- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/f4je7G_Lde8?si=SpvbHT1nNIY0VjK9"
Ақмола облысы бойынша 130 тұрмыстық қалдық полигоны бар. Олардың жартсынан көбі заңды түрде тіркелмеген. Ал, Көкшетау қаласында бірде бір заңдастырылған тұрмыстық қалдық полигоны жоқ. Яғни, барлығы заңсыз пайда болған қоқыс орындары. Заңсыз полигондардың бірі жойылса, іле-шала екіншісі пайда болып жатады.Сондықтан, заңға қайшы әрекет етіп жүрген азаматтарды жауапқа тарту қажет. Облыс басшылығы сала мамандарына осындай тапсырма жүктеп отыр.
Аудандар мен қалалардың ішкі, сыртқы тазалығына жергілікті атқарушы орган жауапты. Облыстық экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаевтың мәлімдеуінше, биыл жергілікті әкімдіктер тарапынан бұл жұмыстар тым әлсіз жүргізілуде. Мәселен, Целиноград ауданында 211 стихиялық қоқыс үйіндісінің 64і жойылған. Ал, Көкшетауда 96 қоқыс үйіндісінің 48-і ғана жойылыпты. Басқа аудандарда да жағдай осындай.
ҚАДЫРХАН БЕЙСЕНБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Осыған орай тиісті деңгейде жұмыстар жүргізбегені үшін 2023 жылы екі лауазымды тұлға, оның ішінде Аршалы ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы және Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, 3 – заңды тұлға, 3– жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ақмола облысының аумағында 130 жер учаскесіне қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін жер актісі берілген, оның ішінде 24 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында рұқсаттама құжаттары бар. Облыс аумағында полигондар санының аз болуы өз кезегінде заңсыз қоқыс үйінділерінің қалыптасуына әкеп соғуда».
Қоқыс орындары заңсыз пайда болмауы үшін полигондар салып, сұрыптау зауытын салу керек,-дейді сала мамандары. Биыл өңірдегі тазалықты сақтау үшін жергілікті бюджеттен 560 млн.теңге қаражат бөлінді. Сонымен бірге Қосшыдағы қоқыс орындарын жою үшін облыстық бюджеттен 17 млн теңге бағытталған. Алайда, баяғы жартас сол жартас. Тұрғындар тарапынан шағымдар толастар емес.
ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жыл өткен сайын Аршалы және Целиноград аудандары әкімдіктерінің қоқыстарды жоюға қатысты жүргізіп жатқан жұмыстары әлсіреп барады. Осы аудандардың және Қосшы қаласының тұрғындары стихиялық қалдықтардың жылдамп әрі көп мөлшерде жиналуына жиі шағымданатын болды. Соңғы кездері Бұланды, Ерейментау аудандарынан да шағымдар түсіп жатыр».
2020 жылы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы облыс әкімдігінің қолдауымен 8 ауданда тұрмыстық қалдық полигондарын салу жобасын қолға алған. Бірақ, кей аудандарда әлі жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатса, кей аудандар қоқыс төгуге лайық жерді іздеу үстінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/4pz0f0akfXs?si=8GabTssT_HYeiwEY"
Хамас тобының шабуылынан кейін Израиль оларға соғыс жариялап, 360 мыңға жуық резервші шақырды. Израильдіктер тез қамданып, елдегілер лезде соғысқа аттанды. Сыртта жүргендері үйлеріне қайту үшін әуе рейстерін табуға тырысуда.
Израиль үшін бұл 1973 жылғы Кеме күні соғысынан бергі ең ірі жұмылдыру. Көптеген шетелдік әуе компаниялары Тель-Авивке ұшуды тоқтатқан кезде, Израиль әуе жолдары, керісінше, бәріне қайтуға мүмкіндік беру үшін рейстер қосты. Әскери ұшақтар Еуропаның кейбір қалаларына сарбаздарды алып кету үшін ұшады.
