ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"Бұл ретте рақымшылық заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, қандастарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Сонымен қатар рақымшылық сот тағайындаған әкімшілік жазаларға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды",- дейді салықшылар.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық әлі біраз күн бойына сақталады. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, қолайсыз метеорологиялық құбылыстар туралы ескертті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Алматы, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігінде күндіз ауа температурасы +40 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жағдай күрделі болуы ықтимал.
Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк автомобильдері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мото көлік және 0,8% – өзге көлік құралдары", - деп жазылған хабарламада.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда автонесиеге сұраныс төмендеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, биыл банктерге 1,2 миллион өтінім түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға аз, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, көлікке берілетін несие санының азаюына елдегі қатал ақша-несие саясаты, тәуекелдерді алдын алу шаралары әсер еткен.
"Жаңадан берілген автонесиелердің жалпы көлемі 17,7%-ға қысқарып, 397,7 миллиард теңге болды. Бұл ретте жалпы несие алу көрсеткіші де азайғанымен (нарық тек 4,4%-ға кеміді), адамдар автонесиеден көбірек бас тарта бастаған. Бұл автонесие сегментінің өзге несие бағыттарына қарағанда тезірек төмендеп жатқанын көрсетеді", - делінген қаржыгерлер сараптамасында.
Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің халыққа берген жалпы несиелері ішінде автонесиенің үлесі де азайды: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 11,3% болса, қазір 9,7%-ға төмендеген. Сарапшылардың пікірінше, нарықтың динамикасына несие бағасының өзгеруі қатты әсер еткен. Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы, сондай-ақ автосалондардың жеңілдіктері азаюы салдарынан автонесиенің орташа мөлшерлемесі өткен жылғы 14,8%-дан биыл 24,3%-ға дейін күрт өскен.
Несие беру көлемінің азайғанына қарамастан, автонесиенің жалпы портфелі бірқалыпты өсімді сақтап, 4,1 триллион теңгеге жетті (+1,8%).
Бұл ретте нарық біртіндеп қымбат автокөліктер мен ірі несиелер тарапына ойысып келеді. Мәселен, сомасы 10 миллион теңгеден асатын қарыздардың үлесі өткен жылғы 32,3%-дан биыл 37,1%-ға дейін өскен. Бұл автокөлік бағасының қымбаттауын ғана емес, тұтынушылардың таңдауы да өзгергенін білдіреді.
"Қазір белсенділіктің төмендегеніне қарамастан нарықтың негізгі көрсеткіштері орнықты. Автонесие қоржыны бірқалыпты өсіп, 4,1 триллион теңгеге жетті", — деп толықтырды қаржыгерлер.
Автонесие портфеліндп уақытылы төленбей, мерзімі өткен берешектің деңгейі - 2,9%. Бұл жеке тұлғаларға берілетін несиелердің нарықтағы орташа көрсеткішінен (4,4%) айтарлықтай төмен. Мұндай тұрақтылық көліктің банкте кепілде тұруына және қарыз алушыларды іріктеу талаптарының қаталдығына байланысты қамтамасыз етілген.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстандықтардың кредит жүктемесі өсіп жатыр. Бұл жөнінде үкіметтегі брифингте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, вице-министр қарыз ауыртпалығын азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту үкіметтің басымды бағыттағы жұмыстары екенін айтқан.
"Мен халықтың қарыз ауыртпалығы және тұтынушылық несиелердің өсуі мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Тұтынушылық несиелер оның үштен екі бөлігінен астамын құрайды, бұл 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр", - деді вице-министр.
"Бұл сомаға жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер кірмейді, келесі төлемге есептелген пайыздар ескеріледі және есептен шығарылған қарыздар кірмейді. Осы күнге тұтынушылық несие портфелі 39,4 миллион несиемен 8,95 миллион қарыз алушыдан тұрды. Орташа есеппен бір қарыз алушыға 4,4 несиеден келді", - деді Әмрин.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда емделген шетелдіктердің санын жариялады. Спутниктің жазуынша, өткен жылы еліміз шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазақстанның басты артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленуде", - деп атап өтті Мырзабосынов.
Тағы басқа мақалалар...
2 ішінен 92 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.