- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 321
https://www.youtube.com/embed/L9MBtfIV19k?si=kY1lvvdF_pXsApQC"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 337
https://www.youtube.com/embed/7qBn1FIQBCA?si=6VqFo32e3rnVeMEo"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды. Ақорданың ресми ақпараты бойынша Қазақстан Президенті Минск қаласында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады деп жоспарланып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/hNsa5uMDto8?si=UbFoOa55agdErYUY"
Төтенше жағдайлардың алдын-алу және азаматтық қорғау жүйесін басқару органдарымен техникалардың дайындығын тексеруге бағытталған. «Қыс 2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті. Жиынға төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері және еріктілер қатысты. Шара барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын жұмылдыру бағытталып отыр. Оқу жаттығудың I кезеңінде Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы ұымдастырылдыОған 146 адам мен 39 техника қарастырылған.
БЕКБОЛАТ ӘБДІҚАДЫРОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/qfeBUFv7UdI?si=i_WY8rDHEcTclP-W"
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қозғалыс кедергісіз болуы тиіс. Дәл осы мақсатта әр мекемеде заманауи пандустар салынуда. Бірақ, Талдықорғанда пандус саны жеткілікті болғанымен талапқа сай болмай тұр. Басқасын айтпағанда, ірі сауда орталықтарының кейбірінде пандус дұрыс салынбаса, енді бірінде мүлдем орнатылмаған. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті келіп түскен арыздар негізінде жеке субъектілерге қатысты жыл басынан 19 мекемеге, оның ішінде 22 объектіге жоспардан тыс тексерулер жүргізілген.
Нәтижесінде 16 әкімшілік іс қозғалып, 3,3 млн. теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 8 мекемеге қолданыстағы заңнамаларда көзделген нұсқаманы орындауға жыл соңына дейін уақыт берілді.
ЕРМЕК МИЗАМБАЕВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
https://www.youtube.com/embed/eHC7GNz0nyM?si=jfif9CAQu7v5eNiX"
Оралдықтар жолаушы көлігі ақысының қымбаттауына наразы. Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлік жолақысының бағасы күрт өспек. Онсыз да қымбатшылық қалталарын қаққан халықтың билікке өкпесі қара қазандай.
Оралдықтар үшін 2024 жылдан бастап жолаушы көлігіне қолма-қол ақы 200 теңге болып өзгереді. Ал кюар код арқылы шағын шаһар тұрғындары қазіргі 80 теңгенің орнына 100 теңге төлейтін болады. Кілең есігі жабылмайтын, іші суық, лас, әрі тозығы жеткен автобустарға мұндай ақы төлеу ақылға сыйымсыз дейді халық.
Осыдан бірнеше ай бұрын жол жүру ақысын 120 теңгеге дейін көтеруді сұраған жолаушы тасымалдаушылар өз шығындары шаш етектен екенін алға тартқан еді. Бірақ әкімдік сұранысты толық қанағаттандырмай,100 теңге қылып бекітіпті. Ал тұрғындар бұндай өсім біздің табысымыз бен қызмет сапасына сай келмейді дейді. Көпшілікке басу айтқан мамандар өзгеріске сай қауіпсіздік талаптары да ескерілетінін айтады.
МИРЖАН ШАМУРОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Айта кетейік, қазір алып шаһар Алматы қаласында жолақы құны Оралдағы тарифпен теңескелі отыр. Ал Астанада қоғамдық көлік ақысы жаңа төлем жүйесімен 90 теңге болса, қолма-қол 180 теңге. Осы орайда шағын ғана Орал қаласында бағаны шарықтату жан-жақты талданбағандықтан, халықтың наразылығын тудырып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 630
https://www.youtube.com/embed/H8xKKXkTMcs?si=75IBOVodkTmBhDy5"
Оқу-ағарту министрлігінің бір тұтас бағдарламасының аясында Алаш қайраткерлерін ардақтау мақсатында жүйелі шаралар қолға алынып келеді. Мәселен Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына байланысты, «Сөнбейді Жүсіпбектің аты мәңгі» атты іс шаралар ұйымдастырылуда. Жастарды патриоттық тәлім-тәрбиеге баулуға негізделген бағдарламаға Алматы қалалық білім басқармасына қолдау танытып отыр.
Ел мүддесіне қызмет еткен нар тұлғаның шығармашылығын насихаттау аясында оқушылар,Жүсіпбек Аймауытовты жанжақты танып білетін болады.
