
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 564
https://www.youtube.com/embed/FY0CCAUNtOM?si=iCSbmtVzII9VSU8-"
Ақтаудағы 19-шы шағын аудан тұрғындары бірнеше сағат тоқсыз отырды. Ашынған жұрт апат болған жерге жиналып, шу шығарды. Комерциялық нысанның иесі қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жер астындағы кабельді үзіп алған. Салдарынан 4 үйдің тұрғындары жарықсыз қалған.
Жиналған жұрт үзілген кабельдің жалғанғанын тағатсыздана күтіп тұр. Мұндағы тіршілік тоққа тікелей тәуелді. Ас дайындау үшін де электр көзі қажет. Себебі, газ әлі күнге дейін берілмеген. Бұдан бөлек жылу мен суды жоғарғы қабатқа дейін жеткізуге су айдау қондырғысы тоқпен жұмыс жасайды. Ал жедел саты айтпасада түсінікті.
АМАНДЫҚ ӘМИНОВ ТҰРҒЫН:«Насостың бәрі тоқтайды. Жылу жүйесі тоқтайды. Қараңғы қалды деген сол. Газ жоқ, лифт жоқ. Жап-жаңа осы жерде бір келіншек айтып келді лифтінің ішінде қалып қойдым деп».
НАЙМАН САРКУЛОВ ТҰРҒЫН:«Өзім 40 минут лифтінің ішінде тұрдым. Осы 9 күннің ішінде соңғы, мынау үшінші рет қайталанып тұр. Өткенде 13-14 сағат тоқ болған жоқ».
МАНАС АРЫПҚАНОВ ТҰРҒЫН:«Жағдай осы, енді осы жерді түзеу керек. Ол застройщик па, ол АУЭС па біз білмейміз. Бір-біріне сілтеп отыр бәрін. Бастарын алып қашып отыр»
Бір аптада бірнеше рет өшкен тоқтың жыры бұрыннан да бар екен. Үйді салған мердігер мекемеге айтсақ, олар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға сілтейді, - дейді тұрғындар. Ал Ақтау электр желілері басқармасының өкілі бұл жердегі кабель заңды түрде мекеменің қарамағына өтпеген деп жауап берді.
ТЕҢЕЛ СЕЛМАҒАНБЕТ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢГЕРІ:«Қазіргі таңда АУЭСтің балансында. АУЭС толықтай жауап болады. АУЭСтің бізге сілтеуге ешқандай құқығы жоқ деп ойлаймын. Себебі бізге қағаз жүзінде ешқандай дәлелдеме көрсете алмайды. Бұл ҚазЭлиттің мекенінде екенін, ҚазЭлиттің жауапты екеніне ешқандай дәлелдеме көрсете алмаған себепті бұл АУЭСтің қарамағында. АУЭС қадағалау керек».
ӘДІЛБЕК МАХАМБЕТОВ “АУЭС” МКК БАС ИНЖЕНЕРІ:«Әрі қарай екі кабельде барып жатыр. Осыдан үш жыл бұрын бір кабель поврежден болды. Содан кейін екінші кабель қалды. Оны жасаған жоқ. Екінші резервный да. Соны ҚазЭлитке жаздық. Айттық да, телефонмен де айттық, кешеде айттық. Екінші кабельді жасаң, халыққа обал ғой деп. Иә, иә дейді де кетеді. Былай қашады, былай қашады, қашқаннан пайда жоқ. Оны жасау керек. Екінші кабель болғанда қазір, мана қосып жіберуге болатын еді. Біреу поврежден болса, екіншісімен тұрады. Біздің баланста емес, бірақ халық үшін жасап жатырмыз».
АУЭС мекемесі бас инженерінің айтуынша мұнда қосымша екінші апатты жағдайда қолданатын кабель тартылған екен. Алайда ол осыдан 3-4 жыл бұрын үзілген. Ажыратылған тоқ сол күйі қалыпты. Мамандар «мердігер мекемеге бірнеше мәрте ескерту жасап, тоқты жалғап қойыңыздар дегенімізді пысқырмады» деп отыр. Мәселенің ақ-қарасын ажыратуға әкімдікке хабарластық. Олардың берген ақпаратына сәйкес, үйді салған құрылысшы мекеме биллингпен тұрғын үйді өткізгенімен, кабель тартылған дәлізді заңды түрде тапсырмаған болып шықты.
