- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 326
https://www.youtube.com/embed/gkPXMCEcFio?si=k39UOhgWRSHfTJgb"
Жетісу облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Мамандар эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздығына алаңдаулы. Жыл басынан бері 556 жағдай тіркелген. Оның 381- і зертханалық сараптамада расталған. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекциясы да белең алып тұр. Бұл туралы сала мамандары баспасөз брифингінде айтты.
Қызылша тез жұғатын жіті жұқпалы вирустық ауру. Нақты белгілері: науқастың қызуы көтеріліп, ауыз қуысы мен тыныс жолдары шырышты қабықтары қабынады және терісі қызара бөртеді. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар. Айта кету керек аурудың өршуіне басты себептің бірі - кейбір ата-аналар. Олар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына вакцина алудан бас тартады. Салдарынан науқастанған бала вирусты ауыр қабылдайды.
АСХАТ ЧАРАПИЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «Қазір сіздер және балалар ауырмай жүрсе, ол бізде бұрыннан келе жатқан топтық иммунитеттің барлығының арқасында кейбір адамдар ауырмайды. Бірақ ол жылдан жылға азайып жатыр. Сондықтан біз топтық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 95 пайызын қамтуымыз қажет».
Бүгінде қауіпті індет облыстың барлық аумағында тіркелген. Сондықтан, қызылшаға қарсы иммундау шаралары қарқынды жүріп жатыр. Елімізде 2007 жылдан бері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Үндістанның вакцинасын қолданады. Әзірге, аймақта 10 мыңнан аса адамға вакцина салынды.
БІРЖАН ОСПАНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ «Арнайы вакцина егу арқылы көптеген жұқпалы арудың алдын алдық. Мәселен, сібір жарасы, туберкулез сынды бірқатар індетті жеңдік. Вакциналар бізге ауру тізбегін тоқтатуға мүмкіндік береді. Қазір клиникада 41 науқас қызылшамен жатыр, оның 80 пайызы 5 жасқа толмаған балалар. Яғни бұған дейін ауруға қарсы екпе алмағандар». Мамандар тұрғындарды екпені уақытылы салдыруға шақырады. Сонымен қатар, жеке гигиенаны сақтап, адамдар көп жиналатын жерлеріне аз бару керектігін айтады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 491
https://www.youtube.com/embed/Tqjg3eKduRY?si=jX2nhlZPUo_tueJj"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай университеттерінің көрмесі өтті. Шараны ҚазҰУ мен ҚХР стипендиялық кеңесі және Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығы ұйымдастырды.
Көрмеде Қытайдың 45-ке жуық ең үздік университеті академиялық қызметі туралы ақпарат беріп, ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ білім алушы жастарға халықаралық бағдарламалар арқылы оқуға түсу мүмкіндіктерін таныстырып, қабылдау ережелерін түсіндірді.Жиында Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, Қытай университеттері көрмесінің ҚазҰУ-да өтуі Қазақстанның білім, ғылым саласындағы елеулі оқиға екенін атап өтті.«Қазіргі таңда ҚазҰУ Қытайдың 51 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатып, тығыз жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында оқу ордасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында аталған филиал ашылып, жұмысын бастады.
Шара барысында Қытай ЖОО-ның соңғы онжылдықтағы жетістіктерін таныстырылды. Қытайлық ЖОО қызметкерлері өз ойларымен бөлісті.
ZHANG JIAJIA ШАНХАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Қазақстанға тұңғыш келіп отырмын. Көрме өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біздің университетімізде Қазақстаннан келген студенттер білім алады. Және олардың білімділігі,адамгершілігі мен мәдени деңгейлеріне өте таң қаламыз. Олар қоғамға әрдайым жақсылық сыйлап дамуды көздейді. Осы көрмеге келу арқылы Қазақ елінің өсу мен дамуын көріп отырмыз. Қазақстан мен Қытайдың ЖОО арасындағы достығының нығаюын қалаймыз».