НИМРОН НЕДАН – 23 ЖАСАР ИЗРАИЛЬДІК РЕЗЕРВШІ:
"Мен мұнда отырып, достарым соғысып жатқанда медицинаны үйрене алмаймын. Менің уақытым келді. Енді бұл менің жауапкершілігім".
Йонатан тек биыл ғана қызмет етуді аяқтады, бұл оны резервтегі мерзімді қызметтен босатады. Хамас шабуыл бастағанда ол Үндістанда болған.
ЙОНАТАН БУНЦЕЛЬ – ИЗРАИЛЬ ТҰРҒЫНЫ: "Мен" Голани "бөлімшесінде қызмет еттім, қаза тапқан сарбаздардың көбі менің бөлімшемнен, мен оларды жеке өзім білемін. Алғашында шошынып қалдым, не істерімді білмедім. Бірнеше сағаттан кейін өз-өзіме келген соң, мен елге оралып, елімді құтқарып, халқыма көмектесіп, өз үлесімді қосу керектігін түсіндім".
Израиль әскерлері Ливанмен шекарада жауынгерлік дайындықта қалуда. Соғысқа Иран кіруі мүмкін деген қауіп бар. Газада жарылыстар жалғасуда. Израиль тұрғын үй ғимараттарында орналасатын Хамас объектілеріне зымыран шабуылдарын жасайды. Анклавта 1500-ден астам адам, ал Израиль тарапынан - 1300-ге жуық адам қаза тапты. Олардың басым көпшілігі содырлар шабуыл жасаған шекаралас кибуц тұрғындары, сондай-ақ шабуылдың алғашқы құрбандары болған ашық аспан астындағы музыкалық фестивальға келушілер.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 371
https://www.youtube.com/embed/CsH6ziphnBg?si=z-Mn7zIgNPPTonuy"
Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жаза да тексеріс те күшейеді. Мұндай қылмысқа барғандар баспана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Руслан Қаржаспеков айтты.
РУСЛАН ҚАРЖАСПЕКОВ ҚР ІІМ ӘПК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: «Заңға мынадай өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ, олар психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өтуі керек болады. Агрессорды баспанасынан айыру, алкогольді өнімдерді тұтынуға тыйым салу сынды өзгерістер бар. Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу аясында қауіпті отбасылық агрессорларды анықтау және әлеуметтендіруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табатын болады».
Бүгінде материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамдарға дене жарақаты фактілері бойынша 49 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталыпты. Ал, сот шешімі бойынша 6 мың құқық бұзушы қамауға алынған. Айтпақшы, бүгіннен бастап алғаш рет еліміз бойынша зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін сенім телефоны іске қосылды. Жәбір көргендер «111 – Аманат» байланыс орталығына хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 377
https://www.youtube.com/embed/omEDvR_6Rq4?si=C1HSc4v8jEy8TzPt"
БҚО-да білдей бір жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетте ғалымдар 55 миллион теңге ақшаны ұрлады деп айыпталып отыр. Олар бұл қаражатқа зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс болған. Бірақ жалған акті жасау арқылы қыруар соманы қалтасына басқан. Ғылыми қызметкерлердің қылмысы тексеріс барысында әшкере болып отыр.
ДАРХАН ДҮЙСЕМБАЙ ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғанындай, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн. теңге бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған. Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 346
https://www.youtube.com/embed/0jfVIhUJ6ig?si=LU_KqaWgAsNbK7H9"
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Кездесуде спортшылар жарыста алған әсерлерімен бөлісті.