БАХТИЯР МАҚСАТ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Бұл электр желісі теңгерімге тапсырылмаған, құрылыс салушы мекемеден. Құрылыс салушы мекеме құрылысын аяқтағаннан кейін, барлық тиісті құжаттарымен коммуналдық меншікке тапсырады. Электр желісін тапсырады, аталған тұрғын үйді биллингкке өткізеді, бұл электр желісі тапсырылмаған. Яғни Ақтау электр желісі басқармасы бұл желілерге қызмет көрсетпейді».
Кімнің олқылығы екенін құзырлы орган шешеді. Тұрғындардың да талабы бір - тоқтың беймезгіл кезде өшпеуі және заңды түрде АУЭСке тапсырылуы. Егер бұл мәселе дәл осылай жалғаса беретін болса, тиісті құзырлы орынға барып шағымданамыз, - дейді тұрғындар

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 539
https://www.youtube.com/embed/MPhra-cCfeY?si=sGVg2XvazIKyAASZ"
Американдық аспаз және әлем рекордсмені Джон Лович қолының әрқашан жабысқақ болуына үйренген. Қазір ол кезекті күлше ауылын жетілдіруде.
Сөрелерде қолдан жасалған 800 үй орналасқан. Барлық бөлшектер жеуге жарамды кәмпиттер, тәтті тоқаштар, мұздақтар, мармелад және крем өнімдерінен жасалған. Джон 30 жылдан бері күлше ауылдарын құрып келеді. Жыл сайын дизайнға жаңалық әкеледі.
ДЖОН ЛОВИЧ – АСПАЗ: "Мен кофе сағызының көмегімен қоңырдан сәл көбірек қосқам. Сондықтан қызыл кірпіш әдеттегіден көп. Бізде әрдайым қара қақпақтар мен қызыл кірпіштер бар, бірақ биыл олардың саны әлдеқайда көп. Сонымен қатар біз ескі маңдайшаларды да қостық ".
Нью-Йорк пен Челси базары Джон үшін өте ерекше - мұнда оның болашақ әйелімен үшінші кездесуі өтті.
ДЖОН ЛОВИЧ – АСПАЗ: "Мереке күндері Нью-Йоркке әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген адамдар келеді. Рождество шыршасы, Бесінші даңғылдағы витриналар, Macy's дүкені, Rockettes қойылымдары және т.б. - осының бәрі Нью-Йоркке қонақтарды тартады. Соңғы жылдары біз олардың Рождествода күлше ауылын көру үшін келетінін түсіндік ".
Осыдан сәл бұрын Джон осындай көрмелерді Канзас-Ситиде, Хьюстонда, Техас пен Филадельфияда ашты. Әр күлше ауылын монтаждауға көп уақыт пен күш жұмсалады. Демалуға уақыт жоқ, бірақ аспазшы шаршау туралы ойламайды. Ол үшін ең бастысы - адамдар үшін жақсы Рождество атмосферасын жасау.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 515
https://www.youtube.com/embed/C25mn_UI06E?si=rrjsNFwDLyqdKqy2"
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды. Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 485
https://www.youtube.com/embed/atOLqr5UFi4?si=DjD-e_7KNTHVEPKp"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 506
https://www.youtube.com/embed/9EpX6y3XDVg?si=1XUZSbewzwzkOj0_"
«Алматы мектеп жобасы аясында» ұстаздардың ғылыми тұрғыдан біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар жұмыстары орын алуда.Алматы қалалық білім басқармасының қолдауымен шаһарға қарасты білім ошақтарының басшылары дамыған елдерге барып тәжірибие алмасып келді. Қазіргі уақыт, сапалы білім мен сыналатын шақ. Өресі биік, келешек ұрпақ тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызбен қатар, шетелдің озық жүйелерін тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
РОЗА АҚМАҒАМБЕТОВА ҚББЖТО БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Бір тұтас тәрбие» ұлттық жобасы аясында басқосу шарасы орын алып отыр. Семинарға қатысушылар интелектуалды шығармашылықты дамытуға қатысты көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймын. Бала тәрбиесі мен оның білімі басты құндылық.Сондықтан ұстаздар қауымы қолдан келгенше ұтымды тәсілдерді пайдаланулары маңызды».
