- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1040
https://www.youtube.com/embed/xAMmxh2m-qs?si=PooDXc72EKhQnot_"
Кениялық үй қызметкері Вероника Маге ешқашан бөтен елде модель боламын деп ойламаған. Бірақ қазір Бейрутта әдемі киім киіп фотокамера алдында сәнденуде. Қызды Камерундағы мигрант және сәнді брендтің негізін қалаушы Джуффа Виани жалдаған. Оның киімдерін Миша Алис көрсетеді. Ол да Камеруннан.
Әйелдер Ливанға араб тіліндегі «кафала» жалдау жүйесін пайдаланып келді. Құқық қорғаушылар оны құлдықтың жаңа түрі деп атайды. Мигранттар үшін оларды жалдаған адам жауап береді. Ол төлқұжатын алып, қызметкерді демалысынан және жеке өмірінен шектей алады.
НГЕМАКУЭ ДЖУФФА ВИАНИ СӘНГЕР: "Мен Ливанда үй тазалаушы болдым. Онда көптеген қысымшылыққа тап болдым. Мен есіме алғым келмейтіндей қиын жағдайларды бастан кештім ".
МИША АЛИС СӘНГЕР: "Басқалардай өмір сүруге құқық жоқ.Түрмеге түсіп, сені біреу басқарып жатқандай.Өмір енді толығымен сенікі емес. Бірақ біз егерде қиындыққа тап болсаң, шағымданба қайта, одан шығу жолын ізде деп жиі айтамыз».
Джуффа тығырықтан шығу жолын модельер болу арқылы тапқан. Бір кездері осы мамандықты Парижде үйренуді армандаған. Арманына жетуге Камерунда алған білімі көмектескен. Енді африкалық маталардан түрлі киімдер тігеді.
НГЕМАКУЭ ДЖУФФА ВИАНИ СӘНГЕР: «Осы матамен жұмыс істеу маған өзмәдениетіммен, отаныммен, Африкада,Камерунда болатын мерекелермен байланысуға мүмкіндік береді».
Дизайнер екі жыл бұрын «Виани де Марсо» брендін құрған. Кәсібі дөңгелене кеткен ол енді басқа мигранттарға жұмыс бере алады.
ВЕРОНИКА ВАНИЙКУ МАГЕ МОДЕЛЬ: "Зорлық-зомбылық көрген әйелдің осындай жетістікке жеткені таң қаларлық құбылыс. Мұндай адамдар өздерін сөз ғана емес, шығармашылық арқылы да танытады ".
Ал модельер өзінің өмір тарихын бүкіл әлемге айтып, туған мәдениетін дәріптеуді мақсат етуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 946
https://www.youtube.com/embed/Ci-LdHDIcQc?si=wjDqYxDe5MP82ZDY"
Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды.Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.
Алаңдауға негіз жоқ.Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 970
https://www.youtube.com/embed/ZozKA8KFwGI?si=vwGxVoFdCqUxDBO0"
Ақмола облысында ондаған жұмысшы 2 жылға жуық маңдай термен тапқан еңбекақыларын ала алмай жүр. Олар Көкшетаудағы 9-шы орта мектептің құрылысында еңбек еткен. Әділдік іздеп әлек болған жұмысшылар «НИКС Инжиниринг Групп» мердігер ұйымының басшысын кінәлап отыр.
Айта кетейік бұл ұйым сот рәсімдерінің қорытындысы бойынша міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін қара тізімге ілінген. Құрылыс нысанында бірнеше шағын компания да кейбір жұмыстарды атқарған. Енді сол мекемелер жұмысшылар алдындағы қарызды өтеу үшін мүліктерін сатып, тіпті несие алуға да мәжбүр болған.
ОЛЬГА ӘБІЛОВА, ШАҒЫН КОМПАНИЯНЫҢ ИЕСІ:«Бір әрдайым жалақының тең жартысын алып отырдық. Толық ешқашан алған емеспіз. Сондықтан қарызға белшеден баттық. Миға қонымсыз дүние. Облыстық басқармаға берді, одан соң қаладан қайта облысқа берілді. Демек, бұл ақша әрі-бері жүргенде бір жерде тұрып қалуы да мүмкін ғой. Мектеп қолданысқа берілді. Соңына дейін үмітімізді үзген жоқпыз, қарызымызды қайтарады деп сендік».
