- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 286
https://www.youtube.com/embed/DsaWMkeDatQ?si=Etk3SsIJr6kFd43i"
БҚО-ның қызылша ауруына шалдыққан 70-тен астам науқас ем алып жатса, оның үшеуі жансақтау бөлімінде. Сырқаттанғандардың 50 пайыздан көбі балалар көрінеді. Оның ішінде бір жасқа дейінгі сәбилер де дертпен күресуде. Екпе алу - қызылша дертіне тосқауыл болар жалғыз жол. Өңірлік эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығын түсіндірген инфекционист-дәрігерлерлер осылай дейді. Мамандардың айтуынша, инфекция жөтел, түшкіру кезінде ауа тамшылары арқылы таралады.
НАЗЫМ ҚАБДЕНОВА БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕРІ «Қызылша дерті асқынған сәтте минингит, отит сынды ауруларға ұласады. Егер сәби қызылшамен ауырса, уақытылы ем алмау салдарынан есту қабілеті нашарлауы мүмкін. Бұл бір ғана мысал. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Күнтізбеге сәйкес екпе алу қажеттігін ата-аналардың қаперіне салғымыз келеді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/t4M5GkgSnM4?si=Hvt_yMEYlyKsKrOb"
Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық істі алдын алды.Нақтырақ айтар болсақ,интернет желісі арқылы өзінің бүйрегін сатпақ болған тұрғынды құрықтады. Бірнеше аптаға созылған іздестіру жұмыстарынан кейін тәртіп сақшылары донырмен байланысқа шығып трансплантация жүргізу және төлем жасау туралы мәміле жасаған. Күдікті 19 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Құмар ойындарға тәуелді азамат қарызға белшесінен батқандықтан осындай қадамға барғанын айтып ақталды.Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
ЕРБОЛ ДҮЙСЕМБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҰҚҚК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ақмола облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тірі адамның ағзасын сатудың заңсыз фактісін тоқтатты. Бұл жағдайда жеке тұлға өз бүйрегін тауар ретінде сатпақ болған. Осылайша, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары басқа облыстың тұрғыны анықталды, ол органды 18 мың долларға заңсыз трансплантациялауды әдейі жүргізгісі келді. Көкшетау қаласының аумағында заңсыз мәміле жасау және ақшалай қаражатты беру кезінде ұсталған. Қазіргі уақытта бұл факт Қылмыстық кодекстің 116 бөлігінің 1-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 275
https://www.youtube.com/embed/GoExz73SBhg?si=uepb-GRbpjfji9sh"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/j08OMzrk7cA?si=Gtg9cW3dSmwQz1Vx"
Заманауи тәсілдегі оқыту жүйесін қазіргі оқушылар өте жақсы қабылдайды. Жастардың қалауын түсінген Семейлік Жасқайрат Нәубетов білімгерлерге креативті тәсілдермен білім беріп, оқуға ынтасын ашуда.
Білім жолына 3 жыл ғана болса да ұстаз Жасқайрат Нәубетов сондай креативті маман. Білімгерге біраз біліктілікті талап ететін физика пәнін оқушы жеңіл түсіне алуы үшін әр сабағында әртүрлі комикстарды пайдаланады. Бұл білім алушының ойлау қабілетінің жақсы жұмыс жасауына көп септігін тигізе алады дейді ұстаз.
ЖАСҚАЙРАТ НӘУБЕТОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Осы екі жыл болды, мен қазір оларға тақырыпты маған комикспен түсіндіруді қолданып жүрмін. Ал өзім жалпы осыған комиксті салуға арнайы бағдарламалар қолданамын. Жалпы балалардың қызығушылығын артырады бұл. Өйткені балалар мәліметті тек қана сөзбен емес, сонымен қатар суретпен көру арқылы олардың түсінігі артады да, ал балар түсінген сайын оларға қызығырақ бола береді деп ойлаймын».
Заманнан қалыс қалмай дамып келе жатқан жас ұрпақ Жасқайрат сынды ұстаздарды қолдайды. Өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды еш қиналыссыз орындайды. Енді, заманауи ұстаз енді оқушылардың деңгейіне түсіп сабақты рэп стильінде өткізіп жүр.