ГҮЛНАР ТӘЖІБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №97 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бір тұтас тәрбие беру» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Айтулы бағдарламада жастардың интелектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту басты міндет болып қалыптасты.
МАЙРА БЕЙСЕБЕКОВА МҰҒАЛІМ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 537
https://www.youtube.com/embed/rah2FtymtGg?si=tyiFX2a7xh1UvWkK"
Бүгін Мәжіліс қабырғасында бірнеше заңанама құжаттары талқыланды.Олардың кей біріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Депутаттардың назарына іліккен еркше мәселе білім саласында кетіп жатқан олқылықтар болды.
АСХАТ АЙМАҒАНБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Ал депутат Мұрат Әбенов болса білім саласында орын алып отырған жемқорлықтың салдарын алға тартты.
МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Оқушылар арасындағы ұялы телефонды сабақ кезінде пайдалану жағдайлары да заң жобасы айналасында қарастырылды.
АРДАҚ НАЗАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мәжілісмендердің алдында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы таныстырды.Заң жобасы мемлекет пен қоғамның мүддесін және қазіргі медиасаланың даму ерекшеліктерін ескере отырып жасақталған. Министр баяндамасы барысында журналистердің құқына қатысты өзекті мәселені алға тартты.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
Аталған заң жобасы қызу талқыланған соң заң жобасына депутаттар қолдау көрсетті. Екінші оқылымға дейін жұмыс тобы тиісті мемлекеттік органдармен заң жобасын толыққанды қарастыратын болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 510
https://www.youtube.com/embed/EhV-MF2dAEc?si=u2AWgRW32vHGW1Dc"
Ақмола облысы бойынша былтыр 302 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша игерілмей жатқан 185,5 мың гектар жер мемлекетке өткізілді. Бұл «Жер аманаты» комиссиясы қолға алған жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Аталмыш комиссияның шарапатын қарапайым тұрғындар да көруде.
Халыққа қайтарылған жердің игілігін көріп отырғандардың бірі – Зеренді ауданына қарасты Қошқарбай ауылының тұрғыны Қайыркен Хасенов. Ол 2022 жылы «Зеренді астық» серіктестігінің банктерге кепілге қойған жерін қайтаруға сотқа арыз жазған. 15-ші қарашада соттың оң шешімі шықты. Қазіргі таңда, құжаттар мемлекеттік органдарда тіркеліп жатыр.
ҚАЙЫРКЕН ХАСЕНОВ ҚОШҚАРБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Мынау біздің жерімізді кезінде алпауыттар иеленіп алды ғой. Халықты алдап-сулап иеленіп алды да қазір енді сол жерден айырылғылары келмейді. Енді, мына Президентіміз бар, Парламентіміз бар, солар мінеки мынау жер аманаты комиссиясын шығарып, жерді халыққа қайтарып беріңдер деп сөйдеп жатыр ғой енді. Халықты қолдап жатқаны дұрыс деп есептеймін».
Облыс бойынша өздеріне тиесілі жерді ала алмай жүрген тұрғындар баршылық. Олардың мәселесін біржақты ету мақсатында «Аманат» партиясы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған. Арада өткен екі жылда комиссия мүшелері оң нәтижеге қол жеткізді. Партия өкілдері алдағы уақытта да мәселелі жерлерді қайтару бойынша жұмыс істеуге мүдделі.
АСҚАР ӘМІРЖАНОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖЕР АМАНАТЫ" ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Партияның қоғамдық қабылдауына Зеренді ауданының бірнеше тұрғыны шағымданып, өздеріне тиесілі жер телімдерін ала алмай жүргендері жайлы айтқан болатын. Тергеу барысында анықталғандай ол жерлер екінші деңгейлі банктерде кепілде тұрғаны анықталды. Мәселенің анық-қанығын білу үшін біраз жұмыс атқардық. Тоқсанышы жылдары жерлерді иемдену кезінде тұрғындардың шартты жер телімдеріне рұқсат алғаны белгілі болды».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл тұрғындары үшін қолжетімді ету қажеттігін айтты. Бұл тапсырманы жүзеге асыру мақсатында комиссия өкілдерінің араласуының нәтижесінде, біршама жер ауыл тұрғындарына қайтарылды. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының көмегіне жүгінген аудандықтар аз емес. Осы күні тұрғындар тарапынан келіп түскен 20 өтініш сот қарауында жатыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 543
https://www.youtube.com/embed/gtBRw1FlvRI?si=JzXy5KSIKH9YPYPb"
Қызылорда өңірінде алып сәби дүниеге келді. Салмағы 6 келіге жуық батыр бала анасының сегізінші перзенті. Қазіргі таңда ана мен бала дәрігерлерінің бақылауында.
