ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2025 жылғы 17 қыркүйекте Ғылым ордасында «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» атты ғылыми семинар өтті.
Іс-шараға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, музей меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Зоология институтының өкілдері қатысты.
Семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің IRN BR28713619 «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі – PhD, этнограф Бейсеғұлова Айнұр Қыдырғалқызы.
Іс-шара барысында биология және зоология саласында жиі қолданылатын терминдердің қазақ тіліндегі баламалары талқыланып, Табиғат музейі мен Археология музейінің қалыптасу тарихы, сондай-ақ ғылыми зертхана негізінде оқу-өндірістік практика ұйымдастыру тәжірибесі сөз болды. Бұдан бөлек, археографиялық коллекциялардың қалыптасу ерекшеліктері, Табиғат музейінің жәдігерлері, археологиялық және археографиялық қорларды қалпына келтіру мен жаңғырту мәселелері қарастырылды.
«Қазақ ғылымының қара шаңырағы саналатын Ғылым ордасы бүгінде ғылыми институт ретінде қалыптасып келеді. Бұл жоба – музейлеріміздің ғылыми әлеуетін арттыруға, қор жинақтарын жүйелі зерттеп, жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Біз халықаралық деңгейдегі озық тәжірибе мен заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, музей қызметін дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастырамыз», – деді Ұлар Мұқажанов.
Семинар аясында палеонтологиялық, археологиялық және археографиялық жинақтардың көрмесі мен шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар коллекцияларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми каталог жасау бойынша тәжірибе алмасты.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде соңғы 5 жылда ажырасу жағдайы 16 пайызға төмендепті. Бұл туралы мәдіметті Қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр мәліметінше, соңғы бес жылда ажырасу шамамен 16%-ке төмендеді. 2020 жылы – 48,2 мың болса, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін төмендеген.
"Елімізде отбасы институтының нығайып келе жатқаны қуантады. Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды", - дейді министр.
- 2019 жылдан бастап Жоғарғы Сотпен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарда "Бақытты отбасы" жобасы жүзеге асырылып келеді;
- Неке құрғалы жатқан жұптарға арналған қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталған оқыту бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді;
- Ата-ана жауапкершілігін арттырып, бала тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыруды мақсат еткен "Ата-аналар академиясы" жобасы жұмыс істейді.
- Азаматтарды қолдауға отбасы қолдау орталықтары да елеулі үлес қосып отыр. Елімізде 131 орталық жұмыс істейді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
"Арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша және жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша электросамокаттарды уақытша тоқтату қажет. Тек осылай біз қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз", - дейді Құсайынов.
"Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді. Мен өзім қаланы жаяу аралағанды ұнатамын, бірақ көбінесе артыманан жүйткіп өткен самокаттар қарапайым серуенді қауіпті жағдайға айналдырады", - деді депутат.
Тағы басқа мақалалар...
14 ішінен 85 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.