- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 347
https://www.youtube.com/embed/nGujVM3ZpBU?si=48cJ3d3DPXzzCrFI"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 347
https://www.youtube.com/embed/wJbPPrb7gPc?si=MYpEcB2o3873zoYu"
Корея мен Қазақстан Республикаларының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай, 2023 жыл екі ел арасындағы мәдениет жылы болып жарияланды. Осының аясында бүгін Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында мәдени алмасуды дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық іс-шара ұйымдастырылды.
Корея мемлекетінің драматургтер ассоциациясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті және Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қазақстанның еңбек ері, драматург Дулат Исабеков пен Оңтүстік Корея драматургтері жиналды.
АН ХИ ЧЕР КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ДРАМАТУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Біз Қазақстанға осы елдің драматургтерін көріп, іс-тәжірибе алмасуға келдік. Осындай мүмкіндіктің туғанына қуаныштымыз. Бұл жиынға біздің елден 12 драматург келіп отыр. Алдағы уақытта сіздермен бірлесіп жақсы жұмыс жасап, тарихта қалсақ екен деген ниетіміз бар".
КИМ СУ МИ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ДРАМАТУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ПРОДЮССЕРІ: "Біз қазақтардың . Ми, жан және жүрек - тілдесуді қажет етеді. Сол себепті де біз сіздермен пікір алмаса отырып, қазақтың театр мәдениеті туралы толығырақ білгіміз келеді. Драматургия - түсіністік кілті. Бүгінгі іс-шара үлкен жұмыстардың бастау болмақ".
Жоспарда 2024 жылы қазақстандық драматургтердің Корея Республикасына жауапты шығармашылық сапары бар. Сонымен қатар, кореялық және қазақ драматургтарының осы жоба аясында жазылған жаңа шығармаларын екі тілде кітап етіп басып шығару да қарастырылған.
АНАР ЕРКЕБАЙ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Іс-шарада театр студенттері Дулат Исабековтың «Мұрагерлер» пьесасының оқылымын оқыса, Корей драма театрның актерлары кореялық жас драматург Ким Сен Диннің "Бос бөлме" пьесасын оқып берді. Келуші қонақтар өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жақсы жұмыстар жасауға ұсыныстарын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 348
https://www.youtube.com/embed/V8jeg5j7WAw?si=eaL62MiNT9TTl-Gd"
Ақтау қаласында қайғылы жағдай тіркелді. Қандаладан құтыламын деп үйін белгісіз препаратпен дизенфекция жасап кеткен тұрғынның кесірі көршісіне тиді. Нәтижесінде бір үйдің қос сәбиі уланып көз жұмды. Біреуі 10 айлық болса, екіншісі екі жарым жаста. Қалған бір отбасының 5 мүшесі ауруханадан бір ақ шыққан. Қайғыдан қара жамылған отбасының айтар талабы бар екен. Өңірдегі әріптесім қайтыс болған бүлдіршіндердің тумаластарымен сұхбаттасты. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Сұмдық жағдай 7-ші шағын ауданындағы дәл осы үйде болған. 8-ші қабаттағы тұрғын пәтеріне улы дәрілерді шашып, есігін құлыптап кетіпті. Белгісіз препараттың иісі 9-шы қабаттағы көршісінің пәтеріне жеткен. Қаперінде қауіп төнерін білмеген олар түнгі 1-лер шамасында кішкентайлардың жағдайы мәз емес екенін байқапты. Анасы үйден дәрі дәрмек беріп, жатқызып тастаған. Нәтижесінде таңғы мезгілде өздерін жәйсіз сезінген үйдің барлық мүшесі жедел жәрдем шақырған. Шұғыл жеткен мамандар сол кезде балалардың биологиялық өлімін тіркеген.
НҰРСӘУЛЕ ТҮМЕНОВА ТУЫСЫ: «Таңда жиен келін звондады.Апа,балалар кетіп қалды деп. Балдар судорогы берген, тұрмай қалған. Бүгін жаназасы болды.Біздің талабымыз- әділ сот, әділ шешім. Екі бала үшін. Көршілер айтпады ма, үндемей есігін кілттеп кетіп қалған».
Жедел жәрдем екі баланың өлімін нақтылаған соң, қалған 5 адамды ауруханаға жеткізеді. Оның 2-уі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Оның біреуінің жағдайы аса ауыр болыпты.
МЕРЕКЕ БЕКБАЕВ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ, РЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Антидонт салып, дизенфекациялық терапмя жүргізілді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы орташа ауырлықта. Концилуиум болады, бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.Қыз баланың жағдайы тұрақты».
Қазір бұл іске қатысты ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Пәтерден заттай дәлелдемелер алынып, сараптамаға жіберілген. Тергеу жүріп жатқан бап бойынша кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Сараптама қорытындысынан кейін процестік шешім қабылданады.
НҰРАЛИН БАРЖИКОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 304- бабы, 3- бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысымен нақты шешім қабылданады.Улаған көршісі жауап береді».