Еліміздің құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Азия ойындарынан оралды. Бүгінгі кездесуде грек-рим күресі, спорттық гимнастика, оқ ату, жағадай волейболы, су добы сынды Азия ойындарының жүлдегерлері қатысты. Жүлдегерлер журналисттердің қойған сауалдарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
ДЕНИС РОВКИН ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:«Азиядадағы турнир біз үшін ақтық ойын болды. Жағажай волейбол ойынын жақсы нәтижемен аяқтағанымызға қуаныштымыз. Қола жүлде бұл спорт түрі үшін өте үлкен жетістік. Енді, алдағы уақытта елімізде болатын олимпиада ойындарының екінші кезеңіне дайындықты бастаймыз. Бұл біздің еліміз үшін үлкен оқиға болмақ. Себебі, Қазақстанда бұрын-соңды бұндай турнир өтпеді».
Ел намысын қорғауға кеткен әрбір спортшымыз барлық қиындықтарға төтеп беріп, отанына жеңіспен оралды. Спортшыларымыз Азия ойындарының қорытындысы бойынша ұлттық құрама әртүрлі номинациядағы 80 медальға ие болды. Ел қоржынында 10 алтын, 22 күміс, 48 қола жүлде бар. Сонымен қатар, қатысушылар неліктен осы жылы еліміз 11 орынға түсіп қалғаны жөнінде де пікір білдіре кетті.
АЗАТ ТҰЯҚБАЙҰЛЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2023 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Біздің команда 1 жыл бойы жарыстарға шығып, өте жақсы дайындалды. Барлық жағдайға дайын болдық. Біреуге бақ шаба ма, бап шаба ма деген сөз бар ғой. Менің ойымша, кейбір қатысушыларға сәттілік жетіспеді. Біз өзімізбен біраз жұмыс жасап, алған жарақатымызды емдеп, ары қарай жарысқа шыға береміз. Ал, басқа спортшыларға мүмкін мотивация, спонсор немесе алдыға қадам жасау жетіспеді».
Сөз соңында бас бапкер Денис Ровкин елімізге жақсы спорт залдар жетіспейтінін тілге тиек етті.
ДЕНИС РОВКИН ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: «Біздің ең үлкен және ащы проблемамыз – жаттығу орнының жетіспеуі. Жылына 6-7 ай біз жағажай волейбол ойындарына жаттыға алмаймыз. Себебі, бізде құмды дайындық залдар жоқ. Бұрын бізді жарысқа дайындалу үшін жылы ауа-райлы шетелдерге жіберетін. Қазір, финанс жағдайы ақсап тұрғандықтан, ондай мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан, осы Алматы қаласынан құмды дайындық залдарын соғып берсе дейміз».
Спортшылар жарыста әртүрлі ауа-райының қиындықтарына қарамастан ел намысы үшін аянбай күш салған. Басты мақсат – елге жүлделі орынмен оралу. Ендігі кезекте алған жарақаттарын емдеп, біраз уақытта алдағы болатын ойындарға қызу дайындықтарын бастамақ.
АЗАТ ТҰЯҚБАЙҰЛЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН 2023 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Республика күніне орай, еліміздің көк байрағы әрдайым бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/jWeU3OllqRg?si=wsFaMFfgP8t3HKrS"
Ауғанстанда тағыда жер сілкінісі. Бұл соңғы сегіз күндегі зіл-заланың жетінші рет қайталануы.Ол 6,5 магнитудалы болды. Герат провинциясының билігі бір адамның қаза тапқанын және 35 зардап шегуші бар екендігін хабарлайды.
ЗАРДАП ШЕГУШІ: "Жер сілкінісі болған кезде мен сыртта едім және не болып жатқанын білмедім. Ол аяқталған соң үйге кіріп, қыздарымның құлаған қабырға астында қалғанын көрдім. Тағы бір қызымның қолы сынды".
Табиғи апаттарға қарсы күрес министрлігінің мәліметінше, Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандардың саны 2400-ден асқан. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі басқа санды келтіруде. Олардың мәліметінше құрбандар саны мыңға жуық, 2000 адам зардап шеккен.
ФИЛИПП КРОПФ – АУҒАНСТАНДАҒЫ ҰҚЖ ӨКІЛІ: "Зіл-зала ондаған ауылға әсер етті. Кейбіреулері толығымен қираған. Аман қалғандар бәрінен айырылды. Олардың ішерге асы, басында бастамасы жоқ".
