- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 331
https://www.youtube.com/embed/wlErdaJwSn0?si=1R9HtegNzRoHA3ft"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/4KbRwgPArdU?si=Du3CpevWJ_103qYr"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақордада бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды.Президент, ең алдымен, салтанатты жиынға қатысушыларды еліміздің ең басты мейрамы – Республика күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жетістіктері туралы айта келе, адам капиталын жақсартуға бағытталған оң өзгерістерге назар аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Көп ұзамай халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл еліміздің тұрақты дамуының айқын көрінісі деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, азаматтарымыз өз ұрпағының жарқын болашағына және еліміздің ертеңіне сеніммен қарайды. «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылданды. Небәрі екі айдан кейін балаларымыздың есеп-шотына қаржы түсе бастайды».
Президент Қазақстанның «елдің ішінде де, айналасында да бейбітшілік», «әралуандық арқылы – бірлікке» деген қағидаттарды әрдайым берік ұстанатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мемлекетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау, бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі. Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер. Әлемдегі ахуалдың қандай күрделі екенін көріп отырсыздар. Беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайды. Қазір біз аймақтың мәдени-рухани орталығына айналдық. Биыл шетелдің өнер ұжымдары елімізде 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл – тұрақтылықтың, тыныштықтың айқын көрінісі. Мұны басқаларға үлгі-өнеге деуге болады. Ал тұрақсыздық жайлаған елге ешкім ұмтыла қоймасы анық. Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз. Оның қадіріне жетіп, бағалай білу – бәрімізге ортақ парыз. Мұны еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ терең түсінуі қажет».
Президент мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін орнықтыру өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысының айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады. Яғни, Заң толығымен орындалса, төрт құбыламыз түгел болмақ».
Президент сөзін қорытындылай келе, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа жоғары мемлекеттік наградалар, сыйлықтар мен атақтар табыс етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/-44PMHnHANQ?si=qT5bQpjsOjTeDa21"
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан фото, видеодағы үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңқалдырды.Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.
Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, «Real Madrid-тің» эмблемасы қалыңдықтың ақ жамылғысында болса, «Barcelona» футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген. Сондай-ақ қалындық қолына әдеттегідей ақ гүл емес, қара түсті гүл шоғын ұстап жүрді. Бұдан бөлек, қонақтардың көңілін көтеруге «Месси» мен «Роналдо» келді. Әлеуметтік желі қолданушыларын көп деңгейлі алып торт та бей-жай қалдырмады. Мейманхана төбесімен бірдей дерлік торт футбол клубтарының эмблемаларымен, кубок, доп, қалыңдық пен күйеу жігіт бейнесіндегі формалармен безендірілген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 425
https://www.youtube.com/embed/Kn-NUr-Tazo?si=OarpP5ZvqfJJXHFK"
«Жаңа қазақ зиялылары: Ар-намыс,ұлттық мүдде,талап,еңбек,терең ой» деген тақырыпта ұстаздар форумы орын алды.Шараның негізгі мақсаты Алаш қайраткерлерінің идеяларын мектеп форматына трансформациялау. Жастарды телефон тәрбиелеген заманда ұлт мақтаныштарын насихаттау арқылы санасына сәуле түсіру,кезек күттірмейтін мәселе. Ұстаздар қауымы айтулы жағдайды жанжақты саралаудан өткізіп,сапалы білім,саналы тәрбие берудің тың технологияларын қолға алып отыр.
ТҰРСЫН САЙБЫРОВА В.Г.БЕЛИНСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Форум жұмысына 200 адам офлайн, 1000-нан астам адам онлайн форматында қатысты. Бас қосу аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің дәуірі туғанын алға тартып жатты.