БАҚТЫҒЫЗ ТОҚТАСЫНОВА ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/ILH0siGTL7A?si=uftFpzq3ykNbD4u_"
Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі кәріз суына толып, мүңкіген сасық иіс қолқаны қабады. Тіпті 72 пәтердің іші тұрмақ, үйдің маңынан жүру де мүмкін емес. Қаланың қақ ортасында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындарыны шарасыз күйге түскен. Мәселенің мән-жайын толығырақ айтсақ.
Назарбаев көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдің тұрғындары көмекке мұқтаж.Үш аптадан бері мәселе шешімін табар емес. Кәрізден аққан лай суға жертөле толып қалған.Тұрғындар пәтер иелері кооперативі мен жауапты органдарға арызданғанымен, олардан еш қайыр болмай тұрғанын айтады.
САНИЯ СТРЕМЕНЮК КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Үш апта бойы біздің мәселеміз шешілген жоқ. Пәтер иелерінің кооперативі су арнасына сілтейді. Яғни, мәселе біздің жертөлеге ғана келіп тіреліп тұрған жоқ. Маңайдағы құдықтар да толып қалған. Енді біздің кәріз жүйесі істен шыға ма деп қорқамыз. Мен тоғызыншы қабатта тұрамын. Тіпті біздің пәтерге дейін сасық иіс келіп жатыр. Астыңғы қабаттардың күйін айтпай-ақ қояйын. Бір амалын тауып, бізге көмектесіңіздер дегім келеді. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қалалық су арнасы мен қалалық әкімшілік бірлесіп мәселемізді шешіп берсін деп өтінеміз».
Жертөле енді пайдалануға жарамсыз күйде. Ол жерде жылу есептегіш құрылғысы тұр. Пәтер иелері кооперативінің өкілдері егер «Көкшетау су арнасының» сорғысы қайтадан іске қосылса, онда олар жертөледегі барлық суды бірнеше күн ішінде сорғытып алатындарын айтып отыр.
ЕРІК БЕКІШЕВ «ОЛЖАС» ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ИНЖЕНЕРІ: «Мұнда 15-ші кәріз сорғы станциясының құрылғысынан ақау шығып, жарамсыз болып қалды. Сондықтан біздің үйдің жертөлелері суға толып тұр. Су арнасының өкілдері бұл мәселеден хабардар және бұл мәселені шешу үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Сорғы жөнделген соң суды толығымен сорып аламыз».
Алайда «Көкшетау су арнасы» күн сайын суды сорғымен сорып алып жатқандарын айтуда.Тіпті жұмыстарын 16-шы қарашадан бастап кеткен.
ЖАНАТ БЕЙІСОВ «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ МАМАНЫ: «Бұл үйдің мәселесі туралы білеміз. Кәріз сорғы станциясының құрылғысы күйіп кеткен. Дәл қазіргі уақытта біз Беларусь тракторының бір бөлшегін сорғыға орнатып, бұл мәселені уақытша болса да шешіп жатырмыз. Күндіз суды сору жұмыстарын жүргіздік. Жақын арада істен шыққан құрылғыны жөндеп, суды толық сорып алу жұмысын аяқтаймыз».
Айта кетейік, аталған үйдің тұрғындары бұдан өзге де мәселенің бар екенін жеткізді. Табиғи газдан да тапшылық көріп отыр. Көгілдір отынды жеткізетін ұйым ауысқанға дейін тұрғындар бұл мәселеге тіпті бас қатырған емес.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/b3IOBZfLpDY?si=n6Hd9n0hac2tdDvG"
Израильдің оңтүстігінде сәрсенбі күні мен бейсенбіге қараған түні түсірілген Таймлапс Газа секторындағы зымыран атқылауларының күшейтілгенін, жойқын жарылыстардан кейінгі көтерілген көк түтінді көрсетуде.
Израиль Үкіметі мен ХАМАС сәрсенбіде Газада кепілге алынған 50 тұтқынды Израильде қамауда отырған 150 палестиндікке айырбастау үшін жауынгерлік іс-қимылдарға төрт күндік үзіліс жариялауға келісті. Сонымен қатар, анклавқа гуманитарлық көмек жеткізу жоспарлануда. Бітімгершілік пен тұтқынға алынған адамдарды босату уақыты әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Мысырдың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз жеткізушілер делдалдар бейсенбі күні кездесуге келіскенін хабарлады. Алайда, премьер-министрдің кеңсесі кепілдікке алынғандарды босату жұмадан ерте болмайтынын және Израиль соғысты соңына дейін жалғастыра беретінін айтады.
ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ – ИЗРАИЛЬ ӘСКЕРІНІҢ ӨКІЛІ: "Біз соғыс отының қашан тоқтайтынын білмейміз. Әзірге біз соғысқа ден қойып отырмыз. Бүгін біз тағыда ХАМАС туннельдерін тауып, оларды бұзу жұмыстарын жүргізудеміз".
