- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 240
https://www.youtube.com/embed/1149PST8_aE?si=CItn-7bBBR9xc71N"
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай және 5 ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты облыстық турнир өтті. Шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.
Бүгінгі турнирге Алматы облысына қарасты тоғыз аудан екі қала бойынша әр өңірден төрт адамнан жалпы саны 40 тан астам ойыншы қатысты. Командалар облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мамандарынан жасақталған.
ЖАРАС НИЯЗБЕК АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Тоғызқұмалақ ойыны адамды қызықтырып баурап алатын қасиетке ие. Сонымен қатар ақыл ойды дамытады, ойлау жүйеңізді ұшқырлыққа баулиды, миға таптырмас жаттығу.
БОЛАТЖАН НҰРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жеті турдан тұратын жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, бірінші екінші орын алған жеңімпаздар Астана қаласында тамыз айында өтетін Республикалық деңгейдегі финалдық ойынға жолдама алды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 92
https://www.youtube.com/embed/RuQYhbK_KK8?si=xx0d5MEQzQfFxfA-"
Риддер қаласы алдағы қысқа дайын. Әбден тозығы жеткен жылу желілері жаппай жөнделіп жатыр. Айталық, бүгінгі таңда қалада инженерлік желілер 58,4%-ға, 32 орталықтандырылған қазандық 51%-ға, гидроэлектростансалар 69%-ға және ЖЭО 52%-ға дайын. Шығыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапары кезінде үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін Риддер ЖЭО-сын реконструкциялау жұмысымен танысты.1956 жылы пайдалануға берілген бұл ЖЭО бүгінде 50 мыңға жуық тұрғынды жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жабдықтың ағымдағы тозуы 57,7%-ды құрайды. Сондықтан, Мемлекет басшысы биылғы ақпанда өткен кеңейтілген отырыста Үкімет алдына осындай нысандарды шұғыл жаңғырту жұмыстарын биыл аяқтау міндетін қойған болатын.
КИРИЛЛ ГОЛОТА РИДДЕР ЖЭО БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«2024 жылғы жөндеу науқанына 8,5 млрд теңге бөлінді. Барлық қазандық агрегатына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кестеден артта қалу жоқ. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр».
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Риддер қаласындағы көпсалалы медициналық мекеме құрылысымен де танысып шықты. Бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана мен 200 төсек-орындық стационары бар медицина кешені Риддердің әр түкпірінде орналасқан халыққа пайдалы болады. Оның үстіне бұл нысан 80 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған ауруханының орнына салынуда. Аталған денсаулық сақтау ұйымы бүгінде қаладағы жалғыз ұйым.
Жаңа аурухананың ауданы – 40 мың шаршы метр. Бүгінде аталған нысан 60%-ға дайын. Емхана осы жылдың күзінде, стационар келесі жылы пайдалануға беріледі. Ол өз кезегінде 500-ден астам қызметкерді жұмыспен қамтиды.
ЖӘНІБЕК ЖАМАНТІКОВ ҚҰРЫЛЫСШЫ
"Жылу беру жүйесі 100% дайын, су құбыры мен кәріз жүйесі тартылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар стационар бойынша жұмыстар қолға алынған".
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 121
https://www.youtube.com/embed/jjB7ntrgW5w?si=VuP2ygo4YXDPblFH"
Көктемде Оралдың саяжай қауымдастығына қарасты жүздеген баспананы су шайып кеткен болатын. Жаз біткелі жатса да су басқан орындар әлі көлкіп тұр. Осыған байланысты коммуналдықтар арнайы техниканың күшімен сорғыту жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың қатынас жолы ашылған соң, өз шаңырақтарына оралғылары бар.
Орал қаласының іргесіндегі 1-ші саяжайдың 36 үйі әлі су астында тұр. Қазір төтеншеліктер арнайы техникалармен тиісті жұмыстарды атқаруда.