37 жастағы көпбалалы ана Айгүл Дүйсебаева Жаңақорған ауданының тумасы. Сегізінші ұл перзентін 5 келі 600 грамм 56 см етіп дүниеге әкелеген оның, бұған дейін де 7 тізгін ұстары бар. Айгүл Дүйсебаеваның айтуынша жетінші баласы 4 келі 800 грамм болып дүниеге келген. Бұл отбасындағы балалардың үлкені 15 жаста, кішісі 4 жаста.
АЙГҮЛ ДҮЙСЕБАЕВА КӨПБАЛАЛЫ АНА
Алтын құрсақты ананы ақ халатты абзал жандар жүктіліктің 42 аптасының 2-ші күнінде кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір жағдайлары жақсы.
Дүниеге келгеніне бір апта болған шақалақ дәрігерлердің жіті бақылауында.
БАЗАРКҮЛ ИСАЕВА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ НӘРЕСТЕЛЕР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 1546 сәби, ал салмағы 5 келіден асатын 38 бала дүние есігін ашыпты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 515
https://www.youtube.com/embed/g7q3IH6xn0Y?si=NPXb__OBs1zDMyhL"
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімнің алтыншы күнінде кепілге алынған 16 адам 30 палестиналық тұтқынға айырбасталды. Шенеуніктердің айтуынша, бейбіт тұрғындар тобына 10 израильдік және Ресей-Израиль мен Америка-Израиль азаматтығы бар 3 әйел және Таиланд азаматтары кірді. 13 жасар Ғали де кепілге алынған адамдардың қатарында болды.
КАМЕЛИЯ ХОТЕР ИШАЙ 13 ЖАСАР ҒАЛИДІҢ ӘЖЕСІ: "Мен қалай тыныстауды ұмытып қалған секілдімін. Ғали шыққан сәтте дереу досыма қоңырау шалып, оған қалай дем алғаным есімде жоқ екенін айттым. Ол маған мұрнымды қысып, асқазанға ауа кіргізіп, баяу дем шығару керектігімді айтты".
Палестинадан босатылған 30 тұтқынның 16-сы кәмелетке толмаған және 14-і әйел. Оларды үйлерінде қуана қарсы алды. Тай жұмысшыларына келетін болсақ, олардың көпшілігі өздерін қауіпсізбіз деп санамайды. Соңғы босатылғандардың екеуі өз эмоцияларын ұстай алмады. Көз жастарын сүртіп, олар: "біз аман қалдық", - деп қуануда. Тұтқында қалған кепілге алынғандардың туыстары бітімгершілікті басқалардың бәрін босатқанға дейін ұзарту керек дейді. Бұл баспасөз мәслихатында ХАМАС-та кепілге алынған израильдік-американдық сарбаздың әкесі сөз сөйледі.
РУБИ ЧЕН ИЗРАИЛЬДІК-АМЕРИКАНДЫҚ КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАН АДАМНЫҢ ӘКЕСІ: "Біз Президент Байден мен халықаралық қауымдастықты кепілге алынған адамдарды тезірек босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырамыз. ХАМАС тағы бір күн, тағы бір сағат күте алады. Алдымен кепілге алынғандарды босатамыз, содан кейін хамаспен айналысамыз".
Барлығы топтың қолында 240 кепілге алынған адам болды. Алты күндік бітімгершілік кезінде күн сайын кем дегенде он адам босатылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 543
https://www.youtube.com/embed/DotdlUZBIk8?si=Nx0AvUF--f7ssNZy"
Алматыда бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Соның салдарынан 13 адам қаза тапты. Жалпы, үйде 72 адам болған, оның 59-ы эвакуацияланды.Оқиға орнына біздің түсіру тобымыз барып мән - жайды анықтап көрді.
Алматылықтардың бүгінгі таңы қаралы хабар естуден басталды. Мегаполистің орталығында орналасқан хостелден өрт шығып 13 адам қаза тапты. Оның тоғызы қазақстандықтар болса, қалған төртеуі шетелдік. Атап айтар болсақ, Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ
Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостел нақты жатақхана ретінде жұмыс істемеген. Әрі, жертөлесінің мақсатты қолдануын өзгерткен. Адам тұрғызуы заңсыз. Өрттен зардап шеккен 4 адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.
