"1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге", - дейді министрлік.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жұмысшылар саны ең көп сала қандай екені белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%) болса;2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%).
-
сауда – 17%
-
білім беру – 13,2%
-
өнеркәсіп – 12,5%
-
ауыл шаруашылығы – 10,3%
-
көлік және қойма – 7,2%
-
құрылыс – 6,8%
-
денсаулық сақтау – 6,6%
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамынша, -37 градус аяз жүрмек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болып, тұман басады. Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады.
Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді.
23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыдағы Көк Төбе телемұнарасында референдумға дейінгі күндердің кері санағы іске қосылды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Телемұнарада орнатылған арнайы таймер маңызды оқиғаға дейін қанша уақыт қалғанын айқын көрсетіп тұр.
Кешкі және түнгі уақытта мұнарада жарқын тақырыптық жарық шамдары қосылады: мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, референдум өтетін күн — 15 наурыз, сондай-ақ қалған күндер саны бейнеленген.
Әсем жарық безендіруін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары жоғары бағалап, оны алдағы дауыс беру күнін еске салатын ерекше көрініс ретінде атап өтті.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды. Бүгінде Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер бар екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елімізде отандық өндірістің кеңеюі есебінен автокөлік бағасының төмендеуі күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
"Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық зауыттар жыл сайын шығарылатын маркалар қатарын көбейтеді. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын, бағалар міндетті түрде төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автокөлік өндірісінің артуы қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де әсер етеді", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айындағы статистика автокөлік бағасының 105%-ға өскенін көрсеткен. Ал Қазақстанда өндірілген көліктер бойынша өсім 101% деңгейінде болған.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматы мен облыста биылғы көктем бірқалыпты жылы болады. Маусымның бірінші жартысында біресе жылы, біресе салқындау болып, жауын-шашынның мөлшері едәуір артады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
«Қазгидромет» РМК Алматы мен Алматы облысындағы бөлімшесінің метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаев алдағы уақытқа осындай болжам ұсынды. Оның айтуынша, күн райы өтпелі маусымға тән сипатта болады. Наурыз айында өңір бойынша орташа ауа температурасы климаттық нормаға жуық, Алматы облысының солтүстік-батысында бір градусқа жоғары болады деп болжанып отыр. Сәуірде облыс аумағының басым бөлігінде температура нормадан бір градусқа жоғары болып, тау бөктері мен таулы аудандарда қалыпты шекте сақталады. Мамыр айында температуралық фон тұрақтанып, бүкіл облыс бойынша климаттық нормаға сәйкес болады.
"Көктемде жылда күн осылай құбылып тұрады. Биыл да солай болады. Күн жылып, қайта салқындап тұрады. Алайда аса бір күн қатты суып, қатты ысып кететіндей жағдай бола қоймайды. Бұл көктемге тән қалыпты жағдай, оған қалалық қызметтер жақсы дайындалған", – деді Дәулет Кісебаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындыққа арналған баспасөз конференциясында.
Ол Алматы бойынша жеке болжам да ұсынды. Наурыз айында температура айтарлықтай ауытқуы мүмкін: айдың бірінші онкүндігінде түнгі температура −5…−10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал, екінші онкүндікте күндіз +23 градусқа дейін жылынады, ай соңында аз уақытқа салқындауы мүмкін. Сәуір мен мамырда орташа ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Наурыз бен сәуір айында Алматыда жауын-шашынның мөлшері әдеттегіден көп болады деген болжам бар. Наурызда климаттық норма 72 мм болса, әсіресе айдың бірінші және үшінші онкүндігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жиі жауады. Сәуірде норма 112 мм болғанымен, жауын-шашын мөлшері көп болуы ықтимал. Мамырда жауын-шашын көлемі орташа көпжылдық көрсеткіштерге сәйкес, шамамен 99 мм деңгейінде болады.
"Сәуір мен мамыр Алматыда ең жаңбырлы ай саналады. Бұл уақытта жауын-шашынның көбеюі бір төтенше жағдай емес, өңірдің климаттық ерекшелігі сондай өзі. Біз болжамды кеңес беру сипатында жасап, жаңа деректерге қарай оны нақтылап отырамыз үнемі", - деді Дәулет Кісебаев.
Синоптиктердің бағалауынша, биылғы көктем Алматыда және Алматы облысында әдеттегідей қалыпты өтпек.
Тағы басқа мақалалар...
3 ішінен 87 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.