
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 421
https://www.youtube.com/embed/3KkwkrWqe2Q?si=n3aH3SMa2poDkxJA"
Білімдінің күні жарық, жолы жарқын. Елдегі жастардың сапалы білім алып, өмірде өз жолын табуына, жолдарына жарық сыйлайық деген ниетпен Алматыда Білім-Күш қоғамдық қоры ерекше форматта қайырымдылық кеш ұйымдастырды.Толығырақ тілші бейнематериалында.
Білім-күш қорының мақсаты- білімді, ғылымды насихаттау, танымал ету, балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, ағылшын тілін оқу арқылы болашаққа қадамдарын нығайту.
АЙГҮЛ ҚАНАТҚЫЗЫ БІЛІМ-КҮШ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қазіргі таңда біз бұл қоғамдық қорды 2021 жылы ағылшын тілі мұғалімдеріне көмек ретінде ашқан болатынбыз .Тілді жиі жаттықтырып тұрмаса ұмытылып кететін нәрсе.Сол себептен біз мұғалімдерге көмектесеміз деп қоғамдық қорды, сол практика жүзінде пайдалансын мұғалімдер деп 2021 жылы құрып, 2021 жылдан бері мұғалімдерге арналған түрлі сайыстар өткізген болатынбыз. Бұл кешті ұйымдастыру мақсатымыз- кәсіпкерлерді жинап сондай отбасыларды ағылшын курсын тегін оқуға спонсор іздеп жатырмыз.Қазіргі таңда біздің орталықта 46 бала тегін оқып жатыр, оның ішінде 8 балаға спонсор таптық».
РАЙХАН МАҚСАТБАЙҚЫЗЫ БІЛІМ-КҮШ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Бұл шараның мақсаты - әлеуметтік жағдайына байланысты балаларды әсіресе мынау көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға ағылшын тілінен оқыту, яғни қазіргі шараның мақсаты- кәсіпкерлердің көмегімен кәсіпкерлердің қайырылымдылығының арқасында 5000-ға жуық баланы оқыту»
Сәтті өткен қайырымдылық кеші қажеттілікте жүргендерге көмектесіп, қоғамда қайырымдылықты насихаттайды және адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін арттырады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/hi_FTY31HAk?si=d6W9aFGMKlPz5fr-"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 330
https://www.youtube.com/embed/0Lwew3Upse4?si=kjZduAbChzTbIw33"
Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейтуді көздеп отыр. Енді елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандарының паспорттары жасалып, апаттар мен басқа да процестер автоматтандырылатын болады.
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар да күшейтіледі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 443
https://www.youtube.com/embed/Mn5NuMtc2Yk?si=2Y6NZIjfUAPTEQNy"
Бүгін Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қатысты. «Бұл жыл бәріміз үшін өте маңызды.
Себебі, биыл – Жеңістің 80 жылдығы. Қазақстандық достарымызбен бірге бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтетінімізге сенімдімін», - деп атап өтті елші өз сөзінде.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 395
https://www.youtube.com/embed/HwtSyvkLxzU?si=LGHyE4h2C1b-bWIt"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 354
https://www.youtube.com/embed/glDlm-Sa2K8?si=_mDcWLS_SX2DRszB"
Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Бүгінде қоғамға қажетті,сұранысқа ие мамандықтарға мамандарды машықтандыру қарқынды қолға алынып жатыр.
Еліміздің 20 өңірінде жұмысшы мамандықтар беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарлар бекітілді. Сондай-ақ, негізгі мемлекеттік органдар, яғни 13 министрлік жаңа кәсіпорындар құру, сапалы жұмыс орындарын ашу, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кадрлар даярлауда колледждермен бірлескен жұмысты жолға қою бойынша кешенді шаралар көзделген "Жұмысшы мамандықтары жылын" өткізу жөніндегі салалық жоспарларын әзірледі.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДЖИК ДИРЕКТОРЫ
ВЯЧЕСЛАВ КОНОВАЛОВ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: «Бүгін өздеріңіз көріп отырған білім шаңырағында мастер класс өтіп жатыр.Қазір біз секілді ірі компанияларға,құрылыс саласына оқыған-тоқыған жастар керек. Бүгінде жұмыс жоқ деген қисынсыз әңгіме, біз аталмыш оқу орнының жастарын қуана қабылдаймыз».
