150мыңнан аса көшет отырғызылды, жылдың соңына дейін әлі де күтілуде 320мыңға дейін отырғызылу. Оның барлығы ауа райының қолайлығына байланысты.Негізгі отырғызылу Алатау ауданының төңірегінде жүргізіліп жатыр. 0:50- 01:14 Күтіміне келетін болсақ,жасыл желектерді қорғау қағидаларына сәйкес, отырғызылған ағаштар бойынша 3 жылдық күтім мердігерлік ұйымға жүктеледі.Яғни ол ағаштарға өлім, қурау, дұрыс күтім жүргізілмеген жағдайда мердігер ұйым өз қаражатына қайта қалпына келтіру шараларын жүргізетін болады.»
Айта кетейік, осы мақсатта жыл бойынша, 11 қосымша ұңғыма қазылып, 110 шақырым тамшылатып суару жүйесі орнатылды, бұл 220 мыңнан астам жаңа ағашты суаруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, аудан әкімдіктері 58 учаскеде жалпы ұзындығы 187 шақырым болатын автосуару жүйелері орнатылды.
Статистика бойынша Көгалдандырумен қатар, өлі, жарамсыз ағаштар былтырғы жылмен салыстырғанда біршама азайған.
ДӘУЛЕТ БАҚЫТЖАНОВ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ; «Себебі құлау статистикасына келетін болсақ, қазіргі таңда авариялық қураған ағаштарды кесу жұмыстары, қалада құлау фактілері азайған».
Қазіргі таңда аудан бойынша-3500, үйлердің аулаларында 1000ға жуық ағаш отырғызылуда,сонымен қатар Мамандардың сөзінше барлық отырғызылу ауа-райына байланысты жүргізіледі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 544 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/3xmbTTBjWx8?si=aeJJoFxjVlE309ZY"
Жаппай декларациядан кімдер босатылды? Енді мектептегі балаларды сапасыз тамақтандырғаны үшін кімдер жауапкершлікке тартылады? Біріңғай уақыт белдеуі «сағат тілі» қайта кері ауыса ма? Бүгін Үкімет мүшелері осы сауалдарға жауап іздеді. Үкімет отырысынан толығырақ тілші тарқатады.
Жаппай декларациялау басталғалы 4 млн-нан астам қазақстандық есеп тапсырып үлгеріпті. Олар: мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері. Ал, келер жылдан бастап, жаппай ел азаматтары декларация тапсыруы тиіс еді. Алайда, бүгін үкімет күтпеген мәлімдеме жасады. Жоғарыда аталған санатқа жатпайтындар, яғни студенттер мен зейнеткерлер және үй қызметіндегі адамдар есеп бермейді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «2025 жылы барлық қалған санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар».
Мектеп асханаларына енді үкімет деңгейінде назар аударылып, тексеріс күшейетін болды. Себебі, соңғы кездері сапасыз асқа қатысты арыз-шағым көбейген. Ал, балалардың жейтін тамағы ол бәрінен де маңызды. Сондықтан енді, мектептегі тамақтану үшін шенеуніктер жауап береді. Егер, сапаға сай келмейтіні анықталса, онда олар әкімшілік жазаға тартылады.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Мониторинг кезінде, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды. Бұл аталған өңірлердегі әкімдіктердің тамақтандыру сапасына ерекше назар аударып, бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді».
Айтпақшы, талай мәрте көтеріліп, халық сынына ұшыраған біріңғай уақыт белдеуіне қатысты жауапты министрлік мәселенің нүктесін қойды. Айтуынша, бұндай жаңашылдық ел азаматтарына кері әсер етпеген. Зерттеу оң нәтиже көрсетті дейді. Министрдің сөзін үкімет басшысы да қолдады. Сонымен, елімізде «сағат тілі» қайтадан кері ауыспайтын болды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Уақыт белдеуі бойынша сауда министрі өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан, бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда, ақпарат министрлігіне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын».
Айта кетейік, Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап біріңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 504 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/isc-yvxUEk4?si=GGZvvM-Rv2pgwdwp"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 574 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MIBFPWB4T3M?si=jMqy-UWq2mREYqFw"
Тағы басқа мақалалар...
53 ішінен 246 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.