
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 230
https://www.youtube.com/embed/sfWrgGWHcRs?si=3AXMTsK3mTL5WiCP"
Жеріне қарай жемісі. Табиғаттың өзі мейірімін төгіп сыйға тартқан Сиверс алмасының тұқымын көбейту мақсатында Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің орталық мекемесінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығында "Таза Қазақстан" экологиялық табиғат қорғау акциясы өткізілді. Игілігі мол шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Ұлттық парктің экологиялық- ағарту және туризм бөлімінің мамандары, орман инспекторлары өткізген іс шара Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының мектептерінде, Агробизнес және менеджмент колледжі, А.Жексенбеков, Д.Қонаев, А.Ломоносов, Қ.Орынбетов, Таутүрген негізгі орта мектебі, 187 МГ, Ю.Гагарин атындағы мектеп орманшылығының оқушыларымен өтті. Болашақта жас буын өкілдері де табиғатымыздың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосса екен деген ниеттен туған.
САМАЛ ӘБІЛОВА ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП ЭКОЛОГ АҒАРТУШЫСЫ
Сиреп бара жатқан сиверс алмасының тұқымын себуді ұлттық парк мамандарымен біріге отырып жүзеге асырған жастар,қоршаған ортаны аялау басты мақсатымыз екенін жеткізді.
ЛҰҚПАН НӘЗІК ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ
Жыл сайын Іле-Алатауы МҰТП мен Алматы мемлекеттік табиғи қорығының бірлескен акциясы жүзеге асырылуда.Тұқым отырғызу акцияларында 10 000 мың дана тұқым себу жоспарлануда.
ЕРБОЛАТ НҰРАХМЕТОВ АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,жүз жылдығын ойлаған халық ағаш отырғызады деген халқымыз. Олай болса болашақ ұрпақ алдындағы абыройлы аманаттың бірі бүгінгі шара екені даусыз.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/X2txNi7Ot9s?si=Qi-Ds6dzRr8TxQUq"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 251
https://www.youtube.com/embed/iwjJHh2sAM4?si=IE8hZhXgD3uaJsux"
Маңғыстауда Қызылтөбе ауылының тұрғындары іргелеріндегі шаруашылықтың үстінен шағымдануда. Сасық иіс адам төзгісіз,қолқаны қабады. Көктем, жаз айларында үйдің терезесін ашып қою мүмкін емес. Қараша әкімдікке қанша барғанымен, ешқандай нәтиже болмай отыр.
Қазіргі таңда,тұрғындар емін-еркін тыныстана алмайды, бетпердемен жүруге мәжбүр.Қолқаны алған жағымсыз иіс бүтін бір ауылды жайлап, демалу мүмкін емес. Себебі үйлерінің маңына орналасқан бірнеше шаруашылық тазалықты сақтамайтын көрінеді. Мәселен, мына көңнің алынбағанына бір ай болыпты.
АЛИМА НҰРМАҒАНБЕТОВА, ТҰРҒЫН; «Көріп тұрсыңдар, қаншама шаруашылық. Жаздың күндері отыру мүмкін емес мына жерде. Иісінен шығалмайсың, қонақ шақыра алмайсың, иә далаға шығып шаруа жасай алмаймыз, балдарымыз шықпайды. Қысы жазы үйге қамаймыз. Міне иістің кесірінен маска киіп жүреміз. Маскасыз жүру мүмкін емес бұл жерде».
Тіпті ауыл жұрты балаларында есік алдына ойнауғада жібере алмай отыр. Бір кездері үй айналасында жүргенде асау түйе балаларды таптап кете жаздаған. Сол түлік үй қасындағы шаруашылыққа тиесілі болып шыққан. Бұдан бөлек, Ауыл шетінен аталмыш шаруашылықтар пайда болғалы тұрғын үйлердегі коммуналдық қызметтің бірі - электр қуатыда жиі өшіп, жарық шамдар сығырайып қалатын болған. Сондай-ақ, кейбірінің тұрмыстық техникалары істен шығып, жаңасына ауыстыруларына тура келіпті. Тұрғындар тоқты көп тұтынатын құрылғымен жұмыс жасайды деп шаруалардан күдіктенеді.
ЕРКІН ЖЕКСЕНБИЕВ, ТҰРҒЫН; «Көктемде малды шығарып жібереді. Осы көшеде жүреді, сосын анау үйдің алдында жүреді. Түйе балдарды қуады. Өткен жылы өзімнің баламды алып қалдым. Жараған бура келді, бура. Жарыққа әсері бар. Жарық өшіп қалады. Тоңазытқыштар тоқтап-тоқтап жасайды. Өйткені бұларда станок бар. Қағаз уата ма, шөп уата ма, білмеймін. Ішіне бізді кіргізбейді».