Таңат Әлібеков те нысанды салу кезінде учаске бастығы болып жұмыс істеген. Мердігер ұйымның төлемеген қарызы 3 миллион теңгеден асады.
ТАҢАТ ӘЛІБЕКОВ, БҰРЫНҒЫ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: «Салық қызметі мен еңбек инспекциясы қайда қарап отырғанына таң қаламын. Біз біреудің ақшасын есептемейміз. Адал еңбегіміздің өтеуін қайтарса болғаны. Әркім адал еңбегінің табысын сұрайды».
Шағымданушылар қалған ақшаны төлейміз деген құр уәден шаршаған. «НИКС Инжиниринг Групп» мердігер ұйымының директоры Владимир Пинчук жұмысшыларға 2-3 айдың ішінде толық қарызды өтейтінін айтып сендіріп отыр.
ВЛАДИМИР ПИНЧУК, «НИКС ИНЖИНИРИНГ ГРУПП ИВ»МЕРДІГЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Қарыз бізбен арадағы келісім-шарт бұзылып, жосықсыз тұлғаларды есепке алу журналына жіберілгендіктен, осындай қиындыққа тап болып отырмыз. Бүгінгі күні компания жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ қарызды өтеу үшін қаражат іздестіріп жатырмыз. Жұмысшылар алдындағы қарыздан бас тартпаймыз».
Бұрынғы жұмысшылар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар құзырлы орғандарға хабарласып, облыс әкімдігіне ұжымдық хат та жолдады. Алайда, мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Жалақы проблемасы шешілмесе, жұмысшылар Мемлекет басшысынан көмек сұрамақ ниетте.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 940
https://www.youtube.com/embed/Bn7B-JjKZQk?si=gU3w4sFs5b4TTyI1"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 921
https://www.youtube.com/embed/07MoMfewoaU?si=KvW3TtYXYVx-fKFV"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Каптаж», «Бастау» тоғандарынан және «Медеу» сүзгі станциясынан келетін судың осы резервуарларда жинақталып, зарарсыздандырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тазаланған ауызсу арнайы орнатылған сорғылардың көмегімен Каменское плато, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау ықшамаудандарының магистральды желілері арқылы таратылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен қамтудың қосалқы схемасын іске қосу жоспары жөнінде мәлімет берілді. Ал Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының халқын сумен тұрақты әрі сапалы түрде қамтамасыз ету үшін екі тоған салынып жатыр және тағы екеуінің жобалау жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес биыл Қарғалы тоғанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл нысан Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Келесі жылы Ақсай тоғанының құрылысын аяқтау көзделуде. Ол Наурызбай ауданындағы 100 мың тұрғын мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 мың тұрғынның суға қатысты мәселесін шешуге септігін тигізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жалпымемлекеттік маңызы бар басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар былтыр Алматы қаласының Медеу ауданында болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын ескертті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауызсудың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек».
Сондай-ақ Президент Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығында болды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған. Алматыдағы Footlab орталығы Португалияның франшизасын алған. Оның бас кеңсесі Лиссабонда орналасқан. Бүгінде Footlab франшизасы әлемнің 60-тан астам еліне сатылған. Бұл орталық Лиссабон мен Дубайдан кейін үшінші болып, Алматыда ашылды. Жобаға 1,5 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция салынған. Орталықтың биыл 50 мыңнан астам адам қабылдау, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін Алматы қаласының оқушылары арасында турнир өткізу жоспары бар. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды көздеп отыр. Президент балаларға арналған спорт жобасын дамыту үшін жауапты органдарға жер телімін бөлу мәселесінде жәрдем көрсетуді тапсырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 827
https://www.youtube.com/embed/F0gNoqA1QRU?si=KxdGbkT7WCX4BUSz"
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтты.
Сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпу жағдайын тіркеген. Оның көбі – төмен балдық жер сілкінісі. Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдардың халықты эвакуациялауға дайындығына және құлақтандыру жүйесіне қатысты мәселеге ерекше назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Дабыл қосылмады. Бұл дұрыс шешім болды. Әйтпесе, қалада дүрбелең туындайтын еді. Бірақ халықты басқа байланыс арналары арқылы хабардар ету қажет болатын. Құлақтандыру бірнеше негізгі міндетті шешуі керек. Олардың қайсысын бұрын қолдану керектігі қауіп-қатердің ауқымына байланысты. Алайда қолданыстағы алгоритмдерде бұл ескерілмейді. Қатты жер сілкінісі кезінде адамдарды зілзаланың физикалық сипаттамалары мен эпицентрі туралы ақпарат қызықтырмайды. Олар табиғат апатының қаншалықты жойқын екенін онсыз да сезінді. Мұндай сәтте, ең бастысы, тұрғындарды әрі қарай қалай әрекет ету жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды. Азаматтар «Үйге оралуға бола ма?», «Қайдан көмек алуға болады?» деген сауалдарға жауап алуы керек. Сондықтан құлақтандыру жүйесін қайта қарап, оны барынша нақты қажеттілікке бейімдеу қажет. Техникалық құралдар ақпараттың әр адамға уақытылы жетуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жолы SMS-хабарламалар тым кеш келді. Сондай-ақ дүмпу кезінде байбалам салып, жалған ақпарат таратқандар болды. Жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет».
Мемлекет басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру деңгейінің төмендігін сынға алды. Бұл сейсмикалық мониторинг желісіне де, сондай-ақ құтқарушыларды заманауи құрал-жабдықтармен, техникамен және арнаулы киімдермен қамтамасыз ету ісіне де қатысты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Сейсмикалық бақылауды «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС-не қарасты Алматы, Шымкент қалаларындағы және 12 облыстағы 70 сейсмологиялық станция жүргізеді. Оның алтауы істен шыққан. Мамандардың есебіне сәйкес бүкіл ел бойынша қосымша 285 сейсмологиялық станция орнату қажет. Жойқын жер сілкінісі кезінде мемлекеттік материалдық резервтің болуы және оның қолжетімділігі айрықша маңызды. Көлік байланысын жедел қалпына келтіру және медициналық көмек ұйымдастыру мүмкіндігі де шешуші рөл атқарады. Әкімдер Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, барлық елді мекеннің осыған қағаз жүзінде емес, іс жүзінде дайын екеніне көз жеткізуге тиіс. Осы жер сілкінісінен сабақ алып, жіберілген олқылықтарды түзету қажет».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 968
https://www.youtube.com/embed/nv1oQ4DhfUo?si=ZPafZuxXLXohZxtk"
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 2024 жылдың 20 және 24 қаңтарында прокуратура және полиция органдарының жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді. Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 985
https://www.youtube.com/embed/KU_iifLRWds?si=v5MN_XenibW8j1nm"
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінде өткен ашық тыңдалымында Солтүстік Қазақстан облысында су тарифінің өсуі мүмкін екендігі айтылды. Бұған себеп – «Қызылжар су» серіктестігі мен «Қазводхоз» кәсіпорнының өтінімдері.
Су тарифінің өсуі - инвестициялық бағдарлама соммасының өсуінен дейді мамандар. Тобықтай түйініне келсек, техникалар мен станциялардың әбден тозығы жеткен.
ЕЛЕНА ПЕТРОВА «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ЭКОНОМИСТІ "Тариф бағасы тұрғындар үшін бір текше метріне 84,6 теңге, ал бюджеттік ұйымдар үшін 1162,55 теңге, басқа тұтынушылар үшін 394,31 теңге болмақ. Су тарифін 8,3 пайызға яғни 15 теңге 4 тиынға өсіруді жоспарлап отырмыз".
Айтай кетейік, талқыға түскен мәселе арасында «Қазводхоз» кәсіпорнының қызметкерлерінің айлығын көтеру туралы жоспар да айтылды. Осы негізде, тариф 0,13 теңгеге көтерілмек. Бұл тариф жобасы 2025 жылға дейін жоспарланды.
РАМЗИЯ ХАСАНОВА «ҚАЗВОДХОЗ» РМК СҚФ БАС ЭКОНОМИСТІ «ҚАЗВОДХОЗ» кәсіпорны облысты сумен қамтамассыз ететін жалғыз мекеме. Кәсіпорынның негізгі мақсаты өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту. Сонымен қатар Ресейге су қоймалары арқылы тіршілік нәрін жеткізу".
