"10 044 673 - дәл осынша ер азамат Отан қорғаушылар күніне орай құттықтаулар қабылдайтын болады", - деп жазылған хабарламада.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда некеге тұратындар саны 22%-ке азайған. Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп, ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде некеге тұрғандар саны азайып кеткен. Ұлттық статистика бюросы дерегіне сүйенсек, 2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылы тіркелген некелер саны 148,8 мыңнан 116 мыңға дейін төмендеді. Осылайша он жыл ішінде некелер саны шамамен 22%-ке азайған.
"Сәйкесінше, некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2015 жылы 1000 адамға 8,48 неке тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,69 болды", - дейді бюрода.
Некеге тұру не үшін азайды
"Сонымен қатар қазақстандықтардың некеге кеш тұратын болды. Соңғы 10 жылда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27, ал әйелдерде 25 жастан асып барып тұратын болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда 2026 жылдың I тоқсанындағы орташа айлық жалақы 461 486 теңге болды. 2025 жылдың тиісті тоқсанға қарағанда 9,1%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегінше, атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,1% болса, нақты мәнде 97,7% болды. Ал 2026 жылдың I тоқсанындағы медианалық жалақы көлемі 331 527 теңгеге жетті.
Статистикаға сәйкес, 2025 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында тіркелген – 20,3%. Сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1%, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау және өңдеу, ластануды жою қызметтерінде – 16,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында – 14,7%, көлік және қоймалау саласында – 12,9%, өнеркәсіпте – 11,6% өсім байқалды.
Ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында орташа айлық жалақы 7,0%-ға, білім беру саласында 4,2%-ға артқан.
Өңірлер арасында 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында – 12,2%, Алматы облысында 10,9% және Алматы қаласында 10,7% деңгейінде тіркелді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда қанша ер адам тұрады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздегі ең көп ұлт тізіміне кімдер кіреді. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады. Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда қазақтардан кейін 3 миллионға жуық санмен орыстар көш басында тұр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адам болды.
Жыл басында елдегі ең көп санды құраған ұлттар қайсы болды? Тізім мынадай:
1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзірбайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрдтер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459
Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Ел тұрғындары қандай азық-түліктерді көп тұтынатыны жарияланды. Мұндай дерекпен Ұлттық статистика бюросы бөлісті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептелген.
"2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен", - деп жазылған хабарламада.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы ысиды. Казгидромет болжамынша, тіпті ауа температурасы +34 градусқа дейін көтерілмек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Десе де, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман болады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста +15...+20°С дейін,
солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
солтүстікте +21...+26°С дейін,
орталықта +21...+30°С дейін,
шығыста +19...+27°С дейін,
оңтүстікте +25...+34°С дейін,
оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.
Тағы басқа мақалалар...
4 ішінен 92 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.