
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 215
https://www.youtube.com/embed/_5Q-VahtFRk?si=SPGnxi1vVLbl44FI"
Мопед жүргізушілері назарына! Маңызды ақпарат. 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін мопедті ресми тіркеу керек! Ал, егер тіркемесеңіз, заң жүзінде жаза бар. Келесі айдан бастап мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Енді бұл аталған көлік құралын жүргізу үшін оны міндетті түрде полицияда тіркеп, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігіңіз болу керек, одан бөлек, техникалық тексерістен өткен және сақтандырылған болуы шарт.
АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. Маңыздысы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 217
https://www.youtube.com/embed/uhAPMFKl_Bk?si=_I0yC0zRcaUBd5fM"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 209
https://www.youtube.com/embed/kVTMs8iBoBQ?si=bCwhwsO84zZvroIa"
16 қаңтар күні таңғы уақытта Петропавлдағы «Жастар» стадионы өртке оранды. Спорт кешенінің гаражынан басталған қызыл жалын аз уақыттың ішінде жабық футбол алаңына дейін жеткен. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Ғимараттан көтерілген қара түтін қаланың әр тұсынан көрініп, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Куәгерлердің сөзінше, күйген иіс жақын маңайда орналасқан шағын аудандарға сезілген.Бұл қаладағы жалғыз жабық футбол аренасы. Мұнда 500-ге жуық бала футбол секциясына қатысқан.
АЙСАРЫ ШӘКІРОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ЖАСТАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Гараждың өртеніп жатқанын көрдім. Онда тұрған екі трактор мен «Газель» көлігі жанып кетті. Жанында футбол аренасы бар еді. Ол футбол ойынына арналған. Өрт енді басталғанда балалар келіп жатқан. Киім ауыстыратын бөлмедегі отты көріп , тез арада барлығы эвакуацияланды. Ішінде ешкім болмады. Зардап шеккендер жоқ».
Футбол аренасы 2018 жылы салынған. Мұнда 8 бен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар келіп жүретін. Қазір спорт нысанының қаңқасы ғана қалған. Нысанның ауданы 2 мың шаршы метрден асады.
МАРАТ СЫЗДЫҚОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ; «Өртті сөндіру кезінде әкімшілік ғимаратта қап-қара түтін пайда болды. Манеж арқылы өтетін жылу өткел бар еді. Түтіннің барлығы ғимараттың ішіне кеткен. Өртпен күресуге 16 техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 9-дан 21 минут кеткенде сөндірілді».
Айта кетейік,бұл Петропавлдағы жыл басынан бері сөндірілген 2-ші ірі өрт. Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сауда үйі өртен болатын.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/gKvr7RdbrRg?si=P2eLCL_wo_KvIonq"
Соңғы жылдары Қызылордада шағын және орта кәсіпке бет бұрған тұрғындардың қатары едәуір артқан. Мәселен, 2024 жылы "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы "Ауыл шаруашылығын өңдеуді дамыту" пилоттық жобасы аясында 284,5 млн. теңгеге 15 кәсіпкер жеңілдетілген 6%-бен несие алған. Кәсіпті нәсіп етіп отырған тұрғындардың қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Толығырақ тілші бейнематериалында.
Кәсіп ашып өз жұмысын айналдырып отырған жандардың бірі Жансия Альсейтова. Ол 2021 жылы бастаған кәсібін дамыту мақсатында 2024 жылы төмендетілген несие арқылы 22 миллион теңге алу арқылы «Good food” QYZYLORDA дайын тағам түрлерін шығарады. Бүгінде алған қаржыға цех ішін толықтай техникамен жабдықтаған. Алдағы уақытта қаржыны игеру мақсатында 1000 шаршы метр цех ашпақшы. Цех ішінде күніне 100 кг өнім шығарылады. Айта кетсек манты,тұшпара,қырық қабат орамдары секілді өнімдер аймақтағы 4 азық-түлік дүкендерінде сатылымға шығарылады.
Жансия Альсейтова«Good food»QYZYLORDA –НЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Кәсібін дөңгелетіп КБИ мөлтек ауданын ыстық нанмен қамтамасыз етіп отқан жандардың бірі Мадина Сейілханова.Төмендетілген несие арқылы 13 миллион теңге алып барлық техникасын алған. Бүгінде мөлтек ауданының екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.Цехта Күніне 100-ден аса нан өнімдері шығарылады.Наубайхана шағын болғанымен жұмыс көп. Өйткені іскер әйелдің өнімдеріне аудандастары ерекше қызығады. Елді мекенде бизнесті дамыту ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ықпал етуде. Кәсіпкердің табысты ісі ауданның ғана емес, сондай-ақ, облыстың дамуына да үлес қосады деп айтуымызға болады.