Ауыл әкімдігінің берген ақпаратына сәйкес бұл жерде 4-5 қосалқы шаруашылық өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Өткір иіс жылқыны бағып отырған шаруашылық иесінің ауласынан шығып тұр дейді. Ішінде 60-қа жуық жылқы бар екен. Иесіне ескертіп, СЭС мамандарымен бірге жұмыс жасап, тиісті шарасын қолға аламыз деп уәде берді.
НАУРЫЗБЕК СҮЙІТ, ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ; «Жаңа көздеріңізше ескерту айттық. Екі күн бердік ол бізден бір апта сұрады. Бір аптаның ішінде малдың қалдығын алып тастайды. Оған қосымша СЭСке хабарлама беріп, СЭС арқылы бұны тексеретін боламыз. Аумағына қанша мал бағуға болатын қарап, қосымша шарасын алатын боламыз»
Ал, Электр қуаты мәселесі бойынша Қызылтөбе ауылында екі мыңнан астам тұрғын үй бар. Жарықтың қуаты расында әлсіз. Алайда биыл олқылықтың орнын толтыру үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде, “Ауыл толығымен сапалы электр қуатын келер жылы алады”, -дейді жергілікті биліктің өкілдері.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 244
https://www.youtube.com/embed/XmaG-Ni_L9g?si=Txdr0lmMx08LHfQe"
Ақтөбеде 3 адамның кепілге алынғаны туралы ақпарат кеше, 13 қаңтар күні түнгі 23:00 шамасында орын алған еді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Дегенмен кепілген алынған екі адам көз жұмды. Бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болған.Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр. Оқиғаға қатысты Ақтөбе облыстық ПД түсініктеме берді.
АБАЙ ЖҮСІПОВ,АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 636
https://www.youtube.com/embed/pz-NmXV0p8E?si=deogSt3UIwF2-uJs"
«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жастарға саналы тәрбие беру жүйесі қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның бірі сахна мәдениетіне баулу.
Сен театрының жас өнерпаздары қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы негізінде қойылым сахналады. Көркем әрі әсерлі драмалық қойылым шараға жиналғандарға терең ой салып, жүректерге ерекше әсер қалдырды. Қойылым Шерхан Мұртазаның балалық шағы мен оның анасы Айшаның тағдырына негізделген. Ананың қайсарлығы, мейірімі мен қиындыққа толы өмір жолы сахнада шынайы әрі тебіреніспен бейнеленді.
ӘЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сахналық қойылымда соғыс жылдарындағы ауыр тұрмыс, халықтың қайсар мінезі мен ананың балаға деген шексіз махаббаты терең көрсетілді. Жастардың шынайы өнері, әсерлі монологтары мен сахнаның шебер безендірілуі қойылымның көркемдік деңгейін арттыра түсті.
НӘЗИЯ ҒАЛЫМҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
«Ай мен Айша» қойылымы – Сен театрының шығармашылық дамудағы жарқын жетістігі. Мұндай өнер туындылары жас буынның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін оятып, рухани байытуда маңызды рөл атқарады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 224
https://www.youtube.com/embed/uwHWFQDKoK4?si=enewyI57yP25rRrr"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 242
https://www.youtube.com/embed/iFN6qw8IS0U?si=FSk8iX0Odvk4MnS1"
Әлеуметтік желілерде “Орал-Маңғышлақ” пойызы вагондарының жағдайына қатысты бейнежазба тарады. Жолаушының айтуынша, вагондарда антисанитария орын алған. Зарядтау құрылғылары атымен жоқ. Әжетханалар лас, жиіркенішті жағдайда. Ал балалар тарақандардан қорқып, өз төсектерінде ұйықтай алмайды.
“Орал-Маңғышлақ” рейсінің жолаушысы; «Сәлеметсіздер ме! Маңғышлақ-Орал рейсінің сұмдық вагондары туралы шағым түсіргім келеді. Кері бағытта да сол жағдай. Балалар бөлек ұйықтаудан қорықты. Тарақандар, зарядтау құрылғылары жоқ, әжетханалар өте лас күйде. Халықтың наразылығын тыңдауға мәжбүр жолсеріктерді аяймын. 3 қабатты орындар, қарт адамдар амалсыз жоғарыға шығады. Антисанитария! Жалпы, сұмдық жағдай». «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми өкілі Нариман Дюсекеев компания вагондардағы санитарлық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтады. "Жолаушылардың шағымдары ескерусіз қалмайды",- дейді.