WANG XUEYUAN HARBIN ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СТУДЕНТТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Сәлеметсіздер ме. Қазақстандағы бірқатар оқу орындарымен соның ішінде ҚазҰУ мен біздің университет арасында тығыз қарым қатынас бар. Бұл жолғы көрмеге өзіміздің университетімізді таныстыратын буклеттер,жарнамалар кішкентай кітапшалар алып келдік. Қазақстан маған өте ұнады. Өте жайлы сезілді. Студенттердің.ұстаздардың жарқын түрлерін көріп мен тамаша әсер алдым».
Жиын соңында қатысушылар көрмені аралап, Қытай мен Қазақстан делегациясы шағын құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар серіктестікті нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, екі ел университеттері арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын жан-жақты талқылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 358
https://www.youtube.com/embed/K6_HKq5dxIo?si=6aMQwGyd887oXVu4"
«Жас сарбазға – 5 жыл». 2019 жылы құрылған бұл ұйымның бүгінде қатары артқан. Нақтырақ айтқанда, географиясы кеңейіп, 280 мың тәрбиеленушіге жетті. Олардың ішінде күні кеше Алматыдағы автобус апатында қанша адамның өмірін құтқарған, мектеп оқушысы Ақжол Геройда бар. Айта кетейік, Қазақстанның барлық аймағындағы мектептерде «Жас сарбаз» клубы жұмыс істейді. Мақсат: отансүйгіш, патриот жас тәрбиелеу. Бұл Қорғаныс министрлігінің жобасы.
АҚЖОЛ ГЕРОЙ ЖАС БАТЫР: «Мен өз ісімді ерлік емес, адамдық борышым деп санаймын. Бірнеше адамның тағдыры қыл үстінде тұрғанда бар ойым автобусты тоқтату болды. Менің орынымда басқа біреу болса да, солай істер еді. Мен тек өз борышымды өтедім. Құрметті, Қорғаныс министрлігі менің еңбегімді елегендеріңіз үшін алғыс айтамын. Осы саланы таңдап, еліме қызмет етемін. Құрметті жас сарбаздар өз елінің патриоттары болыңдар. Бүгінгі жас сарбаздар күнімен құттықтаймын».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/0N1otAIm0oM?si=05qvikYJWJO5qZhr"
Ақтау қаласындағы бұрынғы жатақхана, қазіргі оңалту орталығында тұрып жатқан тұрғындар шағым айтуда. Олардың сөзінше, орталықтың басшылық құрамы жиналыс жасап, 31-ші желтоқсанға дейін бөлмені босатасыңдар деп ауызша ескертіпті-мыс. Қақаған қыста қуып шықса қайда барамыз деп алаңдағын жалғызбасты аналар мен көпбалалалы отбасылар жергілікті биліктен мәселені шешіп беруін сұрайды. Аталмыш мекеменің басшысы біз ешкімді қумаймыз, тек 4-ші қабаттағы тұрғындарға 5-ші қабатқа көшіңіздер деген ескерту жасадық дейді.
Бұл орталық бұрын жатақхана еді. Кейін мемлекет меншігіне өтіп, оңалту орталық болды. Махаббат Ізбасарова осы бес қабатты нысан жатақхана болып тұрған кезде бөлме алған. Көшіп келгеніне 1 жыл болыпты. Үй кезегіне тіркелгелі жатқан ол, жаңа баспананың кілтін алғанға дейін осы жерде тұруға мәжбүр. Қазір құжаттың жырымен жүр. Орталықтың ай сайынғы коммуналдық төлемдерін кешіктірмей өтеп жүрмін, - дейді ол. Бала-шағасымен қанғып қалмаудың қамын жасап жүрген жалғызбасты ана, орталықтан қуып шығама деп алаңдайды. Себебі жақында осындағы тұрғындармен жиналыс өтіп, бөлмені босатасыздар деген ауызша ескерту айтылыпты.
