
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 186
https://www.youtube.com/embed/UTqIwxZnEHY?si=raeNvnVvATTnKZ24"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 291
https://www.youtube.com/embed/_xJgFVRkaOw?si=1shQJ-uJiPpG7Ju-"
Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінде еліміздегі агроөнеркәсіптік секторды дамыту және білікті мамандар даярлау жұмыстарын сәтті жалғастыра отырып, Қытай аграрлық университетімен және EAVISION компаниясымен бірлесіп, бірегей жоба – «Қазақстан-Қытай Ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығын» ашып отыр. Дронның ерекшелігі қандай? Толығырақ тілші бейнематериалында.
Орталықтың басты мақсаты – заманауи дрон модельдерімен және тренажерлармен жабдықталған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқара алатын, оларды ауыл шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға тиімді қолдана отырып, практикалық мәселелерді шешуде, карта жасау, қоршаған ортаны зерттеу және ауыл шаруашылығына қатысты басқа да тапсырмаларды жүзеге асыра алатын білікті мамандар дайындау.
ПІРІМҚҰЛ ИБРАГИМОВ ҚАЗҰАЗУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПРОФЕССОР
Сонымен қатар, дрондарды қолдану арқылы егістікті суару, тыңайту, зиянкестермен күресу, арамшөптерді жою және егін, дәнді дақылдардың өнімділігін болжау, аурулар мен зиянкестерді анықтау, топырақтың ылғалдылығын бақылау сынды басқа да ауылшаруашылық міндеттерін шешуге бағытталған.
ЦЗАЙ ХОЙ «EAVISION» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бұл ең жаңа дрон осы компанияның өндірген жаңа дрондарының бірі болып саналады. Ол өсімдік қорғау бағытында қолданылады.Оның 4 бастапқы ерекшелігі бар. Атап айтатын болсақ, біріншіден жоғарғы яғни 60кг салмақтағы заттарды таси алады, екіншіден ұзақ уақыт бойы ұша алады, сондай-ақ бір рет ұшқанда 4 гектар аумаққа еркін ұша алады және әрбір адам қашықтықтан басқарған сәтте күніне 200 гектар жерді еркін ұшып өтеді»
Қазіргі таңда Қазақстанға 89 дрон жеткізілген, оның 46-сы ауылшаруашылық министрлігіне берілсе, қалған 43 дрон Семей қаласына берілген. Сонымен қатар, дронды сату және клиенттерге қызмет көрсету бағытында Семей қаласы компаниямен бірігіп Дрон Сервис орталығын ашып жатыр. Ал дронның бағасына келетін болсақ, нақты бағасы есептелмеген, кедендік салықтарды есептегеннен кейін нақты құнын айтатын боламыз дейді компания басшысы.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 267
https://www.youtube.com/embed/gS4fczO9ZVs?si=URfS0YIr6eSanw6q"
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жұмыс сапарымен келді. Министр университетnің білім алушы жастарымен, оқытушы-профессор құрамымен кездесу өткізді. Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері ұсынылған «Abai Library» кітапханасында болып, Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркінің зертхана жұмысымен танысты.
Жиын барысында министр биылғы жылы болған гранттар дауына тоқталып. Гранттарға арналған пилоттық жобасы жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Министр келесі жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті. Жоба аясында ЖОО-да 75-50%-ға дейінгі гранттар бөлінбек.
«Біз пилоттық жобаны іске қостық. Яғни 75-50% сараланған гранттарды ұсындық, көрдік 300 гранттарды бердік. Біреулер қызығады ма, қызықпайды ма. Айталық жоғарғы балды алдым, грантқа ілінбей кеттім бірақ 75-50% сіздің баллыңызға салыстырып, сәйкестендіріп жартылай немесе 75% гранттар берілуі мүмкін. Яғни мемлекет гранттар беруге дайын. 31 мың бала сондай гранттарға тапсырды. Сондықтан пилоттық жобаға келесі жылы іске қосылмақ. Гранттарды осылай сараланған тәртіппен береміз».
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды. Жиын барысында министр шетелдік ЖОО-ның филиалдарын ашудың маңызына тоқталып өтті.
«Бір ғана қайнар көзі бар ЖОО-ның. Ол шетелден инвесторларды тарту. Студенттерді әкеліп, ақша тарту. Басқа амалымыз жоқ. Іштей енді ақша шықпайды. Сырттан ғана нарыққа шығап, үйренуміз керек. Көп елдерде Солтүстік Америкада, Ұлыбританияда көптеген компаниялар шығып жатыр. Мәселен Түркияда бірнеше университеттер салып тастаған. Қазір көп жарнамаларды көріп жатырсыздар, аты шықпаған. Дегенмен білім сапасы өте нашар».
