- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 275
https://www.youtube.com/embed/OWqHdbIBqZ0?si=lllJTDWzGElf4wX0"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/MTY9VM6QZr4?si=ARbZgvDYThIz2Fw5"
Кеше түнде Алматының Алмалы ауданында орналасқан құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері сақталған қоймадан өрт шықты. Қызыл жалынды ауыздықтауға 100- ден астам маман жұмылдырылды.
Отқа оранған мына қоймада құрылыс материалдары сақталған. Атап айтар болсақ, тез жанатын битум және лак-бояу өнімдері. 500 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынның көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады.
ТІЛЕУБЕРДІ МӘДИЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Өртте штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылды, негізгі басым міндеттер айқындалды. Оны сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды».
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды үш сағатқа уақыт сөндірді. Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 292
https://www.youtube.com/embed/SfPualv9uVk?si=a3Q_d2Z2apdX1biS"
Оралда жыл басынан бері тауық жұмыртқасы 2 есеге қымбаттаған. Кейбір сауда орындарында он шақты жұмыртқаның құны 800 теңгеге жетеді. Үй тауығының жұмыртқасы 850 теңге. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тізбесіне С-1 санатындағы жұмыртқа енгізілген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ғана бақылауға құқылы екенін мәлімдеді.
Өңірде тауық жұмыртқасының бағасы өткен жылдың соңында көтеріле бастағанымен соңғы 10 күнде шекті деңгейге жетті. Импорттықтың да, отандық жұмыртқаның да бағасы тез өсуде. Он жұмыртқаның құны 850 теңге. Жергілікті базардағы сатушылар мұны маусымдық құбылыс деп бағалап отыр. Сонымен қатар үй құстарына арналған азық пен дәрумендердің қымбаттауымен байланыстырады. РАЯ ДОСАЕВА САТУШЫ: «Қыс мезгілі болғандықтан біріншіден. Нарықтағы бағасынан аса қымбаттатып сата да алмаймыз халыққа. Алайда біз саудагер болғандықтан қосамыз ғой. Қазір тауар күн салқындауына байланысты аз келеді».
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енген өнімдердің бағасы ғана бақыланатынын айтады. Олардың қатарында жергілікті өндірушілердің С-1 санатындағы жұмыртқалары бар.
ЭЛЬМИРА ҚЫМБАТОВА БҚО САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрақтандыру қоры арқылы сатылатын «С-1» санатындағы жұмыртқаның бағасы осы жылдың сәуір айына дейін сақталатынын атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 277
https://www.youtube.com/embed/ZFiV--Cd8RY?si=tzJNWTVwu615NzvO"
Meta жас пайдаланушыларға зиянын тигізетін және өмірлеріне қауіп төндіретін контентті толықтай жасыратын болады деп хабарлайды. Компанияның сөзінше, жасөспірімдер зорлық-зомбылық, суицид және тамақтану тәртібі бұзылуы сияқты жарияланымдарды, өздері жазылған блогердың жазбалары болса да, ендігәрі мүлдем көрмейді. Meta өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желілерінің жуйесі қазірден бастап ұсынылған контентті белгілі бір параметрлер арқылы таңдалып шығарылуда.
"Біз жасөспірімдер қосымшаларымызды пайдалану барысында қауіпсіз және жасына сәйкес тәжірибесі болғанын қалаймыз", — деді Meta. Жасөспірімдер Facebook пен Instagram-ға тіркелгенде шынайы жастарын жазған жағдайда ғана, оларға рұқсат етілмеген контентті тамашалауға тыйым салынады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 316
https://www.youtube.com/embed/Wnff7-vgEjA?si=jKev3SAna6h_F8Kl"
1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі әскери бортпен туған жері Қызылорда облысына жеткізілді.Жауынгердің кім екені мойнындағы медальон арқылы анықталды. Силан Мәметов 1941 жылы 7 қарашада Мәскеу түбіндегі Апалщино селосы үшін шайқаста қаза тапқан. Жауынгердің сүйегі Мәскеу облысы Руза ауданы Ново-Горбово елді-мекеніндегі бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылған.