МАХАББАТ ІЗБАСАРОВА – ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА «Мен өзім қатыстым сол жиналысқа. Сол кезде Ғалия деген юрист айтты. Біз желтоқсанда сіздерді шығарамыз деді. Соған дайын болыңдар деді. Сол кезде мен сұрақ қойдым. Шығаратын кезде ескертесіздер ме дегенімде, приказға қол қойылсын, біз ескерту береміз деді. Қарайған халық ол жалған нәрсені айтпайды ғой. Енді бұлар өздерінің әрекетін жоққа шығарып отыр ғой, жақсы оны өздері біледі. Бірақ бүгінгі жағдайға тағыда хабарсызбын. Еш жерде ештеңе жоқ, бүгін сағат 2 де естідім. 4-ші этаждан 5-ке көшесіңдер деді.
Махаббат Ізбасарова секілді басқада тұрғындар осындай уәждерін айтты. Олар төрттен бесінші қабатқа көшкілері келмейтіндерін мәлімдеді. Себебі ол жердің тазалығы сын көтермейді. Бөлмелердің есіктері қирап, су ағарлары дұрыс жұмыс жасамайтынға ұқсайды. Көшіргілері келсе басқа жатақханадан орын берсін деген талап қойды.
ГҮЛАЙЫМ САРИЕВА – ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА «4-ші этаждан 5-ке көшіріп жатырғо. Ал мен 5-ке көшпеймін. Онда ешқандай жағдай қарастырылмаған. Ол жерде балкондарда есіктердің бәрі сынық. Қыстың уақыты, балдар қайта-қайта ауырып қалып жатыр. Екі күн жылу болмаса, үш күн ыстық су болмады. Алдында тіпті бір аптада ыстық су болған жоқ. Отоплениеде болған жоқ. Менің талабым мен өзім басқа жатақхана сұраймын».
Бұл нысан қазір 1-ші және 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы болғанымен, бұрын жатақхана уақытында қалып қойған 200 ге жуық тұрғын әлі тұрып жатыр. Олардың коммуналдық берешегі 10 млн теңгеге жуықтады дейді мекеме басшысы. Ал жатақхананы босату жайында ешқандай әнгіме айтылмады деп отыр. Тек 4-ші қабаттан 5-ші қабатқа көшіру туралы ескерту ауызша айтылғанын растады.
АЙБАРША ОРДАБАЕВА- «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ: «Егер жатақханадан шығатын жағдай болған кезде біз уведомление беріп, кәдімгідей алдын ала ескертіледі. Біздің тарапымыздан ондай мәселе болған жоқ. 4-ші этажда тұрғындардың көбі босатылғандықтан, көп бөлме бос тұрғандықтан, біз бір этажға біріңғай қылып тұрғындарды орналастырайық деп 5-ші этаждағы бірнеше комната бос болғандықтан, 5-ші этажға көшуге тұрғындарға айттық».
Алаңдайтын еш негіз жоқ, жатақханадан ешкім қуылмайды. Ал бір қабаттан екінші қабатқа көшу мәселесі ол рет-ретімен шешілетін болады. Тұрғындармен келісіліп реттелен шарауа деді орталық басшысы. Коммуналдық төлемге келетін болсақ заң аясында тұрғындар қарыздарын өтеуі міндетті, - дейді Айбарша Ордабаева.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 323
https://www.youtube.com/embed/suMlAjFug1g?si=x0dDJvRmY8nEJuhy"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/sJ8-r34QK3I?si=Z4dnpSx5sBtOYExg"
Бүгін Алматыда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қабырғасында ХІ Ақай Нүсіпбеков оқулары аясында «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан: тарихы, жеке тұлғалары,өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-парктикалық конференция өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған іс-шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
ЗИЯБЕК ҚАБЫЛДИНОВ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Шараға белгілі тарихшы ғалымдар,жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы сонымен қатар А.Нүсіпбековтың шәкірттері мен туыстары қатысып,ғалымның қоғамдық -саяси және ғылыми мұрасына,оның отандық тарих ғылымының қалыптасуындағы ұйымдастырушылық рөлі мен қосқан үлесі жайлы құнды дүниелер айтылды.