БАУЫРЖАН ОМАРОВ ҚЖШККА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Хостелде тұрып жатқандардың біразы білім алып жатқан студенттер, араларында жұмыс істейтін азаматтар да бар. Олар Қазақстан, Ресей, Йемен, Ауғанстан, Тәжікстан елінің азаматтары.
ХОСТЕЛ ТҰРҒЫНЫ
Алматы әкімдігі мәлім еткендей хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk Bank-ке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ. Өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Алматы әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектесетін болады. Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады:
+ 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 568
https://www.youtube.com/embed/j95FZU-UyoU?si=2MxQJR0asJTd6hm6"
Екі жылда бір рет неміс Альфред Вегенер институтының зерттеушілері өздерінің "Поларштерн" кемесімен Солтүстік Мұзды мұхитқа барады. Олар арктикалық ортадағы климаттың өзгеруін және жойылып бара жатқан теңіз мұзының астындағы дүниелерді зерттейді.
Теңіз биологы және Институт директоры Антье Боэтьюс Арктика бір кезеңнен кейін мұзынан айырылады деп санайды. Алайда, бәрінен бұрын ғылыми әлемді Антарктидадағы теңіз мұзының тез азаюы таң қалдырды. Көптеген жылдар бойы, 2015 жылға дейін, теңіз зерттеушілері Арктикада теңіз мұзының азайғанын байқады. 2015 жылдан бастап мұздың азаюы Жердің Оңтүстік полюсінде де жеделдеп келеді.
АНТЬЕ БОЭТЬЮС АРКТИКАНЫ ЗЕРТТЕУШІ:"Соңғы бірнеше жылда біз Антарктидадағы теңіз мұзының көлемінің үлкен төмендеуін және император пингвиндері сияқты теңіз мұзына тәуелді түрлердің жоғалуын байқадық. Неліктен Антарктидада мұз кенеттен тез ери бастады? Бұл үрдіс жалғасады ма? Мұны қалай тоқтатуға болады?»
Еуропалық Одақтың климаттың өзгеруі қызметінің қыркүйек айында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың жазы ыстық болып, рекорд орнатты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 569
https://www.youtube.com/embed/SHOJ6f-jM8k?si=DtBm0yEsojWj2SeW"
Білікті маман практикалық тұрғыда шыңдалады.Алматыда Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Халықаралық құзіреттілік орталығы ашылды.Енді студенттер жұмыс беруші компанияларымен бірлесіп,өздерінің тәжірибиелерін шыңдамақ.
Президенттің тапсырмасы аясында кәсіптік бағытта білім беретін оқу ордалары жаңа технологияларымен жабдықталып, мол тәжірибие жинауға бет бұра бастады.Алматы қаласындағы Құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің базасында ашылып отырған орталық соның куәсі десекте болады. Елімізге танымал компания өкілдері мекеменің сапалы ілім беруіне жағдай жасап отыр.Қаражат құйып,технологиясын жаңартып отыр.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АҚХКК ДИРЕКТОРЫ
Айтулы орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары,білім мекемелерінің басшылары,студенттер және жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Біліктілікті арттыруға таптырмайтын бағыт екенін айтып,көпшілікке үлгі болса деген ниеттерін сөз етті.
ЕВГЕНИЙ ВОЙЛОВ «ТЕХНОНИКОЛЬ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Біз Қазақстанда құрылыс саласы бойынша екі зауыт салып жатырмыз.Бүгінгі ашылып отырған орталықпен не байланыстырады деп ойласаңыздар,біздер студенттерді практикалық тұрғыдан шыңдауға қол ұшымызды беретін боламыз. Көзі мен көріп,қолымен ұстаған жастар,нағыз маман болып қалыптасары сөзсіз.Алдағы уақытта нәтежиесін бірге көретін боламыз».
Елімізде кәсіпорындардың ашылуы салықтың өсуіне ғана пайдасын тигізбейді, көптеген жұмыс орындарының ашылуына ықпалы болады. Оған өз алдына сапалы білім алып қалыптасқан жас мамандардың қатарға қосылары сөзсіз.
Еще материалы
Страница 171 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.