- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 724
https://www.youtube.com/embed/BpTvuuPMF_o?si=g0tr8b7kFzT6bG0r"
Қазақсан, Өзбекстаннан 922 млн текше метр су алатын болды. Ол су «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суару маусымында беріледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Айта кетейік, министр мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысына қатысты. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Басты айта кететін маңызды мәселе, қазір біздің басты мақсатымыз да, міндетіміз де - тасқын суын жинау. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және тағы басқа жаққа қарай бағыттаймыз, бірақ сонымен қатар оңтүстік өңірлерді де сумен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды».
Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түркіменстанда өтеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 669
https://www.youtube.com/embed/Y9KYgsN1tnI?si=WVZJDTk87ju76rsE"
Қызылорда облысында кеше бір түнде үш жеткіншек бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Абырой болғанда балалар аман қалған. Қазір олар әртүрлі дене жарақаттарымен дәрігерлер қарауында.
Зардап шеккен бүлдіршіндердің жасы небәрі 6 мен 7 жаста. 2017 жылғы бүлдіршін бас миының соғылуымен ем-дом алуда. 6 жастағы бүлдіршін болса, ауыр жабық бас ми жарақаты мен бас миының соғылуынан зардап шеккен. Ал, үшінші бүлдіршін қаланың сол жағындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ол 2021 жылғы жеткіншек. Оған екі төбе сүйегінің сызықты сынығы, бас миының соғылуы бойынша диагноз қойылған.
ОЛЖАС ҚҰРБАНБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ
Москит торы балаларды сақтай алмайды дейді мамандар. Сол себепті, ересек адамдарсыз жеткіншектерді үйде қалдырмауды сұрайды. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері көпқабатты үйден құлау дерегі бойынша 12 оқиға тізімге енген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 762
https://www.youtube.com/embed/V1jhhPq5M1w?si=PSC5hku5G7JoGFzu"
Әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс министр Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, оның туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға түрмеге тоғытылады. Бүгін үкім шығатын күні сот отырысына марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы келді. Олар бұл өте қиын жағдай, ешкімнің басына бермесін. Біз неше рет өліп, неше рет тірілдік деп БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Алайда, бүгінгі үкіммен Бақытжан Байжанов келіспейтінін айтып, соттан не үшін өзін бұлай ауыр жазаға кескінін сұрады. Өз кезегінде, судья Құлбаева сот үкімі күшіне енгеннен кейін 15 күн ішінде аппеляциялық шағым беруге болатынын ескертті.
АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА СУДЬЯ: «Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бақытжан Байжанов кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын.Бишімбаевтан мемлекет кірісіне сот сараптамасын жүргізуге кеткен сот шығындары 2 млн 306 мың 382 теңге, Байжановтан 3 324 теңге өндірілсін. Бишімбаевтан жәбірленушінің өтемақы қорына 30 АЕК 103 500 теңге сомасында, Байжановтан– 20 АЕК - 69 мың теңге өндірілсін".
Жәбірленуші тарап өкілі Айтбек Амангелді сот отырысынан кейін үкім бойынша ойын айтты. Бұл өмір бойы бас бостандығынан айырумен тең жаза. Себебі, 24 жылдан кейін Бишімбаев 68 жасқа келеді деді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 744
https://www.youtube.com/embed/ZSW45L3aBmk?si=jCoch1hI7JQo8iGH"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 785
Білім мен ғылымның қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ тілі пәнінен “Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры” атты Республикалық зияткерлік-танымдық Олимпиада өтті. Жарыстың басты ерекшелігі - орыс, украин, поляк, беларус, болгар, қытай, үндіс, неміс, кәріс, шешен, дүңген, армян ұлт өкілдерінің студенттерінің қатыса алуында.
Пәндік Олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа жалпы саны 42 студент өтініш білдірген. Алғашқы турынан тек 15 студент іріктеліп алынды. Олимпиадаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғарғы оқу орны білімгерлері қатысты. Олимпиада онлайн және оффлайн форматта өтті.
Осылайша республикалық Олимпиада қатысушылары 7 жүлделі орынға ие болды. Бас жүлде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентіне бұйырса, жүлделі бірінші орын Ж. Ташенов атындағы университет студенті иеленді. Ал екінші орынды ҚазҰАЗУ, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті білімгерлері қанжығаласа үшінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ХАТУ студенттері алды.