ҚАЙДАР АЛДАЖҰМАНОВ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БӨЛІМІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ,ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ,ПРОФЕССОР
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары,тарих ғылымының қалыптасу мен даму ерекшеліктері,кеңестік модернизация жағдайындағы қазақ ауылдары,Алаш қозғалысына қатысқан зиялыларға қарсы ұйымдастырылған саяси репрессиялар,Кеңестік Қазақстандағы ғылым және мәдениет сынды мәселелер талқыланып жас ғалымдардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Нүсіпбеков оқуларын жыл сайын өткізуге, магистранттар мен докторанттарға ғылыми мұрасын зерттеу бағытын тақырып ретінде ұсынылу сынды бірқатар қарар қабылданды.
МӘКЕН НҮСІПБЕКОВА АКАДЕМИК АҚАЙ НҮСІПБЕКОВТЫҢ ҚЫЗЫ
Айта кетейік, шара аясында арнайы Ақай Нүсіпбеков жайлы түсірілген «Ғибратты ғұмыр» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді.Айтулы фильмнің толық нұсқасы арнамыздан 16 желтоқсан күні тұсауы кесіліп көрермендеріне жол тартпақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 325
https://www.youtube.com/embed/yOgVGZM0qyI?si=8hc77_iLD2iMgjL6"
Ақпараттық қауіпсіздікті күшейту керек. Әсіресе, шекаралық аймақтарда бұл жұмыс қатаң бақылауға алынуы тиіс. Оны Үкімет өзі қадағалауы керек. Әйтпесе, «сұр» тарелкалар қазақ жастарының санасын улап жатыр деген Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай өңірде өгейдің күйін кешіп отырған отандық арналардың дамуына қаржы бөліп, басымдық берілуі керек деп санайды.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда сырттан ағылған ақпараттық-насихаттық инъекциялардың күшеюі назар аудартады. Әсіресе шекаралық аймақтардың тұрғындары үшін шетелдік ақпарат көзі үйреншікті болған. Республикалық телеарналарға балама іздеген көрермен Қазақстанмен шекаралас елдердің телеарналарына телміріп, жат елдің идеологиясын санасына сіңіруде. Бір өкініштісі, «Отау ТВ» арқылы отандық телеарналарымыз өзге елге хабар таратуына шектеу болғанымен, тәуелсіздік жылдарында біз алыс жақын шетелдің бұқаралық ақпарат құралының Қазақстан аумағына таралуына кең мүмкіндік бердік. «Сұр» тарелкалар арқылы көрші елдің идеологиясы жерімізге еркін тарап, жас ұрпақтың санасын улап жатқанын, тіпті елге іріткі салатын жәйттерге әкеліп жатқанын көріп отырмыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 361
https://www.youtube.com/embed/5H4Jc8hJcJo?si=UhvSiyiL-jLhnFx1"
Семей қалалық ІІБ патрульдік көліктерінде «Sergek Patrol» пайда болды. Бұл «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесімен біріктірілген жасанды интеллекті қосылған аппараттық-бағдарламалық кешен. Әзірге құрылғылар үш патрульдік көліктерге орнатылды. Бұл құқық қорғау қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Полиция департаментінің бөлім бастығы Зарема Бақытбекованың айтуынша, бұл құрылғылар Астана мен Алматыда өзін жақсы жағынан көрсетіп, ақаулықтарсыз жұмыс істеген.
ЗАРЕМА БАҚЫТБЕКОВА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
«Камералар мен жасанды интеллект көмегімен аталмыш кешен жолдағы көліктерді анықтайды. Мемлекеттік нөмірді танып, деректер базасы арқылы тәртіп бұзушылар мен борышкерлерді (алимент пен салық төлемеушілерді), жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген және бағдарлаудағы (ориентировка) көлік жүргізушілерін тексереді. Жыл соңына дейін кешеннің функционалдығы кеңейеді, жылдамдықты шектен асыру, тұраққа дұрыс тұрмау және жол белгілерін бұзу фактілері тіркеледі»
Айта кететін жайт, «Sergek Patrol» компьютерлік көру (computer vision) алгоритмдерін пайдалана отырып, жол қозғалысы кезіндегі көліктерді автоматты түрде таниды. Ақпарат дәл сол мезетте полиция қызметкерлерінің планшеттеріндегі «Sergek Qorgau» мобильді қосымшасының «Патруль» бөліміне жіберіледі. Осының арқасында кешен бағдарлауға негізделген көліктерді, соның ішінде ұрланған немесе іздеуде тұрғандарды табу үшін пайдаланылуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/tNykd2ka9nc?si=wQGK2556hGxvW8UX"
Оралдағы Бортау ауылының тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Екі күннің бірінде электр жарығы өшіп, ауыл халқын әбігерге салып келеді. Тіпті өткен аптада мектепте электр көзінің жиі ажырауына байланысты оқушылар онлайн режимде оқытылған.
