
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 620 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UOk9AztZiso?si=pAaEVB0boEz0H1_m"
Чилидің ормандарында басталған өрт енді, Винья-дель-Мар және Вальпараисо теңіз жағалауындағы қалаларға да жетті. Жалпы алғанда, миллионға жуық адамға қауіп төніп тұр.
Тілсіз жаудың тәлкегінен бірнеше күннің ішінде 112 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды. Көптеген қарт адамның үйлерін өрт жалмады. Сондай-ақ, өртке оранған қаладан қашпақ болған тұрғындар көліктерімен шықпақ болып, өрт қақпанына түсіп қалған. Биліктегілер құрбандар саны артады деп отыр. Елде екі күндік қаралы күн жарияланды. Өрт салдарынан мыңдаған үй жанып кетті. Вина-дель-Мар қаласындағы ерлі-зайыптылар Серхио мен Мария 30 жыл бойы жеке үйі мен шеберханаларында өмір сүріп келген. Енді шаңырақтарының орнында тек қоқыс пен бұралған металл қалдықтары тұр.
СЕРХИО ЭСПЕХО ВИНА-ДЕЛЬ-МАР ТҰРҒЫНЫ:«Бұл менің ыстық шеберханам. Енді біз ештеңесіз қалдық. Қасықтап жинағанның бәрі қас қағым сәтте жоқ болды».
Кейбіреулер апаттың өртке ұқсамайтынын, ол керсінше ядролық жарылысқа көбірек ұқсайтынын айтады.
ХУАН КОНТРЕРАС ВИНА-ДЕЛЬ-МАР ТҰРҒЫНЫ: "Бұл менің ас үйім. Бұл жерде кір жуғыш машина болған. Ал, мынау жуынатын бөлме, мұнда душ пен дәретхана болды. Мына жақта жатын бөлме болды, сонымен қоса тағы басқа жатын бөлме мен қонақ бөлме, асхана бар болатын".
Жексенбі күнінің өзінде 30-дан астам өрт шықты. Чили Президенті бұл жағдайға бей-жай қарамай, өртпен күресу және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосымша күштермен төтенше жағдай жариялады. Құтқарушылардан бөлек, 1300 әскери қызметкер жұмылдырылған. Апатты аймақтарда коменданттық сағат жарияланды.
ГАБРИЭЛЬ БОРИЧ ЧИЛИ ПРЕЗИДЕНТІ:«Өрт тез таралуда. Ыстық ауа-райы жұмысқа кедергі туғызып тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 30 шақырым, екпіні 60-қа дейін жетеді. Қазір ылғалдылық та төмен. Егер сіз эвакуация туралы нұсқаулары бар хабарлама келсе, бұл эвакуациялау керек дегенді білдіреді».
Бұл апат Чилидегі жер сілкінісі мен цунами салдарынан 800 адамның өмірін қиып, 1200 адам із-түзсіз жоғалып кеткен 2010 жылдан бергі ең қанды оқиға болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 670 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/iQ1gZVYf9TA?si=jCFljzALTvfrK0Dq"
Көпқабатты үйлердің шатырларындағы қар еріп, мұз сүңгілер пайда болды. Мұндай көрініс бірден үрей тудыратыны түсінікті. Биыл Петропавлда төбеден мұз құлау фактілері тіркелген жоқ. Бұндай жағдайларды алдағы уақытта да болдырмау үшін дер кезінде әрекет ету керек.
Жоғарыдан құлаған мұз биіктіктен құлаған тастан да қауіпті. Бұдан бөлек, қалың қардың салмағынан шатыр қисайып немесе құлап кетуі ықтимал.Осыған жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар тиісті шара жүргізуге міндетті. Қазір Петропавлда 5 қабатты үйдің шатырын тазалау құны орташа есеппен 60 мың теңге. Бірақ, баға кіреберіс саны мен төбенің аумағына байланысты өзгереді.
ӘСЕТ ИСМАҒҰЛОВ. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ «ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» КММ БАСШЫСЫ: «Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырынан аққан мұз сүңгілерді болдырмау және сонымен қатар, сол тұрғын үйлердің шатырындағы қарларды тазалау жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Егерде мұндай жұмыстар жүргізілмейтін болса, тұрғындар ішкі істер органдарына жүгіне алады.»
Бұл Жуков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Қазір мұнда шатырға жиналған қарды түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған 5 адам жұмылдырылған. Гүлбарам Боранбаева бұл үйде 7 жылдан бері тұрады. Айтуынша , биыл үйдің төбесіндегі қар алғаш рет тазартылып жатыр.