ӘУБӘКІР СМАЙЫЛОВ, «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ
Салтанатты рәсімге облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Атамның аманаты» ҚБ мұражайға Силан Мәметовтың жеке заттары – солдат каскасы мен медальонын табыс етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 287
https://www.youtube.com/embed/PadGhXQBYRc?si=_b4b0fSjsfEuH9C8"
Маңғыстаудың Қарақия ауданынан ауадан ақша жасап отырған басшылар ұсталды. Әзірге осындай күдікпен ұсталғандар саны үшеу. Қызметкерлер кешкі ауысымда жұмыс жасайтын мектептерде мұғалім лауазымымен тіркеліп, заңсыз тұрғыда айлық жалақы алып жүрген.
АСҚАР ЖАҚСЫБАЕВ "ADILDIK JOLY" РҚБ МО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Соның ішінде облыстық білім басқармасының қызметкері, сонымен қатар Қарақия аудандық нөмірі 7 мектептің директоры, тағы да екінші тағы мектептің директорлары математика, қазақ тілі пәнінен сабақ береді деп көрсетіліп, ол кісілердің сабақ бермеген деректері анықталды".
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/F50fRG-YXcE?si=IAZoZuF2Ihc_JG4c"
Елімізде мал ұрлығы еш тиылар емес. Мәселен, былтыр 42 мың қылмыс тіркелген. Ұрлыққа барған 450 адам ұсталып, 75 қылмыстық топ құрықталған. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифингте криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты. Сондай-ақ маман, мал ұрлығын болдырмас үшін, адамдар өзара үш жақты келісімшарт жасасу керек дейді. Ол мал иесі, әкімдік және малшы. Одан бөлек, асыл тұқымды мал басына интернетпен қадағаланатын GPS-трекерлерін орнатуға кеңес берді.
ЖАНДОС БАТЫРБЕКОВ ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИ Я ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әдетте, мал ұрлығының 75%-ы еркін жайылымда жасалынады. Онымен күресті жақсарту мақсатында ІІМ мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық және практикалық шаралар қабылдауда. Соңғы 5 жылдың ішінде мал ұрлығын 62,5%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Ал 2023 жыл ішінде 16,3%-ға төмендеді. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 300
https://www.youtube.com/embed/bXjGG9KrVQM?si=Ha6ogrq0LxD_kGy6"
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері, қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі туралы баспасөз конференциясы өтті.
Кредитке кеңірдегіне дейін батқан бүгінгі таңда 2023 жыл бойынша агенттік азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен 59,4 мыңнан астам өтініш қаралған. Тұтынушылардың құқықтарын бұзудың көпшілігі кредиторлардың азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша шаралар болды. Сарапшылар қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда қарыз алушыларға не істеу керектігі жайлы кеңестерімен бөлісті.
МҰХАМЕД БАҒДАТҰЛЫ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың проблемалық берешегін реттеу тәртібі жүзеге асып келеді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерлердің қарыздары мен микрокредиттерін қайта құрылымдауға өтініштерін қарауға міндетті.
МҰХАМЕД БАҒДАТҰЛЫ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 308
https://www.youtube.com/embed/m4tyHAXaKMA?si=-KAjS93Oz5DsdCq5"
Конго тұрғындары су басқан көшелерде қайықпен жүреді. Ескек орнына - күрек. Барлық жерді бос пластик бөтелкелер мен басқа да қоқыстар басақан.
Су тасқынына Конго өзенінің төгілуі себеп болды. Ол 60 жыл ішінде ең жоғары деңгейге көтерілді. Су басу Конго ДР және көршілес Конго Республикасының бүкіл аумағында орын алды. Биліктің мәліметінше, соңғы айларда 300-ден астам адам қаза тауып, 300 000 үй шаруашылығы зардап шекті. Ондаған мың үй қирап қалған. Желтоқсан айының соңында су одан да қатты көтерілген. Жергілікті мамандар су тасқыны Конго қаласының астанасы Киншасығада әсер ететіндігін ескертті. Билік хабарлағандай, халық көп қоныстанған Киншасада бірнеше өңір мен оннан астам провинциядағы елді мекендерді су басқан. Адамдар биліктің әрекетсіздігіне шағымдануда.