АРЫСТАНБЕК ТОБАНИЯЗ БҚО ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Қазіргі уақытта жарамды баспаналардың иелері қара шаңырақтарына оралуда. Дей тұрғанмен, көпшілігі жарамсыз күйде.
Оралдық Қабыл Өтеғалиев 12 жылдан бері 1-ші саяжайда өмір сүріп келеді. Тасқынның салдарынан өз баспанасын тастап, баласының шаңырағында отырған жайы бар. Жолдасы екеуінің маңдай терімен салынған зәулім үйінің ештеңеге жарамсыз болып қалғанын көрсе де, саяжай маңына келуін тоқтатпаған. Үй қожайынының мамандардың жұмысына көңілі толмайды.
ТАБЫЛ ӨТЕҒАЛИЕВ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Статистикаға сүйенсек, тасқын салдарынан бүлінген үйлердің саны 84-тен 36-ға түсті. Мамандардың жұмысы тәулік бойы жалғаспақ. Су сорғызу жұмыстары 1-ші және Зачаганск кентіндегі Стеновик саяжайларында жүріп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 139
https://www.youtube.com/embed/6B0eduAkMt0?si=zltystE-8mJvBaK0"
Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі алты айдан кейін табылды. Ол құтқарушы Айдос Шаймерденнің мәйіті болуы мүмкін деп болжанады. Бұл әлі табылмаған екі құтқарушының бірі. Марқұмның сүйегі 70 метр тереңдіктен кешке табылған. Мәйіт жер бетіне шығарылды. Экспертизалық зерттеуден кейін туыстарына жерлеуге тапсырылады.
Айта кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» аумағында автобус шұңқырға түсіп кеткен еді. Көлікте 4 адам болған. Оның үшеуі құтқарушы, бірі көлік жүргізуші. Жедел іздестіру шаралары барысында екі адамның мәйіті табылды. Қалған екі адамды іздеу жұмысы тоқтатылып, қайта жалғасқан.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 135
https://www.youtube.com/embed/AYDbKrzi9L4?si=IwLQp38zuX2aKQ-n"
Алматы қалалық мәслихаты қоғамдық көліктердің жаңа тарифтерін бекітті. Енді автобустарда жол жүру ақысы 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңа тариф 10 күннен кейін күшіне енеді. Әкімдіктің мәліметінше, жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін жол жүру ақысы төлемнің 50 пайызына тең.
АСҚАР КЕМЕҢГЕРҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жол төлемін нақты тарифке де йін көтеру қала тұрғындары үшін қымбат болады. Сонымен қатар, қала бюджетіне жүктемені азайту қажеттілігі бар. Осыған байланысты қала әкімдігі жол жүру құнын 120 теңгеге арттыру туралы қаулының жобасы әзірледі».
Депутаттардың шешімімен енді жол жүру ақысын қолма-қол төлеу алынып тасталды. Төлемнің қолма-қол ақшасыз жасалуы — жүргізушілердің жұмысын жеңілдетеді, оларды алаңдататын себептерді азайтады. Оған қоса, төлеу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, болашақта субсидия көлемін азайтуға мүмкіндік береді дейді депутаттар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 135
https://www.youtube.com/embed/0euzZiaw6aQ?si=wtZ-o6ufBuSkV_bm"
Ақтауда 21 жастағы бойжеткен әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. 3 ай бұрын оны еркінен тыс көлікке малша тиеп алып қашпақ болған. Бұл оқиғадан соң қыз полицияға арызданғанымен іс қозғалар емес. Тіпті құзырлы орган қыздың талабын салт-дәстүр деген желеумен жауып тастапты.
Жансұлу есімді бойжеткеннің сол күнгі оқиға әлі есінен кетер емес. Қатты үрейленген қыз тіпті әділдікке қол жеткізе алмай әлек. 3 ай бұрын оны 2 ер адам көлікке бүктеп тыққан. Қарсыласқан сәті тіпті бейнежазбаға түсіп қалыпты. Өзінің айтуынша мұның бәрін танысының достары ұйымдастырған.