АЙБЫН МАЙЖАНОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Сабақтарды кәдімгі қара сөзбен емес, комикстер арқылы жарыстар ұйымдастыру арқылы, есептерді жарыстырып шығару арқылы түсіндіреді.Жасқайрат ағай, менің физикаға деген махаббатымды ашты».
МҰХАММЕДӘЛИ АКИМЧИНОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Сабақ кезінде ол бізге түрлі мотивациялар, есептерді ең бірінші шығарған топ 5 балаға баға қою арқылы немесе тағы да картин-карточка дегендерді ұйымдастырады. Мен Жасқайрат ағайдың көптеген апталықтарына қатысып келемін».
Бір шаңырақ астында білім беріп жатқан оқытушылар да әріптесіне қызыға қарайды. Креативті ұстаздың бұндай тәсілдерді қолданып сабақ беруі біздің білім беру жүйемізге жаңашылдық болды дейді.
БОЛАТ АЛИАСҚАР БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Ол физика деген қиын пәнді оқушыларға әртүрлі қызықты ойындармен әдіс-тәсілдермен оңай қылып түсіндіреді. Жасқайрат жаңа мектепке жаңашыл ұстаз республикалық байқауының жеңімпазы. Жәнеде ХХ халықаралық жасампаз олимпиадасының үшінші орын иегері. Ұстаз талантты болса, шәкіртте талапты болады демекші Жасқайраттың оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға иеленуде».
Енді, жас ұстаз Жасқайрат алдағы уақытта оқу жүйесіне қолданып жүрген комикстарынан оқу құралын шығаруды жоспарлауда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 277
https://www.youtube.com/embed/9FN_TD-NQ6Y?si=yIPgWK4dbmy8DK37"
Шегірткеге қарсы күрес күшейді. Үкімет резервтен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Оған елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны себеп болуда. Бөлінген қосымша қаражат осы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
ДИНАРА АЛИМОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Үкімет резервінен бөлінетін бұл қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады.Бұл ветеринария саласында нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/S4XMj_llNHs?si=7LPWPfCpebpxqaPs"
Солтүстік Қазақстан облысында туа бітті есту қабілетінен айырылған балалардың басын біріктірген ерекше би тобы бар. Әуенді құлақпен емес, жүрекпен сезінетін ансамбль еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің де қошеметіне бөленіп жүр.
Бишілердің құрамы Петропавлдағы облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету мектеп-интернатының оқушылары мен түлектерінен тұрады. Өнер ұжымының алғыс арқалап жүргеніне аттай 18 жыл толған. Топтың алғашқы болып баспалдағын аттағандардың бірі – Евгений Кузьмин. Биші болсам деген арманының алғашқы сәттерінің қалай басталғаны жайлы айтып өтті.
ЕВГЕНИЙ КУЗЬМИН БИ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ: «Телеарнада қазіргі жетекшіміз Ольга Ростовщикованың балаларға би үйретіп жатқанын көрсетті. Сол сәтте өнеріне тәнті болдым. Жүрек түкпірінде мен де үйренсем деген ой болды. Кейін сәтін салғанда, ол кісі біздің мектепке жұмысқа келді. Бұл маған берілген үлкен мүмкіндік деп білдім. 2006 жылдан бері бишілер құрамындамын. Алдымен бал биін үйрендік. Кейін репертуарымыз үлкейді. Өзіме халық билері ұнайды».
Петропавлдық бишілер 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында гран-приді жеңіп алды. Калифорниядағы Анахайм қаласында өткен 25-ші дүниежүзілік чемпионатқа АҚШ, Ирландия, Франция, Аустралия, Тайланд, Канада, Германия елдерінің өнерпаздары қатысқан жобада топты жарып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Би ансамблінің жетекшісі Ольга Ростовщикова. Айтуынша, құлағының мүкісі бар балалармен жұмыс істеу бастапқыда оңай болмаған.
ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Шәкірттерім көз алдымда өсті. 5-6 сыныпта келген оқушылар еді. Алғаш жұмысқа кіріскен жылы қатты қобалжыдым. Өзімді қалай ұстау керегінен, не айтып, қалай сөйлесу қажеттігінен хабарсыз болдым. Бірақ арамыздағы ерекше байланыстың арқасында, бір бірімізге тез үйренісіп кеттік. Әрине басқа би ұжымдарымен салыстырғанда бізде бәрі өзгеше. Байқауларда қойылатын негізгі талаптардың бірі – би ырғағын сезіну. Ал ырғақты сезіну үшін, алдымен музыканы қатты қойып дайындалатынбыз. Сонда бишілер әуеннің дірілін денесімен сезіне алады».
Қазір би театрының құрамында тәжірибелі және жаңадан бастаған 40-тан астам биші бар. Сондай-ақ, топта дирижёр қызметін атқаратын Яна Дружкова есімді 22 жастағы бойжеткен 14 жасынан бері топ құрамында.
ЯНА ДРУЖКОВА БИ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ «Ұжымдағы биші жарақаттанып, шұғыл түрде орнына адам керек болды. Топта бір пайыз еститін-сөйлейтін адам болуына рұқсат бар. Ал Италиядағы байқауға бір апта ғана қалған еді. Сондықтан мені шақырды. Жарыстан кейін бишілер құрамында қалдым. Балалар өте жақсы. Ишарат тілін де үйреніп алдым».
Бүгінгі таңда театр ұжымының қоржынында 40-қа жуық жүлде бар. АҚШ-тан бөлек, Болгария, Ресей, Италия, Испания, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерінің сахнасында өнер көрсеткен бишілер актерлік шеберліктерін шыңдау үстінде. Жақында барлық мазмұны тек қана би арқылы берілетін пластикалық қойылымның тұсаукесерін көрермендер назарына ұсынбақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 309
https://www.youtube.com/embed/0NinAHWe_o8?si=pXYtGhX-ktFEEADD"
Бүгін Алматыда қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі,шығармашылық даралығымен өнер саласында сара жолын қалыптастырған Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған еске алу кеш өтті.Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Қазақстанның көрнекті театр және кино әртістері, Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен оқытушылары, кітапхана оқырмандары,және өнер сүйер қауым қатысқан шараның мақсаты Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, жастарды оның шығармашылық тағдырымен, өзіндік дарындылық ерекшелігімен, өнердегі жоғары жетістікке жету жолдарымен, толыққанды сахналық образдар жасау шеберлігімен таныстыру.
ЕСМҰХАН ОБАЕВ ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, РЕЖИССЕР
Еске алу кеші аясында «Жұлдызы жарқыраған өнер иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның өмірі мен шығармашылық жолын таныстыратын шығармалар қойылды. Сондай-ақ, тума таланттың сомдаған рольдерінен үзінділер көрсетілді.
ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТЕРІ
Адам мінезінің түп-төркінін дөп басатын ғажайып қабілеті бар Е.Өмірзақов экран өнерінде де театр өнерінде де көптеген ролдер сомдап артына өшпес мұра қалдырды. Рухани құндылықтың құнын дәріптеу келер ұрпақтың еншісінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
https://www.youtube.com/embed/XgxK6KiSMEo?si=h4Ky8favCNvspxLX"
Көне қорымдарға мәйітті апарып жерлеуді тыю керек. Маңғыстаудағы тарихи-мәдени қорықтарды зерттеп жүрген мамандардың бірі- Нұрлан Құлбай осылай деп дабыл қағып, көпшілікке үндеу тастады. Себебі жаңадан салынған молалар қорықтың ескі көрінісін бұзады. Жалпы мемлекеттің қорғауына алынған қорықтарға өзгеріс енгізуге заңмен тыйым салынады. Сол тәртіпті күшейтіп, тиісті заң нормасына өзгеріс енгізілсе, - дейді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының басшысы.