ГҮЛБАРАМ БОРАНБАЕВА. ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:«Қар жететін, үйдің қасында көліктер қаптап тұр.Қарды тазалап жатыр бүгін,ал бұған дейін тазаланбаған еді. Ақшаны ай сайын кешіктірмей төлейміз.»
Синоптиктердің болжауынша, соңғы 4 күнде күн райы жылы болады. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдері пәтер иелерінің кооперативі төрағаларына үйлердің төбесіндегі қарды уақытында тазалау керектігін ескертуде. Егерде жауапты тұлғалар ескертуді елемейтін болса оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынбақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 660 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Qsc5BWsD0DY?si=9xdhe1NoMOqTQDUV"
Семей қаласында орналасқан "Ақшын" сауда үйі өртенді. Тілсіз жау сауда нүктесінің бір қатар аймағын жалмады ,абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Бұл "Ақшын" сауда үйінің жоғарыдан түсірілген көрінісі. Тілсіз жау бірінші және екінші қабаттарда орналасқан бутиктердің үлкен алаңында жана бастаған. Ғимараттың ішін қатты түтін басқан. Қызыл жалынды ауыздықтауға 388 адам мен 48 бірлік техника жұмылдырылды.
ДИНА АМРЕНОВА АБАЙ ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Облыстық полиция басқармасы қалалық мәдениет үйінің ғимараттарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.15 тергеуші «Аршын» сауда үйінде болған өрттен зардап шеккендерден жазбаша арыздарды қабылдауда. Қазіргі уақытта алаңға бөлінген 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғауда".
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызметкерлерге жоғары температура, жанғыш материалдардың көптігі, жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі жұмысқа қиындық туғызды. Үлкен өртке байланысты ондағы бірнеше көше қазір қоршауға алынды. Мамандар талдау жұмыстарын жүргізіп, өрттің себебін анықтауда. Өрт орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 570 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0qjLTIYl8R0?si=1Lyi5IyBjuPXbHnX"
Астаналық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің жаңаша формасын ойлап тапты. Олар енді елордалық қыз-келіншектерді тегін спортқа баулымақ ниетте. Бүгін жергілікті полиция қызметі әлеуметтік спорт клубымен келісімшартқа отырды. Мақсат нәзік жандылардың өзін-өзі қорғай алуына жағдай жасау. Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері тұрмыстық құқық бұзушылық туралы 717 әкімшілік іс қаралып, отбасылық жанжалға қатысты 946 қорғау ұйғарымы шығарылған.
АРМАН АЙТМАҒАМБЕТОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖП ЖПҚБ БАСШЫСЫ: «Біз бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін қабылдамау мәдениетін орнықтыра отырып, бұл әлеуметтік құбылысты жоя аламыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен қиын жағдайға түскен жасөспірімдер кешенді қызметтерді тегін ала алады. Келушілерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, өзін-өзі қорғау әдістері мен жекпе-жек өнерін үйретеді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 659 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KbM1_G8oLXo?si=0Cs5Mow3ItQgOtYo"
Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде иесіз жүрген бұралқы иттер адамдарға шабуыл жасап жатыр. Қаңғыбас үй жануарларынан қауіптенген тұрғындар балаларды мектепке жалғыз жіберуге қорқады.
Қаңғыбас иттер базардың қақ ортасында кезіп жүр. Әсіресе мектеп пен демалыс, сауда орындарының маңын торуылдауға көшкен. Өткен-кеткен адамдарды жеп қоярдай, үрейлерін ұшырады. Ешкімнің өміріне қауіп төндірмейді дегеннің өзінде ит иттігін жасап, біреу-міреуді қауып алмасына кім кепіл, - дейді тұрғындар.
КЕНЖЕ СТАМҒАЗИЕВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
ИЖАН СМАҒҰЛОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Деркөл кенті әкімдігі бұралқы иттердің саны артқанын жасырмады. Алайда атқарушы орган тұрғындар тарапынан арыз-шағым қабылдаумен ғана шектеліп отыр. Былтыр азаматтардан 85 арыз түссе, жыл басынан бері 20 адам шағымданған.Тұрғындардың талабын орындауға, яғни үй жануарларын атуға заңнама қолбайлау болып отыр»,- деп түсіндірді әкімдік қызметкері.
РАҚЫМЖАН ОРАЗОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жолдаған арыз негізінде ветеринар мамандар бұралқы иттерді аулау, биозалалсыздандыру шараларын жүргізеді. Ветеринария мекемесі 25 қаңтарда иттерді аулау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бұл жұмыстарға бюджеттен 15 млн теңге қаражат бөлінген. Оған қарамастан иесіз иттердің саны азаюдың орнына көбейіп барады.