Сондай-ақ білімді жастарды дайындаған, қазақ тілін дәріптеуге бағдар болған жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары
Филол.ғыл.канд. Дарменкулова Р.Н.
PhD доктор Аккузова А.А.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1117
https://www.youtube.com/embed/vehEuhQS-DY?si=J_ctFbho1GymMyF7"
Бүгін Алматы қалалық №10 емханада аналар күніне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты ана мен бала денсаулығына аса мән беру, маңызды ескерулерді білуге бағытталды. Осындай ерекше күнге білікті мамандар мен болашақ аналар қатысты.
БАЯН СЕРІКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҰӘЖ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ «ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің ұсынысымен «Аналар күніне» арналған ашық есік күні өтіп жатыр. Бұл ащық есік күні біздің аналарымыздың денсаулығы үшін өте маңызды. Өйткені, ана денсаулығы – бала денсаулығы. Аналарымыз бүгінгі күні біздің барлық кеңесшілердің кеңесінен өте алады».
Кеңесшілердің кеңесіне отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты нығайту жұмыстары кіреді. Сондай-ақ, өз денсаулығына қатысты қандай да бір мәселе болса, ол сұрақтарға да жауап ала алады. Егер де, қандай да бір ауру анықталған болса, онда оны ары қарай қалай жүргізу керек, қандай тексерулерден өту керек сынды сауалдар негізінде білікті мамандар жауап береді.
СӘУЛЕ ДОСЫМБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ Ағымдағы жылдың 4 айында 258 босану кезеңі өтті. Бізде жүкті әйелдер көп. Олармен сөйлестік, әңгімелестік. Психолог мамандар психологиялық сабақтарын өткізді. Жүкті әйелдерге жүктілік кезінде қандай ескерту белгілері бар екенін түсіндірдік және кішігірім сыйлықтарымызды тарту еттік. Осындай ашық есік күні үшін барлығына алғыс білдіремін. Жүкті әйелдеріміздің аман-есен босануы – акушер-генекологтардың басты міндеті».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 2226
https://www.youtube.com/embed/tnNAFsvjCMQ?si=WM_lldQqN5j8t3tz"
12 мамыр – дүниежүзілік медбикелер күні. Мейірімділік пен жылылық символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған медбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Антына адал еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлерінің қиын да жауапты жұмысы қашанда қоғам назарында. Менің әріптесім мереке қарсаңында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болып қайтты.
Қазір медбикелер дәрігерлердің тең серіктесі болып, тәуелсіз шешімдер қабылдауға мүмкіндік алды. Себебі, науқастың дертіне дәрігерден кем қарамайды. Медбикенің арқалаған жүгі ауыр. Сырқат пациенттің сауығып аяғына тұрып кеткеніне дейін барын салатын жанның бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының №1 онкогематология бөлімінің аға мейірбикесі Бақытгүл Әміржанова. Оның осы салада тапжылмай тер төгіп, көптің ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне 30 жылға жуықтаған.
БАҚЫТГҮЛ ӘМІРЖАНОВА №1 ОНКОГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ « Біздің бөлімшеде қатерлі дертпен күресіп жатқан кішкентай балалар жатады.Оларға ерекше күтімнен бөлек мейірм де керек. Мейрімділік адам бойындағы үлкен қасиет. Әр баланың дертінен айығып,көзіндегі қуаныштың көз жасын көру, мейірбикелер үшін үлкен мәртебе».
Науқаспен уақытының басым бөлігін өткізетін де медбикелер. Олар режимнің сақталуын қадағалап отырады. Пациенттердің дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдауын қадағалайды, ине шаншып, ота алдында пациенттерді дайындайды және күрделі емдік-профилактикалық шараларды жүргізеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бас мейірбикесі Ақмарал Тұрдалиеваның айтуынша, бұл жоғары кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар сабырлы болуды да талап ететін мамандық.
АҚМАРАЛ ТҰРДАЛИЕВА ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МЕЙІРБИКЕСІ « Денсаулық сақтау саласында, балалардың денсаулығын жақсарту жолында, мейірбикелердің еңбегі ұшаң -теңіз. Медициналық көмекті тиімді көрсету, көп жағдайда мейірбикелердің жұмысы мен сапасына байланысты. Біздің орталықта өз ісін жақсы көретін, қызметіне адал мейрбикелер жұмыс жасайды».