Мадина Сейілханова «БИБІ-ана» НАУБАЙХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Сонымен қатар, Нан өнімдерін ашып отырған жандардың бірі Анар Раманова. Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 30 миллион теңге табыс тапқан. Бүгінде нан шығаратын екі наубайханасы бар. Наубайхана іші толықтай техникамен қамтылған. Наубайшы Анар ханым 7 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып, күніне 500-те тарта нан шығарады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 178
https://www.youtube.com/embed/3a3uWPPXuzU?si=GI7nKaA426JVk3Au"
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады.Ол, 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді. Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған.
ӘСЕЛ БЕРКАЛИЕВА, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ; «2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды.Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/PmckiJ25nKQ?si=0i6hEctu_AeFIJdx"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 197
https://www.youtube.com/embed/93vwLJTl_c4?si=wJNuJFzf8ppx7lvV"
Маңғыстауда 460 оқушының мектептегі асханадан ас ішіп улану фактісі бойынша сот отырысы басталды. “Бұл процесс бір айға дейін созылуы мүмкін”,- деді Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Серік Наурызбаев.
Жәбірленуші ретінде 395 адам тіркеліп, қазір сұрақ-жауап жүріп жатыр. Ал куәгер ретінде 50 адам қатысады. Жәбірленушілер: "Кәсіпкер Шәпкенова бұдан былай мемлекеттік конкурсқа қатыспасын, лицензиясына шектеу қойылсын және моральдық, материалдық шығынымызды өтесін!",- деген талап қойып отыр. Ал, айыпталушы тарап тергеу кезінде шикіліктер болған, сараптама дұрыс жасалмаған және нақты дәлелденбеген дегенді алға тартуда.
ЖАҚСЫБЕК АЙЫМБЕТОВ ҚОРҒАУШЫ: «Тамақтан деп келтіріп отыр. Бірақ, нағыз дәлелдеме сараптама жоқ. Тамақтың ішінде инфекциялық зат табылғаны жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ. Біз көп дәлелдеме жинадық өз жағымыздан. Оны сотқа ұсынамыз. Сол тамақ басқа мектепке де таратылған. Бірақ басқа мектептің балалары уланбаған. Сондықтан біз оны ойлаймыз нақты неден уланғаны тергеу амалдары кезінде белгіленбеген».
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 6-қыркүйекте Маңғыстаудағы Бесшоқы ауылында орналасқан №8 жалпы білім беретін мектепте балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген еді. Салдарынан 460 оқушы зардап шекті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 207
https://www.youtube.com/embed/Z8YHpy_dMJk?si=hKqiVzT9Zs3KCKtr"
Көзі нашар көретін жандарға жағдай жасалады. Бүгін Сенат жаңа заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжатқа сәйкес енді зағип жандар да өзге адамдар сынды әдеби және көркем шығармаларды оңай оқи алады. Сондай-ақ олар физикалық қабілеттеріне қарамастан барлық азаматтар үшін білім мен жарияланған шығармаларға тең қол жеткізетін болады.
АМАНГЕЛДІ ТОЛАМЫСОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Аталған шарт зағиптар мен нашар көретін адамдар үшін қолжетімді форматтағы туындыларды көбейтуге, таратуға, жалпыға ортақ назарға жеткізуге және жариялауға мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқықтарға қатысты шектеулер мен ерекшеліктердің стандартты жиынтығын көздейді және авторлық құқықтарға қатысты ұлттық заңнаманы Марракеш шартына сәйкес келтіруді қарастырады. Сонымен қатар, Марракеш шарты уәкілетті органдар желісі бойынша қолжетімді форматта туындылармен трансшекаралық алмасуды жүзеге асыруға, сондай-ақ зағиптар мен нашар көретін адамдарға арналған кітапханалар желісінің сақталуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 207
https://www.youtube.com/embed/8CzpaFQKjWw?si=j3c_-j-nsrX_WDc3"
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жатыр мойны обырының алдын алу бойынша баспасөз конференциясы өтті.Тақырыпқа байланысты талқыланған мәселелер жөнінде келесі бейне материалға назар аударсақ.
Соңғы жылдары әйелдер арасында қатерлі ісік дерті әлемде кең таралуда. Соның ішінде елімізде онкопатологияда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Жатыр мойны обыры не себепті пайда болады? Вакцина не үшін салынады? Аурудың алдын алуға оның қауқары жете ме? Осы және өзге де сұрақтарға мамандар жауап берді.