ЕРЛАН ИШАНОВ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Деркөл кентінің әкімдігі қаңтар айында облысқа жұмыс сапарымен келген мәжілісмендермен кездесуде бұралқы иттер мәселесін көтерген еді. Заң шығарушы орган өкілдері тұрғындар талабы ескерілетінін жеткізіпті. «Заңнамаға өзгеріс енгізілгенше қорғану үшін көше бойында таяқ ұстап жүруді жалғастырамыз ба?» дейді деркөлдіктер.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 608 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2i7E6JBy2u4?si=lQn7GOotowJ8dVcN"
Тыйым салынған заттардың ірі партиясын жөнелтумен айналысқан тасымалдаушы Астана-Петропавл тас жолының бойында ұсталды. Ақмола облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Оның ішінде жолаушы ретінде күдікті отырған. Іс шара аясында анықталғандай, күдікті Көкшетау қаласының аумағында есірткі сатумен айналысқан. Аталмыш азамат есірткіні елордадан сатып алып, кейін оны Ақмола облысының аумағында таратуды жоспарлаған. Белгілі болғанындай, есірткі сатушы бұған дейін қолдан-қолға тауар өткізіп келген және оның тұрақты тұтынушылары да болған.
ДАРХАН СЫЗДЫҚОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «45 жастағы ер адам ұсталды. Жеке тінту барысында жалпы салмағы 900 грамнан асатын гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 562 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/O6CeBFbxRsg?si=qwvtcKqyWtM4Bh4r"
Жаңа үкімет құрамы жасақталып жатыр. Су жаңа Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектенов тағайындалды. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған ол, үкімет басшысы қызметіне бүгіннен бастап кіріседі. Мәжіліс депутаттарының 69-ы оның кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Жаңа басшы халықтың әл-ауқатын көтеру үшін Президент берген тапсырмаларды уақытылы орындап,батыл қадам жасайтын болады деді өз сөзінде. Олжас Бектенов басқаратын министрлер кабинеті де қайта құрылуда.
Президент жарлығымен Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігі өз орынтағын сақтап қалды. Айта кетейік, ертең Президенттің қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Су жаңа министрлер кабинеті Мемлекет басшысы тапсырмасын қаншалықты орындайды, халықтың көңілінен шығады ма? Ол жағы уақыттың еншісінде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 518 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qFFbxWgXezk?si=Dc0x7Dw1q5opPstU"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 535 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vYo9o6bpJls?si=jlCT22DvyIoI5pLR"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойып,Үкіметті отставкаға жіберді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, Президенттің қаулысы бойынша Премьер-Министр міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра бермек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 545 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CrzHRpai0dU?si=el3LQ6K3NqWPi8kZ"
Ел Президенті Қасым-Жомат Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.Кездесу аясында Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіптің» былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары таныстырылды.
МЕЙІРЖАН ЮСУПОВ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 576 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a-ePsk26-ig?si=XYegoryRNKG4uEud"
СҚО М. Жұмабаев ауданы Полудино ауылының тұрғындары «Қауіпсіздік керуені» акциясы аясында профилактикалық рейдке қатысты. Жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен өткен шара жайлы тарқатсақ.
Жергілікті атқарушы органдар,кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерінен тұратын еріктілер,облыстық ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы акцияға қатысушылармен бірге жеке үйлерді аралап үнпарақ таратты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін, пешті, электр жабдықтарын, пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын назарда ұстауға кеңес берді.
ӘДІЛ СПАЕН СҚО ТЖД "ӨС ЖӘНЕ АҚЖҚ" ММ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «Жұмысқа үш бірлік техника жұмылдырды және 18 адам өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметкерлері жұмылдырылды».
Түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу тілсіз жаудың құрбаны болудан сақтайтын бірден бір жол дейді мамандар.
АСЛАН АХМЕТЖАНОВ СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Биыл облыста 53 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қайтыс болып, 4 адам зардап шеккен. Сондықтан осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп жатырмыз. оған полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер қатысып жатыр».
Көп жағдайда салғырттықтан туындап жататын оқыс оқиғалардың орын алмауы үшін шараның берері мол.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 619 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OIU7mzcMT4g?si=TX0m89U-JwLuxw2b"
ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” алаңында «Коммуналдық қалдықтарды басқару саласында инфрақұрылымды дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Елімізде жылына 4 жарым млн тоннаға ға жуық коммуналдық қалдық жиналады. Олардың басым бөлігі барлық жерде бөлек жинаудың болмауынан,қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жолға қойылмағандықтан полигондарға көміледі. Еліміздің жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметін 81 пайыздан 100 пайызға дейін қамтамасыз етіп,қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәзіргі 24 пайыздан 40 пайызға дейін жеткізуіміз керек деді министр.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
Тағы басқа мақалалар...
137 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.