Қақтығыстың жетінші аптасында алғаш рет атысты тоқтату туралы Катар делдалдығымен келісті. Алайда, Газа тұрғындары наразылығын білдіріп отыр.
ГАЗА ТҰРҒЫНЫ: "Бұл бітімнің қандай пайдасы бар? Адамдарды қалай болғанда да айырбастау жүреді. Біз соғыс отын тоқтатқымыз келеді, қантөгіс болмағанын қалаймыз".
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жауынгерлік іс-қимылдарды төрт күннен артыық тоқтатуға шақырды, сондай-ақ анклавта гуманитарлық дағдарыс жалғасып жатқанын айтты. Израиль Газа секторын бақылайтын Хамас тобын 7 қазандағы шабуылы үщін жоюға уәде етті. Шабуыл кезінде содырлар 1200 бейбіт тұрғынды өлтіріп, 240 адамды тұтқынға алған. Содан бері Израиль анклавтың қалалық орталығы - Газа қаласының басым бөлігін бомбалады. Ол сондай-ақ адамдарды анклавтың солтүстік бөлігінен кетуге шақырды. Салдарынан екі миллионнан астам палестиндықтардың жартысы қашып үлгерген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 315
https://www.youtube.com/embed/CDWeJF3xLVc?si=ZXMrHlT3gciLorYB"
Алматы қаласының Әділет департаменті құқық иелерінің сенімхат негізіндегі өкілінің арызы бойынша ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында «Белгілі брендтердің» тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактісі бойынша, яғни сапасы күмәнді, өндірісі белгісіз конструктор түріндегі ойыншықтар мен автомобиль сүзгісіне қатысты кезектен тыс 5 тексеріс жүргізген.Тексеру барысында жалпы сомасы 2 221 300 теңгені құрайтын 700 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді.Сонымен қатар, 5 құқық бұзушыға сот шешімі негізінде жалпы сомасы 356 000 теңгеге айыппұл салынды және тәркіленген контрафактілі өнімдер жойылды.
ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бұл тауарлардың ешқандай құжаттамалары жоқ. Құжаттарының жоқ екендігі тексеріс барысында анықталды. Сол себептен ҚР тауар таңбалары туралы заңына сәйкес бұл өнімдер контрафактілік болып есептеледі. Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгінгі таңда танымал брендтердің тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактісі бойынша тексеріс кезінде тәркіленген заттарды жою шаралары жүргізіліп жатыр».
Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы қаласының Әділет департаменті тауар таңбаларының құқық иеленушілерінің сенімхаты өкілдерінің өтініштері негізінде 34 жоспардан тыс тексеру жүргізді, олардың барысында тауар таңбаларын заңсыз пайдаланумен 11 725 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді, жалпы сомасы 11 340 606 теңге. Сот шешімі бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 245 200 теңге айыппұл салынды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/9WTP5OmIUOc?si=hrxYklKW_kTtF6ki"
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтарды аралап, халық алдындағы есептік кездесулерін өткізуде.Бүгін өңір басшысы Қарасай ауданының тұрғындарымен жүздесті. Жергілікті тұрғындардың айтқан өтініштері бойынша атқарылған және атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндап, облыстың алға қойған мақсатымен таныстырды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Алматының іргесіндегі Қарасай ауданының экономикалық динамикасы жаман емес. Миграциялық өсімнің көптігінен шешімін күтіп отырған әлеуметтік мәселелер аз емес.Жол,су,жарық секілді инфрақұрылымдарға сұраныс жоғары. Өңір әкімінің қолдауымен тиісті қаржат көздері қарастырылып жүйелі түрде жүзеге асып келеді.Үш ауысымды мектептердің проблемасын реттеу аясында білім нысандары салынуда.
САҒАТ ҰЛТАРАҚҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жиын барысында облыс әкіміне аудан тұрғындары өздерін мазалап жүрген мәселелерін қойды.Өңір басшысы сауалдарына жауап беріп қолдан келгенше шешуге тырысатынын алға тартты.Сондай-ақ аудан азаматтарын облыстық басқармалардың басшылары ашық есік форматында қабылдау шараларын өткізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 348
https://www.youtube.com/embed/6vT-Ig0owMs?si=kMIEzyaQ12UPjV_M"
Маңғыстауда секундына 28 метрге дейін соққан желден көпқабатты үйлердің қасбеттері құлады. Қаладағы ең үлкен ту жыртылып, тұғырдан алынды. Ал облыстың кейбір мектептерінде балалар онлайн оқу режиміне ауысты.