НҰРҒАЛИ МҰСЫЛМАНҚҰЛОВ ЖҰМЫС БЕРУШІ,КӘСІПКЕР
«Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!» деген Мемлекет басшысы 2025 жылды еңбек адамдарын қолдауға және білікті кадрлардың сапасын арттыруға бағыттап отыр. Өз ісін жетік білетін маманға сұраныс қашанда жоғары.Өздеріңіз көріп отырған мына білім шаңырағында тәлім алып жатқан жастар жалынды. Жұмыс беруші мекемелерде олардың таңдаған салаларына қызығып,қолдау көрсетуге әзірліктерін айтып қалды.
БАҚЫТЖАН ДІЛМАНОВ ЖҰМЫС БЕРУШІ,КӘСІПКЕР «Біздің балаларымыз,біздің келешегіміз.Біз қолымыздан келгенше олардың білікті кадр болып қалыптасуына ықпалымызды тигізетін боламыз.Кезкелген студент таңдаған саласына сүйіспеншілігі практикалық шаралардан бастау алады.Біз осы жерден құзіреттілік орталықтарын ашып, жаңа технологиялармен білім беріп жатырмыз».
ӘБІЛХАЙЫР МҰҚАНОВ ЖҰМЫС БЕРУШІ,КӘСІПКЕР
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДЖИК ДИРЕКТОРЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 440
https://www.youtube.com/embed/vDAEZ-_p91Q?si=JErsxwRQLsOKyGbM"
Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан «Тенгри Фиш» кәсіпорны балық шаруашылығын қарқынды дамытып келеді. Кәсіпорын заманауи технологияларды қолдана отырып, балық өсіру шаруасын мықтап қолға алған. Кәсіпорын жылына 50 тонна бекіре,50 тонна сазан балығын шығарады. 500 миллион теңге көлемінде инвестиция құйған кәсіпкерлер аяққа тұрып, ауданның экономикалық ақуалының жақсаруына үлестерін қосуда.
ЖАЙДАР ТАҢЖАРЫҚҰЛЫ «TENGRI FISH» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шаруашылықта судың сапасына ерекше мән беріліп, экологиялық таза өнім өндіруге күш салады. Бұл аймақтың табиғи-климаттық жағдайы балық шаруашылығына қолайлы болғандықтан, кәсіпорынның өнімі ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие.Негізгі тұтынушылары Алматы облысы мен Алматы қаласы. Болашақта «Тенгри Фиш» өндіріс көлемін арттырып, алыс-жақын елдерге экспортқа шығуды жоспарлап отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/eH0JbrJTCIA?si=2pAxJl5cS6Hpph93"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 362
https://www.youtube.com/embed/F8WXy2CCxiU?si=ePQZtuFtKAiA28go"
Мәжіліс депутаттары Тик-Ток мәселесін қайта Парламент мінберінен көтерді. Олар бұл әлеуметтік желі жастардың тәрбиесіне кері әсер етіп жатыр деп санайды. Бұрын үлкендер «тәк-тәкпен» тәрбиелейтін, қазір Тик-токпен тәрбие беретін заман болды деген мәжілісмендер шет елдер Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан бұл платформаны толық немесе ішінара бұғаттады. Ал, Франция заңнамалық деңгейде жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін реттеді. Қазақстанға да сондай заң керек деп отыр.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Мұнда пайдалы контенттен гөрі жастарға теріс ақпарат өріп жүр: бұзақылыққа, әдепсіздікке, құмар ойынға, порнографияға және суицидке жетелейтін ақпараттар басым. Осы Тик-Ток арқылы таралуда. Жастардың Тик-токтан көргенін қайталап, жағымсыз әрекеттерге басым болып бара жатқаны жасырын емес».
