"Күту аймағы - көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы аймақ. Мұнда өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті негізге алынады. Өткізу пунктіне тікелей жақын орналасқан арнайы жабдықталған алаң", - деп түсіндірді ведомство.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қыркүйекте Ғылым ордасында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мен Мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Иран кино және өнері түні» мәдени іс-шарасы өтті.
Шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов, Иранның Алматыдағы Бас консулы Суна Ахмади, Иран мәдени орталығының басшысы Хоссейн Ағазаде, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ұлттық кітапхананың, Орталық музейдің, «Қазақфильм» киностудиясының, Дипломатиялық клубтың, Философия институтының өкілдері, студенттер мен ұстаздар қатысты.
Кеш барысында ирандық режиссердің «Ағаш құшағында» фильмі көрсетіліп, қонақтар иран қолөнерінің бірегей туындыларымен танысты. Сондай-ақ Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
«Ағаш құшағында» (Dar Aghooshe Derakht) — отбасы, махаббат пен адам рухының төзімділігін шынайы бейнелейтін драма. Фильм Кимия мен Фаридтің он екі жылдық некесінің қиын кезеңін және олардың шешімінің екі баланың өміріне әсерін көрсетеді. Туынды отбасылық құндылықтардың нәзіктігі мен беріктігін ашып, көрерменге отбасы бірлігінің маңызы мен жауапкершіліктің мәнін ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Фильм Иран тарапынан 97-ші «Оскар» сыйлығына ұсынылып, халықаралық деңгейде мойындалды. Сондай-ақ Мәскеуде өткен «В кругу семьи» фестивалінде «Үздік фильм» және «Үздік әйел рөлі» марапаттарын жеңіп алды. Бұл драма отбасы құндылығын жоғары бағалайтын қазақстандық көрермен үшін де ерекше әсерлі әрі мағыналы болды.
Іс-шара Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, өнер арқылы халықтар арасындағы рухани байланысты арттыруға ықпал етті.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 543,1 млрд теңге болып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты – 7 320,3 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 63,4%. Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5%.
Инвестиция өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында (49,3%), Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалды.
Қаражаттың басым бөлігі ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталды – 68,3%. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.
Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
«Қайрат» — «Реал Мадрид» билеттерінің ресми сатылымын жүргізген Ticketon жанкүйерлердің шағымына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ticketon коммуникациялар директоры Азамат Атагелдінің айтуынша, олар билеттердің әділ әрі ашық сатылуын барынша қамтамасыз етуге тырысты.
"Сатылымның шарықтау сәтінде платформада бір мезетте 1 миллионнан астам қолданушы болды. Ал стадионның сыйымдылығы — небәрі 20 мың орын. Бәріне орынның жетпейтіні анық. Әділетті өткізу үшін бар күшімізді салдық. Билет сату барысында әр ЖСН-ға бір ғана билет, бір қолға екіден артық емес деген шектеу қойылды. Бұл шектеу нағыз шынайы жанкүйерді қорғау мақсатында енгізілген еді. Алыпсатарлыққа жол берілмеді", — деді ол.
Сондай-ақ ол жанкүйерлер тарапынан «кезек қатып қалды» немесе «жүйе қайта жүктелді» деген шағымдарға жауап берді.
"Сатылым сағат 17:00–де қатаң тәртіппен басталды. Жүйе қалыпты жұмыс істеді. Ал ертерек кірген қолданушылардың сессиясы автоматты түрде жаңарып отырды. Бұл ретсіз ажиотаждың алдын алу үшін енгізілген техникалық шара. Билеттердің сатылымы жөнінде ақпарат біздің және «Қайрат» ФК ресми арналарында алдын ала жарияланған", — деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ Ticketon өкілі жанкүйерлерді абай болуға, күмәнді сайттарға, "қолдан-қолға" сатылады деген ұсыныстарға сенбеуге шақырды. Айтуынша, ақшадан айырылып, стадионға кіре алмай қалу қаупі бар.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанның мемлекеттік борышы биыл 37,8 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Ұлттық экономика министрілігі Қазақстанның 2026-2028 жылдардағы даму болжамын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"2026–2028 жылдар аралығында әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ инфляциялық қысымды тежеу қажеттілігімен байланысты мемлекеттік борыштық міндеттемелердің біртіндеп өсуі болжанады. Сонымен қатар, бюджеттік реттеу және салық саясаты саласындағы реформалар қарыздың ұлғаю қарқынын бақылауға мүмкіндік береді, оның серпінін рұқсат етілген макроэкономикалық бағдарлар шегінде сақтайды", — деп жазылған болжамда.
Құжатта 2026-2028 жылдарға арналған үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы органдардың борышынан тұратын мемлекеттік борыш параметрлері былай болатыны болжанған:
— 2026 жылы 46 трлн 477 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25,3%;
— 2027 жылы 52 трлн 520 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25,5%;
— 2028 жылы 57 трлн 515 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25%.
Оның ішінде Үкіметтік борыш 2028 жылы 44 трлн 956 млрд теңге, жергілікті әкімдіктердің борышы 12 трлн 559 млрд теңге, квазимемлекеттік сектор борышы 47 трлн 108 млрд теңге болатыны айтылған.
Ал елдің жалпы ішкі өнімі 2025 жылы 161 трлн 860,5 млрд теңге, 2026 жылы 183 трлн 788,2 млрд теңге, 2027 жылы 206 трлн 62,3 млрд теңге, 2028 жылы 229 трлн 797,7 млрд теңге болатыны айтылған. Болжамда Brent маркалы мұнайдың бағасы 2026-28 жылдары барреліне 60 доллар болады деген есеп алынған.
Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Қазақстанның мемлекеттік борышы былтыр 31,8 трлн теңге көлемінде болса, биыл 37,8 трлн теңгеге жетуі мүмкін.
Тағы басқа мақалалар...
10 ішінен 83 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.