
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6KdpCqfte_Y?si=wObKPvVCIcCUdc2Y"
Жарық күнде жарықсыз отыр дегенді естігенсіздер ме? Иә, Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылының тұрғындары осылай күн кешуде. Әріптесім Шолпан Маратқызы жағдайды өз көзімен көріп қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ТІЛШІ: «21 ғасырда тіршілік көзі жоқ. Иә, құлаққа ерсі естілсе де, жылдар бойы жырлап күткен жеріне қол жеткізген жұрттың қазіргі көрген күні осы. Айтса сенгісіз өмірді сүріп жатқан Ақши ауылының тұрғындары әкімдіктің табалдырығын тоздырып келе жатқандарына міне 1 жыл толған. Бұған кім жауапты, кім кінәлі? Неге жауап жоқ? деген сұрақтар оларды күнде мазалайды».
Бұл – Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылы. Ауыл әкімдігі былтыр жаз мезгілінде жер телімін бөліп, арнайы құжаттамалар толтырылып, кезегін сарыла күткен халықты қуанышты жаңалықпен қуантқан. Алайда, алған жерімізде жарық пен судың жоқ екенін білмедік дейді тұрғындар.
СЕРІКБЕК ТӘТІБАЙҰЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ «Енді аз күнде мектеп жиылса, бала шағамыз оқыса, осы қараңғы үйде балаларымыз қорқып бір жағдай болса, кім жауапкершілік қылады? Бәріміз жұмыстағы адамбыз».
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ «Бізге су мен тоқты кім береді? Бізге жауап беретіндер бар ма, жоқ па? Аз уақытта балаларымыз сабаққа кіреді. Жауапты аламай отырмыз, бірнеше уақыт болды».
Келісім шарт бойынша 2 жыл 10 ай ішінде бөлінген жерге жер иесі үй салуы қажет. Салынбаған жағдайда жер телімі үкіметке қайта қайтарылады. Сол себепті тұрғындардың басым көпшілігі жерлеріне үй салып, тіпті отбасымен ішіне қоныстанып алған.
ЫРЫСБАЙ МӘМИ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Біз былтыр майда осы жер учаскесін алғанбыз. Үйіміз бітті. Бірақ, свет жоқ. Біз алты айдан асты қиналып жатырмыз. Суды да ақшаға алып жатырмыз. Әкімшіліктен еш жауап болмай жатыр. Күн суып келеді. Бала шағам мектепке барады. Үйдің ішін сылайын десем, оған да су керек».
Көргендеріңіздей әр отбасының жағдайы осы көріністен аспай тұр. Себебі, жарық пен сусыз еш құрылыстың жұмысы бітпек түгілі жүрмейді де. Жыл бойына шыдап келе жатқан жұрт мұңын арқалап, жер бөлген ауыл әкімдігіне де барып көрдік. Алайда, ауыл әкімі еңбек демалысында болғандықтан, сауалдарымызға орынбасары былай деп жауап берді.
ДИНАРА ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ АҚШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ақши ауылында былтыр тоқсан гектар жер учаскесіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін инжинерлік инфроқұрылымдық құрылысы жүргізілген. Жер учаскесінің саны төрт жүз жетпіс. Жер телімі толық таратылды. Қазіргі таңда екі жүз тоқсан жеті шешім берілді, ауыл тұрғындарына 2023 жылы 28 сәуірде 8 трансформатор, электр жүйелері, насос ұрланды. Қазір тергеу жүруде. Нақты сол соттың шешімін күтіп отырмыз».
«Сот шешімін күтіп отырмыз» дегендіктен іске жауапты сот өкілдеріне де бардық. Сот шешімінің қара халықтың қараңғыда отыруына қандай әсері бар? Электр жарығының құрал-саймандарының ұрлығына тұрғындардың қатысы қандай? деген сауалдарымызға жауапты өкілдер былай дейді.
РАЙЫМБЕК РИНАТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ «Қазіргі таңда Ақши ауылдық округінде орын алған бірнеше қылмыстық іс тергелуде. Қазір күдікті тұлға анықталып, оған қатысты бұлтартпас шарасы анықталып, тергеу аяқталу сатысында».
Алайда, ашынған жұрттың ащы даусы ақыр соңында аудан әкімдігіне жетті. Жұрт болып жұмыла кіріскен олар, аудан әкімдігіне бар мәселесін жеткізіп, көмек сұрады.