Ал, депутат Нартай Аралбайұлы болса, эпидемия қаупін тудыратын киік өлекселеріне қатысты проблеманы көтерді. Депутат келтірген дерекке сенсек, 2024 жылдың алғашқы айларында 5598 өлексе табылған. Мамандар бұл жағдай 2010-2011 жылдардағы пастереллез індетінің қайталануына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Сонымен қатар, киіктер үй жануарларымен бірге жайылып, листериоз, аусыл, бруцеллез сияқты аурулардың таралу қаупін де арттырады екен.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Киіктің киесі ұрмасын десек, биыл нақты шешімдер қабылдау қажет. Ақбөкен мен адамды жайылымға таластырып қалдырып кетудің соңы ауыр болуы бек мүмкін. Қазір жағдай ушығып тұр. Жайылым жерлерін киік таптап кеткеннен кейін, адамдар малдарын сатып көшуге айналған. Қазір елді мекендердегі мал молалары толып қалған. Жергілікті халық киіктер мен өлген малдарын өртеуге мәжбүр. Бұл үлкен экологиялық және санитарлық апатқа әкелуі мүмкін».
Осылай деген депутат бұл іске Үкіметтің араласуын талап етіп отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 391
https://www.youtube.com/embed/wQS8P9Al03g?si=2EpwQcMvZWzKzmB5"
Қатонқарағай, Зайсан, Кендірлі курорттық аймақтарында су жаңа әуежай бой көтереді. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ал, қосылған құн салығының өскені әуе және теміржол билеттерінің бағасына қалай әсер етеді? Сұрақтың жауабын тілшіміз іздеп көрген еді. Бейнематериалға кезек берсек.
Үкімет отырысын бастамас бұрын Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз».
Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссияны басқаратын Қанат Бозымбаев іс жан-жақты зерттеліп жатқанын айтты. Оның қортындысы алдағы уақытта жарияланады деді. Артынша үкімет мүшелері авиация саласындағы есепті тыңдады. Көлік вице-министрінің айтуынша, 2024 жылы елімізде 22 халықаралық бағыт бойынша 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылған. Ал, биыл отандық әуе нарығына 4 шетелдік лоукостер кіреді. Осылайша жауапты орган әуе билеттерінің бағасын қолжетімді бағада ұстап тұрмақ ниетте. Оның үстіне Қазақстандағы курорттық үш аймаққа биыл жаңадан үш әуежай құрылыс басталады.
ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Үш әуежайдың ұшу-қону жолының өлшемдері – 2200х35 м². Жобалардың құны 117,7 млрд теңге болады. Қазіргі уақытта құрылыс маусымы басталуына қажетті барлық дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл әуежайларда ATR-72, Q-400 Bombardier сияқты сыйымдылығы 74 орынға дейінгі өңірлік ұшақтарды пайдалану жоспарлануда. Бұл әуе кемелері (3 ұшақ) Өнеркәсіпті дамыту қорының механизмдері арқылы сатып алынады. Басты міндет Алматы, Астана және басқа да ірі қалалардан осы әуежайларға тікелей, халыққа қолжетімді әуе қатынасын ұйымдастыру».
Ал, Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы қорытынды биыл жыл соңына дейін дайын болады. Қазір комиссия аталған бағытта жұмыс жасап жатыр. Көлік министрлігінің есебін жіті тыңдаған премьер-министр Олжас Бектенов жауапты органға бірқатар тапсырма жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:«Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да орын алуда. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан Министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын».
Айтпақшы, қосарланған құн салығының артуы әуе және теміржол билеттерінің бағасына еш әсер етпейді деп сендіріп отыр жауапты министрлік.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 298
https://www.youtube.com/embed/V1_FMf7jR9c?si=ca3KkbxodZ0X-k1O"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 306
https://www.youtube.com/embed/QtlEE7PDJC0?si=0IZaO1OQKGD7orPj"
Ұлытаудан жеткен қаралы хабар. Қызметтік бабын орындап жүрген жеті бірдей кенші мәңгі келмеске кетті. Апат кеше кешке "Жомарт" кенішіндегі болған. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа табиғи газдың жарылуы себеп болған деседі. Қайғылы жағдайды тергеу үшін Үкімет тарапынан шұғыл комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Іс Президенттің тікелей өз бақылауына да алынды. Қаза тапқан жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетін болады дейді жауаптылар. Полиция қызметкерлері де аталған іске қатысты мәлімдеме жасады.
ЕРБОЛ ҚАЙРБЕКОВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Ұлытау облысының полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша іс қозғалды. Оқиға орнында Ұлытау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».
Еще материалы
Страница 27 из 237
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.