Орал қаласының Зашаған кентіне қарасты Бортау ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Мұнда халықтың тұрмысына аса қажет инфрақұрылым жүйесі, әлеуметтік нысандар жұмысы ақсап тұр. Тұрғындардың айтуынша, биыл электр желісінің сапасы тіптен нашарлаған. Соның салдарынан балабақша мен білім ордасында оқу процесі бірнеше рет тоқтаған. Ішкі жолдың жайы да мәз емес. Балалар қираған ойын алаңын місе тұтып жүр. Амалы таусылған қараша наразылығын білдірді.
АЛЬФИЯ ҒҰМАРОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
ТІЛЕК МОЛДАГЕРЕЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бортауда электр желісі мен жол жауыр болған мәселе. Ызаға булыққан ауылдықтар әкімдік өкілдеріне көкейдегі сұрақтарына жауап беруді талап етті. Азаматтармен кездесуге Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров келді. Оның айтуынша, әкімдік бірқатар коммуналдық мәселеден хабардар. Ал шара қолдану мүдделі басқарма мен бөлімдердің құзырында.
Облыстық энергетика басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, өңірде 04-220 кернеу аралығындағы 20 мың шақырымдық желі бар. Электр желілерінің тозуы 82 пайызға жеткен. Яғни, мұндай проблема өзге ауылдарда да кездеседі. Қандай да бір шара қолдануға заңнама талаптары қолбайлау болып отырған көрінеді. Ал Бортау ауылына қатысты арнайы жоба қарастырылмаған. Құзырлы органдарда электр торабын ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жыл сайын ағымдағы жөндеумен шектеліп отыр.
МИРАС МҮЛКӘЙ БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ұсыныс бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу 2024 жылдың І тоқсанына жоспарланыпты. Бөлім басшысының айтуынша, Бортаудың жолы алдағы жылы жөндеуден өтеді. Жоба құны 330 млн теңгені құрайды екен.
АЗАМАТ ХАЛЕЛОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері мектепте электр жарығы мен жылудың болмауына байланысты оқушылар онлайн оқуға көшірілген кездер болғанын растады. Бұған дейін жарық ажыраған жағдайда қосымша генератор қолданылып келген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 336
https://www.youtube.com/embed/qxocODp2y64?si=BWh_iSB-iSfeOY1D"
Нигерияда әскери дронның кесірінен 85 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алды. Бұл Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметі. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер өте көп. Қайғылы оқиға Кадуна штатындағы Тудун-Бири ауылында болған. Ол жерге адамдар мұсылмандардың мерекесін тойлауға жиналған.
ТУДУН-БИРИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мәулітті тойлап жатқан едік, ұшқышсыз ұшақ келіп бомба тастады. Біреу өліп, біреу жараланып, бәріміз үйге жүгіріп кірдік. Бірдеңе болғанын естіген ер адамдар тексеруге сыртқа шықты. Ал сол кезде екінші бомба тасталды. Соның салдарынан көп адам қаза тапты».
Нигерия армиясының өкілі әскерилердің әуе шабуылын қателікпен жасағанын айтты. Олар әуеден бақылау жүргізу кезінде, бейбіт тұрғындарды лаңкестік содырлар деп ойлап қателескен.
САМУАЛ АРУВАН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Нигерия армиясы лаңкестікке қарсы жоспарлы операция жүргізген болатын. Бірақ өкінішке орай Тудун Бірінің кейбір тұрғындары жарақат алды».