РАЙХАН БОЛАТБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «2024 жылдың қыркүйек айында жасөспірім қыздарға 11-13 жас арасындағы жасөспірім қыздарға екпе салу АПВ қарсы екпе салу бағдарламасы басталды.Қазіргі таңда Алматы қаласында қыркүйек айынан осы қаңтар айына дейін 6000-нан астам жасөспірім 11-13 жас арасындағы қыздар осындай екпемен енгізілді».
Айта кетейік, бұл екпе түрі мектептерде және қалалық поликлиникада қолжетімді болып саналады. Тек қана 11-13 жас аралығындағы қыздарға. Қалған 13 жастан жоғары жастағы қыздарға немесе әйелдерге вакцина қолжетімді емес.Мамандардың айтуынша жыл сайын көрсеткіш өсіп келе жатыр. Әлемде 2020 жылы бұл аурудың 604 000 жаңа жағдайы тіркелсе, Республикада онкологиялық аурулар бойынша, жыл сайын 2000-нан астам жаңа жағдай тіркелген.
РАЙХАН БОЛАТБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Жатыр мойнының қауіпті фактрі - АПВ болып саналады. Негізінде қазіргі таңда АПВ 200-ден астам түрі бар соның ішінде 14 түрі адамға қауіпті болып саналады.14 түрі адамда осындай жатыр мойны қатерлі ісігі және басқа да қатерлі ісікті шақыра алады.Бұл ең маңызды жәнеде ең сол бір ғана қауіп фактрі болып саналады».
Айта кетейік, Ашық есік күні 18 қаңтарда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Алматы Онкологиялық орталығында өтеді. Бұл күні әйелдер онкогинекологтардан кеңес алумен қатар, алдын-алу мүмкіндіктері туралы және жатыр мойны патологиясын ерте анықтау үшін тексеруден өте алады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 167
https://www.youtube.com/embed/SfDfUS6iR2s?si=DOoxF1PLpqEuqC-j"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 225
https://www.youtube.com/embed/6mnNHckYOkc?si=ZH-Dh-cff82j8fB7"
Қазақстанда ағзаны трансплантациялау саласы дамудың алдында тұр. Бұл күрделі операциялар мыңдаған науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Трансплантациялау операцияларының саны жылдан-жылға артып келеді, бірақ әлі де шешілмеген мәселелері көп.
Әр жыл сайын қазақстандық трансплантологтар жүрек, өкпе, бауыр мен бүйрек трансплантациясы бойынша шамамен 200 ота жасайды. Бірақ бұл операцияларға қажеттілік одан да көп адамда бар. Нақтырақ айтқанда, елімізде 4 мыңнан астам адам трансплантацияға мұқтаж, оның ішінде 100-ден астамы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
ӘДІЛХАН ҚАБДУОВ, ӨҢІРЛІК ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Өкінішке орай, біздің елде тек мәйіттік донорлық дамып келе жатыр, бұл бағыт әлі толыққанды қалыптаспаған. Бүгінде көбінесе туыстық трансплантациялар жасалады. Осы процесстерді бақылап, этикалық нормалар мен ережелерді сақтайтын арнайы комиссия құрылып, реципиенттер арасындағы байланысты анықтайды. Мәйіттік донорлықтың дамуы әлі де баяу, себебі адамдар оның маңыздылығын толық түсінбейді. Өткен жылы Қазақстан бойынша бар болғаны 6 көпағзалы донорлық алым жасалды, бұл өте төмен көрсеткіш. Барлығы 29 ағза трансплантацияланып, олардың 3-і балаларға жасалған».
Еркен Жұматаевтың өмірі 2015 жылдан бастап түбегейлі өзгерді. Оның екі бүйрегі де жұмыс істемейді, сондықтан ағза трансплантациясы оның бірден-бір үміті болып отыр. Еркен апта сайын тұрақты түрде гемодиализ процедурасынан өтуге мәжбүр. Бұл ауыр әрі маңызды процедура оның өмірін сақтап қалу үшін қажет.
ЕРКІН ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «2018 жылы осы гемодиализ процедурасынакелдім. Әр апта сайын үш рет келу керек. Процедура 4 сағатқа созылады. Денедегі артық суды осы аппарат арқылы шығарады. Беларусь Республикасында бүйректрансплантациясы операциясы жасалады.Оның құны 63 мың доллар. Беларусь азаматтарына тегін, ал шетелазаматтарына ақылы түрде ұсынылады».
Айта кету керек, соңғы 10 жылда елде 2,5 мыңнан астам ағза трансплантациясы жасалған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 252
https://www.youtube.com/embed/6gjDSYD6Cek?si=gWgyU8-trW1mXWoF"
Енді бұдан былай пара алғандар ғана емес, пара бергендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қорқытып сыйақы алғандарға да енді жаза бар. Бүгін Мәжіліс сыбайлас жемқорлықтың алдын-алатын жаңа заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжатқа енген толықтырулар мен өзгерістер жайлы алдағы бейне материалда.