ҰЛТУСЫН БАРХИНОВА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 351
https://www.youtube.com/embed/L4jqY76Iqsk?si=wU9lzbidAMqJDGsb"
Көкшетаудағы жекеменшік сектордағы бірнеше үйдің тұрғындары ауыз судан зардап шегіп отыр.Су құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты осыған дейін тұрғындар үйлерінің жертөлелері суға толғанын айтып, шағымданған болатын.Су басудың себебі, құбырлардың ескергенінен дейді олар.Коммуналдық мекеменің қызметкерлері тексеру жүргізіп, су басудың салдарын анықтады.
Қанай би көшесінде су құбырының жөнделуіне байланысты, тіршілік көзі өтетін құбырлардың жұмысы тоқтатылған.Ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары сапа жағынан тұрғындардың күмәнін тудыруда.
ЛЕОНИД ГАРБОВСКИЙ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Су ешқайда ағып кеткен жоқ. Еденнің асты мен жертөлелер суға толы. Былтыр мен құдық қаздым. Қазір суға толып тұр. Қазба жұмыстары ұзақ жүріп жатыр. Сағат 11-де келеді, одан түскі ас ішуге кетеді. Содан сағат 3-те келеді. Кешкі 5-де жұмыстарын тоқтатады.Жұмыс баяу жүргізілуде. Көшенің жоғары жағындағыларға ешкім су тасып әкеп беріп жатқан жоқ. Ал, бізде көл-көсір».
Жертөледегі су Шевцова көшесінің тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналып, оны жиі сорғызып отыр. Ылғалдан үйлердің түсқағаздары түсіп, қабырғаларына сызат түсе бастаған. Ал,керісінше Қанай би көшесінің тұрғындары болса суға жарымай отыр.
АСМА КОДЗОЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бір аптадан асты, су жоқ. Құбыр жарылды. 3 ай бойы «Су арнасы» кәсіпорны ол ақау өздеріне қатысты емес екенін айтып дауласты. Құбырды ашқан кезде судың нөпірі қатты болды. Соның салдарынан су үйдің астына кетті. Әлі күнге дейін сорғыған жоқ».
Осылайша тұрғындар жөндеу жұмыстарының ұзап кеткеніне наразы. Салынған жаңа құбыр зақымдалып кете ме деген де қорқыныштары бар. «Көкшетау Су Арнасы» мекемесі жұмыс осы аптаның соңында ғана аяқталатынын айтады. Жеке секторға тіршілік нәрін тасымалдауды ұйымдастыру қарастырылмаған,құдықтан тасымалдауға тура келеді. Әркім өз күнін өзі көреді. Жауапты мамандардың жауабы осы әзірге.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
https://www.youtube.com/embed/PJaqVxPCL-4?si=azHe5-14tQtEnksu"
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылар сапын жаңадан толықтырған 600-ге тарта сарбазына арналған ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған департаментке қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде ұйымдастырылған салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысу үшін алыстан ат арылтып жетті. Отан қорғаушыларымыздың қатарына тұрған жас азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғаға ортақтасу үшін Шекара қызметінің ардагерлері де арнайы шақыртылды.
Бұл күнге сарбаздар бір ай бойы дайындалған. Саптық әзірліктерін шыңдай жүріп, әскери өмірге қалыптасуға дағдыланды. Осы аралықта бірде бір сарбаз әскерде қызмет атқарудан бас тартқан жоқ. Есесіне, араларынан мерзімді қызметтен соң әскерде қалғысы келетін немесе әскери жоғары оқу орындарына түскісі келетін сарбаздардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Бұған дер кезінде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының да тигізген көмегі орасан дейді мамандар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 385
https://www.youtube.com/embed/4PyA85fU-Tg?si=8JBg95KW4gOkxX-6"
Бүгін елімізде Кітапханашылар күні аталып өтуде. Кітап баға жетпес қазына десек, бұл құндылықты көзінің қарашығындай қорғап жүрген кітапханашы. Енді мерекемен бірге мамандықтың мәртебесі де қайта түлегендей.
Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.
ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВА ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІ
«Қадірлі кітапханашылар, кітапханашы қауымы! Сіздерді бүгінгі 24 қазан – кітапханашы күнімен құттықтаймын. Бұл мерекеге былтыр 2022 жылы үкіметтің 833 қаулысы арқылы жетіп отырмыз. Осы төл мерекеміз барлығымызға құтты болсын».
ҚР Ұлттық кітапханасының тарихы бұдан 113 жыл бұрын белгілі. Кітапханада 14 оқырман залы бар. Білім үйінде «М.Әуезов әлемі», «Боямасыз, нағыз оқитын кез», «Балаларға базарлық» сынды бірнеше жобалар іске асырылуда. Сонымен қоса, әдеби орталықтар да ашылған. Ол жерде әдебиет сүйер қауым кездесіп, әдебиеттерді талқылайды, ақын-жазушылармен кездесу өткізеді.
ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВА ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІ:
«Кітапханамызда қазір Ұлттық кітапханада 7 орталық жұмыс істейді. Әдебиет және өнер орталықтары. Ол Пәкістан, Түрік, Қытай, Корея орталықтары бар. Сондай бірнеше елдің орталықтарымен мәдени байланыстар орнатылған. Біздің консулдықтармен байланыс орнатылған».
Жалпы кітапхана қорында 7 млн астам білім құралы сақталған. ТМД елдері арасында атақты саналатын, бай кітапханаға келушілер саны да аз емес. Күніне 3000-3500 оқырман келсе, жылына 44 мың адам қонақ болады екен. Оқырмандардың 80 пайызы студенттерден құралған. Қажетті оқулықтарын тауып, білім нәрімен сусындай алады.
АҚТОТЫ ТОЛЫҚБАЕВА КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ
«Әсіресе, ұзақ уақыт бойы отыратын залым О.Жандосов атындағы оқу залы. Бұл жердің ерекшелігі Абай әдеби орталығы бар. Қателеспесем, осыдан 3 жыл бұрын әдеби орталық Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына арналып ашылған болатын. Содан бері осы орталыққа келіп, өзіммен өзім Абай атамыздың түрлі шығармаларын оқып, Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы жайлы көптеген мәліметтермен танысып отырған ұнайды».
Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/P7HkyUgikyM?si=cTnPep-Cg_HPzIIZ"
Шекаралық аймақта орналасқан 1 ғасырлық тарихы бар Жазиралы Жаркент өңірінде 41 елдімекен бар. Әртүрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен өңірдің 69 пайызын қазақ ағайындар,39 мыңдай ұйғыр халқы сонымен қатар орыс,дүнгендер құрайды. Береке -бірлікте өмір кешіп жатқан аймақта білім беру,денсаулық сақтау,мәдениет,спорт салаларында бірқатар атқарылып жатқан шаруалар жеткілікті.Толығырақ тілшіміз тарқатып берсе.
Білім беру саласы бойынша аймақта 50 мектеп бар.12 мемлекеттік 49 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Мәселен Жаскент округінің Головацкий ауылында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін сенімгерлікпен басқаруға берілген нысанмен танысуға бардық. 200 орынға арналған балабақша жақында пайдалануға берілмек.Бұдан бөлек, Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында 1200 орындық мектептің құрылысы басталған.
ӘСЕТ ТҰРСЫНОВ ҚҰРЫЛЫС БАСШЫСЫ: «Құрылыс қыркүйек айында басталды. Қазіргі таңда жер жұмыстары жүз пайыз біткен. Мектептің аяқталу уақыты келер жылдың қыркүйек айы. Жалпы үш мектептен тұрады. Бір үлкен спорт залы және кіші спорт залы бар балаларға арналған. Футбол алаңы бар».
Облыстағы ең үлкен жеміс-жидек сақтау қоймасы Жаркентте салынған. 1000 тонналық қоймада алма,қызанақ,қызыл бұрыш сынды жеміс түрлері бар. Кәзіргі күні 6 мың тонналық қосымша қойманың құрылысы жүргізіліп жатыр.