Өткен ғасырларда қорықтың ортасында қалған ата-бабасының қасына көпшілік жақын-жуықтарын жерлеу дәстүрге айналған. Ол өз кезегінде аспан астындағы мұражай болып саналатын ескерткіштердің көркін бұзып тұрады, - дейді зерттеуші мамандар. Айта кетейік жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстау облысының аумағында қола дәуірінен бастап ғұндар, оғыздардың да құнды ескерткіштері бар. Түріктің батыры Ертұғырыл мен Алып Арыстанның Селжүк империясы Маңғыстаудан басталады, - дейді ғалымдар.
НҰРЛАН ҚҰЛБАЙ - МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Оғыздардың мемлекет құрып осы арадан Осман империясын ұлғайтуға, жер жаулауға аттанып кеткенінің дәлелі. Жер, қорымдар атауы оғыздарға тән атаулар. Сондықтан үлкен ғалымдар түркі әлемінің астанасы- Ақтау қаласы болатыны дұрыс шешім деп тапты».
Қорымның басындағы шырақшының да шағымы бар. Туыстарын жерлеп кеткендермен соттасып жатқандарын айтады. Жерлемей тұрып, қабір дайындау кезінде ескертсемде, сөзімді елемеді дейді ол.
ТҰРҒАНБЕК ДҮЙСЕКЕШ - “ҚОШҚАР-АТА” ҚАУЫМЫНЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ: «Мемлекет қарауындағы жерлер болған соң ешқандай рұқсат етілмейді жерлеуге. Мына жерде ата-бабам жатыр белгі қоямын деуге.1,8 га жер ашық аспан астындағы мұражай қорым ішінде тіпті жерленбейді. Күмбез тұр ғой 16 гектар Қошқар ата сол жерде бос орындар».
Заңды елемейтіндер бар-жоғы 30 мың теңге айыппұлмен құтылып кететін көрінеді. Сол себепті өңірдегі қорықтың директоры заңға өзгеріс керек екенін айтып, айыппұл көлемін көтеру мәселесін алға тартты.
НҰРЛАН ҚҰЛБАЙ - МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Заңдарға өзгеріс жасауымыз керек. Үлкен сомада айыппұлды көбейту керек. Әкімдіктер ескі қорым жанынан 100-200 м қашықтан жер телімін бөліп, адамдарды қойса, сала берсін. Бірақ ескерткіштердің жанына қоюға болмайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 428
https://www.youtube.com/embed/NxabTLN87ic?si=YYJkWV2llxrQjQgl"
Еуропа елдерінің білім беру жүйесін елімізге енгізуге қарқынды қадам басталды. Мақсат,жастарды жаңа технологияға машықтандыру.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен оңтүстік астанамыздағы мемлекеттік колледж мамандарын Еуропаның бірнеше елдеріндегі білім ордаларына жіберіп,тәжірибиеден өткізуде. 2023 жылы басталған жоба,2025 жылға дейін жалғасын таппақ.
ГҮЛНАР СҮЛЕЙМЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚББЖТҒӘО ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Швеция,Швецария,Италия,Франция,Бразилия,Қытай,Түркия секілді озық технологияларға қолы жеткен мемлекеттерге барып,халықаралық тағылымдамадан өтіп жатқан мамандардың ішінде АЭМК ұстаздары да бар.Өзге елдің озық жүйесін көзімен көріп көңілге түйген олар, алған ілімдерін өздері қызмет жасап отырған білім ордаларына енгізбек.
БОЛАТЖАН БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 342
https://www.youtube.com/embed/9xWXxk-Vcy4?si=51uzA-tLGqdMXmMX"
Қырғыз әйелдерінің көне баскиімдері қайта жандануда.Тіпті, өткен жылдың желтоқсанында ол ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.
Қырғыз әйелдерінің көне баскиімі элечек деп аталады. Оны дайындау үшін жеті метрден 40 метрге дейін жұқа табиғи мата пайдаланылады.
АЙДАЙ АСАНҒҰЛОВА «КИІЗ ДҮЙНО» ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Бұл бас киімімді әйелдер жасы мен әлеуметтік мәртебесін қарай киген. Онымен салт-дәстүрлер де тығыз байланысты. Элечектерді тек ақ матадан ғана бұраған. Бұл өмірдің, ананың символы. Элечек - қырғыз көшпенділері үшін ең маңызды ұлттық бас киім ".
