"Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырады. Балалардың интернетке қолжетімділігін реттеп, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған", - дейді министрлікте.
ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде несие беру қарқыны төмендеген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше халыққа берілетін кредиттер 2025 жылы 19,8%-ға 24,8 трлн теңгеге дейін өсіп (2025 жылғы желтоқсанда — 0,8%-ға өсу), 2024 жылғы 23,9%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Халыққа берілген кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2025 жылы 14,6%-ға 6,9 трлн теңгеге дейін, тұтынушылық кредиттер 21,0%-ға 16,7 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсу) өсіп, 2024 жылғы 33,5%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеді, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсуі 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін баяулады. Қабылданған тежеуші шаралардың нәтижесінде жаңа кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің өсу қарқыны 2024 жылғы 22,6%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ға дейін бәсеңдеді", — делінген хабарламада.
Бұл ретте тұтынушылық кредит беруді ұлғайтуға елеулі үлес автокредиттерге берілген кредит олар 2025 жылы 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.
2025 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютадағы кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,4% (2024 жылғы желтоқсанда — 19,7%), халыққа — 18,3% (2024 жылғы желтоқсанда — 17,0%).
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Әлем мемлекеттірінің ішінде қыс мезгілінде ең көп қар жауатын қалалар жетерлік. Олардың ішінде жауған ақ ұлпаның биіктігі 8 метрге дейін жететін өңірлер де бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мұндай ақпаратты Спутник жазды. Онда АҚШ, Қытай, Ресей, Канада сынды мемлекеттер бар. Ал ең көп қар түсетін қала Жапония мемлекетінде орналасқан.
Аомори деп аталатын қала Жапония мемлекетіндегі Хонсю аралының солтүстік жағалауында орналасқан. Аоморидегі қар үйінділерінің биіктігі 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарашадан сәуірге дейін қар жауады, бұл уақытта жолдар қарлы лабиринттерге айналады.
Қар көп жауатын қалалар тізіміне Канададағы Сагеней қаласы да кіреді. Бұл салыстырмалы түрде Канаданың жас қаласы болғанымен, планетадағы ең қарлы аймақтардың бірі ретінде танымал. 147 мың халқы бар бұл қалаға жыл сайын 3 метр қар жауады. Қар толассыз жауатын күндер 92-ге жетеді.
Сонымен қатар, Жапонияның Саппоро, Тояма қалаларына да қыс мезгілінде 5 метр биіктікке дейін қар жауатын жағдайлар тіркеледі.
Жалпы, әлемдегі ең көп қар жауатын қалалар тізбегіне Канададағы Сент-Джонс, АҚШ-тың Буффало, Қытайдағы Муданьцзян, Ресейдегі Петропавловск-Камчатский қалаларын да жатқызуға болады. Мұнда қыс мезгілінде жауған қар биіктіге 3,5 метрге дейін жетеді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі темір жол тасымалында зейнеткерлер мен жастарға жақсы жеңілдік жасалмақ. Мұндай мәліметті ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты. Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойызында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті.
Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.
Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.
Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.
Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі.
Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды. Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады:
• 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;
• 2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы;
• маусым–тамыз айлары.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.
2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова басшылық етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның орынбасарлары болып белгіленді.
"Комиссияның құрылуын секторлық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өтудің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Оның алдында ерекше миссия тұр. Ол – Ата Заңда бір жағынан конституциялық құрылыстың негізгі принциптерін сақтау, екінші жағынан қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты көзқарасты білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету", – деп атап өтті алғашқы отырыста Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова.
Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты.
Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.
Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда.
Толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1152063?lang=kk
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Технология кезең-кезеңімен жүзеге асады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологиялары кезең-кезеңімен енгізіледі. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет бақ сынаған қазақстандық «Қайрат» командасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алды. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) келді.
Еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
Тағы басқа мақалалар...
5 ішінен 87 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.