ЖУАНСЕН ЛУКУЛА – КИНШАСАНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Адамдар өз бетінше және қалаған жерлерге үй тұрғызып тастаған. Ешқандай қалалық жоспарлау жасалмаған, сондықтан су ағатын құбырлар жоқ. Тіпті су ағатын жерлер болса да, олардың жағдайын бақыламайды ".
10 қаңтарда өзендегі су деңгейі теңіз деңгейінен 6 метрден асты. Бұл 1961 жылғы рекордтан сәл аз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 299
https://www.youtube.com/embed/zHj1c2jpUlw?si=JISHIpRJuF-aa8p0"
13 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жойды. Жалпы ел бойынша 326 лото клуб қызметіне тосқауыл қойылды.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда шамамен құмар ойындарына салынған 350 мың адам бар. Олардың әрбірінің орташа қарызы шамамен 10 млн теңгені құрайды. Ақша тігіп, тоқтай алмаудың салдары елде ерлі-зайыптылардың ажырасуына, құмар ойынға құныққандардың өзіне-өзі қол жұмсауына әкеп соғуда. Сондықтан бұл мәселе бүгінде өзекті және мемлекет назарында. 13 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жойды.Ең ауқымды бірлескен арнайы операцияны жүргізуге Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Жедел әзірлеме орбитасында криминалитет өкілдері де болды, олар ойын мекемелеріне қылмыстық ықпал және қамқорлық еткен, сондай-ақ лото клуб қызметкерлері мен клиенттеріне қатысты қылмыстар жасаған. Заңсыз ойын қызметінен басқа, VIP-клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, жеңгетайлық және есірткі заттарын пайдалану фактілері тіркелді. Арнайы операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді. Негізгі қылмыстық схеманы ұйымдастырған сегіз адам, оның ішінде алыс және жақын шетел азаматтары ұсталды».
Республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жүргізілді. 23 бірлік атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Нәтижесінде елде барлығы 326 лото клуб қызметінің жолы кесілді. Шетелден онлайн-казино тарататын серверлер анықталып, бұғатталды. Әкімшілердің ойын барысына ықпал етіп, реттеп отырғаны белгілі болды. Бұрын жүргізілген сараптамалар ұсталған адамдардың заңсыз әрекеттерін растады.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір ғана өңірдің лото клубтарының ай сайынғы жиынтық табысы орта есеппен 300 млн теңгені құрайтыны анықталды, сәйкесінше еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте ақша қаражатының шамамен 70% шетелге шығарылған. Ұйымдастырушылардың біреуінің ғана банктік шотына ай сайын шамамен 900 млн теңге түсіп отырған. Тергеуді ІІМ тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша жүргізуде, фигуранттарға ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу айыбы тағылуда. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 294
https://www.youtube.com/embed/LN22N3ayHvc?si=RbCi9BfDmKgSOe7g"
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізушілер сақтандыру жағдайын полиция мен соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіппен рәсімдей алады. Ол үшін мемлекет «Европротокол» арнайы мобильді қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаның көмегімен ата-аналар ЖКО фактісін дербес тіркей алады және сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім бере алады.«Еурохаттама» бойынша ЖКО ресімдеу үшін бірнеше шарттар бар. Шарттардың кем дегенде біреуі болмаса немесе жүргізушілер оқиғаның мән-жайы туралы келісе алмаса, олар полиция қызметкерлерін шақыруға және белгіленген тәртіппен ЖКО ресімдеуге міндетті.
АЯН БАҚЫТОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ: «Жүргізушілерге кішігірім ЖКО ресімдеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ, тиісінше жолдардағы кептеліс жағдайлары азаяды. Жеңілдетілген тәртіппен ресімделген ЖКО бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Әкімшілік және сот рәсімдерін болдырмау есебінен сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Егер бұрын хаттама жасалған сәттен бастап сақтандыру төлемдерін алғанға дейін 30-дан 90 күнге дейін уақыт өтсе, қазір сақтандыру төлемін алуға шамамен бес күн ғана уақыт кетеді».