МАРАТ САҒЫМБЕК ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:«Өздеріңіз білесіздер Панфилов ауданы ауыл шаруашылық елді мекен. Негізінен бізде жүгерімен айналысады. Тек қана сақтау емес ары қарай оны өңдеу, өндіру бойынша сок жасау басқа өнімдер өндіру бойынша цехтың құрылыс жұмысы басталғалы жатыр».
Өңірде мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы балабақша, спорт кешендерін салу қарқын алған. Нұрбақыт Теңізбаевтай олимпиада жүлдегері шыққан ауданда спортқа деген жастардың қызығушылығы жоғары. Дарабоз спорт кешені,Үлкен Шыған ауылындағы 90 орындық,Пиджим ауылындағы 100 орынға арналған спорттық кешендерінің бой көтеруі соның дәлелі.
“Қорғас-шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аймағы, “Алтынкөл” теміржол бекеті, “Нұр жол” автомобиль өткізу пункті сияқты республикалық маңызы бар жобалар ауданның әл ауқаты үшін, жергілікті халық үшін қосымша жұмыс көзі және салықтық түсімдер береді. Болашақта өнеркәсіптік қала салу жоспарланған.
МҰРАТ БАЙМҰХАНБЕТОВ «ҚОРҒАС-ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА БҚ АҚ ТӨРАҒАСЫ, БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Кәзір енді жұмыстар басталды. Оны біз 2019 жылы бастағанбыз. Бірақ ковид мәселесімен жұмыстар тұрып қалды. Қазір енді үш жылдан соң жандандырып жатырмыз».
Жүгері дақылын өсірумен танымал аймақта түрлі өнім алатын ірі Жаркент крахмал-сірне зауыты жұмыс істеп тұр. Мұнда жүгеріден 20-ға жуық өнім алынады. Оның қасында 400 адамды жұмыспен қамтитын полипропиленнен қап шығаратын “Универсал” кәсіпорны бар.
Аудан әкімі Марат Сағымбек тілшілермен бірге нысандарды өзі аралап, ақпарат беріп отырды. Осы өңірдің тумасы, елдің ішінен шыққан азаматқа үміт артып отырған жұрт көп. Халықтың тұрмыс тіршілігінен,әл ауқатынан әкім толықтай хабардар,түбегейлі бақылауында.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/ER4nDx790RY?si=HpP15erxhSeajokm"
Индонезиядағы құрғақшылықтан дихандар жылдағы егін егу үрдісін өзгертуге мәжбүр. Олар енді, табиғаттың тосын сыйына дайын, суды қатты қажет ете бермейтін дақылдарға көшті.
Индонезиялық фермер Ваян Дхармаяса өмір бойы күріш өсіріп келген. Енді басқа дақылдарды отырғызуға мәжбүр. Ел ұзаққа созылған құрғақшылықтан қиналуда. Қатты зардап шеккен аймақ Бали курорттық аралы.
ВАЯН ДХАРМАЯСА – ДИХАН: "Мұндай жағдайда диханшылар күріш өсіре алмайды. Бірақ біз жүгері мен көкөністер сияқты басқа дақылдарды отырғызбақпыз.Онымыз, жан бағып, ас-ауқат алу үшін ғана. Артылса сатармыз".
Джембрана округінде бес айдан бері жауын-шашын болмады. Соның салдарынан Паласари бөгетінің жанындағы су қоймасы құрғап тұр.
ВАЯН САПТА БУДИАРТА - БИЛІК ӨКІЛІ "Су қоймасында сегіз миллион текше метр су болды, содан кейін жеті миллионға азайды. Құрғақшылықтан бөгеттің етегіндегі жерге сіңе бастады".