Жарықтың қасіретін жыл бойына тартып келе жатқан жұрттың жағдайын естіген әкімдік, мәселені шешеміз деп уәде берді.
ҚУАТ ҚАРАБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ТІЛШІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1lCr5E5-T68?si=s4V6M0y9Ig5-0oAK"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 303 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/98UyAZzDKOM?si=MLe65GbD6GdAbun7"
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрген. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.
Оқиға жаз айының басында Мәртөк ауданында болған. Ер адам мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігін өртен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қамауға алды.
ЕРБОЛАТ САРКУЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Тексеріс барысында полиция күдіктіні анықтады. Ол Мәртөк ауданының тұрғыны болып шықты. Ол жеке қарым-қатынас нәтижесінде фураны өртеп жіберген. Оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің тұрған жерін анықтап ұстады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 304 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AaLp9d_IAS4?si=palFiWVVKI60kht2"
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім апелляциялық сотта қайта қаралды. Қорғаушылар мен сотталғандардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, шағым келтірді. Соттың шешімі бойынша бірінші сатыдағы үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ екендігі айтылып, өзгерісіз қалдырылды.
Еске слайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, рейдерлік әрекетке бағытталған, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін 11 жылға сотталған еді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 234 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1pxC-WGCEBk?si=RmtwQXY9NfdiAxEu"
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді. Ол қазір ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатқанын, ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамау керектігін айтты. Министр әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болу керектігін, қазіргі таңда қыздың жағдайына байланысты облыс әкімшілігімен байланыста екенін мәлімдеді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек».
Вице-министр Еділ Оспан жарты жыл жыныстық құлдықта болған қыздың қазіргі жағдайы қалыпты екені, психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
ЕДІЛ ОСПАН ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ол қыз балаға дер кезінде қолдау көрсетілді. Ата-анасымен хабардамыз. Өңірдегі психологиялық қолдау орталығы отбасымен жұмыс істеп жатыр. Өздеріңізбілетіндей отбасының құпиясына байланысты. Терге аяқталғанан кейін, ішкі істер органдары мәселенің мән-жайынан ақпарат береді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 306 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CdjpAYZOizo?si=p9c1gufi2ZIhZaYr"
Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Әл-Фараби әлемі- ең басты ұлттық құндылық» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.Екі күндік іс-шараға фарабитанушы ғалымдар, оқытушы- профессорлар мен студенттер қатысуда. Шараның негізгі мақсаты- Әл-фараби мұраларын жаңғырту, фарабитану саласында жаңа ғылыми-зерттеулерге жол ашу.
АЙНҰР ҚҰРМАНӘЛИЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Әл-Фараби шығармашылығы біздің елімізде 60-70 жылдардан бастап зерттеле бастаған, бірақ қазіргі кезде Тәуелсіздік таңымен келген Әл-Фараби мұрасын зерттеудің басқа қырлары бар деп айта аламыз, себебі қазіргі кезде Әл-Фараби мұрасын тікелей араб тілінен қазақ тіліне аударатын біраз аудармашылар, философтар, филологтар Фарабитанушылардың нағыз ғалымдардың тобы жинақталған.Кәдімгідей мектеп қалыптасты, сондықтан қазіргі кезде Әл-Фараби мұрасына деген жаңаша көзқарас қалыптасып, жаңаша қырынан танитын біраз ғалымдар қалыптасты деп айта аламыз».
Мамандардың айтуынша әл-Фрабидің әлі де зерттелмеген тұстары жетерлік. Мәселен діни-философиялық көзқарастарына байланысты көптеген ізденіс қажет екен. Келешекте фарабитанушылар, айтулы тақырыпқа зер салуды көздеп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 292 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lZzIpFBe8U0?si=xm7NZ8E5os8VaJCY"
Көмірді алып-сатар делдалдармен күрес күшейеді. Бағаны негізсіз өсіріп, қолдан қымбатшылық жасағандар жазаланады. Осы мақсатта арнайы жұмыс картасы әзірленді. Қазірдің өзінде Қазақстандағы үш ірі кәсіпорын көмір бағасын негізсіз қымбаттатқаны анықталған. Оларға қатысты хаттама толтырылып, іс құзіретті органдардың қарауына жіберіліпті. Бүгін Астанада Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Дмитрий Малаховтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына байланысты ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес барысында халыққа отынның маусымдық қымбаттауы мен тапшылығына жол бермеу үшін өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
ДМИТРИЙ МАЛАХОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: «Агенттік мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, салықтық міндеттемелерді орындау және салық төлеуден жалтару мақсатында шығындарды жасанды түрде көбейту бойынша көмір өндіруші кәсіпорындарға тексеру жүргізіп жатыр. Бұған қоса мемлекеттік мекемелердің көмірді қымбат бағамен сатып алып алу фактілері анықталды, ондай құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жұмыс күшейді. Түпкілікті тұтынушы үшін бағаға теріс әсер ететін өнімсіз делдалдармен «сұр» схемалар жалғасуда. Біз бұл бағыттағы жұмысты жыл соңына дейін жалғастыратын боламыз».