Жобаның нақты жауабы сарапшылар кеңесінен кейін шешілмек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1012
https://www.youtube.com/embed/MJRerFOC22E?si=5VmRw4u5gCsuOuzm"
Серб археологтары Римдегі арканы қазуды жалғастыруда. Сырын ішіне бүгіп жатқан тарихи жәдігерлер жайлы қазба жұмысын жүргізіп жатқан мамандардың қызықты деректеріне кезек берсек.
Археологиялық жұмыс кезінде табылған тарихи орын біздің заманымыздың 3 ғасырында іргесі қаланған. Бұл Балқандағы бірнеше ұқсас ғимараттардың бірі.
МИОМИР КОРАЧ АРХЕОЛОГ: «Виминациум салтанатты аркамен көмкерілген. Мұндай нысандар, әсіресе Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде сирек кездеседі. Римде олардың саны 20-ға жуықa, мүмкін одан да көп.Бірақ бұл аймақтағы алғашқы триумфалдық арка».
Виминаций — Римнің Моезия провинциясының астанасы болған. Өз дәуірінде 45 мың адам өмір сүрген ең ірі қалалардың бірі болды. Виминациумда сарай, храмдар, бекіністер, амфитеатр, ипподром, монша және шеберханалар бой көтерген қалада тіпті су құбыры да болған. Тарихи орын қаланың бас көшесін қазу кезінде табылды.
МЛАДЕН ЙОВИЧИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз триумфалдық арканың көбірек бөліктерін табамыз деп үміттенеміз. Біз әдемі жасалған бір бағананы таптық. Бірақ мен жазуы бар фрагменттерді, бағандарды тапқым келеді».
V ғасырдың бірінші жартысында ғұндардың шабуылына ұшырап, қала қатты зардап шекті. Кейінірек оны Византия империясының императоры Юстиниан I қалпына келтіргенімен 6 ғасырда Славяндар қаланы жер бетінен жойды.1882 жылы басталған қазба жұмыстары , әлі күнге дейін жалғасуда. Археологиялық кешен 450 гектар аумақты алып жатыр. Әзірге аумақтың 5 пайызы ғана зерттелген.
ИЛЬЯ ДАНКОВИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз қаланың осы ауданында тұратын адамдардың қалауы мен әдеттері туралы білеміз. Оған дәлел шарап әкелінген ыдыстар табылды».
Қазба жұмыстары кезінде нефрит мүсіндер, мозаикалар, фрескалар, қару-жарақ, тиындар, алтын бұйымдар және үш мамонттың қалдықтары табылды. Ал өткен жазда қала маңында кеншілер кездейсоқ ежелгі Рим кемесінің қалдықтарын тауып алған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 918
https://www.youtube.com/embed/XZtvnQ8Ksks?si=zemPpuZ5YzC4KgaK"
БҰҰ-да Қытай Халық Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы тыңдаулар өтті. Адам құқықтары жөніндегі кеңес отырысында қатысушылар Шыңжаң өлкесі мен Қытайдың солтүстік-батысындағы ұйғырлар мен басқа да ұлт өкілдерінің түрмеге қамалуы адамзатқа қарсы қылмыс екенін айтты.
БҰҰ-ның тұрақты мүшелері ұйғырлар мен тибеттіктерді қудалауды тоқтатуға, сондай-ақ Қытайда дін бостандығын беруге көмектесетін ұсыныстарды талқылады. Кездесуге қатысу үшін 160 мемлекет тіркеліп,әр өкілдің мәлімдеме жасауына 45 секунд уақыт берілді.
ЛЕСЛИ НОРТОН КАНАДАНЫҢ БҰҰ -ДАҒЫ ӨКІЛІ: «Канада Қытайға ұйғырларға, тибеттерге және басқа этникалық азшылықтарға, соның ішінде мәжбүрлі еңбек, мәжбүрлі қоныс аудару, мәжбүрлі зарарсыздандыру және мектепке міндетті бару сияқты жазаларды өзгертуді ұсынады. Сондай-ақ Қытай үшін адам құқықтарын қорғаушыларды, этникалық аз ұлттарды қорлаудың барлық түрлерін тоқтату керек».
Чехия өкілі Қытайды діни топтар мен рухани ағымдарды, азаматтық белсенділерді қудалауды тоқтатуға шақырды.