Маңғыстауда солтүстік-батыстан соққан жел кешелі бері көптің мазасын алды. Әсіресе түнгі мезгілде желдің соғу жылдамдығы күшейді. Қатты соққан желдің салдарынан Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында екі тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен. Ал өткен түнде Ақтаудағы 33-ші шағынаудандағы 31-ші үйдің қас беті түгелдей түсіп қалған.
«Қаланың ішінде болып тұартын табиғат зат. Ешқандай таңқалатыны жоқ. Біреуден көретіні де жоқ. Енді төбесіндегі қалақашалар тұр ғой. Солар түніменен салдырлап түнімен жатқызбайды салдыр -салдыр жылда қысқа, сезонға дайындау керек».
Ауа райының қолайсыздығынан облыста мектептер де онлайн оқу режиміне ауысты. Ақтаудың кейбір мектептері, ал Бейнеу, Түпақараған аудандары толықтай қашықтан оқуға көшті. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарында сабақ дәстүрлі форматта жалғасып жатыр. Қала мектептерінде онлайн оқу ертең де жалғасады. Өйткені облыста ауа райы дауылды болады деп болжанып отыр. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақ болуға шақырады.
АЙГҮЛ ТӨЛЕУҒАЛИЕВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Алдағы тәулікте де осы ауа райы сақталады. Ертен облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын тіпті, қар, жаңбыр күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні -15-20 метр секудтқа дейін жетеді. Ақтау қаласында да дәл сондай ауа-райы».
ДАНИЯР ЕЛШІБАЕВ — МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Облыс қонақтары мен тұрғындарына МО ТЖД ескертеді. Яғни дәл осындай қолайсыз жағдайларда көшеде болсаңыз, биік ғимараттардан, ағаштардан, электр қалқандарынан аулақ болғаныңыз жөн. Себебі осындай жел уақытында көптеген оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Сондай-ақ осындай уақытта көлікте болсаңыз жолда көру мүмкіндігі азаяды. Сол себепті көлікті жол жиегіне қойып, есік терезелердің жабылғанына көз жеткізген дұрыс. Өңдеріңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатты жел уақытында көшеге шықпауыңызды сұраймыз».
Қатты желге Ақтау ортасындағы ең биік ту да шыдамады.Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан тудың шеті жыртылғанын көруге болады. Айтулы жағдайға байланысты тұғырдан алынды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 866
https://www.youtube.com/embed/JHcio592BjQ?si=PPT9rWRnTnexNI4k"
Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Осы қасиетімізді ұлықтау мақсатында бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» атты іс-шара өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз. Бүгінгі білім ордасында өткен іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлері қайта жаңғырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие үлгісін көрсетті. Оқушылар өз қолдарымен қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтың бірнеше түрін әзірлеп, көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар, әке мен бала арасында танымдық жарыс өтіп, әр отбасы өз өнерлерін ортаға салды. Өнегелі батасын беріп, салт-дәстүрімізді дәріптеді.
АМАНҒАЛИ ХАМИДОЛЛАҰЛЫ «АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ» ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Ата-аналарды қолдау педагогикалық ғылыми орталығының ішінде «Даналық мектебі» деген клуб жұмыс істейді. Бұлда республиканың барлық мектептерінде ашылып, жұмыс жасап жатыр. №86 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбындағы кеште осы даналық мектебінің клубының аясында өткізіліп жатыр. Енді мынау мектепте аталардың немерелерін жетектеп келіп, осындай мектептің өміріне ат салысуы бұл енді құптарлық дүние. Өйткені, бүгінгі таңда барлығыңыз білесіздер аталар, ағалар, әжелер, жеңгелер тәрбие мәселесінен тыс қалып отыр. Олардың тәжірибесі бай. Осы бай тәжірибені біз ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек».
Адамдар заң деп саналы түрде қабылдайтын, халықтың рухани адамгершілік өмірінің негізі болып табылатын қарым-қатынас нормалары - дәстүрлердің әсері өте күшті. Себебі ол – қоғамда, ұжымда, мектепте рухани қасиеттерді қалыптастыратын, ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық, жоғары деңгейдегі құбылыс.
ЕРЛАН МҰРАТХАНҰЛЫ САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ ОТБАСЫ «Ұйымдастырып отырған дәстүрге арналған тақырыбы өте керемет. Жастарға, ұл-қыздарға өте тәрбиелі, мәнді де сәнді тәрбие біледі деп білемін. Осыған ат салысқан ұжымға көп-көп рақмет. Осындай шаралар жиі болып тұрса, ер азаматтарымыз намысты ер азамат болып шығады деп білемін»
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, нұр үстіне нұр болмақ.
Еще материалы
Страница 140 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.