МӘДИ ТАКИЕВ ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
«Көмір нарығында көптеген делдалдар бар. Оларды жою мақсатында мониторинг жүргізіліп, негіздер анықталған жағдайда кешенді тексерулер басталатын болады. Көмір саласындағы «алыпсатарлық» схемалардың алдын алу және өнімсіз делдалдарды жою бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келдік. Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік көмірдің жасанды қымбаттауы мен тапшылығын болдырмауға бағытталған нақты іс-шаралар мен орындалу мерзімдері көрсетілген Жол картасына қол қойылды. Енді жұмыс күшейеді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xM5TSSFPpa4?si=tQt6AwnoKEFOvuz8"
Жығылғанға жұдырық.Тасқын судың зардабынан Орал қаласының Бортау ауданындағы Комарово бау-бақша серіктестігінің тұрғындары құжат мәселесі салдарынан үй ала алмай жүр. Не өтемақы, не баспанасы жоқ отбасы жалдамалы пәтер жағалап күнелтуде. Толығырақ келесі бейне материалда.
Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандардың бірі Амангелді Компаковтың отбасы. Ауыздарынан жырып, бар жиған-тергенін баспана тұрғызуға жұмсаған тұрғын әп сәтте барлығынан айырылған. Әкімдіктегілер оның пәтер сұраған өтінішін қанағаттандырмаған. Құжаттың жоқтығынан өтініштің кешіктіріліп берілуі өз кесірін тигізіп отыр.Тұрғын үстіміздегі жылдың ақпан айында жер телімін екіге бөлу туралы өтініш қалдырғанымен, құжат жасау маусым айына дейін жалғасқан.
АМАНГЕЛДІ КОМПАКОВ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕГУШІ:«Жерімізді бөліп алайық деп енді бастағанбыз. Құжаттар толығымен жасалғанша үлгермеді. Қолымызға алып үлгермей үй суға кетіп қалды».
Құжаттың жоқтығынан үйді техникалық бағалау жұмыстары жүргізілмеген. Жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша, жер телімін бөлу рәсімі кезінде ешқандай заң бұзушылық болмаған. Барлық шара өз мерзімі бойынша жасалған.
МИРАС МҰХИТОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта жас отбасы пәтер жалдап тұрып жатыр. Мардымсыз айлыққа күн көріп отырған отбасының тағдыры шарасыз хәлде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 248 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qRqAoiPKkgw?si=wl4FsPpA1sJkPzom"
Жыл басынан бері Петропавл қаласының аумағында 63 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапты. Тілсіз жаудың негізгі себептерінің бірі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.
Жыл басынан бері Петропавлда 60-тан астам өрт тіркелген. Материалдық шығын– 1 млн.700 мыңнан асып жығылады. Төтеншеліктердің айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға төмендеген.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Биыл өртте 6 адам мерт болды. Оның 3-еуі егде жастағы адам. Жыл басынан бері өрттен 7 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырсақ, 2 жағдайға өскен».
Айта кетейік, 63 өрттің 45-і тұрғын үй секторында тұтанған. Бақылаудағы объектілерде 12 өрт болған. Олардың материалдық шығын көлемі -765 мың теңге.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ «Өрттің негізгі шығу себептері- электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Мұндай 26 оқиға болды. 17 жағдай жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу себебінен болса, қалған 4-еуі тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан шыққан».