Эпидемиологиялық тергеу барысында пәтер иесі қандаладан құтылу үшін 39 дәрі қолданған. Мамандар химиялық препаратпен дезинфекция жасалған пәтер мен бүтін бір отбасы уланған баспанаға және көршілерінің үйіне ауа өлшемдерін жүргізген. Нәтижесінде аммиак концентрациясы жоғары болғаны анықталған. Көз жұмған қос сәбиді жерлеу рәсімі бүгін өтті. Бейкүнә бүлдіршіндердің тумаластары кінәлі тарап заң алдында тиісті жазасын алсын деген талап қойды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 370
https://www.youtube.com/embed/6I1eQq0nFk8?si=1jyJy2eKMTWCKbDx"
Алдағы үш күнде ауа-райы күрт бұзылып, бірқатар аймақтарда қар жауады. Бұл күндер мерекеге тұспа-түс келгендіктен, Қазгидромет мамандары мен тәртіп сақшылары халыққа алыс жолға шықпауды, жылы киініп жүруді ескертеді.
АЛТЫНЗЕР ЕСБОСЫНОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: «Атмосфералық циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын ескертеді. Жауын-шашын, жаңбыр, жел және қар түрінде сақталады. Барикалық алқаптардың тез өзгеруі республика бойынша температураның қысқа жоғарылауына әкеледі, бірақ кезеңнің соңында Скандинавия түбегі аймақтарының суық арктикалық ауа массаларының енуі Батыс, Солтүстуік Батыс аймақтарында салқындауына әкеледі. Мәселен, солтүстік батыста 6 градус аяз, солтүстігінде 0,7 градус аяз, 5 градус жылы күтіледі».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 381
https://www.youtube.com/embed/6hUpvy8fdNw?si=Cqfkfj_aX6EeonMV"
ІІМ-де жедел штаб құрылды. Алдағы мереке Республика күні полиция қызмектерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары адам көп жиналатын орындарды ерекше бақылауға алады. Айта кетейік, жедел штаб еліміздің барлық өңірінде ашылды. Сондықтан, жауапты министрлік халықтан мереке күндері қоғамдық тәртіпті бұзбай, ұллтық мейрамды абыроймен өткізуді сұрайды.
АЙДЫН ОРАЗБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Полиция жасақтары жұрт көп жиналатын және демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
https://www.youtube.com/embed/yOL6HXtTV_Y?si=reu6Wjl10t9xEokO"
Израиль әскері жексенбі күні Газадағы нысандарға, соның ішінде мектептер мен мешіттер маңындағы бірнеше зымыран алаңдарына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
ЦАХАЛ түрлі нысандарда бірнеше жарылыс кадрларын, сондай-ақ Газадағы мақсаттары көрсетілген фотосуреттерді жариялады. Олардың айтуынша, балабақшаның, мектептердің, мешіттің және Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының жанына іске қосу қондырғылары орнатылған. ЦАХАЛ өкілдері өз хабарламасында ХАМАС тобының бейбіт тұрғындар арасында жасырынып, азаматтық нысандардың жанына соққы орындарын орнатып жатқанын мәлімдеді. Ал дүйсенбі күні таңертең Израиль авиациясы Ливандағы екі «Хезболла» ұяшығына соққы берді. Әскерилер зымырандарды Израильге қарай соққы жоспарлағандарын мәлімдеді.
Топтың мәлімдеуінше, соққы салдарынан бір содыр қаза тапқан. Ливан мемлекеттік ақпарат агенттігі Израильдің Ливанның оңтүстігіне әуе шабуылы туралы да егжей-тегжейлі хабарлады. Сонымен қатар, Газаға гуманитарлық көмекпен тағы 15 жүк көлігі келді. Олар анклавқа Мысырмен шекарадағы «Рафах» бекеті арқылы кірген. Бұл екіншісі. Біріншісі 20 жүк көлігінен тұратын.Гуманитарлық ұйымдардың өкілдері анклавтағы гуманитарлық апат туралы бұрынғысынша ескерту жасауда. Себебі онда азық-түлік, су және отын қоры таусылуға шақ тұр. Израиль Газада жерүсті операциясына дайын.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың хабарлауынша, ол өте күрделі болады және бірнеше айға созылуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 340
https://www.youtube.com/embed/Bs8RNYWs_lw?si=5wATYb3zk20tZ5Cw"
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты ауылдардың бірінде 10 жастағы қыз зорланды. Полициядан хабарлағандай 17 қазан күні жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 1963 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жолданды.
ЕРНАР САЙДИЛДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Қазіргі уақытта іс материалдары «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялау мақсатында сотқа жіберілді. Істі тергеу барысын Алматы облысы ПД бастығы жеке бақылауға алды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/bDzsjHMJRAc?si=Mo1N_PB8UU7F7Xcg"
Білім алушылардың бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту, кезек күттірмейтін мәселе.Бүгін Алматы қаласындағы №41 Абдолла Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қабырғасында Республика күнінің құрметіне арналған «Еңсесі биік Қазақстаным» атты тәрбиелік мәні ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.Онда жастар азаттық пен еркіндіктің, егемендік пен елдіктің маңыздылығын дәріптеді. Бұдан бөлек білім шаңырағында «Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі орын алды. Жалпыреспубликалық «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант-конкурс, «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазу конкурсы оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
ЛӘЗЗАТ БЕКБОСЫНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ А.ҚАРСАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ №41 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Абдолла Қарсақбаев атындағы мектептің оқушылары түрлі білім сайыстарында жүлделі орындардан көрініп келеді. Оқушылардың айтуынша Отан біреу, оның қадірін білу, жалпыға ортақ парыз.