ЖАНСҰЛУ ЖӘБІРЛЕНУШІ
Подъезден түсе берген жерімде жаңағы Алпамыс есімді жігіт кеуде тұсымнан көтеріп алып, қысып алып жоғары көтереді сол кезде мен қатты шошып кетемін. Сол бетте мен жерге құлап, жерде сүйреліп, ол әрі-бері мені тартады. Менің аяғымнан көтеріп автокөлікті ашып, менің еркімнен тыс, аяғымды қысып екеуі екі жақтан мал тиеген сияқты машинаға салады.
Көлікте кеуде тұсымды қатты қысқанынан ауа жетпей әлсіреп қалдым дейді бойжеткен. Ақырында көлік есігін ашып секіріп кетпекші болған. Ал куәгерлер араша түсе алмадық деп қынжылып отыр.
КУӘГЕР
Подъезден аттаған бойда екі бала екі қолынан ұстап сүйреп жерге, ана қыз айқайлады керек емес деп. Ол жерге жығылды. Оның айқайлағаынына қарамай сүйреп көтеріп. Мынау көмектесейін десе еркек балдар күш бермейді.
Жансұлудың жан айқайын полиция жылы жауып отырған көрінеді. Тіпті 2 мәрте салт-дәстүр деген желеумен жауып тастаған.
НАЗЫМ ҚАЙРХАН, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ
Адам ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы толық және объективті тексерілді. Аталған іске қатысы бар тұлғалардан жауап алынып, тергеу әрекеттері жүргізілді.Тергеу нәтижелеріне сәйкес, тергеу органымен іс құрамында қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бойжеткеннің бүгінде жанына батып отырғаны да осы. Алып қашпақ болғандардың тайраңдап жазасыз жүргені. Десе де «арым тапталды» деген Жансұлу бұл істің соңына дейін барамын деп бекініп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 117
https://www.youtube.com/embed/FY7S0B2zVeE?si=z3pbEItdzastEDoH"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 174
https://www.youtube.com/embed/trNzPiBM5hw?si=0CYM1taznb2CM_Sr"
Атырауда "ақша бермесең жеке деректерді әлеуметтік желіге саламын" - деп 27 жасар жігітке қоқан-лоқы көрсеткен азамат ұсталды. Атырау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция ескертеді. Бөгде біреудің жеке басына қатысты деректерді қорқытып алуға ешкімнің құқы жоқ. Ондай жағдайдың куәсі болсаңыз, бірден жергілікті аумақтық полиция бөлімшелеріне хабарласу керек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 163
https://www.youtube.com/embed/3iMSmTKOR70?si=pWa4r0AxvFO7V5Af"
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Ол Аршалы маңындағы түзету мекемесі болуы мүмкін. Аталған мекеме Астанадан 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қылмыстық- атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты.
ТЕҢІЗЖАН ЖӘНІБЕКОВ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Сотталған азамат таяу арада Астанаға жақын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіледі. Иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Біздің өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК-да ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша жұмыс таба алады. Мұның бәрі қай жерде және қандай бос жұмыс орны болатынына байланысты. Әрбір мекемеде жұмысқа орналасумен тікелей айналысатын жұмыспен қамту бөлімі бар».
Айта кетейік, экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен сотталған еді. Яғни 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша сот оны 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 115
https://www.youtube.com/embed/i4iq4WAFe2I?si=UNzbP4t9hoP9Ib5c"
Алматы әкімі Ерболат Досаев өзі басқаратын қала тұрғындарының мәдениетіне көңілі толмайды. Шаһар басшысы «Халық көшедегі мүлікке ұқыптылықпен қарамайды». Салдарынан жерүсті көпірлерінде орналасқан мүгедектерге арналған лифтілер жаппай істен шығып, сынып жатыр дейді. Оның үстіне экологиялық мәдениеттен жұрдай жандар нысанды қоқысқа толтырып, нағыз пайдалануға мұқтаж адамдардың қозғалысына кедергі келтіруде-мыс. Сондықтан, енді бұдан былай ондай мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифтілер Оңай картасы арқылы ғана жолжетімді болады.
ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Жерүсті өткелдеріне қатысты айтар болсам, осы жылдан бастап 5 жерүсті көпірі жаңа стандарттарға сәйкес жаңғыртылады. Біз оны Оңай картасымен үйлестіруді көздеп отырмыз. Бірақ өзіңізге белгілі, біздің қала тұрғындарының мәдениеті көңілден шыға бермейді. Олардың аталмыш лифтілерді қандай орындарға айналдырып жіберетінін көріп жүрсіздер. Сол үшін біз шектеулер қоюға мәжбүрміз. Лифтілердің барлығы жөндеуден өткізіліп, осы жыл соңында пайдалануға беріледі»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 110
https://www.youtube.com/embed/OhHPRWbkQJY?si=Sg3Bpg-fFx1UmPQZ"
Арал өңіріне жұмыс сапарымен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келді. Ол Арал ауданында орналасқан «Қамыстыбас» және «Ақшатау» көлдер жүйесінің жай-күйімен танысты. Әрі Аралдың мәселесін де қозғай кетті.
Министр Арал өңіріне ат басын бұрды дегенді жұрты көптен күткен бе, кездесуге келген халық қарасы көп. Олардың көкейлерінде тек су жайы ғана емес, шаруаларын баяулатқан мәселелер де жиналып қалыпты. Әйтеуір қойылған сұрақ жауапсыз қалмады.
Тұрғындар көтерген сауалдар қатарында көпір де, жол да, су да бар. Әсіресе Аралдың жайы барша қазақстандықты алаңдатады. Бірақ министр бұл мәселеге саспады. Айутынша, ай санап ондағы су деңгейі көбейіп келеді екен.
Нұржан Нұржігітов ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
«Ең үлкен проблема Арал теңізінде су деңгейін көтеру. Сол туралы тоқталып кеттік. Соңғы 2 жыл ішінде келісімсөздер аясында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерімен судың көлемі ұлғайып келеді. Биыл қыста 1 млрд 300 млн текше метр су кірсе, 3 жарым ай ішінде 400 млн текше метр су бердік. Жыл соңына дейін 2 млрд-қа жеткіземіз бе деген жоспар бар. Себебі тұрғындар сұрауы осы мәселе.»
Кездесуде сонымен қатар Арал ауданындағы «Қамыстыбас» және «Ақшатау» көлдер жүйелерін суландыру жайы да қозғалды. Бүгінде бұл мақсатта «Аманөткел» ауылының тұсына су торабын салу» жобасы әзірленіп, мемсараптауға ұсынылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 137
https://www.youtube.com/embed/_R1bQeIeIvs?si=BuhAoNZWOfbPP0ED"
Қазақстанда қылмыскерлерді апаратын жер жоқ. Түрмелер мен тергеу изоляторларында адам лық толы. Соңғы жылдары елде түрме көбейген. Уақытша ұстау изоляторларында да орын тапшы. Қазір 16 тергеу изоляторында 7,5 мың адам отыр. Сондықтан, бұл мәселені үкімет деңгейінде шешу керек дейді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мамандары.
ТЕҢІЗЖАН ЖӘНІБЕКОВ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазіргі таңда 78 түзеу мекемесі бар, онда 37 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Оның үш мыңы әйелдер (50-ден астамы кәмелетке толмағандар). 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар, 45 пайызы қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған».
Комитет төрағасы сонымен қатар қылмыскерлерді қамайтын тағы жаңа түрмелердің салынатынын да айта кетті. Сөзінше Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында салынады.
Еще материалы
Страница 30 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.