Армия қолбасшысы шабуылдар үшін кешірім сұрап, жаралыларды емдеуге кететін шығынды төлеуге уәде берді. Нигерия президенті Бола Тинубу бейбіт тұрғындарға жасалған әуе шабуылдарын мұқият тексеруге бұйрық берді. Бұл Нигериядағы мұндай бірінші оқиға емес. Армия қарулы бандаларға қарсы операциялар жүргізіп, оларға әуеден осындай соққы береді. Дегенмен, бейбіт тұрғындар бірнеше рет нысанаға алынған. 2017 жылдан бері 400 адам қайтыс болған. Тергеу жүргізілсе де, оның нәтижелері көпшілікке жиі жарияланбайды. Сарапшылар мұндай оқиғалардың жиі орын алатынын айтуда. Сонымен қатар, әскерилер мүлдем жазаланбайды. Тек армия қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлейді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/XbUmfehX8D4?si=QepggosWidHYjYOv"
Ресейлік сәнгерлер жергілікті нарықтағы позицияны нығайтуға күш салуда. Олардың пікірінше, көптеген батыстық брендтер сәтті табыс әкеледі.
АЛЁНА АХМАДУЛИНА СӘНГЕР: "Біз, әрине, оған үстемдік етпейміз. Бірақ, олар қазір біз үшін жұмыс істеуде. Бұрын біз бос нарықтың 30%-ын тек премиум сегмент пен сәнді сегмент үшін алатынбыз. Бірақ пандемия болған уақыттарда сатылым тоқтап қалды. Тұтынушылар азайды. Сондықтан, қазіргі уақытта бұл 30% дегенге сене алмаймыз".
Ресейлік дизайнерлер келесі жылы айтарлықтай өзгерістерді күтуде. Олар "орташа плюс" баға сегментінде кіріс үш есе артады деп санайды. Қытай, Бангладеш, Беларусь және Түркия жаппай нарық сегменті үшін Ресейге киім мен маталарды жеткізуді жалғастыруда. Сонымен қатар, премиум сегментінде жұмыс істейтін ресейлік сәнгерлер жоғары сапалы маталардың болмауына байланысты қиындықтарға тап болған. Алайда, олар бұл кедергілерді жеңіп, тіпті әлемдік нарықты жаулап алуға мақсат қойып отыр.
АЛЁНА АХМАДУЛИНА СӘНГЕР: "Орыс ұлттының кодында жаһандық тренд бар. Бұл жаһандық тренд біздің еліміздегі жағдаймен байланысты емес. Бұл барлық елдердегі жаһандық құбылыс. Бұл үрдіс өзін жаппай, утилитарлық, иесіздендірілген киіммен салыстырады".
Сәнгерлердің сөзінше қолдан жасалған киімге қызығатындар басым болып келеді. Жақында Мәскеуде BRICS+ Fashion Summit сән апталығы өтті. Оған 12 сән көрсетілімі кірген. Коллекцияларды Үндістан, Қытай және Ресей сияқты әртүрлі елдердің дизайнерлері ұсынды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 314
https://www.youtube.com/embed/984VIBwU19Q?si=npocr64NM0a5BOMt"
Қызылорда облысының әкімі интернетте тараған даулы видеоға қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түсірілген видео жарияланып, халық арасында наразылық тудырған еді. Мына кадрда облыс басшысы тұрғындарға кілт табыс ету рәсіміне қатысып жатқаны анық көріненді. Сахнаға кезекті пәтер иесі шыққанда Нұрлыбек Нәлібаев кілтті басқа біреудің тапсыруын нұсқайды. Аймақ басшысы мұндай келеңсіз оқиға болмағанын, резонанс тудырған видео монтаждалғанын айтты.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Арал ауданында үй табыстауда болған жағдай. Шын мәнінде сіз айтып жатқандай келеңсіз оқиға орын алған жоқ. Кеше маған баспасөз хатшым баяндады. Мұны шығарған азаматтардың ары білер. Өздеріне рейтинг көтеру үшін істеген. Монтаждап, менің баспасөзім айтуы бойынша, жылдамдығын көтеріп, аяғын, басын алып тастаған. Олар кешірім сұрады. Мойындады.Мен олардың кім екенін білмеймін».
Еще материалы
Страница 132 из 195
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.