Қырғыз әйелдері үйлену тойына элечек киіп, күйеуінің үйіне келген. Әйел неғұрлым жас болса, бас киіміндегі әшекейлер соғұрлым жарқын болған. Жасы келген сайын кішірейе берген. Дәулетті отбасының әйелдерінің баскиіміндегі әшекейлер тиісінше салмақты, қымбаттау болған. Сонымен қатар бұл бас киім өмірдегі түрлі жағдайларда да қолданылған. Мәселен, оған өлген адамды ораған. Одан бинт пен бала оранышын жасаған.
АЙДАЦ АСАНҒҰЛОВА «КИІЗ ДҮЙНО» ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Талас облысының Үлкен-Токой ауылынан келген Раат әже бізге күйеуінің көшпелі уақытта дүниеге келгенін айтты. Босанатын әйелдің қайын енесі бас киімінен мата жыртып алып, бір бөлігін төсеп, баланы ораған екен".
Әдетте әйелдер бас киімдерін өздері жасайды екен. Ал, мереке алдында көмекшілер шақырылады.
БҰРЫЛ ИСМАНТАЕВА «КИІЗ ДҮЙНО» ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ: "Ерекше іс-шаралар, мерекелер алдында, қонақ шақыратын кезде електерді жуып, үтіктеп, тәжірибелі әйелдерді шақырып, үстелге жаятын болған. Шай ішу кезінде електер ақырындап жиналады. Бұл күні бойына созылған".
Кеңестік билік кезінде қырғыздардың өмір сүру салты өзгеріп, бас киімнің бұл түрі ұмытылып кеткен. Дәстүрді қайта жандандыру туралы шешім 12 жыл бұрын қабылданған. «Киіз Дүйно» қоғамдық қорының қызметкерлері бір жыл бойы бүкіл Қырғызстанға барып, қарт әйелдерді іздеп, олардан бас киімді жасауды үйренген. Жиналған фото және бейнематериалдар негізінде екі кітап шығарылды. Қазір әйелдер бас киімдері базарларда сатылады. Сапасына қарай олар 17-ден 170 долларға дейін бағаланады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 339
https://www.youtube.com/embed/sWkPwBslGTE?si=fSn_SnrHAjfb5pDl"
БАӘ-дегі ғаламшардағы ең үлкен «Мейдан» ипподромында Аль-Мактум Челендж бас бәйгесінде топ жарған 4 жасар асыл тұқымды Кабирхан айғыры жаңа жылды жағымды жаңалықпен бастап, елімізге үлкен жеңіс пен қуаныш алып келген болатын. Бүгін Алматыда 100 жылда 1 туатын жүйрік тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиевпен кездесу ұйымдастырылды.
"Жақсы атты тай жағалайды" демекші, БАӘ-де көк туымызды желбіретіп, қазақ елін қуантқан асыл тұқымды Кабирханның жеңісін әлеуметтік желіде шулатып, ортақ жеңіске қуанып жатқан қазақ халқымыз әлі де тойлауда. Әлемдегі ең беделді жарыстан баптаған атың жүлделі орын алып келсе, қай атбегінің болмасын арманын асқақтатпай қоймас.
ТІЛЕК МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВ КАБИРХАННЫҢ ИЕСІ:"Енді біздер жылқыға жақынбыз. Біріншіден,Аллаға сендік. Екіншіден, бүкіл қазақ елі дұғалар оқыды, бәрі қолдады, өзімде қолдадым. Соның бәрінің арқасында біз жеңіске жеттік".
Кабирхан таза ағылшын тұқымынан шыққан. Әкесі -Колифорния Хром, анасы - Литлл Эмили. Әкесінің өзі АҚШ-ғы бірнеше жарыстарының жеңімпазы болған. Содан болу керек, бапкерлердің айтуынша Кабирхан қатты жылдамдықпен шапқанды жақсы көреді және әркез жеңіске ұмтылады. Қазақстанға 2 жасында әкелінсе де өзінің ептілігін көрсетіп, талай жеңістерден жүлделі орынмен оралған. Оның бұл жеңістері елiмiздiң барша шабандоздарына олардың әрқайсысының биiкке жете алатынын көрсеттi және Қазақстанда ат жарысын дамытуға шабыттандырады! Дей тұрғанмен, ат иесінің сөзінше қазақ жылқылары бұндай жарыстарға жарамайды.