Министр «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы қысқаша баяндады. Оның айтуынша, «Ғылым» блогының 4 негізгі бағыты бойынша 4 міндет, 7 көрсеткіш және 27 нақты іс-шара қарастырылған. Ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту шеңберінде ғылыми сала қызметкерлерінің санын 2025 жылға дейін 1,5 есе арттыру міндеті қойылды.
Сондай-ақ ғалымдар мен жас ғалымдар санының 50%-ға өсуі жоспарланған. Ғалымдардың жалақысы 2 есе артты, іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ны тікелей қаржыландыру енгізілетінін атап өтті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 177
https://www.youtube.com/embed/_ryt54CUjNA?si=ui83cTw5kMGtqOEq"
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шолпан Жақыпқызы Заманбекованың «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға суретшінің әріптестері, суретшілер ұжымы,өнер сүйер қауым қатысты. Туған жер тақырыбындағы, қазақ мәдениетінің, тарихымызбен төл мәдениетіміздің жаршысы болған туындылары бүгінгі көрме төрінен орын алған. Адами құндылықтар тақырыбынан да суретшінің қаламы қалыс қалмаған.
ШОЛПАН ЗАМАНБЕКОВА ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жаркент өңірінің тумасы,бала кезден табиғаттың сұлулығы мен сырларын жадына түйіп өседі. Көңілінің қылын шерткен әрбір сәтті қағаз бетіне түсіріп отырған.Суретшінің ерекше бір шеберлігі шығармаларында жылдың әр мезгілі көрініс табады.
ҒАЛИЯ ТЕМІРТОНҚЫЗЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 190
https://www.youtube.com/embed/lusOumq1ljM?si=ykisLifaYqyHQLpu"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 190
https://www.youtube.com/embed/mDMIuhkMWvA?si=5wckoC-Mi89NCHZR"
Мәжіліс бүгін 2024-ші жылды қорытындылады. Биыл ел азаматтарының өмірі үшін бірқатар маңызды заң жобалары қаралып, қабылданды. Әсіресе, ойын бизнесі, вейпке тыйым салу, есірткі өндірісімен күрес сынды маңызды құжаттар қаралды. Бірақ, арқаны кеңге салатын уақыт емес, алда алар асу мен белестер көп деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «2024 жыл еліміз үшін өзгеріске толы, мазмұнды кезеңге айналды. Халықаралық және жалпыұлттық сипаттағы көптеген маңызды саяси оқиғалар болды. Біз әлемдік диалогтың геосаяси орталығына айналып, өзімізді жаһандық саяси процестердің маңызды қатысушысы ретінде көрсете алдық. Еліміз бірнеше беделді халықаралық ұйымға лайықты деңгейде төрағалық етті. Нәтижесінде халықаралық сарапшылар Қазақстанға "өңірде адалдықпен келіссөз жүргізуші" деген баға берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ресми іссапарлары да үлкен рөл атқарғанын айта кету керек. Мұндай іс-шаралар мен іссапарлар ел мүддесіне қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуына, халқымыздың әл-ауқаты артуына зор септігін тигізері анық. Президенттің "барлық маңызды саяси шешімдер тек халықпен бірлесіп қабылданады" деген ұстанымы тағы бір мәрте іс жүзіне асты. Мұны жаңа саяси мәдениет қалыптастыру жолында жасалған елеулі қадам дер едім. Осылайша, биыл өткен референдум нәтижесі мен елдің энергетикалық тәуелсіздігі жолындағы халықтың тарихи шешімі – ұлтымыздың ұйысуы мен қоғам белсенділігінің жарқын үлгісі болды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/TpBLvYa1U9c?si=C2VhV7QK5t_CD2U1"
Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Сессиясы барысында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Ашкенов кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін көтеруді ұсынды.
ДУЛАТ АШКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері соңғы рет 2010 жылы 25 теңге/м2 ретінде бекітілді. Осыған орай, тұрғын үйді күтіп ұстау тарифін 40 теңге/м2 көлемінде бекітулеріңізді сұраймын. Бұл өзгеріс қала бойынша 260 340 пәтерді қамтиды».
Мәслихат шешімімен кондоминиум объектісін басқаруға және оның ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 40 теңге/м2 көлемінде бекітілді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 208
https://www.youtube.com/embed/Gwr1P_m2nMY?si=9mc_MhVHsY6IBqIO"
Бүгін, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.Қолда бар ақпарат бойынша ұшақ апатына оның құсқа соғылып,рульді басқаруда туған қиындық себеп болған. Құлаған шетелдік әуе кемесінде отандастарымыз да болған. Бұл туралы еліміздің Көлік министрлігі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42, Қырғызстанның 3 және Ресейдің 16 азаматы болған.
СЕРІК ЖҮНІСБЕКОВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
ЕРЛАН СҰЛТАНМҰРАТОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ
БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 187
https://www.youtube.com/embed/U35c3prL3N0?si=2Vi0rSAXG5IA5ikI"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 252
https://www.youtube.com/embed/JQnoFUi-aNU?si=bA8SbVSY1smGiN9E"
Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шара, балақайларға жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылыққа, спортқа баулу мақсатында құрылған «Адон – Север» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шарада аниматорлар қызықты ойындарымен ерекшеленді. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай іс-шаралардың арқасында балалар қоғамға бейімделеді.
ЕЛЕНА КОЛМОГОРОВА «АДОН-СЕВЕР» ҚБ ТӨРАҒАСЫ «Біз бүгін демеушілеріміздің арқасында осындай керемет кеш ұйымдастырып жатырмыз. Балалар үшін дастархан жайылды. Сыйлықтарға ие болады».
Ата-ана үшін баласының қуанышты сәтін көргеннен артық бақыт жоқ. Мұндағы балаларға жанын салып қызмет қылып жүрген барша ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізді.
СӘУЛЕ АХМЕТЖАНОВА ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Менің алғысым шексіз. Менің балам 2-топтағы мүгедек. Мұғалімдерінің барлығы өз істерінің мамандары. Оларға күш, сабыр тілеймін. Балаларымыз аман болсын»
Балаларға арналған мұндай қайырымдылық іс-шаралары әр мерекеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 259
https://www.youtube.com/embed/_lTsp029CTE?si=6353QTk5nNiWpZUf"
Естеріңізге сала кетсек, 4 желтоқсанда полиция конвой көлігінен қашып кеткен ер адамға іздеу жариялаған еді. Араға 20 күн салып криминалдық полиция оны Алматы облысында ұстады. Күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.Оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД түсініктеме берді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/ulnrLK0zy3o?si=IFNki8BeVB4u5itb"
Оралдық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу арқылы табыс табамыз деп алаяқтың арбауына түскен. Аузындағысын жырып берген кәсіпкер Ілес Бақытұлы тендер саласында нәпақасын тауып келген. Былтыр Жанна есімді азаматша мемлекеттік сатып алу саласында бірге еңбек етуді ұсыныпты. Алданған адамдардың тізімін толықтыратын сюжетке назар аударсақ.
Ілес Бақытұлына ол ұтқан тендерлерін, жұмыс портфолиясын көрсетіп, сеніміне кіріпті. Алғашында ірі-ірі мемлекеттік сатып алу саласында жеңіске жетіп, келісімшартты орындау үшін барын салып баққан.
ІЛЕС БАҚЫТҰЛЫ КӘСІПКЕР
Сан соғып қалған жанның бірі -Ақмарал Дәулетова. Ол да тендердің майын ішіп, жілігін шаққан маманға сеніп, 5 млн теңгесін ұстатады. Айлакер екі айдан кейін қаражатты қайтарып беруге уәде беріпті.
АҚМАРАЛ ДӘУЛЕТОВА КӘСІПКЕР
Тендерге ақша салған 3 кәсіпкер бірлесіп, полицияға үстіміздегі жылдың 27 мамырында арыз жазады. Тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша іс қозғапты. Арызданушылар әлі күнге дейін істің сотқа жолданбауына назалы.
ІЛЕС БАҚЫТҰЛЫ КӘСІПКЕР
Кәсіпкерлердің арызын айтып, полиция департаментіне сұрау салдық. Құзырлы орган істің аяқталып қалғанын жеткізгенімен,бірақ қай күні сотқа жолданатынын дөп басып айта алмады. Тәртіп сақшыларынан не себепті қылмыстық іс ұзаққа созылғанын сұрап едік. Олар тергеу амалдары барысында сараптама өткізіп, анықтау үшін қанша уақыт қажет болса сонша мерзімде тергеу жүргізіледі деді қысқа қайырды.
СЕРІК ИБРАЕВ БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпкерлер тендерден табыс табуға көмектесемін деген әйел адамға бас аяғы 12 млн теңгеден астам қаржысын ұстатқан. Олар тергеу аяқталып, шығынымызды сот арқылы өндіріп аламыз ба деп үміттеніп отыр.
Еще материалы
Страница 28 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.