Жалпы орталықта 300-де аса мейіргерлер жұмыс істейді. Жылдан-жылға мейірағалар саны артып келеді. Олар дәрігерлердің жүктемесін азайтып, жұмысытарын сапалы атқарады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 758
https://www.youtube.com/embed/KfjtKjcQZ9U?si=KEc-ihVoC3dDdlbU"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Түктібаев ауылында соғыс ардагері, халық ақыны Әбдіразақ Қаналиевті еске алуға арналған облыстық жастар айтысы өтті. Жас ақындардың сөз барымтасы қалай болды? Сюжеттен көрейік.
Әбдіразақ Қаналиевті еске алуға арналған айтысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген 12 ақын қатысты. Олардың көбі киелі өнер табалдырығын енді ғана аттап, тұсауы кесілген жас қырандар. Әбдіразақ аталары сияқты болмаса да ұқсап баққылары келеді.
БОЛАТ ЖОЛТАЕВ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНТИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Әбдіразақ Қаналиев айтыс аламанына еніп, елдің жадында сақталып қалан санаулы саңлақтардың бірі. От ауызды, орақ тілді Әбдіразақтың Қазалы жұртшылығы үшін орыны ерекше. Шара барысында сөз саптауындай ұлтының саф таза болмысымен, ескіден жеткен есті сөзін санасында тоқып, көкейіне ұялатқан біртуа дарын еді деп еске алды көзін көргендер.
ҚАЗЫНА ӘЛМАҒАНБЕТОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Әбдіразақ Қаналиев 1920 жылы Қазалы ауданы Бозкөл ауылдық округінде, қазіргі Үрмәш Түктібаев ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге оралған. Кейін зейнет жасына дейін шаруашылықта әртүрлі жұмыс атқарған. Башкириядан хат, Жараланған солдаттың хаты, Қайта табылған хат өлеңдері көптеген баспасөз беттерінде жарияланған.
ЕРМЕКБАЙ АҒЫРАЙ МАЙДАКӨЛ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Айтыс қорытындысы бойынша қазылар 3 айтыскерді үшінші орын деп тапты. Ал, екінші орынға 2 адам ие болса. Қызылордадан келген Салтанат Жаппаспай бірінші орын деп танылды. Қазалылық Бекзат серіков бәйге басын қанжығалады.
САЛТАНАТ ЖАППАСБАЙ ЖАСТАР АЙТЫСЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ
БЕКЗАТ СЕРІКОВ ЖАСТАР АЙТЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 752
https://www.youtube.com/embed/rM2WVL_ofWk?si=SBOx8bl8jfXr_z97"
Маңғыстауда көзі тірі небәрі екі соғыс ардагері қалды. Біреуі Василий Салазкин және Ольга Зарявняк. Екеуінің де жасы жүзге таяп қалды. Жеңіс күні оларды құттықтаушылар қатары көп болды. Әскери оркестр құрамы да майдангерлердің үйіне барды.
Ольга Зарявняк үшін соғыс ауыр тақырып. Ол 17 жасында Польшаның Клещели қаласында партизан отрядында байланыс саласында болды. Маңызды ақпаратты жеткізіп, жараланған сарбаздарға көмек те көрсетті. Окоптар қазуға, армияға азық-түлік жинауға, тіпті жауынгерлік қимылдарға қатысуға мәжбүр болды. Бүгінде 97 жастағы Ольга әжей соғыс жылдарын күні кеше өткендей жатқа біледі. Ардагер саналы ғұмырын тігін шебері болуға арнады. Өз қолымен тіккен кестелі бұйымдары үйінде әлі күнге дейін сақтаулы тұр.
ОЛЬГА ЗАРЯВНЯК СОҒЫС АРДАГЕРІ «2015 жылы Украинадан Ақтауға қоныс аудардым. Менің отаным Қазақстан. Сұрапыл соғысты біз көрсек те, балалар көрмесін. Аш та болдық, жарқырап киінген де жоқпыз. Ыстық тамаққа зар болдық. Қазір ең керемет заман ғой. Ел тыныштығы бұзылмасын»
Ал, екінші ардагер Василий Салазкин 98 жаста. 18 жасында майданға аттанған жеткіншек Қиыр Шығыста жаяу әскерде ерлік көрсеткен. Соғыс ардагері «II дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы соғыста Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Жуков» және басқа да медальдарымен марапатталған. Майданның ауыртпалығына қарамастан ол соғыстан кейінгі жылдары ел игілігіне қызмет етті.