Гераттың көптеген тұрғындары жаңа жер сілкіністерінен қорқып, шатырларда өмір сүруде.
ГЕРАТ ТҰРҒЫНЫ:«Бірінші жер сілкінісінен кейін-ақ далада қалдық. Үйіміз өте нащар салынған екен».
Соңғы екі жылда Ауғанстандағы билікте Ресей мен басқа елдерде тыйым салынған топ - «Талибан» тұр. Соғыстан кейін әбден құлдыраған ел ұзақ жылдар бойы халықаралық гуманитарлық көмекке тәуелді болды. Билікті талибандар басып алған кезде бұл көмекті едәуір қысқартты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 388
https://www.youtube.com/embed/9TVqVW-scvY?si=6x21O-a-LFbsOOXi"
Бүгін Қазақ руханияты ауыр қазаға ұшырады.Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы 73 жасында дүниеден өтті.
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.Алғашқы еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастады. Ақынның үлкен бір ерекшелігі балалар тақырыбына арнап өлеңдер де, керемет толғап лирикада жазды. Жиырмаға жуық эпикалық дастан қалдырды.
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП ҚЖО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мұндай көп дастан жазған ақын бізде жоқ осы қазіргі қазақ поэзиясында. Ол кісі біздің тарихи тұлғаларымызды тірілтті. Еңбегінің бағаланғанын да көрді. Әрине мұндай үлкен ақынымыздан айырылу жүрегімізге салмақ салып отыр. Қабырғамыз қайысып отыр».
Несіпбек Айтұлы аударма саласында да орасан зор еңбек сіңірген тұлға.
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП ҚЖО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ол кісі мына Науи өзбектің ұлы ақынының Ескендір қорғаны деген дастанын, Ләйлі мен Мәжнүн дастанын аударды. 7 ғасырда өмір сүрген түріктің ұлы ақыны Жүніс Әміренің өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.
ҒАЛЫМ ҚАЛИБЕКҰЛЫ ҚЖО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:«Мынау 1972 жылы М.Мақатаевтың ақ батасымен Жас Алаш газетіне топтама өлеңдері жарияланды да содан бері қарай үзіліссіз әдебиетке қара өлеңге қызмет жасады. Қаншама жыр кітаптарын,жыр жинақтарын өмірге әкелді.Бұл кісі Қазақстан Жазушылар одағында қазақ әдебиетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді».
Көзін көріп,тәлімін алған, ізін басқан інілері марқұмның туған -туыстарына қайғырып көңіл айтты.
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП ҚЖО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазақ халқына көңіл айтамыз. Отбасына,жеңгемізге,сол үйдегі азаматтарға,барша әдебиет сүйер қауымға көңіл айтамыз».
ҒАЛЫМ ҚАЛИБЕКҰЛЫ ҚЖО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:«Жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын».
Ақынды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 18 қазан күні Астана қаласында ұлттық пантеонда орын алмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 331
https://www.youtube.com/embed/WP76nPz0eAo?si=sOASMlgRSlRckMcr"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 358
https://www.youtube.com/embed/oavnjorcctg?si=8lcfFNDJEtoQ7stw"
Сапарға шығар алдын туроператор таңдауда абай болыңыз! Қазақстанда заңнама талаптарына сай келмейтін 7 тур агенттіктің жұмысы тоқтады. Олар лицензияларынан айырылды. Сондықтан, алданып қалмас үшін сапарыңызды жоспарлар кезде алдымен Туризм және спорт министрлігінің сайтына кіріп тізімді бір тексеріп алыңыз. Бұл туралы аталмыш ведомствоның Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Мейіржан Әуезов айтты.