НАРИМАН ДЮСЕКЕЕВ «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ
Компания қызметкерлерінің сөзіне сенсек, мекеме санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстарына күш салмақ.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 213
https://www.youtube.com/embed/RhrVnbdhNqE?si=NEdTW7YRPEzK_wCv"
Кегендіктер үшін жағымды жаңалық. Биыл Кеген ауданы, Жалағаш ауылында спорт кешені салынады. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылып жатыр. Жоба сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды. Мұндай жаңалыққа ауыл тұрғындары дән риза. Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталатын болады.
ДАСТАН ӘЛИЕВ ЖАЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Біз, Жалағаш тұрғындары, спорт кешеніні салынады деген жаңалыққа қуанып жатырмыз. Ауылымыздың балалары спортқа құмар әрі үнемі жаңа жетістіктерге ұмтылып жатады. Бірақ қазір оларға жаттығу жасайтын арнайы залдар жоқ. Мектептің спорт залы жеткіліксіз. Оған қоса оның көлемі шағын, барлық талапқа сәйкес келмейді. Сондықтан балаларға ондай спорт кешені салынса, біздің талабымыз ба тілегіміз де сол».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 234
https://www.youtube.com/embed/F2yByxivi0k?si=jP-JyMu90yODPp8s"
«Білім беру стратегиялары болашақ кадрларды даярлау». Алматыда осындай атаумен Халықаралық педагогикалық форум өтті.
Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен шара Қоғам қайраткері, Академик Серік Жайлауұлы Пірәлиевті еске алуға арналды. Бар ғұмырын білім саласына арнаған Серік Жайлауұлының ғылымға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
ӘЗІМХАН САТЫБАЛДИН – ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
Білім беруді цифрландыру, инновациялық оқыту әдістері, жоғары оқу орындарындағы оқыту психологиясы және педагогикалық әдістемелер бойынша тәжірибе алмасуға бас қосқан ғалымдар ұстаз Серік Жайлауұлының көзі тірісінде жарық көрген ғылыми еңбектері қойылған көрмені тамашалап, академикті еске алды.
САНДУҒАШ ҚҰЛАНОВА - «Q»UNIVERSITY» РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Осымен екінші рет өткен Халықаралық форумның бұл жолғы жаңалығы студенттерге Пірәлив атындағы шәкіртақы табысталды. Аталмыш жиында Жастарға сапалы білім беруге бар күш-жігерін арнаған ғалымның еңбек жолы шәкірттері мен жас мамандарға үлгі. Келелі жиында шетелдік ғалымдармен бірлесе болашақ кадрлар даярлауда жаңа стратегиялардың қолданылуы талқыланды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 184
https://www.youtube.com/embed/uhZS3cfltL4?si=z56S2A3S848p3l4l"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 233
https://www.youtube.com/embed/XgHxbJDy7m0?si=9U_maRRQxZ6xnEbO"
Оралда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып, алты айдан бері төленбей келген әлеуметтік төлемдерін талап етті. Қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтардың айтуы бойынша 6 айдан бері ешқандай зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорларына көк тиін аударылмаған. Сонымен қатар, еңбек демалысының да ақысы берілмегеніне біраз уақыт болған.
Айтулы жағдайдан автобус паркінің басшылығы құлағдар екен. Автобустар желіге шығу үшін өзара келісіммен төлемді өтеу мақсатында жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
МИРАС ҚАРАБАЛИН АВТОБУС ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
АЗАМАТ ХАЛЕЛОВ ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өзара мәмілеге келген жүздесуден соң барлық қоғамдық көліктер күнделікті қызметіне оралып, жолаушы тасымалын жалғастыруға кірісті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 230
https://www.youtube.com/embed/TvsAx4kyaOY?si=78sN3Cj9ZsEH4tYr"
Алматы қаласы бойынша жедел респираторлық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 12164 жағдайы тіркелді.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті метапневмовирустың Қазақстанда да таралып жатқаны туралы мәлімдеген еді. Қалалық ақ халаттылар тұрғындардан сақ болуға шақырады. Бас ауырып,дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болса бірден дәрігерлерге жүгінуге кеңес береді.
Еще материалы
Страница 26 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.