ВАСИЛИЙ САЛАЗКИН СОҒЫС АРДАГЕРІ Соғыс туралы айтудың өзі ауыр. Ешқашан соғыс болмасын дегім келеді. Ел болашағының жарқын болуы үшін жастарымыз, жауынгерлеріміз еңбектенуі қажет. Бейбітшілік бен бірлігіміз нығая берсін. Жеңіс күні - ортақ мереке. Егемен еліміз дамып, гүлдене берсін»
Маңғыстаудан майданға 6200-дей адам аттанған. Оның 4200-і елге оралмады. Қазір өңірде көзі тірі екі соғыс ардагері, 451 тыл ардагері бар. Оларға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 760
https://www.youtube.com/embed/NLZAa-Pva_U?si=acD74AhXaikeOoJE"
Өз әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа алдағы дүйсенбі, 13 мамыр күні үкім шығуы мүмкін. Бүгін сот отырысы жабық өтті. Онда алқабилерге қойылатын сұрақтар талқыланды. Алқабилер әрбір сотталушы бойынша негізгі үш сұраққа жауап беруі тиіс. Олар: іс-әрекет дәлелденді ме, сотталушы кінәлі ме, бұл іс –әрекетті сотталушының жасағаны дәледенді ме?
Осы сауалдарға нақты жауап алынғаннан кейін ғана Бишімбаев пен Байжановқа нақты қандай жаза тағайындалғаны айтылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 732
https://www.youtube.com/embed/SCzN2ZcZBjs?si=rjJccKXnkM3RQYfv"
Жылу электр орталықтарын уақытында жөндеп, уақытында тапсырмағандар енді қатаң жазаға тартылады. Олар меншік иелері яғни монополистер мен жергілікті әкімдер. Алдағы жылыту маусымына деген дайындықты Үкімет басшысы Олжас Бектенов өзі тікелей бақылауына алатын болды. Өйткені, бұл аса жауапты жұмысқа соңғы жылдары шенеуніктер салғырт, немқұрайлы қарайтын болған. Ал, оның салдарын қыста қарапайым халық тартады.
Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым электр желілерін, оған қосымша 423 жоғары вольтты қосалқы стансаларды жөндеу қажет. Себебі, еліміздегі жылу желілерінің жартысынан астамы жарамсыз күйде.
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ «Орташа тозу деңгейі жылу желілерінің 53%-ы тозған және шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Атап айтқанда, жылу желілерінің Павлодар облысында (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола облысы (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл-74%), Қостанай облысы (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау облысы (Ақтау – 71%) және Қарағанды облысы (Теміртау – 67%) тозығы жеткен. 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек. Жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желілерін жөндеу қажет. Оған жылына шамамен 250 млрд теңге қаражат керек».
Үкімет тиісті қаражатты бөліп, жөндеу жұмыстарын қазірден бастауға дайын. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бұл саладағы жұмыстардың қалай жүретіні тікелей жауапты меншік иелері мен жергілікті әкімдерге байланысты. Енді өз ісіне салғырт қарағандарға жаза қатал, талап жоғары болады. Оны үкімет басшысы тікелей өзі қадағалайды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8-қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған Жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек».
Бүгін үкіметте Атом электр станциясына қатысты мәселе де көтерілді. Биыл жыл соңында жалпыхалықтық референдум өтеді деген жалған ақпарат деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. Нақты қашан референдум өтетіні және атом электр станциясының салыну, салынбауы әзірге белгісіз. Айтпақшы бүгін үкімет отырысы басталмас бұрын күні кеше цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі болған су жаңа шенеунік Жаслан Мәдиев ант беріп, ресми түрде жұмысына кірісті. Халықтың жаңа министрден үміті көп. Байланыс бағасын реттеп, шалғайдағы ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет жетізе ме деп ауылдағы ағайын Астанаға елеңдеп жүр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 746
https://www.youtube.com/embed/L8TM0QiF61c?si=bnYQ4RR4VJK93cO9"
Еще материалы
Страница 109 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.