Айта кетейік, Алматыда 2024 жылдың басынан бастап «Еурохаттама» бойынша ресімделген 23 ЖКО фактісі анықталғанын нақтылады. Жаңашылдық жолдардағы кептелістер санын азайтуға мүмкіндік бермек. Сондықтан, жол ережелерін сақтап, жазатайым оқиғалардан аулақ болуға тырысыңыздар деп кеңес берді спикер.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 264
https://www.youtube.com/embed/0slOAdK-lj8?si=7xM3bv99ulo8Oxhr"
Samsung «Денсаулық үйі» - Америкалық зейнеткерлер қауымдастығымен ынтымақтастықтың нәтижесі. Мұнда қауіпсіздік тұтқалары бар ақылды кереует, сондай-ақ денсаулық көрсеткіштерін бақылауға арналған дөңестен қорғау функциясы және биометриялық датчиктер сияқты жасырын технологиялар бар. Сонымен қатар, жүрек соғуының жиілігін және қанның оттегімен қанығуын өлшейтін унитаз бар. Ал, бірнеше құрылғыға, соның ішінде таразыға біріктірілген жасанды интеллект дене тепе-теңдігін талдайды және жаттығумен қашан айналысу керектігін түсінуге көмектеседі.
ДЖО ЭНН ДЖЕНКИНС – АМЕРИКА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Бұл кәдімгі таразыға ұқсайды, ол алдағы 12 айда айтарлықтай құлдырау қаупі бар жоқтығын болжай алады. Қарт адамдар үшін құлау - ең қорқынышты нәрсенің бірі екенін білеміз".
Бұл құрылғы жеке көмекші, ол дәрі-дәрмектерді қашан қабылдау керектігін еске салады. Селфи жасауды ұнатасыз ба? Бұл гаджет сізге әлеуметтік желілерге арналған әдемі суреттен әлдеқайда көп бере алады. Anura-ның сиқырлы айнасы пайдаланушының жүзін бейнеге түсіреді. Гаджет қан ағынының құрылымын көру және адамның денсаулық жағдайын бағалау үшін шағылыстыратын жарықты пайдаланады. Ол дәріханаларға, ауруханаларға, клиникаларға және фитнес-орталықтарға арналған.
ЛИНДСИ БРЕННАН – NURALOGIX ӨКІЛІ: "Бұл үстел үстіндегі ақылды айна. Біз өмірлік маңызды функциялар мен денсаулық көрсеткіштерін шығарып, терінің астындағы қан ағынының сипатын талдау үшін 30 секундтық селфи-бейне түсіреміз".
Құрылғы қан қысымын, тамыр соғу және тыныс алу жиілігін, бет терісінің жасын және ақыл-ой күйзелісін өлшейді. Жасанды интеллект мүмкіндіктерінің арқасында ол пайдаланушыларға диабет, жүрек ұстамалары және инсульт сияқты белгілі бір аурулардың пайда болу қаупі туралы хабарлай алады. Бұл кішкентай құрылғы - денсаулықты бақылаудың тағы бір әдісі. BeamO денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін тез және қарапайым өлшейтін датчиктермен жабдықталған. Саусақтарды шағын жастықшаларға қойып, пайдаланушы жүрек соғуының жиілігін тексере алады.
ЛИВИЯ РОБИК - Withings BeamO өкілі: "Ол жүрек патологиясы сияқты мерезді аритмия белгілерін анықтай алады. Электродта сондай-ақ қандағы оттегінің деңгейін өлшейтін және өкпеңіздің қанға оттегіні қаншалықты тиімді жеткізетінін анықтайтын пульсоксиметр бар ".
Ал бұл сақина фитнес-трекер қызметін атқарады. Ол Evie деп аталады және тек әйелдерге ғана арналған. Пайдаланушылар киілетін құрылғылар үшін барлық үйреншікті деректерді бақылай алады, мысалы, жұмсалған калориялар, жүрек соғуының жиілігі, ұйқы және етеккір циклдары. Сонымен қатар, Evie осы ақпаратты біріктіру үшін жасанды интеллектті пайдаланады, содан кейін заңдылықтарды анықтайды және пайдаланушыға өзін қалай жақсы сезінетінін хабарлайды. Жыл сайынғы CES көрмесі тұтынушылық электроника саласындағы әлемдегі ең ірі оқиға болып саналады.
Еще материалы
Страница 112 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.