Еліміз жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты түбірімен жоймақ ниетте. Ол үшін заңды қатайтпақ. Пара бергендер де алғандар да, тіпті ұсыныс жасағандар да енді қатаң жазаға тартылады. Одан бөлек, жемқорлардың тізімі ашық түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сайтында жарияланады.
ҰЛАН САРҚҰЛОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Зерттеулер азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында, ауруханаларда, жоғары оқу орындарында, банктерде және орындарда заңсыз әрекеттерге, сыйақыларды қорқытып алуға тап болатынын көрсетеді. Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша істі тиімді тергеп-тексеру үшін қылмыстық кодекстің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде тартылатын жедел-іздестіру қызметінің барлық арсеналы қолданылуы тиіс. Басқаша оларды анықтау қиын, сондықтан халықта жазасыз қалу туралы пікір қалыптасады».
Пара алмақ түгілі тіпті пара беру туралы сөз қозғандардың өзі енді жазасыз қалмайды деп сендірген агенттік қызметкерлерінің сөзіне кей депутаттар күмәнмен қарайтын сыңайлы. Мәселен, депутат Бақытжан Базарбек, жерді заңсыз сатып жіберген әкімдердің жазадан құтылып кетіп жатқаны туралы мәселе көтерді.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Әрбір қабылдаған шешім үшін әкімдер не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Бұл өте өзекті мәселе. Біз мысалы жер, құрылыс саласында "Жер аманаты" республикалық комиссиясының жұмысы нәтижесінде жер ресурсын басқару департаменттері қаншама тексеріс ашып жатыр. Қаншама заңсыз берілген жерлерді, заңсыз құрылыстарды анықтап жатырмыз. Оның нәтижесі бойынша сотқа шағым беріп жатырмыз. Бір жыл бойы соттастық. Жерді алған кәсіпкер адвокаттарды жалдайды, соттасады, ақырғы соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша бұл жер заңсыз берілген анықталады. Ол жер әрине мемлекеттік меншікке қайтарылады. Бірақ сол шешімдерді қабылдаған бірде-бір әкімнің қылмыстық жауапкершікке тартылғанын көрген жоқпыз».
ҰЛАН САРҚҰЛОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жер мәселесі өте өзекті мәселе. Бұл мәселемен сіз де, біз де айналысамыз. Біз біріншіден дәлелден бастауымыз керек. Әкім болсын, басқасы болсын, әр адамға дәлел қажет. Өткен жылдары Алматыдағы тау жақтағы жерлерді қараған кезде заңбұзушылықтар шыққан. Біз артынан әкімшілікке де, орталық органдарға да ұсыныстар бердік. 60-тай құрылыс объектілері заңсыз салынған болатын. Қазір ғана оның 10-ы бұзылған. Басқалары бойынша мәселелер соттың қарауында. Қазіргі кезде Алматының бас архитекторы, жер мәселесін қарайтын басқарманың басшысы және бірнеше мамандар бойынша қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Сондықтан да әр адамға дәлел болуы қажет».
Ал, депутат Жұлдыз Сүлейменова болса, қазақстандық ұстаздардың жан-айқайын Парламант мінберінен көтеріп, мұғалімдердің мәселесін тез арада шешуді сұрады.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мұғалімдердің айлық жалақысын төлеуде сыбайлас жемқорлыққа жол берген заңсыздықтарды, бухгалтердің заңсыз әрекеттерін ауыздықтау үшін бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлық агенттігі, Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктер өте қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Біз, әрине, қолдаймыз. Оны ауыздықтау қажет. Заңды да қолдаймыз».
Өзге депутаттар да бірауыздан жаңа құжатты қолдайтындықтарын айтуда. Бірақ, алдымен құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықпен күресті өздерінен бастау керек деп депутат Еділ Жаңбыршин антикорға ұсыныс айтты.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Дұрыс заң. Айтылып жатқан дүниенің барлығы жемқорлықпен күреске бағытталған. Ең алдымен, жемқорлықпен жұмысты құқық қорғау органдары өздерінен бастауы керек деп ойлаймын. Ең бірінші өздеріңді тазалап алыңдар. Өздерің жұмыс істеңдер, параға итермелемеңдер. Сол кезде барлығы жақсы болады».
Депутаттар жаңа құжатта айтылған еуропалық стандартты енгізбес бұрын, алдымен қазақстандықтардың психологиясын жіті зерттеп алуға кеңес береді. Сонымен аталған заң жобасы бүгін мәжіліс тарапынан қолдау тапты.
Еще материалы
Страница 25 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.