МЕЙІРЖАН ӘУЕЗОВ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Атап айтқанда олар келесі туроператорлар: Хадж Travel, TBB TOUR, ЛС тур, «Бархатный сезон» сонымен қатар Сұлтан Хаджа Travel. Олар заңның ҚР Туризм қызмет туралы заңның 27,3 бабында көзделген міндеттемесін орындамаған. Ресми тур оператор мен тур агенттіктердің тізімін ҚР туризм және спорт министрлігінің сайтынан, «е-лизнеция» порталынан көруге болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 360
https://www.youtube.com/embed/zmXf-5kymVk?si=fpHQY1gErjmfTtgE"
Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны ескі көлік доңғалақтарынан түрлі мүсін жасайды. Ол алғашында немересінің өтінішімен балапанның фигурасын құрастырып көрген. Кейін мұны тұрақты табыс көзіне айналдырып, кәсіп бастаған.
Қазір автокөлік шиналарын бақша фигураларын жасауда, саяжай аумағын безендіруде жиі қолданады. Сондықтан әлеуметтік желілерде ескі доңғалақтан небір фигура жасаған түрлі бейнежазбаны кездестіресіз. Мереке Айтмағамбетов те өз кәсібін осылай бастап кетті. Немересі әлеуметтік желіден әдемі мүсіндерді көріп, атасынан жасап беруін өтінген. Осылай алғашқы 3 фигура дайын болып оны көршілер, туыс-туған көріп қызығушылық танытады. Кейіпкеріміз сұраныс бар екенін байқап, өндіріс ашып, кәсібін бастаған. Қазір қарамағында 5 адам жұмыс істейді.
МЕРЕКЕ АЙТМАҒАМБЕТОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ: «Дөңгелектерді шиномонтаждан аламын. Ол жерде жарамсыз шиналарды іріктейді.Солардан аламын. Кейбір шиномонтаждар тегін береді, кейбірі тиын-тебен шайға тастап кет дейді. Жұмасына 1 рет мен дөңгелектерді кәсіпорынға апарамын. Бір жұмада 25-27 фигура шығады. Өткен жолы 30-ына тапсырыс берді.Ондайды мен күткен жоқпын».
Бұл айтуға оңай болғанымен іс жүзінде қиын шаруа. Сапалы дүние жасаймын десеңіз, біраз ізденіп еңбектенуді талап етеді.
МЕРЕКЕ АЙТМАҒАМБЕТОВ ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ: «Дөңгелектер жуылады. Кейін оларға пішін беріп, кесіп, бәрін дайындаймыз.Тек содан кейін оны бояуға болады. Мына аттың мүсінін алып қарасақ. Дөңгелегін, арбасын істеуге 2 күн уақыт кетеді. 1 күн бояуға кетеді. Сосын тағы 1 күн кебуі керек».
Қазір кейіпкеріміздің үйінің алдында 30-ға жуық мүсін дайын тұр.Оның біраз бөлігі қаладағы ойын алаңдарын безендіру үшін қолданылмақ. Мереке Айтмағамбетовтың қолынан шыққан кейбір мүсіндерді жергілікті балабақшалардың алдынан кездестіруге болады.
ЕРБОЛАТ ЖАНТАСОВ БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ: «Балабақшамыздың бірінші жылдық жұмыстарының негізгі міндеттері – ата-аналармен жұмыс болып табылады. Балаларды дамыту үшін, тұлға болып қалыптасуы үшін тек тәрбиешілер ғана емес, ата-аналар да жұмыс істеуі керек. Біздің ата-аналарымыздың ішінде атасы болып осындай мүсіндер жасап берді. Кіріп келген кезде өте әдемі көрінеді».