АЙДАНА ЕСІМЖАН ОҚУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 373
https://www.youtube.com/embed/xHtkbZIG08Y?si=Be9TRwCUXqNNMZ2k"
Әйел сұлулығын ашатын, жылтырға толы монохромдық топтама. Осы көрсетілімнен бастап Дубайда сән апталығы басталды - Біріккен Араб Әмірліктерінің тарихында бұл екінші рет өтіп тұрған шара.
Коллекцияны тай дизайнері Пипатчара жасады. Ол сән-салтанатқа емес, экологиялық тазалыққа баса назар аударған. Оның брендін 100% «жасыл» деп атауға болады.
ПИПАТЧАРА – ДИЗАЙНЕР: "Менің коллекциям - өңделген пластик пен түсті симфония. Бәрі де үйлесімді. Сіздерге идеямыз ұнайды деп үміттенемін. Біз киім, аксессуар, аяқ киім, сырға жасау үшін Таиландтан пластикалық қалдықтарды тонналап пайдаланамыз".
Бір апталығы көрсетілімін ұйымдастыратын Араб сән кеңесінің басшысы биылғы жылы экологиялық тазалық жалпы шараның тақырыбына айналғанын айтады.
ДЖЕЙКОБ АБРИАН – АРАБ СӘН КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Дубайдағы сән апталықтарындағы экологиялық тазалық - өте маңызды әрі негізгі аспект. 2016 жылы Араб сән кеңесі тұрақты дамудың халықаралық тәжірибесін ұстанатын креативті дизайнерлерді қолдау үшін AFC Green Label жобасын іске қосты. Біз барлық дизайнерлер терминді тек маркетингтік пайымдаулардан емес, экологияға адал екеніне көз жеткізгіміз келеді".
Сән апталығында басқа да дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды. Олардың ішінде Lama Jouni, Lili Blanc және Weinsanto бар. Жалпы, апталық көрсетілім бүкіл өңірдің сәнді жұртшылығын қызықтырды.
ДЖЕЙКОБ АБРИАН – АРАБ СӘН КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Біз Дубайдағы сән апталығы әлемдегі үздік бес сән аптасының қатарына кіреді деп есептейміз. Ол маусым сайын өсіп келеді. Біз Дубайдың тек бестікке ғана емес, сонымен қатар үздік үштікке де түсу әлеуеті зор деп есептейміз ".
Біріккен Араб Әмірліктері - әлемдегі ірі мұнай өндірушілердің бірі. Алайда бұл олардың биылғы жылы COP28 климаттық саммитін өткізуіне кедергі келтірмейді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/V3RPvCcgr4Y?si=VWslH3wr-IyB1CYO"
Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция аясындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады.Президент қонақтарға ілтипат білдіре отырып, еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейін аталған саланы қалыпқа келтіру, халық денсаулығын сақтау ісіндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға Қазақстанның белсенді түрде кіріскеніне назар аударды.
Бұл ретте Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тиісті бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін нақтылады.Бұдан бөлек, кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы ынтымақтастық, Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/MKLzxzeDvTM?si=r8Ul-oA4OQ9__hzx"
Бас қаламызда алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция орын алды.Айтулы шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.Онда Президент, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медицианлық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын».
Президенттің айтуынша, бұл коалицияның негізгі міндеті денсалулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/BBWBIzaytGY?si=vbz1cX2wFIo0Af_X"
Қазір халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар. Бұл туралы Мәжілістегі «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. «Халық несие қамытын киіп отыр» десе де болады. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Бүгінгі жиында біз осы түйткілді жан-жақты талқылаймыз. Осы мақсатта жауапты органдарды – Үкімет мүшелерін, агенттіктер мен құзырлы мекемелер басшыларын арнайы шақырдық. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Жолдауында несие мәселесіне кеңінен тоқталып, оны шешу жолдарын қарастыру туралы тапсырма берген болатын. Депутаттар да бұл түйткілмен жақсы таныс. Өйткені, біз аймақтарға жиі шығамыз. Менің өзім де талай өңірде болып, халықпен жүздестім. Көбінің айтатыны бір нәрсе, ол – несиеге тәуелділік. Бұл, өкінішке қарай, жалпыхалықтық сипат алған құбылысқа айналып тұр».
90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді дейді халық қалаулылары. Жұрттың тынысын тарылтқан несие тақырыбына байланысты өткір мәселелер көтерілді.Мәселен депутат Ермұрат Бәпи қымбатшылық қос өкпеден қысқан уақытта,аш адамға ақыл қонбайтындығын алға тартты. Қарапайым қарашаға қамытын салған несие қарыздарын, ескі Қазақстанды сүлікше сорған олигархтардан алып жабуға болатындығын тілге тиек етті.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Еще материалы
Страница 159 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.