ТІЛЕК МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВ КАБИРХАННЫҢ ИЕСІ: "Әрине, Кабирханның ұтысы үлкен итеріс болды. Басқа атбегілер де аттарын Дубайға апарғысы келеді. Олардың ішінен екінші, үшінші Кабирхандар шығуы мүмкін. Ондай үміттер бар. Ең дүние де жылдам жарысқа қатысатын ол - ағылшын тұқымы. Сондықтан, сіздер сұрақ қойып жатқан қазақи, араб жылқылар салынбайды. Ең мықты әрі жылдам жүрістісі тек ағылшын тұқымында".
Еске сала кетейік, 30 наурызда Дубайда әлем кубогының басты жарысы басталмақ. Дубай кубогының жүлде қоры 12 000 000 АҚШ долларын құрайды. Жарысқа дайындық қызу жүруде. Алшымыз оңынан түсіп, айғырымыз тағы да бір мәрте топ жарса әлемдегі 15 жылқының қатарына ілінбек!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 298
https://www.youtube.com/embed/MgQ9lxngJWw?si=zZqztI3-FcnvDfeu"
Данияда археологтары 2000 жыл бұрын руна жазуы ойып жазылған темір бөлшегін тапты. Бұл бүгінгі таңда Даниядан табылған ең көне жазулар.
Бөлшек 2021 жылы Фюн аралындағы Оденсе қаласының маңындағы темір дәуірінедегі қорымнан табылған.
ЯКОБ БОНДЕ — АРХЕОЛОГ: "Ескі темірге ұқсайды. Шын мәнінде солай. Бірақ бұл темір бөлшегі археологтар үшін өте қызықты, өйткені оның бір жағында біз Даниядағы ең ескі жазу болуы мүмкін руна жазуын таптық ".
Бұған дейін 1865 жылы Фюн аралынан табылған қыраттағы жазу ең көнесі болып есептелетін. Оның пайда болу уақыты табылған темір бөлшегімен бірдей. Бұл жолғы темір бөлшегіндегі жазу тек 2023 жылдың жазында ғана табылды. Ол кезде ол қалпына келтіру бөлімінде сақтаулы болатын. Оның бір жағында кішігірім руна жазуы, ал екінші жағында күрделі ою-өрнек байқалды.
ЯКОБ БОНДЕ АРХЕОЛОГ: "Темір бөлшегі осында бір жарым жылдай жатқан.Содан кейін біздің реставраторлардың бірі оны тазартып, барлық тот пен коррозияны жойды.Жұмыс барысында ол бөлшектің бір жағында өте әдемі ою-өрнек, ал екінші жағында одан да қызықты - кішігірім руна жазуын көрген.Бұл фантастикалық жаңалық еді ".
Бұл жаңалықты ашқан соң, археологтар жазбаның мағынасын білу үшін Данияның Ұлттық музейіндегі рунологпен байланысқа шықты. Ол бес рунадан тұрады, одан кейін үш ойық бар. Сарапшылардың пайымдауынша, бөлшекте «хирила» деген жазу бар, ол ежелгі скандинавия тілінен «кішкентай семсер» деп аударылады екен.
Руна жазуы Солтүстік Еуропаның кейбір өңірлерінде біздің дәуірдің ІІ ғасырынан бастап, бәлкім, одан да бұрын қолданылған.Скандинавиядағы белгілі жазулардың кейбірі Норвегия мен Даниядан табылған. Ал одан кейінгі гравюралар Швеция мен Исландиядан табылған. Археологтардың айтуынша, бөлшекті даталауға жерленген жерден табылған басқа да заттар, соның ішінде түйреуіш көмектескен.
Еще материалы
Страница 102 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.