Қазір тек 320 мың текше метр су қалды. Диханшылар жаңбыр жаумаса, жаңа дақылды егінде өледі деп қорқады. Джембранадағы адамдарға су және тұрмыстық қажеттіліктер жетіспейді. Округтегі алты ауыл қиын жағдайға тап болған. Мұнда екі аптаға төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазір Индонезияның табиғи апаттар агенттігі таза ауыз суды жеткізіп жатыр. Метеорологтар бұған дейін Эль-Ниньоның Климаттық құбылысына байланысты елді қатты құрғақшылық күтіп тұрғанын ескерткен. Мұндай жағдайда орман өрттерінің қаупі артады. Елде күріш өндірісі биыл 2% – ға-шамамен 30 миллион тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде. Өткен жылы елдің күріш алқаптарының ауданы 10 миллион гектардан асқан екен.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 337
https://www.youtube.com/embed/G98TEW1ZH0E?si=CR3M4ESPITBUHLXq"
Әйгілі француздық "Өрмекші адам" атанып кеткен Ален Робер бұл жолы рекорд орнату үшін емес, игі мақсатпен тағы бір биіктікті бағындырды.
Ален Робер Израиль мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты елдерді бейбітшілікке шақыру мақсатында Париждің Ла Дефанс іскерлік ауданындағы 220 метрлік зәулім ғимаратқа көтерілді.
АЛЕН РОБЕР - "ӨРМЕКШІ АДАМ" "Мен бейбітшілік үшін көтерілемін. Палестина немесе Израиль жағында емеспін. Менің таңдауым өмір, махаббат. Бірақ менің ойымша, екі тарап бір-бірін тыңдап, ұзақ мерзімді бейбітшілік келісімдеріне қол қоюы керек".
Ғимараттың төбесіне көтерілу екі сағатқа созылды. Әдетте, Ален Робер арнайы құрал-жабдықтарсыз және сақтандырусыз өрмелейді. Қолдары мен арнайы аяқ киімнің сырғып кетуіне жол бермеу үшін тек тальк ұнтағын пайдаланады.
АЛЕН РОБЕР - "ӨРМЕКШІ АДАМ" "Израиль мен Палестина 70 жылдан астам уақыт бойы соғысып келеді. Соғыстыңда тоқтауы керек шығар. Әлемде келіссөздер үстеліне отыруға және екі тарапты да қанағаттандыратын бейбіт келісімдерді талқылауға шамасы келетін саясаткерлер жеткілікті".
Робер саясаткерлерді бейбітшілікке шақырды, әйтпесе "Әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұр"деп қосты. Ален Робер, бүкіл әлем бойынша биік ғимараттарға өрмелейді. Оның есебінде 100-ден астам биіктік бар.Бағындырылған нысандардың қатарына Эмпайр стейт билдинг, Эйфель мұнарасы және Дубайдағы "Бурдж Халифа" зәулім ғимараты кіреді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 333
https://www.youtube.com/embed/0MUYooOWsPI?si=k0Qt2iwiyFQG9P8s"
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңды іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 3 наурыздан бастап 23 қазанға дейін Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 5 730 өтініш түскен, оның 5 603 өтініші қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі хабарлады. Жеке тұлға өзін банкрот деп көрсету үшін қандай талаптарды ескеру керек.
АЙДОС БҰДЫҒҰЛОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БЕРЕШЕКПЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бұл жерде үш рәсім бар. Соттан тыс банкроттық. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Тоқталып кететін болсақ соттан тыс банкроттық қолдану үшін жеке тұлғалардың қарызы 1600 АЕК аспауы тиіс. Яғни 5520000 теңге. Өтінім берген азаматтың атында мүліктер болмауы керек. Екінші деңгейлі банк алдында,коллекторлардың алдындағы,қаржылық ұйымдардың алдындағы қарыздары қарастырылады. Келесі рәсім сот арқылы банкроттық. Жаңағы сомадан асатын болса және атында мүліктер болатын болса онда сот арқылы пайдалауға болады. Не болмаса төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 361
https://www.youtube.com/embed/0Yzjxv_ykBk?si=x1xJpw0OdLSxy9BP"
Еще материалы
Страница 158 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.