Енді шебер кәсібін кеңейтіп, қызметкерлер санын өсіруді жоспарлап отыр.Ол үшін қайтарымсыз грант алуға да ниетті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 361
https://www.youtube.com/embed/osIxsc9rD88?si=wBx2vGGQxpQe0ELb"
Алматыда электр бағанасына шыққан монтер тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болды. «Алатау жарық» компаниясының мәліметінше,ер адам тұрғын үй кешенінің электршісімен бірге, Талғар аудандық электр тарату торабы мекемесінің рұқсатынсыз жұмыс жүргізген. Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, тоқ соғып, қаза тапты. Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/y5B3XtHqJDw?si=8fkZ8lNuTXKJA4pS"
Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған арнайы спорт кешені жоқ. Соның салдарынан салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар әр жерде жаттығып жүр. Кейде спортпен шұғылданатын жабдықтардың жетіспеушілігінен апталап кезек күтуге мәжбүр. Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік жылдары өңірде ондаған спорт ғимараты бой көтергенімен мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік берілмеген. Тағдырдың емес, мамандардың салғырттығынан әбден шаршаған параспортшылардың мұңын тілшіміз жеткізіп көрсін.
Ғани Есентеміровтің ауыр атлетикаға келгеніне 5 жыл болған. 2-топтағы мүгедектігі бар азамат бүгінде пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұл дәрежеге жету оңай болмады. Себебі тыңғылықты дайындық жүргізуге жаттығу залы жетпейді. Ұлтарақтай жерде зіл темірді көтеретін үш құрылғы бар. Оның біреуін спортшылар өздері қолдан жасап алған. Шұғылданғың келсе кезек күтесің,-дейді спорт шебері.
ҒАНИ ЕСЕНТЕМІРОВ ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:«Аслан Сүйіншалиев деген тренеріміз осы жерде жұмыс істейді. Сондықтан біз залдың бір шетіне өз заттарымызды қойып, осы спортпен айналысып жатырмыз. Ал өзімізде негізі 27-52 – ның артында ангар бар. Ол ангар санаулы бір спортты қамтиды. Волейбол, боча отырып ойнайтын».
Ал жеңіл атлетшілердің арасында әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Жыл 12 айдың ыстығы мен суығында да жағдай жасалмаған жерде жаттығу жасауға мәжбүр. Соған қарамастан Республикалық, халықаралық додаларда облыс атын абыроймен қорғап жүр. Ал спортшылардың киім ауыстыру бөлмесінің сиқы мынау. Жағдайы айтпаса да түсінікті.
НҰРЛЫБЕК ҚОЖАБЕКОВ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: «Зал жоқ. Орысша айтқанда ешқандай «условия» жоқ. Қыста енді, пока салқын енді. Шынын айтқанда зал жоқ. Қайда барамыз? 27-ге барамыз. Бірақ ол жерде копье лақтыра алмайды. Ештеңе істей алмайды ол жерде».
Бүгінгі таңда өңірде мүмкіндігі шектеулі 27000-нан аса адам болса, оның 7 мыңға жуығының спортпен шұғылдануға рұқсаты бар. Олар Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы ангар типіндегі арнайы спорт залдарда жаттығады. Бірақ оның өзі барлық спорт пен спортшыны қамтамасыз етпейді. Сондықтан заманауи әрі, үлкен орталық қажет.
ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «42 шағын ауданнан 22-дай жер Маңғыстау облыстық спорт басқармасына берілді. Соған болашақта спорт залдарын салатын боламыз. Жаңа айтқандай болашақта стадион жоспарын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға ұсыныстарымызды дайындап отырмыз. Бір бөлігінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларымызға бір спорт залы болады».
Басқарма өкілі спорттық бәсекелерде жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай қолдау тұрақты деп отыр. Сондай-ақ, сайыс сапарының да шығынын өтейтіндерін алға тартты. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаудан бөлек, демеушілер тартуға сөз берді.
Еще материалы
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс сапарымен Қырғызстан Республикасына келді
- Еуропа ондаған мың туристер үшін ғылымды түсінікті және шабыттандыратындай етіп жасауды шешті
- Жерден 100 миллион шақырымдай қашықтықта орналасқан Бену атты астероид өзінің құпиясын ашуда
- Ауылдық аймақтардың инфрақұрылымын шешу кезек күттірмейтін мәселе
Страница 163 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.