ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Талғарда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс тергелуде. Бүгін аудандық әкімдіктің бірқатар лауазымды қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Талғардағы жағдай қоғам назарынан таса бола қойған жоқ. Бүгін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық және Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар, Талғар ауданының әкімі мен орынбасарына сөгіс берілді.
Ал ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың ісі бойынша 10 адам күдікке ілінгенін хабарлады.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Марқұмның туыстары әділ сот сұрап, бірнеше рет ереуілге шықты.
Көп ұзамай марқұм жасөспірімнің үйі өртенді. Бұл оқиға халықтың ашу-ызасын тудырды.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі орташа айлықты түгелдей жанармай сатып алуға жұмсаса қанша литр келеді? Бұл сұраққа Energyprom.kz сараптамалық сайты жауап іздеп көрген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ондағы дерекке сүйенсек, биыл қаңтар-тамыздың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,5 млн тонна бензин өндіріліпті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ке артық.
Өндірістің басым бөлігі Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарына тиесілі. Бұл өңірлерде мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Қазақстанда АИ-98 маркалы бензин бір жылда 13,1%, АИ-95/АИ — 96-5% қымбаттаса, ал АИ-92 бензинінің бағасы өзгермеген.
Бензин бағасы көп қымбаттаған аймақ – Батыс Қазақстан облысы (2,8%). Жалпы бензин бағасы 20 облыстың 14-нде қымбаттаған. Numbeo деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақыға 1,2 мың литр бензин сатып алуға болады екен. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемдегі 97 елдің арасында 32-ші орынға ие болды.
Айта кетері: Қазақстан ТМД-ның басқа елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Мысалы, көрші Ресейде бір жалақыға 953 литр бензин, Әзербайжанда — 702,9 литр, Беларусьта — 696,4 литр, Өзбекстанда — 442,2 литр, Молдовада — 434,2 литр, Арменияда — 433,4 литр, Украинада — 301 литр сатып алуға болады.
ТМД елдерінің ішіндегі ең қымбат бензин — Молдова мен Арменияда – 1,4 доллар, Украинада 1,3 доллар, ал Өзбекстан 1 доллар тұрады.
Бензин Беларусьте 0,7 долларға, Әзербайжан және Ресейде 0,6 долларға сатылады. Ал Қазақстанда бір литр бензиннің құны 0,5 доллар тұрады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде АЭС салу бойынша өткен републикалық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Ондағы деректе құрылысты қолдағандар қатары 70 пайыздан асып жығылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Таңғы сағат 8:00 жағдай бойынша барлық жерде дауыс санау аяқталды. Осылайша орталық референдум комиссиясы АЭС салу бойынша өткен республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Соңғы мәліметке сәйкес, кешегі референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың (12 284 487 адам) 63,66 проценті (7 820 204 адам) дауыс берген.
Референдумның алдын ала нәтижесі мынадай:
- Қолдағандар – 71,12 процент (5 561 937 адам);
- Қарсы дауыс бергендер – процент 26,15 (2 045 271 адам);
- Жарамсыз және есепге алынбаған дауыстар – 2,73 процент ( 212 991 бюллетень)
"Жауаптың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдердің саны - 82 724, белгіленген үлгідегі дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 130 267 дананы құрады", - дейді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны биыл рекордтық көрсеткішке жеткен. 2024 жылдың басындағы мәлімет бойынша балалар үйінде 21,4 мың бала бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Finprom.kz сараптамалық сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда өткен жылы 12 айда балалар үйіне түскен балалар саны 8,5%-ке өскен. 2023 жылы балалар үйіне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық сәби жіберілді. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Бұл - бөбектер үйіндегі балалар саны, мұнда 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады. Шекті жас басталғаннан кейін балалар басқа мекемелерге — балалар үйлеріне, интернаттарға немесе арнайы медициналық мекемелерге ауыстырылады.
Жыл соңында балалардың саны шамалы өзгереді. Ұлттық статистика бюросының "Талдау " ақпараттық-талдау жүйесінің деректеріне сүйенсек, 2022 жылы осындай 701 бала, өткен жылы — 711 бала болған. Жалпы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық жастағы кішкентай қазақстандықтардың саны соңғы бірнеше жылда 11,8%-ке қысқарды.
2024 жылдың басында білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша елде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар, ал 2019 жылы олардың саны 24,2 мың болған.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда халықтың 100 жастан асқаны көп пе, аз ба? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дәл осы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ведомства дерегіне сүйенсек, елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады екен. Ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Жалпы ең көп өмір сүретіндер бойынша еліміздің оңтүстік өңірі көш бастап тұр. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша елімізде екінші орында тұрған ірі қала – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қай сала мамандары жоғары жалақы алады? Ұлттық статистика бюросы осы мәліметті жариялап жіберді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, бір жыл ішінде орташа жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс саласында тіркелген — 40,1%. Бұл 715 244 теңге. Жалпы Қазақстанда орташа жалақы өсімі өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 14,4%-ды құрап, орташа жалақы 383 365 теңгеге жетті.
Жалақы 40 пайызға өскеніне қарамастан, ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері жалақы деңгейі бойынша үшінші орында.
Бірінші орында қаржы және сақтандыру қызметі (800 690 теңге) және тау-кен өнеркәсібі (757 956 теңге) жұмысшылары.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының қызметкерлері ең төмен жалақы – 235 153 теңге, сондай-ақ орналастыру және тамақтандыру саласының қызметкерлері — 239 181 теңге алады.
Экономикалық белсенділік тұрғысынан орташа жалақы және оның бір жылдық өсімі:
- Қаржы және сақтандыру қызметі — 800 690 (+40,1%)
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 757 956 (+24,7%)
- Ақпарат және байланыс — 715 244 (+24,6%)
- Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 492 349 (+23,6%)
- Өнеркәсіп — 474 764 (+23,3%)
- Көлік және қоймалау — 456 855 (+22,1%)
- Өңдеу өнеркәсібі — 394 157 (+20,9%)
- Құрылыс — 391 769 (+20,1%)
- Электр, газ, бу, ыстық су және ауаны баптаумен қамтамасыз ету — 375 901 (+17,4%)
- Білім саласы– 346 635 (+15,5%)
- Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу — 342 367 (+15,1%)
- Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру — 316 644 (+14,1%)
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер — 315 034 (+13,5%)
- Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету қызметі — 295 998 (+13,2%)
- Басқа қызмет түрлерін көрсету — 290 465 (+12,0%)
- Жылжымайтын мүлік операциялары — 266 971 (+7,2%)
- Өнер, ойын-сауық және демалыс — 256 419 (+6,5%)
- Сумен қамтамасыз ету; қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, ластануды жою — 246 181 (+5,6%)
- Тұрғын үй және тамақтандыру қызметтерімен қамтамасыз ету — 239 181 (+5,2%)
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 235 153 (+3,3%)
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Numbeo рейтингінде орташа айлық жалақысы 582 АҚШ доллары — шамамен 279 мың теңгені құрайтын жалақы рейтингісінде 67-орынды иеленген болатын.
Тағы басқа мақалалар...
11 ішінен 67 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.