ВАЦЛАВ БАЛЕК ЧЕХИЯНЫҢ БҰҰ -ДАҒЫ ӨКІЛІ: «Ұлттық қауіпсіздікті қорғаймыз деген желеумен қудаланып жатқан мұсылмандар, буддалық тибеттіктер, сондай-ақ моңғолдар бар. Біз Гонконгтағы адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын елемейтін ұлттық қауіпсіздік туралы заңның күшін жоюымыз керек».
Біріккен Ұлттар Ұйымы әр ел үшін шамамен төрт жыл сайын мерзімді шолу жүргізеді. Оның барысында сарапшылар адам құқықтарының жағдайына баға береді. Арнайы жиында Қытайдағы ар-ождан тұтқындарының органдарын мәжбүрлеп алу мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, ел билігі соңғы 25 жыл бойы қудалап келе жатқан Фалуньгунның бейбіт рухани тәжірибесін ұстанушылар жағдайы көтерілді. Көптеген айғақтар мен есептер тұтқындардың мүшелерін пайда көру мақсатында алынғанын көрсеткен.Отырыста куәгер болған сарапшылар арасында құқық қорғаушылар, профессорлар мен медицина мамандары болды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1120
https://www.youtube.com/embed/NvjiviTQu-4?si=Umtip4mOQfcyG6LS"
Орал қаласының Жұлдыз шағынауданы тұрғындары үй ауласында ұялы байланыс мұнарасының орнатылуына наразы.Тұрындардың қарсы болуына қандай себеп,келесі бейнесюжетте.
Шетте орналасқан баспана иелерінің шағымы болмаса, орталықта байланыс қолжетімді. Бейтаныс кәсіпкер байланыс мұнарасын жеке тұрғын үйдің ауласына орнатпақшы болғанымен,тұрғындар құрылғының бұлай тым жақын тұруы денсаулыққа зиян деп топшылап отыр.
НАЙЛЯ НЫҒМЕТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мердігер мұнараны 2023 жылдың шілдесінде орнатуы тиіс болған. Кәсіпкер «екі тараппен келісімшарт жасасып, заңнама аясында жұмыс жүргізіп отырмын» дейді.
МАНАС ШАЙХИН МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
Мердігер мен тұрғындардың кездесуіне ауласына мұнара орнатуға рұқсат берген үй иесі бой көрсетпеді. Ал жұмысшылар болса темір қоршауды кесіп, жұмыс жүргізген.
АЛЬБИНА НӘСІПҚАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізден ешкім рұқсат сұрап жатқан жоқ. Бастысы тұрғын үй иесімен келісім жасағанын айтады. Бұл іске біздің қатысымыз жоқ деп шешіпті. Мердігермен 4-ші мәрте кездесуге келіп тұрмыз. Баспана иесі бұл жолы да қатыспады. Жұмысшылар емін-еркін жұмыс жасап жатыр. Бұны қалай түсінеміз? Біз келісім берген жоқпыз».
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сараптама жасап, оң қорытынды берген.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2023 жылы департаментке тұрғындардан осыған ұқсас 4 шағым түскен. Жүргізілген зерттеулер бойынша ұялы байланыс құрылғыларының жақын орналасуынан қауіп аз екені дәлелденген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 987
https://www.youtube.com/embed/sne0UN71SFc?si=BSbcITZz6NrUEA4m"
Қызылорда өңірінде төрт түліктің саны көбеюде.Сонымен қатар, оларға жұғатын түрлі дерттердің де қатары кем деуге болмайды.Жануарларды лдын ала егу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Десе де, ем қонбайтын сәттерде ауру малдардың өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 қорым бар.Соның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес типтік жобадағы 90 мал қорымы жасақталған болса, қалған 56-ы қарапайым шұқырлар.
АШМ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, ҚР Үкіметі және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді іске асыру мақсатында, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын-алу бойынша аймақта симулятивті оқу жаттығуы өткізілген. Оқу-жаттығу барысында сібір жарасы ауруына күдікті жағдай тіркелген уақытта алгоритмге сәйкес тиісті мекемелерге хабарламалар беру, өлекселерден патологиялық үлгілер алу, оларды ветеринариялық зерітханаға жеткізу, карантин іс-шараларын белгілеу, сауықтыру жұмыстарын жанжақты ақпараттандырған.Әдістері толыққанды түсіндіріліп, көрсетілген.
ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Сонымен қатар облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалу ауруларға 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып жеткізілген.
Еще материалы
Страница 159 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.