Жыл сайын өңірде жеке тұрғын үйлердегі өртті болдырмау және оның алдын алу жөнінде іс-шаралар белсенді түрді ұйымдастырылады. Десекте тілсіз жауды елемейтіндер бар.Мамандар жылыту маусымы кезінде ақпарат тарату шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 300 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xAJc_XrPqhY?si=gfVnDEqbVTBnNomh"
Қазақстанда оқу бағдарламалары әр 5 жыл сайын өзгертіліп тұратын болды. Бұл өз кезегінде балаларды технологиялардағы, цифрландырудағы басқа да әлемдік өзгерістерге икемдеу үшін қажет. Бұл туралы бүгін «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында Астанада өткен республикалық тамыз конференциясында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Бүгінде Ыбырай Алтынсарин атындағы академия ұжымы жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеп те қойыпты. Жаңа бағдарлама екі жыл бойы жасалынған. Онда басымдық цифрландыру мен ақпараттандыру және айти мен робототехникаға екпін беріледі. Алайда, ол жүйе бірден енгізілмейді. Кезең-кезең бойынша жүреді. Алғашқы кезең 2025-2026 оқу жылынан басталады. Жаңа бағдарламаға ұстаздар мен мектептер біртіндеп дайындала беруі керек. Сонымен қатар педагогтерді дайындайтын жоғарғы оқу орындары мен колледж бағдарламалары да қайта қаралатын болады. Айтпақшы, мұғалімдерді аттестаттауға қатысты да, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге де қатысты бірқатар жаңашылдықтар бар.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Мұғалімдердің кәсіби өсуі - негізгі мәселелердің қатарында. Сондықтан аттестаттау ережелері де қайта қаралды. Талаптарға сай ол ережелер әлі де өзгереді. Қазір қолданыста 2 жүйе қатар пайдаланылып жүр. Оны өздеріңіз білесіздер. 2025 жылдан бастап 2018 жылы басталған жүйе толығымен іске қосылады. Келесі жылдан мұғалімдердің сатылап кәсіби өсуін ынталандыратын 2018 жылдан бастау алған жүйе толығымен іске қосылады. Қазіргі таңда мұғалімдердің 80% сол жүйемен аттестатталып, санатын жоғарылатып еңбекақысын көбейтті. Ендігі кезекте бұл жүйені денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау салаларында еңбек етіп жүрген педагогтерге де оны енгізу қажет».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EGSpNeUxTbk?si=-D_GVD0P9ZfgiOgq"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vvNXipcugXc?si=zeTDKy9GgLhjNGw8"
Орталық Азияда алдағы 10 жылда энергетикалық коллапс болуы мүмкін. Сондықтан, атом электр станциясы Қазақстанға ауадай қажет. Тұрақты әрі үздіксіз энергия қуатын қаласақ, онда тездетіп Атом электр станциясын салуымыз керек. Қоғамда көтеріліп жатқан ауқымды тақырыптың мән жайын әріптесім бақылап көрді.
Бүгін Астанада АЭС-ке қатысты қоғамдық пікірталастар циклін жабатын соңғы жария талқылау өтті. Жиынға келген халықтың қарасы көп. Алматымен салыстырғанда бас шаһардағы жиын әлдеқайда тыныш өтті. Бірақ, қолдаушылармен қатар қарсы тарап та табылды. Олар қауіпсіздік мәселесін көтеріп, келер ұрпақтың болашағын ойласақ атомға жоламау керек деді. Дегенмен, көпшілік қолдайтындарын айтуда. Тіпті жастар жағы жаңа мақал шығарып келген. «Ат-ер қанаты, Атом- ел қанаты», «АЭС – болашақ қуаты» деген тіркестер жазылған плакаттарды жиынның басынан соңына дейін екі сағаттан астам уақыт бойы тапжылмастан ұстап тұрды. Осылайша, олар жастардың АЭС-ке қатысты көзқарасын білдірмек ниетте болған сыңайлы. Жария талқылау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрағын қоя алды. Қарсы тарап жауапты мамандарды дебатқа шақырып еді, егер білікті ғалымдар болса, сарапшылар пікір таласқа дайынбыз деп отыр.
АСУАН СИЯБЕКОВ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: «Осы жобаны қолдайтын тараптың басым екенін айтып кеткен жөн. Себебі, энергетикалық тұрақтылық, экономикалық тұрақтылық баршамызға керек. Егерде осындай үлкен генерациялық жабдықтарды дамытпайтын болсақ, онда өнеркәсіп дамуы тежеледі. Қазіргі кезде ұсынылып отырған генерациялық жабдықтардың бірі ол атом электр станциясы».
Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси аспект екенін айтқан болатын. Алайда, бұл мәселенің соңғы нүктесін халық қояды. Биыл күзде референдум өтеді деп жоспарланып отыр. Референдумның нақты қай күні болатыны әзірге белгісіз.
Тағы басқа мақалалар...
55 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.